Читайте также: |
|
ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру | Симптомдар | Патогенездік негіздеме |
Сұрау, шағымы | Төменде берілген көріністермен суреттелетін ақаулар түрінде: —тістердің түсінің өзгеруі (ақ түстен қоңыр түске); —тістердің мөлдірлігінің бұзылуы; —тістер бетіндегі дақтар, ойықтар, кедір-бұдырлық | Кіреуке құрылымының қалыптасу үрдісінің генетикалық негізделген бұзылысы әртүрлі клиникалық түрде көрінетін тұқымқуалаушы кіреуке гипоплазиясының туындауына, кіреуке қалыңдығының өзгеруіне әсер етеді гипоплазии эмали |
Анамнезі, жынысы, жасы | Генетикалық патологияның клиникалық көріністері еркектерге қарағанда әйелдерде 1,5 есе жиі кездеседі | Тұқымның еркек жынысты мутегенді гені Х-байласқан түрі амелогенездің бұзылуын ғана емес, пренатальді кезеңде оның толықтай жойылуын және таңы басқа өзгерістердің туындауына әсер етеді. |
Бұрын ауырған аурулар немесе ілеспелі аурулары | Бас–жақ сүйек құрылымдарының бұзылысы болуы мүмкін (тістердің ретенцияциясы, ашық тістем және т.б.) | Қатты тіндердің немесе қатты тіндердің органикалық матрицасының түзелуінің бұзылысы көптеген синдромды аурулармен бірге әртүрлі клиникалық түрдегі гендік ауытқуларды туындатады. |
Негізгі аурудың дамуы | Сүт және тұрақты тістердің түсі ақ түстен сары –қоңыр түске өзгерген. Эмалеотүзеуші үрдістің бұзылысының тереңдігіне және кіреукенің гипопластикалық зақымдаудың. саны және ауырлық дәрежесіне қарай байланысты болады. Сүт және тұрақты тістер бірдей зақымданады. Кіреукеде нүктелі және сызықты ойық ақауларымен қатар кіреуке қабатының жұқаруына дейін немесе оның тек мойын бөлігінде сақталып қалуына дейін жүреді. Кіреуке тығыз, немесе оның жартылай сынуы мүмкін. Гипокальцийлену кезінде кіреуке жұмсарады да дентиннен оңай бөлініп біртіндеп жойылады. Жалаңаштанған және жоғары сезімталды дентин әртүрлі тамақ құрамындағы бояғыш боялар әсерінен түсін қара-қоңыр түске өзгертеді. | Гендік бұзылыс кезінде амелогениннің гендік мутациясы жүреді. Бұл кіреуке құрылымдарына тікелей әсер етеді, себебі амелогениннің ақуызы негізінен тұратын амелобластар кіреуке компонентін минералдаушы негізгі жасуша болып келеді. Егер кіреуке гипоплазиясы оның құрылымдарының бұзылысымен байланысты болса онда аз қалыңдықтағы кіреуке қабаты оның қалыпты өзгермеген қабатымен қосарланады. Кіреукедегі жетілу үрдісінің өзгеруі кіреуке қабатының қалыпты қалыңдығы кезінде оның қаттылығын, беріктілігін төмендетеді. Осындай жағдайда кіреуке призмаларының бейберекеттілігі анықталады, ал кейде олардың жойылуы немесе аз дәрежеде кристалдануы анықталады. Гипокальциленген кіреукенің жұмсаруы кіреукенің толық жетілмеуіне–кристаллтүзеуші үрдістің бұзылу нәтижесі болып табылады. |
Жүргізілген емнің нәтижелілігі | Ем жүргізілмеген. Композиттік Материалдармен ем жүргізілген. | Науқастың шағымының болмауы немесе қанағаттандырарлықсыз диагностика. Зақымдану ауырлығына қарай терапиялық емнің сәйкес келмеуі. |
Жетілмеген амелогенездің клиникалық көрінісінің жүйесі I.Құрылымның бұзылуымен байланысты тұқымқуалаушы кіреуке гипоплазиясы II.Жетілуінің бұзылуымен байланысты тұқымқуалаушы кіреуке гипоплазиясы III.Гипокальцийленумен байланысты тұқымқуалаушы кіреуке гипоплазиясы | ||
Қарап тексеру | I. кіші азу тістердің вестибулярлы бетінде және үлкен азу тістердің ұрт жақ бетінде орналасқан нүктелі ақаулар, тістеу қырлары бұзылмаған.кіреуке тегіс, оның түсі мөлдір емес ақ түстен мөлдір қоңыр түске өзгеруі мүмкін. Тіістердің түсі ақ түстен сарғыш-ақ түске дейін өзгерген. Кіреуке қатты, беті тегіс емес, дентинде шоғырлануы мүмкін. | Кіреукенің анық призмалық құрылымы болмайды.Жеке біртегіс емес кристаллдар анықталады. |
II.Кіреуке түсі бұлыңғыр-ақ түстен қоңыр түске өзгерген. Зақымдану әрқашан симметриялы орналасады. Кіреуке тығыз, дақталған. Көбіне үстіңгі жақ тістер зақымданады. | Құрылымды ақаулар кіреуке қабатының призмасыз сыртқы қабатында орналасады.Дентин өзгермеген. | |
III.Тістердің кіреуке қалыңдығы қалыпты жағдайда, бірақ жұмсақ, ақ, сары түстес. Жалаңаштанған дентин қалдыра отырып тез қажалады. Дентин ас пигменттері әсерінен қара-қоңыр түске боялады. | Кіреукеде органикалық заттардың болуы 3 есе көп. Кіреуке қалыңдығы қалыпты жағдайда, бірақ декальцийленуден кейін матрицасы болмайды. |
ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Аурулар | Жалпы клиникалық көріністері | Айырмашылық белгілері |
Флюороз | Тістер бетіндегі ойық, жара түріндегі дақтар, пигменттер. Пигменттелген дентин. | Эндемиялық белбеуде ауыз суында фтордың мөлшерінің көп болуы нәтижесінде тістердің жүйелі зақымдануы көбіне тұрақты тістер |
Тетрациклинді тістер | Тістердің түсі сұр түстен сары түске дейін өзгерген. Кіреукенің гипопластикалық өзгеруі мүмкін. | Ауру тарихында- тетрациклин тобындағы антибиотиктерді қабылдағаны анықталады. |
ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру | Симптомдары | Патогенездік негіздеме |
Сұрау, шағымы | Тістің түсі өзгерген түрдегі дисколорит (сұр-сулыдан сары –қоңыр түске). Тістердің пішінінің өзгеруі. Тістердің жылдам қажалуы. Шағымының болмауы. | Кіреукенің жіне дентиннің құрылымының тұқымқуалаушы бұзылысы кіреукенің құрылымсыз түрде көрінісімен жіне дентиннің атипияялық матриксімен суреттеледі. |
Ауру тарихы, жынысы, жасы | Жынысқа қарамайды. Таза монғол және негр тектес халықтарда кездеспейді. | Аутосомды –доминатты тұқым қуалау типі 50% екі жыныста да ұрпақтарында болу қауіпі анықталған |
Негізгі аурудың дамуы | Тістердің окклюзиялық беттерінің қажалуы, кіреукенің болмауы, дентиннің жалаңаштануы тән | Кіреуке кристаллдарының дезинтеграциясы түрде өзгеруі, призмааралық кең кеңістіктердің пайда болуы. Ұлпада одонтобластардың вакуолизациясы, олардың санының азаюы, кейде толық болмауы, предентин аймағының кеңейуі байқалады. Цементте – үстіңгі түбір бөлігінің қабатының тарылуы және сүт және тұрақты тістерде клиникалық өзгерістерге алып келетін құрылымды дегенерациялық өзгерістер |
Жүргізілген емнің нәтижесі | Ем жүргізілмеді. Композиттік материалдармен ем жүргізілді. | Науқастың шағымының болмауы. Нәтижелі емес ем жүргізілді. |
Қарап тексеру | Тістің түсі өзгерген: кіреуке түсі сулы-сұр түстеніп, дентин жалаңаштанып сары –қоңыр түстенген. Тістің қатты тіндерінің жылдам қажалуы сауыттың көлемінің кішірейуіне әсер етеді. Кейде шар тәрізденеді. Рентгендік суретте мұндай тістердің түбірлері қысқа, түбір ұштары қалыптаспаған және төңірегіндегі сүйек тінінде құрылымы бұзылған ошақтар (очаги деструкции) анықталады. Клиникалық өзгеріс сүт және тұрақты тістерде байқалады. | Дентинде минералды заттардың, кальций және фосфордың төмен болуы тән және сонымен қатар органикалық заттар мен судың көлемі жоғары болады. Генетикалық негіздемеде атипиялық дентиннің пайда болуы және кіреуке құрылымының бұзылысы осы қатты тіндердің бір –бірімен байланысуына кері әсер етеді. |
ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗДІҢ, КАПДЕПОН ДИСПЛАЗИЯСЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДЕНТИННІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Аурулар | Жалпы клиникалық көріністері | Айырмашылық белгілері |
Жетілмеген дентиногенез - I типтес | Тістердің зақымдануын нақтылау Капдепон дисплазиясының клиникалық көріністеімен ұқсас келеді. | Жетілмеген остеогенезде байқалады: Бұған үш симптом тән. —голубые склеры; —сүйектердің патологиялық сынуы; —отосклероздың дамуы. Негізінен ұзын қуысты сүйектер зақымданады. |
Сауыт және түбір дентинінің дисплазиясы | Сүт және тұрақты тістердің түсі өзгерген, меруерт түстес, шағылысады. Кіреукенің және дентиннің қажалуы мүмкін. | Сүт тістердің қуысы және өзегі толықтай тарылған. Тұрақты тістердің қуысы жарты ай пішіндес. Сүт тістердің түбірлері жақсы дамымаған және тістер шыққаннан кейін тез түсіп қалады. Бір түбірлі тұрақты тістердің түбірлері қысқа, конустәріздес, бірден түбір ұшында тарылады. Азу тістердің түбірлері W әріпіне ұқсас келеді. Дене сүйегінің морфологиялық өзгерісі анықталған. |
ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗДІҢ ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗДІҢ ЕМІ
Емі | Заттар | Мақсаты | Әсер ету механизмі |
Жергілікті ем | Пломбылау(замануи композиттік пломбалық материалдар) Жасанды сауыттар және винирлер даярлау | Тістің анатомиялық пішінің және қызметін қалпына келтіру | Қуысты егеп тазалау және пломбылау. Ортопедиялық емдеу әдістері |
ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗДІҢ ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗДІҢ АЛДЫН –АЛУ ШАРАЛАРЫ
Жанұяда тістің қатты тіндерінің тұқымқуалаушы өзгерістермен көрінетін науқастарды алдын-ала нақтылау және диниеге осындай сәбидің келуін алдын –алу.
4.4. КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ЭРОЗИЯСЫ (К3.2)
Кіреууке және дентин эрозиясы – тістің қатты тіндерінің тіс жарып шыққаннан кейін тістің қатты тіндерін зақымдайтын тісжегіден басқа аурулар тобына жатады. Тістер эрозиясы тістердің қатты тіндерінің белгілі бір себепсіз жойылуымен сипатталатын патологиялық үрдіс (сурет.4.7).
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 270 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сурет. Флюороз | | | Сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы |