Читайте также:
|
|
СЫНА ТӘРІЗДІ АҚАУДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Тексеру | Симптомдары | Патогенездің |
Сұрау, шағымы | Шағымы жоқ | Аурудың баяу дамыған сатысында орынбасушы дентиннің құрылуы тісте сезімталдықтың бұзылысынна әсер етпейді |
Тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық (механикалық, температуралық) | Тістің қатты тіндерінің жылдам қажалуы жалаңаштанған дентин бетінде дентин түтікшелерінің ашылуына алып келеді | |
Эстетикалық ақау | Тістердің қатты тіндерінде екі жазықтықтан құралған, біреуі горизонтальды ал екіншісі қисая орналасқан V-пішінді ақау | |
Ауру тарихы, жынысы, жасы | Ақаудың пайда болуы науқастың жасына жынысына тікелей байланысты емес | |
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары | Бруксизм, стресс | Механикалық күштің қатты әсер етуі кіреукеде тіліктердің пайда болуына ықпал етеді. Кіреукенің кристаллдық құрылымындағы өзгерістер қышқылдардың әсерінен жоғары еруіне ықпал етіп, ақаудың пайда болуына алып келеді. |
Аурудың пайда болуы себептері | Ұзақ уақыт тісті дұрыс тазаламау | Қатты тіс щеткасымен тұрақты көлденең қимылмен тісті тазалау тістің қатты тіндерінің жоғары қажалуына әсер етеді. |
Ұзақ уақыт құрамында абразивті заттар бар тіс қойыртпағын қолдана отырып тістерін тазалау | Тістің қатты тіндеріне әсер ететін механикалық фактор тіс тіндерінің қажалуына және жойылуына ықпал етеді. | |
Негізгі аурудың дамуы | Механикалық факторлардың әсер етуінен тістің қатты тіндерінің баяу қажалуы | Тістердің механикалық әсерлерден қажалуы кіреукенің және дентиннің физиологиялық, патологиялық және абразивті материалдардың әсер ету нәтижесінде жүреді. |
Тіс қатарының жарақаттары: окклюзияның дұрыс болмауы, окклюзиялық тепе-теңдіктің бұзылуы | Тіске мойын бөлігі аймағында түсетін зақымдаушы салмақтың әсер етуі. | |
Аурудың асқынуының жиілілігі | V –тәріздес пішінді ақау ойығының тереңдеуі | Тістердің қатты тіндерінің жылдам жойылу барысында ұлпаның жарақаттана қабынуы дамуы, және тіс сауытының сынуы мүмкін.Қатты тіндердің баяу қажалуы кезінде екіншілік дентин түзеліп орын басады. |
Бұрын жүргізілген емнің нәтижесі | Ем жүргізілмеген. Қайта минералдау терапиясын бірнеше рет жүргізген. Емнің нәтижесі тұрақты емес. | Сына тәріді ақау тереңдігі 2 мм көп болса, онда ақауды пломбылау керек. |
Қарап тексеру | Сына тәрізді ақау күрек, сүйір кіші азу тістердің мойын бөлігінде орналасқан. Ақаудың бетін сүңгілеп тексергенде тегіс, жылтыр V-пшінді тығыз. Ақаудың түсі өзгермеген, бірақ тағам құрамындағы пигментті заттардың әсерінен боялып қоіыр түстес болуы мүмкін. | Тісті тазалау техникасы дұрыс емес (тіс мәсуегін тек көлденең қолдану, тіс қойыртпағы құрамы жоғары абразивті болған жағдайда) |
СЫНА ТӘРІЗДІ АҚАУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
аурулар | Жалпы клиникалық көріністері | Айырмашылық белгілері |
Э ро зи я | Тістің вестибулярлы бетінде кіреуке және дентинде орналасқан ақау | Тістің вестибулярлы бетінде орналасқан ақау көбіне сопақ пішіндес, кейде дөңгелек немесе дұрыс пішінді емес болып келеді. Эрозияның жиегі біртіндеп тіс бетіне қарай ауысады. Тістің бетін кептіргеннен кейін кіреуке бұлыңғыр болып өзінің жылтырлығы болмайды. Науқастар зақымданған ошақта жоғары сезімталдықтың пайда болғанын айтады. Көбіне 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 5 4 3 3 4 5 тістер зақымданады. Астыңғы жақтың күрек және үлкен азу тістері мен үстіңгі жақтың үлкен азу тістері эрозиямен зақымданбайды. Тістің қатты тіндерінде эрозияның пайда болуы тіс тіндерінің қажалуымен тікелей байланысты емес. (мамандық зақымдаушы факторлар, ГЭРБ, қышқылдың әсер етуі және т.б |
Кіреуке тісжегісі | Беткей ақау тіс кіреукесі аймағында орналасқан. Тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауру сезімі (механикалық және химиялық) | Ақаулар тістің барлық беттерінде орналасуы және зақымдауы мүмкін. Кіреуке зақымданған аймақты сүңгілеп тексергенде оның бетінің тегіс еместігі анықталады. Тістің бетін кептіргеннен кейін кіреуке бұлыңғыр түстес болып өзінің жылтырлығы болмайды. 2% метилен көгі ерітіндісімен тіс бетіндегі ақауды бояғанда онда қарқынды боялу болады, тістің зақымдалған ошағының (боялудың қарқындылығы минералсыздану үрдісіне байланысты болады) |
СЫНА ТӘРІЗДІ АҚАУДЫҢ ЕМІ
Емі | Қолданылатын заттар | Мақсаты | Әсер теу механизмі |
I. Қажалудың бастапқы көрінісі | |||
Жергілікті | Аппликация түрінде кесте бойынша қайта минералдау терапиясы – БВ материалы (№ 1 және № 2 тәсіл бойынша); –электрофорез (10% глюконат кальция, 1% фторид натрия) | Жоғары сезімталдықты жою | Тістердің қатты тіндерінің кристаллдық байланысын қатайту |
Жалпы | Полидәрумендер | ||
II. Тереңдігі 2 мм жоғары сына тәрізді ақау кезінде | |||
Жергілікті | Пломбалық материалдар (композиттер) | Ақауды пломбылау, қалпына келтіру. Тістің анатомиялық пішінін қалпына келтіру. | Қуысты егеп-тазалау және пломбылау. |
СЫНА ТӘРІЗДІ АҚАУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ (8.6.2 бөлімді қараңыз)
4 .6.ТІСТІҢ ҚАТТЫ ТІНДЕРІНІҢ ҚЫШҚЫЛДЫ НЕКРОЗЫ - (К3.9)
Қышқылды некроз – тістің қатты тіндеріне қышқыл заттардың әесер етуі негізінде дамитын тісжегіден басқа патология. (сурет. 4.10).
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 416 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы | | | Сурет. қышқылды некроз |