Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Микротолықтырылған композиттік материалдар.

Читайте также:
  1. Нанотехнология негізіндегі композиттік материалдар.

Микротолықтырылған композиттік материалдардың (микрофилдер) бөлшектер көлемі 1мкм нен аз болып келеді. Бірінші кезекте микротолықтырылған композиттік материалдар шар және мынық тәрізді толықтырылған біртекті микротолықтырылған композиттер (бөлшек көлемі -0,01-0,04мкм) және біртекті емес микротолықтырылған композиттер (бөлшек көлемі -100-200мкм) болып бөлінеді.

Біртекті микрофилді композиттердің бөлшектері шартәрізді. Микротолықтырылған композиттік материалдар өте жақсы тегістеліп жылтырайды және беткі қабатында тұрақты жылтырлық сақталады.

Олардың бөлшектерінің диаметрі көзге көрінетін сәуле шоғырынан аз болғандықтан толықтырғыштың беткі қабаттан түсуі кезінде тегістік еместігі байқалмайды.

Микрофилдер макрофилдерге қарағанда қажалуға берік болып келеді. Микрофилді композиттердің кемшіліктеріне физикалық қасиетінің төмен болуын, көп мөлшерде суды бойына сіңіруін,рентгенконтрасты еместігін, қатаюдан кейін көптеп көлемін өзгертуін және қарапайым макрофилді композиттермен салыстырғанда өте төмен эластикалық қасиетін, берік еместігін жатқызға болады.

Микрофилдердің эстетикалық сапасы жоғары, бірақ сынғыш болып келеді. Сондықтан микрофилдерді көп салмақ түспейтін қуыстарды – бұл Блек бойынша III класс тісжегі қуыстарын, сонымен қатар тікелей әдіспен винирлерді даярлау кезінде қолданады.

Мысал ретінде төмендегі материалдарды келтіруге болады: Silux Plus, Filtex A110, Durafel VS. Микротолықтырылған композиттердің беріктілігін жақсарту мақсатында өндірушілер микрофилдердің құрамына бейорганикалық толықтырғыштардың үлкен көлемін қосуға талпынып көрді.

3. Бұданды композиттердің (гибридные композиты) – құрамы шамамен 85-90% макробөлшектерден және 10-15%микробөлшектерден тұрады. Міне сондықтан толықтырғыш бөлшектердің жалпы құрамы 85% құрайды. Замануи бұданды композит деп аталатын материалдардың толықтырғыш бөлшектерінің орташа көлемі 1мкм- нен аз болып келеді. Шеттік жабысудың жақсы болуы, өте жоғары эстетика, қатаюдан кейінгі көлемінің өте аз болуы, қажалуға беріктігі, шайнау қысымына беріктігі мен рентгенконтрастылығы сияқты жақсы сапалығы микробұданды композиттерді Блек жүйесі бойынша барлық кластарды пломбылауға және реставрациялық стоматологияда қолдануға мүмкіндік туындатып отыр.

Бұданды композиттердің қасиетін толықтай сипаттап жазу үшін, оның екі мүлдем жаңа композиттер класынан тұратынын, спецификалық қасиетін және қолдану көрсеткіштерін еске түсіру керек. Ең алдымен бұл жалпы атаумен аталатын нығызданатын немесе тығызданатын композиттер тобындағы материалдар. Бұндай атауды оларды қолдану кезінде арнайы аспаптарды қолдана отырып біраз күшпен композиттік материалды нығыздау керек болғандықтан алған. Қолдануы: азу тістердегі I және II класс тісжегі қуысын пломбылау.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 213 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | III класс тісжегі қуысын егеп тазалау | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ | ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ | ТІСТЕРДЕ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР | ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР | МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР. | I класс тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі қасиеттері, жүйесі.| Нанотехнология негізіндегі композиттік материалдар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)