Читайте также:
|
|
ҚЫШҚЫЛДЫ НЕКРОЗДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру | Симптомдар | Патогенездік негіздеме |
Сұрау, шағымы | Температуралық, механикалық, химиялық тітіркендіргіштерден тез басылатын ауру, қармау сезімі | Кіреукенің, дентиннің белсенді қарқынды зақымдануы гистологиялық құрылымы жағынан тісжегіге ұқсас. Кіреукенің жойылуы және дентиннің жалаңаштануы тістерде жоғары сезімталдықтың пайда болуына ықпал етеді. |
Эстетикалық ақау | Тістің тісжегіге тән емес беткейлерінде кіреуке және дентиннің зақымдануы Пигментті заттардыі әсер етуінен түсінің өзгеруі | |
Ауру тарихы, жынысы, жасы | Қышқылды некроздың дамуы науқастың жасына, жынысына байланысты болмайды. | |
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары | Ахиликалық асқазан қабынуы (10% тұз қышқылының ерітіндісін қабылдау). Рефлюкспен, құсумен сипатталатын аурулар. | 10% тұз қышқылының ерітіндісінің және асқазан сөлінің жиі және ұзақ әсер етуітістің қатты тіндерінде кері қайтпайтын зақымданулардың туындауына ықпал жасайды. |
Мамандық факторлардың әсері | Өндірістік өнімдердегіқ ышқылдардың буы (тұз, күкірт, азот және т.б.) | Ауыз қуысына қышқылдардың буының экзогенді жолмен енуі (әсіресе концентрацияланған) ауыз сұйықтығының Рн төмендетіп,табиғи қайта минералдануын бұзады және сонық салдарынан тістердің қатты тіндерінде қарқынды минералсыздану үрдісін туындатады. |
Аурудың туындауын немен байланыстырады | Тістердің қатты тіндерінде қышқылды некроздың пайда болуында маңызды роль ұзақ уақыт химиялық фактордың әсеруі атқарады | |
Негізгі аурудың дамуы | Тістердің қатты тіндерінің жылдам қажалуы кіреукеде кең тараған ақ түстес дақтардың пайда болуына, дентиннің жалаңаштануына, тістер саутының кесу қырларында ақаулардың пайда болуына алып келеді. | Кіреукенің және дентиннің белсенді минералсыздануы, дентин түтікшелерінің жалаңаштануы жүреді. |
Бұрын жүргізілген емнің нәтижелілігі | Ем жүргізілмеген | Ауруды нақтылаудың қанағаттанарлықсыз болуы немесе науқастың шағымының болмауы |
Қайта минералдау терапиясы түрінде ем жүргізілген. Емнің нәтижесі қысқа мерзімді. | Тістің қатты тіндеріне толассыз қышқылды фактордың әсер етуі қайта минералдану үрдісін тежеген. | |
Пломбылау | Минералсыздану, пломба төңірегінде тістің қатты тіндерінің құрылымының өзгеруі пломбаның түсуіне әсер етеді. | |
Қарап тексеру | Кіреуке түсі өзгерген (бұлыңғыр немесе дақты пигменттелген); борпылдақ, пигменттелген дентин. Күрек және сүйір тістердің кесу қырларының ақауы | Кіреукенің минералсыздануы оның құрылымының өзгеруіне, тығыздығының нашарлауына, оптикалық параметрінің өзгеруіне, қамақ құрамындағы пигментті заттардың енуіне ықпал етеді. Жалаңаштанған дентин минералсызданады да борпылдақ және сынғыш болып келеді. Пигментті заттардың әсерінен түсін өзгертеді. Кіреуке және дентин құрылымын зерттеу барысында зақымданған ошақтарда минералсыздану үрдісіне тән өзгерістер анықталады. |
ҚЫШҚЫЛДЫ НЕКРОЗДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Аурулар | Жалпы клиникалық көріністері | Айырмашылық белгілері |
Дентин тісжегісі | Кіреукеде және дентинде ақау бар. Тітіркендіргіштерден тез басылатын ауру сезімі (химиялық, механикалық, температуралық). Кіреукенің зақымданған ошағын құрғақ ауамен кептіргенде түсі өзгерген, бұлыңғыр түстес. Зақымданған ошақты зондпне сүңгілеп тексергенде тістің бүріндігі бұзылған, бетінің тегіс ем естігі және кіреукенің минералсызданған ошағы,түсінің бұлыңғырланғаны анықталады. | Тістің қатты тіндерінде зақымдану ошағы тісжегіге тән емес әсіресе күрек және сүйір тістердің беткейлерінде көптеп жайыла орналасуы, Ауру тарихынанмамандық зиянды әсерлердің (ұзақ уақыт қышқыл буының әсер етуі), ахиликалық асқазан қабынуы-гастрит |
Сәулелі некроз | Кіреуке және дентин ақаулары. Тіс беттерінің тісжегіге тән емес беттері зақымданады. | Тістердің қатты тіндерінің, кіші және үлкен азу тістердің төмпешіктерінің, тістердің мойын бөлігі аймағының зақымдануы (циркулярлы тісжегі). Ақаудың беті борпылдақ, қара-қоңыр түстес. Ауру тарихынан –бет-жақ сүйек аймағына обыр ісігі бойынша сәулелі терапия жүргізілген. Тістің қатты тіндерінің жоғары сезімталдығы тән емес. Сілекейдің буферлік сыйымдылығының төмендеуі табиғи қайта минералдануының, сілекейдің бөлінуі төмендеуі тістің қатты тіндерінің жойылуына ықпал етеді. |
ҚЫШҚЫЛДЫ НЕКРОЗДЫҢ ЕМІ
Емі | Заттар | Мақсаты | Әсер ету механизмі |
Жергілікті | Қайта минералдау терапиясы: а)кесте бойынша жақпа түрінде: –10% глюконат кальций; –2% фторид на- Трий ерітіндісі; – БВ материалы; –фтор лакпен жабу(кіреуке-протектормен, дентин-протектормен); | Қышқылды фактордың әсер етуін жою. Қышқылды факторды жою қайта минералдану үрдісін жылдамдатады.Жоғары сезімталдықты жою. | Қышқылдың әсер етуін бейтараптандыру,қышқылдық әсерлерге тістің қатты тіндерінің резистенттілігін жоғарлатады. Химиялық құрамы жағынан гидроксилапатитке ұқсас кристаллдардың түзілуі әсерінен минералсызанған ошақта тістердің қатты тіндерінің қайта минералдану жақсарады, дентин түтікшелері арқылы сұйықтықтың қозғалуы тежеледі. Қышқылдың әсер етуін жою және соымен қатар қайта минералдану терапиясын минералдаушы компоненттерді қолдана отырып жүргізу ми нералсызданған ошақтың көлемінің азайып кішрейуіне, кіреуке құрылымының қайта қалпына келуіне ықпал етеді. |
б)электрофорез әдісмен кальций иондарын және хақпа түрінде фторид натрий ерітіндісін кесте бойынша | Тістің қатты тіндерінің қышқылдық әсерлердің есер етуіне резистенттілігін жоғарлату | Кіреукенің кристаллдық торын нығайту | |
Пломбылау (шыныиономерлі цементтермен, замануи композиттік материалдармен) | Тістің анатомиялық пішінін және қфзметін қалпына келтіру. Жоғары сезімталдықты жою | Қуысты егеп тазалау және пломбылау | |
Жалпы | Кальций препараттарын іштей қабылдау (тек қан құрамында кальций және фосфордың деңгейі төмен науқастарға) —глюконат кальций (глицерофосфат кальций) 1 таблеткадан күніне 3 рет бір айбойы. Мамандардың кеңесі |
ҚЫШҚЫЛДЫ НЕКРОЗДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ. Қазіргі кезде олардың тістерін қышқылдар әсерінен қорғайтын арнаулы пластмасса жабындылар – капалар шығарылуда. Тістер некроздануы бар жұмысшылар диспансерлік есепке алынып, олардың тістеріне жүйелі түрде қайта минералдандырып емдеу шаралары жүргізілуге тиіс. Өндірістік мекемелерде аранйы ағымды сорғыш желдеткіштерді орналастыру, ауыз қуысын әр 1,5-2 сағат сайын шайып тұрц үшін сілтіліу сулар орналастырлуы қажет.
4.7. ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚ -ГИПЕРЕСТЕЗИЯ (К3.8)
Жоғары сезімталдық —тіс дентинінің тактильді, температуралық, химиялық, осмостық тітіркендіргіштерге ауру табалдырығының төмендеуімен және қысқа мерзімді ауру сезімінің пайда болуымен сипатталатын жоғары сезімталдық (сурет. 4.11).
Жоғары сезімталдықтың жүйесі (Федоров Ю. А және басқалар., 1981)
А. Таралуы бойынша:
I. Шектелген түрі көбіне сына тірізді ақаулар және жеке орналасқан тісжегі қуысы кезінде, сонымен қатар тістерді жасанды сауытқа немесе салымдарға –(владки) егеп тазалау кезінде бір немесе бірнеше тістерде көрінеді.
II. Жайыла тараған түрі көбіне тістердің патологиялық қажалуы, сонымен қатар тістерде көптеген тісжегі және тістердің жайыла және прогрессті зрозиясы, пародонт ауруы кезінде тістердің мойын бөлігі және түбірлері жалаңаштанған жағдайларда анықталады.
Б.Дамуы бойынша:
I. Тістердің қатты тіндерінің жойылуына байланысты дентиннің жоғары сезімталдығы:
а) тісжегі қуысы аймағында;
б) тістерді жасанды сауытқа, салымдарға арнап егеп тазалау кезінде және т.б;
в) патологиялық қажалуға және сына тәрізді ақауға бейімділік кезінде;
г) тістің қатты тіндерінің эрозиясы кезінде
4.11.Сурет. Жасанды сауытқа арнап тістерді егеп тазалаудан кейін пайда болған 22 және 23 тістердегі жоғары сезімталдық
II. Тістердің қатты тіндерінің жойылуына байланысты емес дентиннің жоғары сезімталдығы:
а) пародонтоз және пародонтауруының басқа түрлері кезінде тістердің мойын және түбірлерінің жалаңаштануы кезінде пайда болған дентиннің жоғары сезімталдығы;
б) ағзаларда жалпы ілеспелі өзгерістерге байланысты бүтін тістердің дентинінің жоғары сезімталдығы.
В. Клиникалық ағымы бойынша:
I дәреже —тіс тіндері температуралық тітіркендіргіштерге (суық, ыстық) жауап қайтарады; дентиннің электрқозғыштығының табалдырығы -5 мкА.
II дәреже — тіс тіндері температуралық, химиялық тітіркендіргіштерге (суық, ыстық, қышқылғ тәтті, ащы) жауап қайтарады; дентиннің электрқозғыштығының табалдырығы -3 мкА.
III дәреже — тіс тіндері барлық тітіркендіргіштерге жауап қайтарады(тактильді сезімге де), дентиннің электрқөозғыштығы -1,5-3,5мкА
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 245 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы | | | ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ |