Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Периодонт Қабынуы

Читайте также:
  1. Заболевания периодонта
  2. ЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
  3. ПЕРИОДОНТ
  4. ПЕРИОДОНТҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
  5. ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫНЫҢ ЕМІ.

Периодонт қабынуы- периодонт тінінің қабынбалы ауруы. (6.1 сурет). Қазіргі кезде периодонт қабынуын туындататын себептерді үш топқа бөлуге болады: 1) инфекциялық; 2) жарақаттаушы; 3) химиялық заттар, олардың ішінде дәрілер әсері.

 

6.1.Сурет. 44 тісте периодонттың түбір ұшының созылмалы қабынуы

Периодонттың инфекция әсерінен қабынуы (инфекционный периоднотит). Бұл жағдайды туындатуда көптеген бактериялардың маңызы бар, солардың ішінде белгілі рөл атқаратындар – кокктар (гемолиздемеуші-негемолитический стрептококк – 62%, жасылдандырушы – зеленящий стрептококк – 26%, гемолиздеуші – гемолитический срептококк – 12%). Солармен бірге басқа микроорганизмдердің (вейлонеллалар, лактобактериялар, ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар) де үлесі бар. Микроорганизмдердің уыттары, ұлпа ыдырауынан шыққан улы заттар периодонтқа көбіне түбір өзектері арқылы өтеді, сирек жағдайда қызылиек қалтасы арқылы, қан және лимфа жолдарымен (тұмау, сүзек, безгек және басқа жұқпалы аурулар кезінде), жанасу жолы (сүйек майы, Гаймор қуысы қабынулары кезінде) арқылы да түсуі мүмкін.

Периодонттың жарақат әсерінен қабынуы (травматический периодонтит) - көбінесе периодонтқа біраз күші бар жарақаттаушы ықпал бірақ рет әсер еткенде (тісті соғып алу, ұру, сүйек, тас, жеміс дәндерін кездейсоқ тістеу), сирек жағдайда аз күшті жарақаттаушы ықпал ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда (биік қойылған пломбы, тік тістем, көп тістердің жұлынуы кезінде қалған тістерге шайнау күшінің түсуі, музыкалық үрлейтін аспаптардың алдыңғы тістерге қысымы, теріс әдеттер) дамиды.

Күшті жарақаттаушы ықпал әсер еткенде периодонтқа қан құйылып, коллаген талшықтары үзіліп, басқа тіндері жаншылуы нәтижесінде периодонттың жедел қабынуы туындайды. Жарақаттаушы ықпал ұзақ әсер еткенде периодонтта паталогиялық өзгерістер біртіндеп дамиды және алғашқы кезде периодонт оған бейімделеді. Кейін бейімделу қабілеті төмендеген кезде созылмалы қабыну үрдісі дамиды, периодонт талшықтары фиброздануға ұшырайды немесе түбір ұшы аймағындағы периодонт бұзылысқа ұшырап, альвеоланың қатты сүйек қабаты және кемік сүйегі сорылып, жас грануляциялық тін орын басады. Қабынудың бұл түріне түбір өзегін пломбылаған кезде (ұлпа қабынуын емдеген кезде) пломбылық материалдарды (фосфат-цементті, штифтерді және әртүрлі қойыртпақтарды) периодонтқа шығарып алған кезде дамитын реакцияларды да жатқызуға болады.

Периодонттың дәріден қабынуы (медикаментозный периодонтит)- Қабынудың бұл түрі ұлпа қабынуын емдеген кезде күшті химиялық заттарды (мышьяк қышқылы, фенол, трикрезолформалин), жоғары концентрациялы антисептиктер ерітіндісін (формальдегид, гипохлорид, хлорамин ерітінділері, резорцин-формалин сұйықтығы) дұрыс қолданбау нәтижесінде дамиды. Периодонттың дәріден қабынуына жергілікті иммунологиялық реакцияларды туындатып, аллергия белгілерін дамытатын дәрілер әсерінен (антибиотиктер, антисептиктер, эвгенол және б.) болған қабынуды да жатқызуға болады.

Жоғарыда айтылғандай периодонтта қабыну үрдісі түбір ұшы тесігі арқылы түбір өзегіндегі инфекциялы-уытты құрамның периодонтқа өтуі нәтижесінде дамиды. Периодонт қабынуының дамуында граммтеріс бактериялардың қабықтарының бұзылуы кезінде бөлінетін эндотоксиндердің маңызы зор. Периодонтқа түскен эндотоксиндер қан тамырларын кеңейтетін және өткізгіштігін жоғарылататын биологиялық белсенді заттардың бөлінуін қамтамасыз ете отырып, онда жедел қабыну үрдісін туындатады. Жедел қабыну кезінде периодонтта көп мөлшерде антигендер жиналады және периодонт саңылауы қатты сүйек қабатымен қоршалғандықтан, олардың периодонттан шығарылып тасталуы (элиминация) қиындайды. Антигендік қасиетке ие болған эндотоксиндер периодонқа және оны қоршаған тіндер жүйесіне күшті әсер етеді.

Периодонттың жедел қабынуының және оның төңірегіндегі тіндерге жайылу қарқындылығы қабыну үрдісін туындатқан инфекцияның вируленттігімен, организмнің жалпы иммундық жағдайымен тығыз байланысты.

Иммундық қорғаныс механизмі төмендеген кезде жергілікті қабыну ошағы шектелмей, керісінше айналасындағы жұмсақ және қатты тіндерге жайыла отырып, бет-жақ аймағында одонтогендік қабыну үрдісінің дамуына себепкер болады.

Егер иммундық қорғаныс механизмі түбір ұшындағы қабыну ошағын шектейтін бөгет құра алса, онда қабыну үрдісі аса жайылмай, алғашқы сатысында-ақ тежеледі. Емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда, инфекция көзінің сақталуына байланысты, периодонттағы жедел қабыну үрдісі созылмалы қабыну үрдісімен алмасады. Кейде периодонттағы созылмалы қабыну үрдісі жедел қабыну сатысынсыз да дамиды.

Түбір өзегінен толассыз тітіркендіре әсер еткен антигендерге периодонт тіндерінің реакциясы (жауабы) екі түрде дамиды:

· антидене тәуелді;

· жасушалар туындататын үрдістер.

Антидене тәуелді үрдістерге иммундықкешен және IgE туындататын реакциялар жатады. Жасушалар туындататын үрдістерге баяу дамыған жоғары сезімталдық реакциялары жатады. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде иммундыкешендік реакцияның дамуы үшін А.И. Воложиннің (1976) ұйғаруынша үш түрлі шартты жағдайлар керек:

· фагоцитозға толық ұшырамайтын иммундық кешендердің болуы;

· комплемент жүйесінің болуы белсенділігі;

· көп мөлшерде полиморфты-ядролы лейкоциттердің болуы. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде осы аталған жағдайлардың барлығы да орын алады.

Иммундықкешенді реакцияға IgЕ туындататын реакция да ұқсас келеді. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде түбір ұшын қоршаған тіндерде IgЕ құрушы және толықша жасушалар (тучные клетки) анықталған.

Базофильдер мен толықша жасушалардың рецепторларында IgЕ ұзақ уақыт бекіп, атопиялық реакция туындата алады. Толықша жасуша бетінде антиген IgE-нің екі молекуласымен байланысады, осының нәтижесінде жасушадан гистамин, серотонин және басқа да қабыну медиаторлары босап шығады. Олардың әсерінен қан тамырлары кеңейіп, өткізгіштігі жоғарылап, периодонтқа лейкоциттер көптеп шыға бастайды. Лейкоциттерден бөлінген ферменттер өліеттенген тіндерді ыдыратуға қатысады.

Баяу дамыған жоғары сезімталдық реакциясы антиденелерді қажет етпейді, себебі бұл жағдайда арнаулы антигенмен реакцияға сенсибилизацияланған Т-лимфоцит-эффектор түседі. Бұл реакция жасушалық антигендермен сенсибилизациялануға ұшыраған лимфоциттердің өзара әрекеті нәтижесінде дамиды және лимфоциттердің көбейіп, олардан көп мөлшерде лимфокиндер бөлінуіне әкеп соғады. Кейбір лимфокиндер (лимфотоксиндер) периодонт жасушаларын бұзуға қатысады және сонымен қатар кейбір лимфокиндік факторлар сүйек тінін сорылуға ұшырататын остеокласттардың белсенділігін арттырады. Қабыну ошағында макрофагтар мен нейтрофильдер коллаген талшықтарын ыдыратып, сүйек тінін бұзатын фермент коллагеназа бөліп шығарады. Осылардың барлығы периодонттағы созылмалы қабыну ошағында талшықты және жасушалы құрылымдардың жойылып, периодонтты қоршаған сүйек тінінің сорылып, орынбасушы жаңа құрылымдардың (фиброзданған және грануляциялық тіндер) пайда болуына әкеп соғады.

6.1. ПЕРИОДОНТ ҚАБЫНУЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

МКБ-С-3 бойынша периодонт қабынуының келесі түрлерін ажыратады:

К04.4. Ұлпадан дамыған периодонттың түбір ұшының жедел қабынуы

К04.5. периодонттың түбір ұшының жедел қабынуы (түбір ұшы гранулемасы).

К04.6. Түбір ұшының жылан көзді абсцессі

К04.7. Түбір ұшының жылан көзсіз абсцессі

Бұл жүйе аурудың клиникалық көрінісін сипаттайды. Терапиялық стоматология тәжірибесінде периодонт тіндерінде зақымдану типтері мен дәрежесін сипаттайтын И.Г. Лукомский ұсынған периодонтың қабынуының клиникалық жүйесін қолданады.

I. Периодонттың жедел қабынуы.

1. Периодонттың серозды қабынуы.

2. Периодонттың іріңді қабынуы.

II. Периодонттың созылмалы қабынуы.

1. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы.

2. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.

3. Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы.

III. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

 

6.2. ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Симптомдары Патогенездік негіздеме
Ұлпадан дамыған периодонттың түбір ұшының жедел қабынуы (К04.4)
Сұрау, шағымы   Уыттыну сатысы кезінде өздігінен пайда болған, тұрақты, ұзаққа созылған ошақталған, ал кейіннен келе сыздап ауыратын ауру сезімі. (жалқықтану сатысы кезінде) — солқылдап ауыратын Ауру сезімі қабыну ошағында рН төмендеуінен, гипоксияның дамуымен, ісік және инфильтраттың пайда болуы, бактериальді эндотоксиндер мен олардың заттарының ыдырауы нәтижесінде нерв тармақтарының тітіркендірілуі нәтижесінде туындайды.
Тісімен тістегенде пайда болатын ауру сезімі, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Түбір ұшы айиағында периодонтальді саңлауда жалқықтың жиналу нәтижесінде пайда болады.  
Тістің қозғалмалығы Патологиялық қозғалмалылық түбір ұшында периодонтальді саңлауда жалқықтың жиналуынан және периодонттың коллаген талшықтарының бұзылысы әсерінен туындайды.
Ауру тарихы Тісі 2 күннен 5-7 тәулік бойы ауырған Осы мезгіл ішінде үрдіс созылмалы түрге ауысады немесе периос қабынуы, флегмона және одонтогенді остеомиелит сияқты қауіпті асқынулур дамиды.
Бұрын тісінде себепсіз және температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын сыздап ауыратын ауру сезімі болған. Ұлпа қабынуына сәйкес ем жүргізілмегеннен кейін периодонт қабынуына ауысқан.    
Тісіндегі ауру сезімі тісін ұлпа қабынуы диагнозы бойынша емдеу барысында мышьяк қойыртпағын қойғаннан кейін пайда болған Мышьяк қойыртпағы күшті тітіркендіргіш агент болып табылады және оны қолдану көбіне периодонттың медикаментозды қабынуын туындатады.  
Тісіндегі ауру сезімі жарақаттан кейін пайда болды Тістегі жедел жарақат көбіне периодонтта жедел қабыну үрдісінің туындауына ықпал етеді.
Тісін бұрын ұлпа қабынуы бойынша емдеген Эндодонттық емдеу хаттамасын сақтамау: емдеу барысында периодонттың инфекциялануы, түбір өзектерін толық эндодонттық аспаптармен өңдемеу және дезинфекция жүргізбеу, емдеу барысында периодонтты тітіркендіруші күшті резорцин, формальдегид, эвгенол және т.б сияқты заттарды қолдану,өзекттің толық пломбыланбауы, әсіресе түбір ұшына бөгде заттарды шығара пломбылау (өзекішілік штифттер, түбір өзегін пломбылауға арналған пломба)  
Тісі бұрын мазаламаған Пародонт қабынуы кезінде қоршаған тіндерден қабыну үрдісінің периодонтқа өтіп, онда қабыну үрдісін туындатуы.
Өмір тарихы, жынысы, жасы Периодонт қабынуымен ер және әйел адамдар бірдей ауырады. Жас адамдарда периодонттың жедел қабынуы жиі кездеседі Периодонттың қан тамырларымен, нерв талшықтарымен жақсы қамтамасыз етілуі, қорғаныс және алмасу үрдісінің жақсы дамуы, сонымен қатар жас адамдарда түбір ұшы тесігінің кең болуы периодонтта қандай да бір өзгерістердің болу кезінде жедел ағымды қабыну үрдісіне бейім болып келеді.
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары Соматикалық патологияның болуы немесе болмауы периодон қабынуының ағымына ешқандай әсер етпейді Периодонт қабынуының этиолоиясы және патогенезі негізінен соматикалық аурулардың болуына тікелей байланысты емес
Қарап тексеру Сырт келбетін тексеру Түрінен шаршағандық білінуі мүмкін. Регионарлы лимфа түйіндері көбіне ұлғайған және сипап тексергенде ауырады. Қатты ауру сезімінің нәтижесі. Лимфоидты жасушаларға антигенді ынталандырудың нәтижесі
Ауыз қуысын қарап тексеру   Уыттану сатысында кілегей қабықта ешқандай өзгеріс болмайды. Қабыну үрдісінің алғашқы кезеңінде жалқықтың жиналуы, жұмсақ тіндердің ісінуі және инфильтрат болмайды.
  Ауыз қуысы кілегей қабықты және қызылиекті қарап тексеру     Жалқықты сатысында себепші тіс маңындағы қызылиек қызарған, ісінген, өтперлі қатпар тегістелген, вазопарез симптомы анықталады және оң. (себепші тіс маңындағы қызылиекті саусақпен басып көргенде бозарады және ойық пайда болады және біртіндеп жоғалып, қызара бастайды). Жақмаңындағы тіндерде коллатеральді ісік болуы мүмкін. Кілегей қабықтағы пайда болған өзгерістер периодонтта жалқықтың жиналу әсерінен инфильтрат немесе абсцесстің пайда болуынан және қабыну үрдісінің белсенділігі нәтижесінде дамиды.
Ауырған тісті қарап тексеру Тіс сауыты бүтін немесе қайта қалпына келтірілген, тісжегі қуысы болуы мүмкін. Тісжегі қуысы болған жағдайда тісжегі қуысының қабырғаларын, табанын, түбір өзектерінің сағасын сүңгілеп тексергенда ауырмайды. Тіс қуысы ашылмаған, алегер ашылған болса онда сауыт бөлігінде және түбір өзегінде ұлпаның ыдырауы немесе пломбалық материалдың болуы байқалады Тіс тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. ТҰЭҚ -100мкА жоғары. Қағып тексергенде қатты ауырады.   Сауыт және түбір ұлпасы ыдыраған және өліеттенген.  
  Ауызішілік жанаспалы рентген суретте сүйек тінінің борпылдақ заттарының айқындылығы жоғалған,альвеоланың компакті пластинкасы сақталған (6.2сурет) (пер иодонт қабынуының пародонтальді генез кезінде дамуында компакті пластинкада өзгеріс болады)   6.2. Сурет 36.тіс. Периодонттың жедел түбір ұшы қабынуы   Қағып тексергенде ауру сезімінің болуы түбір ұшында периодонтальді саңлауда жалқықтың жиналуынан туындайды.
Периодонттың созылмалы түбір ұшы қабынуы (К04.5)  
Сұрау, шағымы   Шағымы жоқ Сауыт және түбір ұлпасы ыдыраған және өліеттенген, периодонт тінінде қабынбалы ісік және қызару үрдісі жоқ.  
Ауру тарихы   Бұрын тісінде сыздап немесе солқылдап ауыратын, тістегенде ұлғая түсетін ауру сезімі және тісі өсіп кеткен сияқты сезім болған Периодонттың жедел қабынуы созылмалы түрге ауысқан  
Тісі бұрын ұлпа қабынуымен немесе периодонттың қабынуы бойынша емделген. Эндодонттық емдеу хаттамасын сақтамау: емдеу барысында периодонттың инфекциялануы, түбір өзектерін толық эндодонттық аспаптармен өңдемеу және дезинфекция жүргізбеу, емдеу барысында периодонтты тітіркендіруші күшті резорцин, формальдегид, эвгенол және т.б сияқты заттарды қолдану,өзекттің толық пломбыланбауы, әсіресе түбір ұшына бөгде заттарды шығара пломбылау (өзекішілік штифттер, түбір өзегін пломбылауға арналған пломба)  
Өмір тарихы, жынысы, жасы Периодонт қабынуымен ер және әйел адамдар бірдей ауырады. Периодонттың созылмалы қабынуы барлық жаста бірдей жиі кездеседі  
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары Соматикалық патологияның болуы немесе болмауы периодон қабынуының ағымына ешқандай әсер етпейді Периодонт қабынуының этиолоиясы және патогенезі негізінен соматикалық аурулардың болуына тікелей байланысты емес
Қарап тексеру Сырт келбетін тексеру Өзгеріс жоқ. Регионарлы лимфа түйіндері өзгеріссіз   Ауру сыртқы өзгеріссіз жүреді. Лимфоидты жасушаның антигендік ынталандырылуы жоқ
Ауыз қуысын қарап тексеру     Көбіне өзгеріс болмайды Пайда болға грануляциялық тін шеттік фиброзды қапшықпен бөлектенген.
Ауыз қуысы кілегей қабықты және қызылиекті қарап тексеру   Кейде себепші тіс маңындағы қызылиек қызарған, ісінген, сипап тексергенде ауырады, вазопарез сиптомы оң. Кілегейлі қабықтағы өзгерістер альвеолалы сүйек тіндеріндегі құрылымының өзгеруі белсенді қабынбалы үрдістің нәтижесі ретінде туындайды.
Сипап тексергенде гранулема орналасқан аймақтарда сүйек тіндерінің көтеріле орналасқаны анықталады.   Гранулеманың өсуі нәтижесінде альвеола сүйек тіндерінің айқын дамыған деструкциясы жүреді.
Ауырған тісті қарап тексеру Тіс сауытының түсі өзгерген, тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар немесе тіс қайта қалпына келтірілген. Тіс қуысын және түбір өзегін сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тіс тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. ТҰЭҚ -100мкА жоғары. Қағып тексергенде қатты ауырмайды. Түбір өзегінде ұлпа ыдыраған немесе пломбалық материал бар.   Сауыт және түбір ұлпасы ыдыраған, тістің түсінің өзгеруі микробты токсиндердің және заттардың ыдырандыларының дентин түтікшелеріне енуі нәтижесінде жүреді. Периодонт тіндерінің шеттік фиброзды қапшықпен қоршалған грануляциялық тіннің қалыптасуымен, периодонтта қабынбалы ісіктің және қызаудың болмаынан туындайды.  
Ауызішілік жанаспалы рентген суретте түбір ұшы аймағында, кейде шеттік бетке ауысқан тегіс немесе сопақ пішіндес шекарасы анық сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. (6.3сурет).     6.3. Сурет. 47.тіс. Периодонттың созылмалы түбір ұшы қабынуы (түбір ұшы гранулемасы)   Рентгенологиялық көрініс сүйек тіндерінің бұзылысымен, периодонтта пролиферативті үрдістің дамуы периодонт тіндерінің грануляциялық тінмен алмасуы нәтижесінде дамиды. Шеттік фиброзды қапшық рентген суретте айқын зақымдану контурын береді.
Жылан көз бар түбір ұшы абсцессі (К04.6)  
Сұрау, шағымы   Шағымы жоқ Сауыт және түбір ұлпасы ыдыраған
Ауру тарихы Бұрын тісінде сыздап немесе солқылдап ауыратын, тістегенде ұлғая түсетін ауру сезімі және тісі өсіп кеткен сияқты сезім болған Периодонттың жедел қабынуы созылмалы түрге ауысқан  
Тісі бұрын ұлпа қабынуымен немесе периодонттың қабынуы бойынша емделген. Эндодонттық емдеу хаттамасын сақтамау: емдеу барысында периодонттың инфекциялануы, түбір өзектерін толық эндодонттық аспаптармен өңдемеу және дезинфекция жүргізбеу, емдеу барысында периодонтты тітіркендіруші күшті резорцин, формальдегид, эвгенол және т.б сияқты заттарды қолдану,өзекттің толық пломбыланбауы, әсіресе түбір ұшына бөгде заттарды шығара пломбылау (өзекішілік штифттер, түбір өзегін пломбылауға арналған пломба)  
Өмір тарихы, жынысы, жасы Периодонт қабынуымен ер және әйел адамдар бірдей ауырады. Жас адамдарда периодонттың жедел қабынуы жиі кездеседі Периодонттың қан тамырларымен, нерв талшықтарымен жақсы қамтамасыз етілуі, қорғаныс және алмасу үрдісінің жақсы дамуы, сонымен қатар жас адамдарда түбір ұшы тесігінің кең болуы периодонтта қандай да бір өзгерістердің болу кезінде жедел ағымды қабыну үрдісіне бейім болып келеді.
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары Соматикалық патологияның болуы немесе болмауы периодон қабынуының ағымына ешқандай әсер етпейді Периодонт қабынуының этиолоиясы және патогенезі негізінен соматикалық аурулардың болуына тікелей байланысты емес
Қарап тексеру Сырт келбетін тексеру Себепші тім аймағында жылан көздің пайда болуы мүмкін. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін, сипап тексергенде ауырады.   Жылан көз грануляцияның жақ сүйегінің сүйекмишығы кеңістігіне өсуі нәтижесінде пайда болады, ал содан кейін тері және кілегей қабықта дамиды. Лимфоидты жасушалардың антигенді ынталандыру нәтижесі.
Ауыз қуысы кілегей қабықты және қызылиекті қарап тексеру   Себепші тіс маңындағы қызылиек қызарған, ісінген, сипап тексергенде ауырады, вазопарез сиптомы оң. Себепші тіс аймағында жылан көз пайда болады. Кілегейлі қабықтағы өзгерістер альвеолалы сүйек тіндеріндегі құрылымының өзгеруі белсенді қабынбалы үрдістің нәтижесі ретінде туындайды. Жылан көз грануляцияның жақ сүйегінің сүйекмишығы кеңістігіне өсуі нәтижесінде пайда болады, ал содан кейін тері және кілегей қабықта дамиды. Лимфоидты жасушалардың антигенді ынталандыру нәтижесі.
Ауырған тісті қарап тексеру Тіс сауытының түсі өзгерген, тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар немесе тіс қайта қалпына келтірілген. Тіс қуысын және түбір өзегін сүңгілеп тексергенде ауырады және қанайды. Тіс тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. ТҰЭҚ -100мкА жоғары. Қағып тексергенде қатты ауырмайды. Түбір өзегінде ұлпа ыдыраған немесе пломбалық материал бар.   Сауыт және түбір ұлпасы ыдыраған, тістің түсінің өзгеруі микробты токсиндердің және заттардың ыдырандыларының дентин түтікшелеріне енуі нәтижесінде жүреді. Периодонт тіндерінің шеттік фиброзды қапшықпен қоршалған грануляциялық тіннің қалыптасуымен, периодонтта қабынбалы ісіктің және қызаудың болмаынан туындайды.  
Рентген суретте түбір ұшы аймағында сүйек тінінің шекарасы анық емес, кейде түбір ұшының сорылуымен сипатталатын,тегіс емес сынған сызықты сорылу ошағы анықталады.   6.4. Сурет. Жылан көз бар түбір ұшы абсцессі Рентгенологиялық көрініс түбір ұшы тіндері мен цементте тіс түбірінде белсенді деструкциясымен олардың грануляциялық тінге ауысуымен сипатталады.
Жылан көзсіз түбір ұшы абсцессі (К04.6)  
Сұрау, шағымы   Тұрақты, ошақталған солқылдап ауыратын ауру сезімі Ауру сезімі қабыну ошағында рН төмендеуінен, гипоксияның дамуымен, ісік және инфильтраттың пайда болуы, бактериальді эндотоксиндер мен олардың заттарының ыдырауы нәтижесінде нерв тармақтарының тітіркендірілуі нәтижесінде туындайды.
Тісімен тістегенде пайда болатын ауру сезімі, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Түбір ұшы айиағында периодонтальді саңлауда жалқықтың жиналу нәтижесінде пайда болады.  
Тістің қозғалмалығы Патологиялық қозғалмалылық түбір ұшында периодонтальді саңлауда жалқықтың жиналуынан және периодонттың коллаген талшықтарының бұзылысы әсерінен туындайды.
Ауру тарихы Тісі бұрын ұлпа қабынуымен немесе периодонттың қабынуы бойынша емделген Периодонтта созылмалы қабыну үрдісінің өршуі дамыды.    
Өмір тарихы, жынысы,жасы   Периодонт қабынуымен ер және әйел адамдар бірдей ауырады. Жас адамдарда периодонттың жедел қабынуы жиі кездеседі Периодонттың қан тамырларымен, нерв талшықтарымен жақсы қамтамасыз етілуі, қорғаныс және алмасу үрдісінің жақсы дамуы, сонымен қатар жас адамдарда түбір ұшы тесігінің кең болуы периодонтта қандай да бір өзгерістердің болу кезінде өршу үрдісінің туындауына бейім болып келеді.
Бойынан өткерген және ілеспелі аурулары Соматикалық патологияның болуы немесе болмауы периодон қабынуының ағымына ешқандай әсер етпейді Периодонт қабынуының этиолоиясы және патогенезі негізінен соматикалық аурулардың болуына тікелей байланысты емес
Қарап тексеру Сырт келбетін тексеру Түрінен шаршағандық білінуі мүмкін. Регионарлы лимфа түйіндері көбіне ұлғайған және сипап тексергенде ауырады. Қатты ауру сезімінің нәтижесі. Лимфоидты жасушаларға антигенді ынталандырудың нәтижесі
  Ауыз қуысы кілегей қабықты және қызылиекті қарап тексеру     Жалқықты сатысында себепші тіс маңындағы қызылиек қызарған, ісінген, өтперлі қатпар тегістелген, вазопарез симптомы анықталады және оң. (себепші тіс маңындағы қызылиекті саусақпен басып көргенде бозарады және ойық пайда болады және біртіндеп жоғалып, қызара бастайды). Жақмаңындағы тіндерде коллатеральді ісік болуы мүмкін. Кілегей қабықтағы пайда болған өзгерістер периодонтта жалқықтың жиналу әсерінен инфильтрат немесе абсцесстің пайда болуынан және қабыну үрдісінің белсенділігі нәтижесінде дамиды.
Ауырған тісті тексуру Тіс сауытының түсі өзгерген, тіс қуысымен байланысқан терң тісжегі қуысы бар немесе тұрақты тіс қуысын, қабырғаларын, түбір өзегі сағасын сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тіс тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. ТҰЭҚ-100мкА жоғары. Қағып тексергенде қатты ауырады. Ауызішілік жанаспалы рентген суретте периодонттың созылмалы түрлерііне сәйкес көрініс анықталады. (периодонттың созылмалы гранулематозды түрінің өршуі кезінде сүйек тінінің құрылымының бұзылысының шекарасының айқындылығы жоғалады.) (6.5сурет)   6.5. Сурет. 46.тіс.Жылан көзсіз түбір ұшы абсцессі Сауыт және түбір ұлпасы ыдыраған, тістің түсінің өзгеруі микробты токсиндердің және заттардың ыдырандыларының дентин түтікшелеріне енуі нәтижесінде жүреді. Қағып тексергенде ауру сезімінің болуы түбір ұшында периодонтальді саңлауда жалқықтың жиналуынан туындайды Шекарасының айқындылығының жоғалуы периодонтта деструктивті үрдістің белсенділігі нәтижесінде сүйек тіндерінің сорылуының басымдылығы болып табылады.  

 

6.3. ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Аурулар Жалпы клиникалық көріністері Айырмашылық белгілері
ПЕРИОДОНТТЫҢ ЖЕДЕЛ ТҮБІР ҰШЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Ұлпаның іріңді қабынуы (ұлпа абсцессі)   Тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Себепші тісте ұзаққа созылған, қағып тексергенде, түбір ұшы проекциясында өтперлі қатпарды сипап тексергенде ауырады. Рентген суретте сүйек тінінің компакті пластинкасының айқындылығы жоғалған.   Өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, көбіне түнге қарай пайда болатын, ыстықтан күшейе түсетін, үшклі нерв тармағы бойымен тарала ауыратын, тістегенде ауырмайтын ауру сезімі. Тісжегі қуысының табанын сүңгілеп тексергенде бір нүктеде ауырады. Температуралық сынама ұзаққа созылған ауру сезімін туындатады. ТҰЭҚ 30-40мкА.  
Ұлпаның өліеттенуі (ұлпа гангренасы)   Тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы. Тыныштықта тісі тісіне тиіп кеткенде, қағып тексергенде ауырады,   Терең сүңгілеп тексергенде түбір өзектерінде ауру сезімі болады, температуралық тітіркендіргіштерге ауырады, периодонтальді саңылау кеңіген. ТҰЭҚ 60-100 мкА
  Жылан көз бар түбір ұшы абсцессі Тісімен тістегенде пайда болатын ауру сезімі, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және оларды сипап тексергенде ауруы, кілегей қабықтың қызаруы және ісінуі және түбір ұшында кілегей қабықтың ісінуі мен тістің патологиялық қозғалмалылығы. ТҰЭҚ -100мкА жоғары. Аурудың ұзақтығы, тістің түсінің өзгеруі, рентгенологиялық суретте периодонттың созылмалы қабынуына тән көріністер, жылан көздің болуы
Периост қабынуы   Тістерде қозғалмалылық болуы мүмкін, регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Ауру реакциясының босаңсуы, қағып тексергенде аздап ауырады. .   Себепші тіс маңындағы өтперлі қатпардың тегістелуі, сипап тексергенде флюктуация анықталады. Жақ маңындағы жұмсақ тіндердің қабынбалы коллатеральді ісігі нәтижесінде бет әлпетінің асимметриясы байқалады. Дене қызуы 39 °С көтерілген.
Одонтогенді жедел остеомиелит     Тыныштықта тісі тісіне тиіп кеткенде, қағып тексергенда ауырады, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және оларды сипап тексергенде ауруы, кілегей қабықтың қызаруы және ісінуі және түбір ұшында кілегей қабықтың ісінуі мен тістің патологиялық қозғалмалылығы. ТҰЭҚ -200мкА жоғары. Бірнеше тістер тұсында қағып тексергенде ауырады, бірақ себепші тісті қағып тексергенде көрші тұрған тіске қарағанда ауру сезімі төмен.Бірнеше тістер аймағындағы жақ сүйек денесінде және альвеолярлы өсіндінің екі жағындағы жұмсақ тіндердегі қабыну реакциясы. Ден қызуының көтерілуі мүмкін.  
Түбірұшы маңындағы жылауықтың іріңдеуі Тыныштықта тісі тісіне тиіп кеткенде, қағып тексергенда ауырады, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және оларды сипап тексергенде ауруы, кілегей қабықтың қызаруы және ісінуі және түбір ұшында кілегей қабықтың ісінуі мен тістің патологиялық қозғалмалылығы. ТҰЭҚ -200мкА жоғары Аурудың ұзақтығы және өршу кезеңінің болуы, жақ сүйегінің және себепші тіс пен көрші тұрған тістер аймағындағы кілегей қабықтың сезімталдығының жоғалуы (Венсан. симптомы). Альвеолярлы өсіндінің шектелген ісінуі, тістердің ығысуы болуы мүмкін. Рентген суретте дөңгелек және сопақ пішінді шекарасы анық сүйек тіндерінің құрылымының өзгерісі анықталады.
Пародонттың ошақты қабынуы   Тыныштықта тісі тісіне тиіп кеткенде, қағып тексергенда ауырады, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және оларды сипап тексергенде ауруы мүмкін. Пародонтальді қалтаның болуы, тістердің қозғалмалығы, қызылиектің қанағыштығы, пародонтальді қалтадан іріңді жалқықтың бөлінуі. ТҰЭҚ-2-6мкА. Рентген суретте кортикальді пластинканың және тісаралық қалқанша сүйектің тігінен және аралас типтегі сорылуы байқалады.
Одонтогенді жедел гайморит   Тыныштықта тісі тісіне тиіп кеткенде, қағып тексергенда ауырады, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Ауру сезімі үстіңгі жақ сүйек қуысы аймағында орналасқан бірнеше тістер аймағында дамуы мүмкін. Сол жағындағы мұрынның жартысында тыныс алуының нашарлауы, мұрын тесігінен іріңнің ағуы, бас ауруы және басын еңкейткенде күшейе түсетін тырсылдап кеңейіп тұрған сезімнің болуы.Рентген суретте – үстіңгі жақ сүйек қуысының анықтығы мен мөлдірлігінің бұзылуы.  
ПЕРИОДОНТТЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ ТҮБІР ҰШЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ (ТҮБІР ҰШЫ ГРАНУЛЕМСЫ)  
Ұлпаның өліеттенуі (ұлпа гангренасы)   Тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы. Тыныштықта тісі тісіне тиіп кеткенде, қағып тексергенде ауырмайды.   Терең сүңгілеп тексергенде түбір өзектерінде ауру сезімі болады, температуралық тітіркендіргіштерге ауырады, периодонтальді саңылау кеңіген. ТҰЭҚ 60-100 мкА
Дентин тісжегісі   Жұмсарған ыдыранды дентинге толы тісжегі қуысы Температуралық тітіркендіргіштерден пайда болған қысқа мерзімді ауру сезімі, сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин байланысында ауру сезімі болады. Рентген суретте түбір ұшы тіндерінде өзгеріс болмайды. ТҰЭҚ-2-6мкА.
Ұлпаның қызаруы (терең тісжегі)   Жұмсарған ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы   Температуралық тітіркендіргіштерден пайда болған, сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табанындабіртегі пайда болатын ауру сезімі. Рентген суретте түбір ұшы тіндерінде өзгеріс болмайды. ТҰЭҚ-20 мкА.
Радикулярлы жылауық- киста   Шағымы болмайды. Тісжегі қуысын, тіс қуысын, түбір өзегін сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Түбір өзегінде ұлпаның ыдырауынан туындаған жағымсыз иіс немесе түбір өзегін пломбылаған материалдың қалдығы болуы мүмкін. Себепші тіс маңындағы қызыл иек қызырған, сипап тексергенде вазопарез симптомы оң болуы мүмкін. Көбіне регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғайғаны және сипап тексергенде ауыратыны анықталады. ТҰЭҚ көрсеткіштері -100 мкА жоғары. Тісі тісіне тиіп кеткенде немесе қағып тексергенде ауырады. Рентген суретте түбір ұшы аймағында кейде оның бүйір бетінде орналасқан дөңгелек немесе сопақ пішінді шекарасы анық сүйек тінінің сорылу ошағы анықталады.   Айырмашылық клиникалық белгілері жоқ. Диагнозды нақтылау тек қана гистологиялық зерттеу нәтижесінен кейін анықталады. (радикулярлы жылауықта эпителиальді қабық болады). Шартты және әрқашанда дұрыс болмайтын көрініс, ол түбір ұшы тіндерінің зақымдану көлемі болып келеді.    
ЖЫЛАН КӨЗ БАР ТҮБІР ҰШЫ АБСЦЕССІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Периодонттың созылмалы түбір ұшы қабынуы Шағымы болмайды. Тісжегі қуысын, тіс қуысын, түбір өзегін сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Түбір өзегінде ұлпаның ыдырауынан туындаған жағымсыз иіс немесе түбір өзегін пломбылаған материалдың қалдығы болуы мүмкін. Себепші тіс маңындағы қызыл иек қызырған, сипап тексергенде вазопарез симптомы оң болуы мүмкін, түбір ұшы проекциясын сипап тексергенде қызылиектің ауруы. ТҰЭҚ -100мкА Кейде регионарлы лимфатүйіндері ұлғаюы мүмкін және сипап тексергенде ауырады. Жылан көз пайда болуы мүмкін. Қағып тексергенде ауырмайды. Рентген суретте дөңгелек және сопақ пішінді шекарасы анық сүйек тіндерінің құрылымының өзгерісі анықталады.
Ұлпаның өліеттенуі (ұлпа гангренасы)   Тісжегі қуысын, тіс қуысын, түбір өзегін сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Рентген суретте түбір ұшы аймағында сүйек тіндерінің контуры анық емес өзгерістері болуы мүмкін. Терең сүңгілеп тексергенде түбір өзектерінде ауру сезімі болады, температуралық тітіркендіргіштерге, әсіресе ыстыққа ауру сезімі туындайды,терең сүңгілеп тексергенде түбір өзегінде ауыырады, периодонтальді саңылау кеңіген. ТҰЭҚ 60-100 мкА
Дентин тісжегісі Тісжегі қуысы жұмсарған дентинге толы Температуралық тітіркендіргіштерден пайда болған қысқа мерзімді ауру сезімі, сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин байланысында ауру сезімі болады. Рентген суретте түбір ұшы тіндерінде өзгеріс болмайды. ТҰЭҚ-2-6мкА.
Ұлпаның қызаруы (терең тісжегі)   Тісжегі қуысы жұмсарған дентинге толы Температуралық тітіркендіргіштерден пайда болған, сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табанындабіртегі пайда болатын ауру сезімі. Рентген суретте түбір ұшы тіндерінде өзгеріс болмайды. ТҰЭҚ-20 мкА.
ЖЫЛАН КӨЗ ЖОҚ ТҮБІР ҰШЫ АБСЦЕССІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Периодонттың жедел түбір ұшы қабынуы Тыныштықта тісі тісіне тиіп кеткенде, қағып тексергенда ауырады, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және оларды сипап тексергенде ауруы, кілегей қабықтың қызаруы және ісінуі және түбір ұшында кілегей қабықтың ісінуі мен тістің патологиялық қозғалмалылығы. Дене қызуының көтелілуі мүмкін. ЭОЖ жоғарлайды, лейкоцитоз. ТҰЭҚ -100 мкА жоғары Рентген суретте өзгерістер және жылан көз болмайды
Пародонттың ошақты қабынуы   Тыныштықта тісі тісіне тиіп кеткенде, қағып тексергенда ауырады, өсіп кеткен тіс сияқты сезім. Регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және оларды сипап тексергенде ауруы мүмкін. Пародонтальді қалтаның болуы, тістердің қозғалмалығы, қызылиектің қанағыштығы, пародонтальді қалтадан іріңді жалқықтың бөлінуі. ТҰЭҚ-2-6мкА. Рентген суретте кортикальді пластинканың және тісаралық қалқанша сүйектің тігінен және аралас типтегі сорылуы байқалады.

 

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы | Сурет. Флюороз | Сурет. Жетілмеген дентиногенез | Сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы | Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы | Сурет. қышқылды некроз | ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ | ТІСТІҢ ЖАНШЫЛУЫНЫҢ ЕМІ | ТІСТІҢ СЫНУЫН ЕМДЕУ | ЛПАНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лпа қабынуын емдеу әдістері| ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫНЫҢ ЕМІ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)