Читайте также:
|
|
Емі | Қолданылатын заттар | Мақсаты | Әсер ету механизмі |
Тіс сауытының бір бөлігінің сынуы (тіс қуысының ашылуынсыз) | |||
Жергілікті | Пломбалық материалдар (ком- позиттер) | Тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру | Қуысты қалыптастыру және оны пломбылау. |
Тіс сауытының бір бөлігінің сынуы (тіс қуысының ашылуымен) | |||
Жергілікті | 1.Гидроксид кальций. Шыныиономерлі цемент. Композиттік пломбалық ма- териалдар | Ұлпаны тікелей жабу | Тіс ұлпасының аздап ашылуында және түбірдің толық қалыптаспаған кезінде дентиндік көпірді қалыптастыру. |
2. Эндодонттық ем жүргізуге арналған аспаптар мен дәрілік препараттар және пломбалық материалдар. Таспалы және сым темірлі шеңдеуіштер. Брекет-жүйесі | Зақымданған ұлпаны толық алу, түбір өзегін пломбылау. | Тіс қуысындағы және түбір өзегіндегі инфекциялық агентті жою | |
Тіс түбірінің сынуы | |||
Жергілікті | Эндодонттық ем жүргізуге арналған аспаптар мен дәрілік препараттар және пломбалық материалдар. Таспалы және сым темірлі шеңдеуіштер. Брекет-жүйесі | Зақымданған ұлпаны толық алу, түбір өзегін пломбылау. Түбір штифін орнату. Тісті бекіту. | Тіс қуысындағы және түбір өзегіндегі инфекциялық агентті жою Пародонтта регенеративті үрдістің қалыптасын жақсарту мақсатында тісте тыныштық орнату. |
1- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
20 жастағы пациент тістерінің түсінің өзгергеніне және тістерінде пигментті дақтардың пайда болғаныныа шағымданады. Анамнезінен: пациенттің айтуы бойынша тіс кіреукесінің түсінің өзгеруі балалық шақтан бері байқалады.
Тіс кіреукесінің түсінің өзгеруі бір қалада тұрып жатқан басқа туыстарының тістерінде және таныстарында дайқалған.
Ауыз қуысын қарап тексергенде: барлық тістердің кіреукесі жылтыр, бұлыңғыр, көптеген сары-қоңыр түстес дақтар анықталды. Зонпен сүңгілеп тексергенде дақтардың беті тегіс, ауамен кептіргенде жылтырайды.
Диагноз қойыңыз, аурудың себебін атаңыз, емдеу жоспарын құрыңыз?
2- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
24 жастағы пациент тістерінің түсінің өзгергеніне шағымданады (сары түс). Анамнезінен: пациенттің айтуы бойынша тістерінің түсінің өзгергені балалық кезінен байқалады. Өте жас кезінде ауыр түрдегі өкпе ауруымен ауырған. Емдеу барысында тетрациклин қатарындағы антибиотиктерді қолданған.
Қарап тексергенде: тістер кіреукесі мөлдір емес, жылтырайды, сары-қоңыр түстес. Зондпен сүңгілеп тексергенде кіреуке беті тегіс.
Диагноз қойыңыз, аурудың себптерін атаңыз, емдеу жоспарын құрыңыз?
3- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
35 жастағы пациент тістерін тазалаған кезде және суық ауа әсер еткен кезде пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: тістердің қатты тіндеріндегі ақауды 3 жыл бұрын байқаған. Тамақ рационына өте жиі цитрустарды қолданады. Көбіне пепси-кола, фанта сусындарын ішеді. Тістерін қатты тіс щеткасымен тазалайды. Қарап тесергенде: 14,13,12, 11,21,22,23,24,33,44 тістердің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде сопақ пішінді, тығыз, жылтыр, беті тегіс, сүңгілеп тексергенде ауырмайтын тістің қатты тіндерінің ақауы анықталды.
Диагноз қойыңыз және емдеу жоспарын құрыңыз?
4- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
50 жастағы пациент тістерінде температуралық, механикалық, химиялық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауру сезімі пайда болатынын, қызыл иегінің қышыйтынын және жағымсыз сезімнің пайда болғанын айтып шағымданады.
Анамнезінен: жоғарыда айтылған тістердегі ақауды 5 жыл бұрын байқаған. Ілеспелі аурулардан холецистит және атеросклерозбен ауыратынын айтты.Тістерін тіс ұнтағымен тазалайтынын айтып берді.
Қарап тексергенде: қызыл иек бозарған, тығыз. Астыңғы және үстіңгі жақ сүйір және кіші азу тістердің түбірлері 1/3 ұзындығына дейін жалаңаштанған. Вестибулярлы бетінің мойын бөлігі аймағында кіреуке және цемент шекарасында үшбұрыш тішінді, орта тереңдіктегі тістің қатты тіндерінің ақауы анықталды. Ақаудың қабырғалары тығыз, жылтыр. Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрыңыз?
5- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
37 жастағы пациент тістерінің жылдам бұзылғанына, қармау сезіміне, температуралық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауру сезімінің пайда болғанына шағымданады. Ғылыми зерттеу институтында химик-технолог мамандығы бойынша қызмет атқарады. Жұмысы тұз және күкірт қышқылымен тығыз байланысты. Сырттай қарап тексергенде бет терісінің және еріннің қызыл жиегінің құрғап тұруы байқалады. Шеттік лимфа түйіндерін сипап тексергенде ұлғаймаған, ауырмайды. Ауыз қуысын қарап тексергенде: Алдыңғы тістердің вестибулярлы бетіндегі кіреуке түсі бұлыңғыр, 13-23 тістердің кесу қырлары өткір, бұзылған, 12-11,21 тістердің вестибулярлы беттерінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы және борлы түстес өзгеріске ұшыраған кіреуке жиектері анықталды.
34, 35, 36, 37, 44 тістердің төмпешіктерінде кіреуке толықтай жоқ.
Диагноз қойыңыз. Емдеу жоспарын құрыңыз.
6-КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
21 жастағы пациент дәрігер стоматологқа үстіңгі және астыңғы алдыңғы тістер тобында қысқа мерзімді қарқынды ауру сезімінің болуын айтып шағымданды. Анамнезінде – флюороз. Екі күн бұрын стоматологиялық емханада тістеріне мамандандырылған тазалау және ағарту жүргізілген.
Сырттай тексеру жүргізгенде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 15-25, 35-45 тістер аймағында ақаулар байқалмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге: суық суға және суық ауаға қысқа мерзімді ауру сезімі байқалады. 15-25 және 35-45 тістердің ТҰЭҚ-3мкА. Диагноз қойыңыз. Емдеу жоспарын құрыңыз?
1-ЖАУАП БЕРІҢІЗ.
Эндемиялық флюороздың себебі болы табылады:
1) организмде кальцийдің мөлшерінің көп болуы;
2) организмде фтордың жетіспеушілігі;
3) ас суында фтордың мөлшерінің көп болуы;
4) антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдау;
5) ауыз қуысы гигиенасын сақтамау.
2. Тістің қатты тіндерінің ақауынсыз дамитын флюороздың түрі:
1) жолақты және дақты түрі;
2) борлы –теғбілді және жолақты түрі;
3) дақты және эрозиялы түрі;
4) эрозиялы және деструктивті түрі;
5) деструктивті және жолақты түрі.
3. Тістің қатты тіндерінің құрылымының бұзылуымен дамитын флюороздың түрі:
1) жолақты және эрозиялы;
2) борлы –теңбіл және дақты;
3) дақты және жолақты;
4) эрозиялы және дақты;
5) деструктивті және борлы теңбіл.
4. Эндемиялық аймақта флюороздық алдын алу қамтиды:
1) фторқұрамдас таблетка қабылдауды;
2) сауыз қуысының гигиенасын сақтауды;
3) герметиктерді қолдануды;
4) кальций құрамдас препараттарды қабылдауды;
5) су көздерін ауыстыруды.
5. Флюорозды қандай аурулардан ажырата білу керек:
1) кіреуке эрозиясынан;
2) қышқылдық некроздан;
3) тісжегінің дақты кезеңінен;
4) дентин тісжегісінен;
5) кіреуке гипоплазиясынан.
6. МуаровыйКіреукедегі маурға ұқсас сурет қандай ауруға тән:
1) Тісжегінің дақты кезеңіне;
2) жетілмеген амелогенезге;
3) флюорозға;
4) эрозияға;
5) жүйелі гипоплазияға.
7. Халықаралық Dean сынамасы бойынша қандай аурудың ауырлық дәрежесін анықтауды қолданылады:
1) тісжегі кезінде;
2) флюороз;
3) пародонт қабынуы кезінде;
4) жүйелі гипоплазия;
5) кіреуке эрозиясы кезінде.
8. Сына тәрізді ақаудың этиологиялық факторы болып табылады:
1) механикалық;
2) химиялық;
3) физикалық;
4) микробты;
5) вирусты.
9. Жоғары сезімталдықтың себебі:
1) жүйелі гипоплазия;
2) флюороздың борлы –теңбіл түрі;
3) тістердің түбірінің жалаңаштануы;
4) Гетчинсон тістері;
5) мрамор ауруы.
10. Қышқылды некроз кезінде көбіне зақымданады:
1) үлкен азу тістер және сүйір тістер;
2) кіші азу және күрек тістер;
3) күрек және үлкен азу тістер;
4) сүйір және кіші азу тістер;
5) күрек және сүйір тістер.
11. Қышқылды некроз кезіндегі негізіг симпом:
1) химиялық тітіркендіргіштерден ауру сезімі;
2) температуралық тітіркендіргіштерден ауру сезімі;
3) механикалық тітіркендіргіштерден ауру сезімі;
4) кармау сезімі;
5) өсіп кеткен тіс сияқты сезім.
12. Қышқылды некроздың себептері болып табылады:
1) сілтілер буымен ұзақ уақыт қатынасы;
2) күшті қышқылдар буымен ұзақ уақыт қатынасы;
3) күшті қышқылдар буымен ұзақ уақыт қатынасы;
4) еңбек гигиенасын сақтамау;
5) жеңіл қорытылатын көмір сулы тағамдарды көп қолдану.
13. Кіреуке эрозиясының II дәрежесі кезінде ақаудың орналасуы:
1) кіреукеде кіреуке дентин байланысына дейін;
2) кіреукенің беткі қабатында;
3) дентиннің беткі қабатында;
4) кіреуке және дентинде;
5) кіреуке, дентин және цементте.
14. Эрозиямен көбіне –көп зақымданады:
1) астыңғы жақтың үлкен және кіші азу тістері;
2) астыңғы жақтың кіші және алдыңғы топ тістері;
3) үстіңгі және астыңғы жақтың алдыңғы топ тістері;
4) үстіңгі жақтың алдыңғы топ және кіші азу тістері;
5) үстіңгі жақтың кіші және үлкен азу тістері.
15. Эрозияны ажырату үшін салыстырмалы диагностика жүргізеді:
1) флюорозбен;
2) кіреуке гипоплазиясымен;
3) сына тәрізді ақаумен;
4) терең тісжегімен;
5) кіреуке гиперплазиясымен.
16. Сына тәрізді ақауды ажырату үшін салыстырмалы диагностика жүргізеді:
1) жоғары сезімталдықпен;
2) флюорозбен;
3) кіреуке тісжегісімен;
4) кіреуке гипоплазиясымен;
5) қышқылды некрозбен.
17. Кіреуке эрозиясы кезінде пациенттерге берілетін кеңес:
1) ас рационынан цитрусты тағамдарды азайту;
2) ауыз қуысын сілтілк ерітінділермен шайу;
3) көмірсуларға бай тағамдарды қабылдауды азайту;
4) тіс щеткасын тек тігінен қолдану;
5) тіс ұнтағын қолдану.
18. Эрозия кезіндегі ақау пішіні:
1) тостақ тәріздес;
2) сны тәріздес;
3) тік бұрышты;
4) квадрат;
5) сызықты.
19. сыны тәріздес ақаумен жиі суреттелетін ауру:
1) жетілмеген амелогенез;
2) жетілмеген дентиногенез;
3) қызыл иектің қабынуы;
4) пародонт қабынуы;
5) пародонтоз.
20. Сына тәрізді ақау жиі орналасады:
1) үстіңгі жақтың кіші және үлкен азу тістерінде;
2) астыңғы жақтың кіші және үлкен азу тістерінде;
3) үстіңгі жақтың күрек және сүйір тістерінде;
4) астыңғы жақтың күрек және сүйір тістерінде;
5) астыңғы және үстіңгі жақтың сүйір және кіші азу тістерінде.
21. сына тәрізді ақау кезінде жүргізіледі:
1) мамандандырылған ауыз қуысының гигиенасы;
2) пломбылау;
3) протездеу;
4) ұлпасын алу;
5) ағарту.
22. Фурнье тісі—бұл қандай аурудың көрінісі:
1) флюороздың;
2) жоғары қажалудың;
3) гипоплазияның;
4) жетілмеген амелогенездің;
5) жетілмеген дентиногенездің.
23.Тістің қатты тіндерінің генетикалық ауытқуларына жатады:
1) жүйелі гипоплазия;
2) флюороз;
3) жетілмеген амелогенез;
4) эрозия;
5) сына тәрізді ақау.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 371 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТІСТІҢ ЖАНШЫЛУЫНЫҢ ЕМІ | | | ЛПАНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ |