Читайте также: |
|
1. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.
Осы тармақтың ережесi:
1) жеке нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
2) мыналардың:
патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып қызметін жүзеге асыратын; (РҚАО-ның ескертпесі! Абзац 01.01.2015 дейін қолданыста болады)
ашық сауда нарықтары аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа); (РҚАО-ның ескертпесі! Абзац 01.01.2017 дейін қолданыста болады)
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін;
3) уәкілетті органмен келісе отырып, көлік саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша билеттер беретін қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау жөніндегі халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
Сауда операциялары кезiнде қолма-қол ақша арқылы бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілер жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режімде беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.
Бұл ретте бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілерде осындай бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндет 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайды.
Салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режімде беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі ережелер аумағында көлік, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның деректері бойынша жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде қолма-қол ақша арқылы сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде бензиндi (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
Аумағында жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат көлік, коммуникациялар, байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті органның сайтында орналастырылуға жатады.
2. Жергілікті атқарушы органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысанда қалалық қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есепті табыс етеді.
3. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылады.
4. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар қойылады:
1) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметін бастағанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
2) тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін (сауда автоматында пайдаланылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;
3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 645-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап, 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық қызметі органдарына беру тәртібі
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық қызметі органдарына беруді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен фискальдық деректер операторы жүргізеді.
Ескерту. 90-тарау 645-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 180 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | | | Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою |