Жіберілген қателіктер мен асқынулардың сипаттамасы
| Себептері
| Клиникалық
симптомдар
| Емдеу және алдын-алу шаралары
|
ЕМДЕУ ӘДІСІН ТАҢДАУДА, ДИАГНОСТИКАСЫН НАҚТЫЛАУДА, САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКА ЖҮРГІЗУДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
|
Диагностикалық қателіктер
| Клиникалық тәжірибенің жетіспеушілігі. Теориялық білімінің төмен болуы. Басқа аурулармен клиникалық көріністерінің ұқсас болуы
|
| Қосымша тексеру әдістерін қолдану. Басқа мамандардың кеңесі
|
Ауырған себепші тісті дұрыс анықтамау
| Аурудың тарала ауыруы.
Себепші тісті анық көрсете алмау. Көбіне бұрын емделген тіс болған жағдайда.
| Ұлпа қабынуына тән клиникалық симптомдар
| Қосымша тексеру әдістерін қолдану
|
ЖАНСЫЗДАНДЫРУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
|
Аллергиялық реакция:
Анафилактикалық естен тану- шок
Ангионеврозды
Квинке домбықпасы
Есекжем-
Крапивница
| Организмнің жеогілікті анестетикке немесе оның компоненттеріне анықталмаған сенсибилизациясы
(Терапевтическая стоматология / под ред. проф. Г. М. Барера. — Ч. 3, гл. 5. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.)
|
Егу инесінің сынуы
| Егуге араналған инелердің сапасының төмен болуы және жансыздандыруды дұрыс жүргізбеу
| Егу инесінің сынуы
| Егер инені тігінен алуға мүмкіндік болса, онда сынығын инеұстағышпен немесе корцангпен алады. Ондай жағдай болмаған кезде рентген сурет жасау керек және ота –операция жасауды талап етеді
|
Гематома-қан құйылу ошағы
| Егуге арналған инемен қан тамырларының жарақаттануы
| Ине егілген аймақта жылдам дамыған, кілегей қабық немесе терінің түсінің көгеруімен сипатталатын ісік.Жансыздандырғыш дәрінің әсер ету нәтижесінің төмендеуі.
| Жарақат орнына тығыз тампонада, бастырма, суық басу керек. Содан кейін гематоманың сорылуы үшін физиотерапия тағайындайды. Алдын-алу шаралары:инені сүйекке қиығымен бағыттай отырып енгізу барысында баяу және үзбей анестетик егу.
|
Жансыздандырғыш әсердің толық болмауы
| Қабынған ұлпаның ерекшелілігі. Анестетикті немесе жансыздандыру әдісін дұрыс таңдамау,
| Емдеу барысында ауру сезімінің болуы
| Екі кезеңді жансыздандыру жүргізуді қолдану. Алдын-ала пермедикация, ұлпаішілік, интралигаментарлы немес сүйек ішілік жансыздандыру жасау. Анестетикті ауыстыру.
|
Неврит (плексалгия)
| Нерв тармақтарын жарақаттау. Терв бағаналарын немесе онық тармақтарын инемен жарақаттау.
| Парестезия, жансыздану, ауыр жағдайларда-сезімталдықтың төмендеуі немесе бұзылуы.
| Невритті емдеу кезіндегі терапиялық әсердің негізі болып табылады: зақымданған нерв аймағында қабынуға қарсы әсер ету, қан және лимфа айналымын жақсарту, ауру синдромын төмендету, сезімталдықты қалпына келтіру, вегетативті дисфункцияны жою.
|
Бұлшық ет контрактурасы
| Асептиканы дұрыс сақтамау, медиальді қанатша бұлшық етті инемен жарақаттау, сапасыз анестетик.
| Зақымданған бұлшық етте ауру сезімі, астыңғы жақ самай бұынының қозғалысының шектелуі, ауызын толық аша алмауы.
| Түнге қарай сақпан тәрізді байлам, блокада жасау. Ауыз қуысына емдік дәрілік шөптердің тұнбасымен жылы булауды, ауру сезімін басатын дәрілерді тағайындайды.
|
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСІН ЖҰРГІЗУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР.
|
Биологиялық әдістің әсерінің болмауы
| Диагноз қоюдағы қателік. Биологиялық әдісті таңдап алуда көрсетілімдері мен кері көрсетілімдерін сақтамау. Асептика және антисептика ережелерін сақтамау. Дәрілік препараттарды дұрыс таңдап алмау. Пациенттің организмінің жеке-дара ерекшелілігі.
| Ұлпа қабынуының клиникалық симптомдарының сақталуы.
|
Ұлпа қабынуын емдеуде ұлпаны толық алу әдісін жүргізу
|
ҰЛПАНЫ ЖАРТЫЛАЙ АЛЫП ЕМДЕУ ӘДІСІ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
|
Бормен тіс табанын немесе қабырғасын тесіп алу. (7.1,7.2
сурет)
7.1.Сурет.
Тіс қуысының қабырғасын тесу
7.2. Сурет
Тіс қуысы табанын тесу.
| Себепші тістің топографо-анатомиялық құрылымын білмеу
| Тіс қуысының периодонтпен тікелей байланысуы. Тесілген тесікті сүңгілегенде немесе өздігінен қанауы.
| Тесілген тесікті шыныиономерлі цементпен немесе МТа мен жабады. Содан кейін емді әдеттегі кесте бойынша жүргізеді
|
ҰЛПАНЫ ТІРІДЕЙ ТОЛЫҚ АЛУ ӘДІСІН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
|
Түбір өзегі қабырғасын тесу
(7.3сурет)
7.3. Сурет. Түбір өзегі қабырғасын тесу
| Өзепк сағаларына толық енуге біріншілік эндодонттық жол жасалмаған және визуальді бақылау болмаған. Өзек қрылымының анатомиялық ерекшеліктері – тарылу немесе қисайуы.
| Рентген суретте эндодонттық аспап түбір өзегі проекциясынан ауыртқыған.
| Тіс қуысына толыққанды енуге жағдай қалыптастыру. Тұрақты визуальді бақылау. Операциялық микроскопты қолдану.
|
Түбір өзегінде аспаптың сынуы
(7.4сурет)
7.4.Сурет
Түбір өзегінде аспаптың сынуы
| Сапасыз аспаптар. Түбір өзегін механикалық өңдеу техникасының бұзылуы.
| Рентген суретте Түбір өзегінде эндодонттық аспаптың сынған қалдықтары анықталады
| Сапалы аспаптарды қолдану. Түбір өзегін өңдеу техникасын сақтау. Лубриканттарды қолдану. Емдеудің әр кезеңінде рентгендік тексеру жүргізу. Сынған эндодонттық аспапты өзектен алу.
|
Тіс түбірі ұшына аспапты шығару
(7.5сурет)
7.5. Сурет
Тіс түбірі ұшына аспапты шығару
| Апекслокатордың, рентген суреттің болмауы. Эндодонттық аспаптарды стоппердің және эндодонттықсызғыштың болмауы. Түбір өзегін механикалық өңдеу техникасының бұзылуы.
| Түбір өзегінен қатты қанау байқалады. Түбір өзегін кептіру қиын. Рентген суретте эндодонттық аспап түбір өзегі ұшынан шығып кеткен.
| Түбір өзегін пломбылауды кейінге қалдыру. Түбір өзегін гидрооксид кальций негізіндегі материалмен уақытша пломбылау.
|
Эндодонттық аспапы науқастың жұтып қоюы
| Коффердам және оның аналогысынсыз жұмыс істеу. Ретгенологиялық эндодонтиялық аспаппен тексеру кезінде пациентке көңіл бөлмеу. Науқастың жағдайының нашарлауы
| Тыныс алу жолына немесе ас қорыту жолына аспаптың енуі
| Эндоскопиялық әрекет ету. Жұмысшы бетін толық оқшаулау. (раббердам,
коффердам). Эндодонттық аспапты байлау.
|
Ұлпаны толық алғаннан кейінгі қанау
| Ұлпаны толық алмау. Анестетиктер вазоконстрикторсыз. Эндодонттық аспаппен периодонтты жарақаттау. Жалпы соматикалық аурулар.
| Түбір өзегінен қанның қанауы
| Қан тоқтатқыш ерітінділерді қолдану (3% сутегінің асқын тотығы, 5% аминокапронды қышқыл ерітіндісі, және басқа қан тоқтатқыш заттар).
Диатермокоагуляция. Қайтадан ұлпаны толық алуды қайталау. Ұлпаны толық алар алдында алдын алу үшін диатермокоагуляиция жүргізу.
|
Ұлпаны толық алып емдеу әдісінің нәтижесінің болмауы.
| Емдеу кезеңі кезінде асептика және антисептика ережелерін сақтамау. Түбір өзегін дәрілік өңдеу және жуу техникасын сақтамау әсерінен түбір ұшы арқылы периодонтқа инфекцияның немесе препараттардың енуі. Тіс түбірінің анотомиялық ұшына пломбалық материалдың немесе силердің шығуы. Өзектерді өңдеу кезінде және ұлпаны алу кезінде периодонттың зақымдануы.
| Периодонт қабынуына тән ауру сезімі
| Рентгенологиялық бақылаумен қадағалап отырып түбір өзегін қайтадан пломбылау. Физиотерапиялық процедура тағайындау.
|
Ұлпаны толық алмау
| Тістердің түбірлерінде анықталмаған өзектің болуы. Түбір өзегінің толық өңделмеуі
| Ұлпа қабынуына тән ауру сезімі
| Тісті электрофорезбен йодид калий ерітіндісін немесе өлтірежансыздандыру әдісін қолданып қайтадан эндодонтық емдеу.
|
ӨЛТІРЕ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ ӘДІСІМЕН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
|
Өлтіре жансыздандырғыш қойыртпақты қойғаннан кейін ауру сезімінің өршуі
| Ұлпаның өліеттену кезеңінің бастапқы сатысында қуыстың тығыз жабылуы әсерінен ісіну күшейеді немесе қойыртпақты ұлпа мүйізшесі ашылмаған тіс қуысына қою әсерінен ауру сезімі күшейеді.
| Ұлпа қабынуына тән ауру сезімі
| Тіс қуысын ашу, қайталап өлтіре жансыздандырғыш қойыртпақты үлпілдек мақта анжының астына қойып уақытша пломбамен қуысты жабу. Ұлпаның іріңді қабынуы кезінде міндетті түрде тіс қуысын ашу керек.
|
Өлтірежансыздандырғыш қойыртпақтың көлемін артығымен қою немесе қолдану мерзімін уақытынан асыру
| Өлтіре жансыздандырғыш қойыртпақпен периодонттың уыттануы немесе ыдыраған, өліеттенген ұлпа заттарымен уыттану.
| Екінші қабылдауда сыздап ауыратын ауру сезімі және қағып тексергенде ауырады.
| Ұлпаны толық алу, түбір өзектерін унитолмен өңдеу, йодид клиймен электрофорез тағайындау.
|
Қызылиектің бүртікшесінің, жиектік, байланған қызылиектің, альвеолярлы сүйек тінінің өліеттенуі
| Өлтіре жансыздандырғыш қойыртпақты қою ережелерін толық сақтамаған жағдайда немесе қуыс толық жабылмаған кезде қойыртпақтың пародонт тіндерімен жанасуы.
| Ұлпа қабынуына тән ауру сезімі, қызылиекте сыздап ауыратын ауру сезімі.
| Тісжегі қуыстарын анықтау үшін тістің барлық беттерін мұқият тексеру керек. Те қатаятын уақытша пломбаны қолдану. Препараттың қолдану дозасын сақтау.Асқынуларды жою үшін 5% унитол және 1% йодид калий ерітіндісін, қабынуға қарсы және қайта минералдайтын терапияны қолдану.Алдын алу шаралары – қуысты жақсылап тығыз жабу керек.
|
Өлтіре жансыздандырғыш қойыртпақтың әсер етуінің болмауы
| Өлтіре жансыздандырғыш қойыртпақтың дозасының аз болуы немесе оның қолдану мерзімінің аз болуы.Организмнің жеке дара ерекшелілігі.
| Сауыт ұлпасын алғаннан кейн түбір өзектерін сүңгілеп тексергенде, ауырады
| Анестетиктерді қолдана отырып түбір өзегіндегі ұлпаны алу және
Диатермокоагуляциялау немесе өлтіре жансыздандырғыш қойыртпақты түбір өзегі сағасына қайталап қою.
|
Ұлпаны жартылай алғаннан кейінгі қанауы
| Ұлпаның толық өліеттенбеуі
|
| Қан тоқтататын препараттар: капрофер,
3% сутегінің асқын тотығы, хлоридалюминий немесе теғмір сулфаты негізіндегі гемостатиктер.
|
ҰЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕГЕННЕН КЕЙІН ЖӘНЕ КЕЙІНІРЕКТЕ ПАЙДА БОЛАТЫН АСҚЫНУЛАР МЕН ҚАТЕЛІКТЕР
|
Тістің түсінің өзгеруі
| Микроорганизмдер әсерінен ұлпаның толық алынбау нәтижесінде дентин түтікшелерінде немесе төмпешіктер проекциясында сульфидті байланыстың түзілуі. Түбір өзектерін пломбылау кезінде қолданылған дәрілік препараттардың әсер етуі (резорцин-формалинді әдіс, АН-26, эндометазо-
н, күмістеу және т.б.)
| Тіс сауытының түсінің өзгеруі
| Тіс қуысына енуге толық жағдай жасау және мұқият барлық ұлпаны толықтай алу. Тіс қуысы қабырғаларынан қойыртпақ және силер қалдықтарын және түбір өзегі сағасынан қызылиек жиегінен 1-2мм тереңдікте толықтай алу
(7.6 сурет қараңыз).
Қуыс табанына және түбір өзегі сағасына герметикалық байлау қою. Өлтіре жансыздандырылған тістерді ағарту. Түсі өзгерген тіндерді кесіп алып тастау және қайта қалпына келтіру.
Тіске қуысішілік ағарту жүргізу.
|
Периодонттың созылмалы қабынуының дамуы
| Асептика және антисептика қағидаларын сақтамау. Тістің анатомиялық түбір ұшы тесігінен пломбаны шығара пломбылау. Түбір өзектерінің толық және мұқият пломбыланбауы.
| Периодонттың созылмалы қабынуы кезіндегідей клиникалық көрінісі болмауы мүмкін және
| Периодонттың созылмалы қабынуын емдеу кестесі бойынша тісті қайтадан емдеу.
|
| | | | | |