Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша шешiм

Читайте также:
  1. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  2. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

 

1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, аудару, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, резидент еместердің табысынан төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық қызметі органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.
2. Осы баптың 7-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық қызметi органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актiсiн тiркеудi бiр нөмiрмен жүзеге асырады.
3. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәлiметтер болуға тиiс:
1) хабарламаны және салықтық тексеру актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi;
2) салық төлеушiнiң (салық агенті) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
3) сәйкестендіру нөмiрi;
4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің және өсiмпұлдардың есептелген сомасы;
5) кемітілген залал сомалары;
6) қайтарылуға расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы;
7) резидент еместердің төлем көзінен, табыстарынан ұсталған, қайтарылуға расталмаған корпорациялық (жеке) табыс салығының сомасы;
8) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi;
9) тиiстi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің және өсiмпұлдардың деректемелерi;
10) шағым жасау мерзiмi мен орны.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Салықтық тексеру қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген жағдайда, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған салық төлеушіні салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарлама осындай қылмыстық іс аяқталған соң шығарылады.
5. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеушi (салық агенті), егер салықтық тексеру нәтижелерiне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 51-1-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу кестесі қоса берілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады.
Мынадай:
салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған акциз сомалары мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу бойынша;
тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін салықтық тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың сомаларын төлеу бойынша осы тармақта көзделген тәртіппен салық міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.
7. Егер салықтық тексеру аяқталғанда Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.
8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген тарату салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салықтық тексеруді аяқтау күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.
9. Егер, осы Кодекстің 627-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарында көрсетілген тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс құжаттық тексеру жүргізген кезде салық қызметі органы салық төлеушінің сол салық кезеңінің ішінде сол бір мәселе бойынша осының алдындағы кез келген салықтық тексеру кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық фактісін анықтаса, салық төлеушіге мұндай бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолданылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзацқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзудың:
1) салық төлеуші бюджетке төленуге жататын салық сомасын немесе төлемді салықтың осы түрі бойынша бұрын тексерілген қосымша салық есептілігін немесе салық кезеңіндегі төлемді ұсыну арқылы кемітетін бөлігінде;
2) салық органының осының алдындағы сол салық кезеңі ішіндегі кез келген салықтық тексерулерді жүргізген кезде жіберген сұрау салуына жауаптың нәтижесі бойынша, егер жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса;
3) бюджетке төленуге тиісті салық сомасына немесе төлемақыға әсер ететін және салық төлеуші сол салық кезеңі ішінде салықтың немесе төлемақының осы түрі бойынша жүргізілген кез келген салықтық тексеру барысында салық қызметі органының сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша;
4) жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасылған операциялар бөлігінде, егер осындай салық төлеуші туралы ақпарат уәкілетті органның сайтында осындай операциялар жасалған салық кезеңіне жүргізілген кез келген салықтық тексерудің бірі аяқталғаннан кейін жарияланса, соттың өкімі немесе қаулысы күшіне енгізілгеннен кейін;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
5) егер салық қызметі органы осындай мәміле (мәмілелер) туралы мәліметтерді осындай мәміле (мәмілелер) жасалған салық кезеңіне жүргізілген кез келген салықтық тексерудің бірі аяқталғаннан кейін алғаш рет алса, соттың өкімі немесе қаулысы күшіне енгізілгеннен кейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбеген дара кәсіпкер субъектісімен жасалған мәміле (мәмілелер) бөлігінде, айқындалған салық заңнамасын бұзушылықтарға қолданылмайды.
Ескерту. 638-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу | Бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі | Тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ | Бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері | Бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмi | Бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз | Бап. Салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы | Бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салықтық тексерудi аяқтау| Бап. Ақпарат көздері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)