Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лпа қабынуын емдеу әдістері

Читайте также:
  1. Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз
  2. Интерн аты-жөні____________________________________топ №________Мерзімі _______________________Емдеу мекемесінің атауы_____________________________
  3. Интерн аты-жөні____________________________________топ №_________Емдеу мекемесінің атауы_____________________________
  4. ЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
  5. ПЕРИОДОНТҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР
  6. Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз.

 

Емдеу әдістері Көрсетілімі Кері көрсетілімі Кезеңдер  
Биологиялық (ұлпаның өміршеңдігін сақтап қала отырып емдеу)   Ұлпаның жедел ошақты қабынуы. Ұлпаның кездейсоқ ашылуы. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы,периодонтта клиникалық және рентгенологиялық өзгеріссіз болмаса, Балаларда түбірі толық жетілмеген тістерде. Науқастардың жасы 45-50 жастан жоғары болғанда. Периодонтта клиникалық және рентгенологиялық өзгеріс болған кезде. Пародонттың орта және ауыр дәрежедегі қабынуы кезінде. Қабынуүрдісі 3 тәуліктен артық болса. Тісжегі қуысы түбір бетінде орналасқан жағдайда. Тіс ұлпасының электр қозғыштығы 40мкА төмен болғанда. Кері қайтымсыз ұлпа қабынулары (ұлпаның шіри, өсе қабынулары)   Бірінші қабылдауда: Жергілікті жансыздандыру жүргізіледі. Тісті сілекейден оқшаулау.Зарасыздандырылған бормен минутына 6000-10000 жылдамдықта сумен салқындата отырып тісжегі қуысын егеп тазалайды. Толықтай жұмсарған және ыдыраған дентинді алады. Тісжегі қуысы табанында ұлпамен физиологиялық байланысы үзілмеген жұқа пигменттелген дентинді қалдыруға болады. Үрдістің созылмалы ағымы кезінде және орынбасушы дентин қабаты айқын болғанда тіс қуысы ішіндегі жалқық әсерінен туындаған қысымды төмендету мақсатында және дәрілік заттардың ұлпаға әсер етуін жақсарту үшін тіс қуысын төмпешіктерге ең жақың орналасқан аймағында ашады. Тісжегі қуысының ағымы жедел болған кезде арнайы тіс қуысын ашудың керегі жоқ. Қалыптасқан қуысты тітіркендіргіш әсері жоқ жылы антисептиктермен (0,06% хлоргексидин ерітіндісі, 0,5% этония ерітіндісі; хлорофил- липт), антибиотиктермен немесе дистилденген сумен жуады және зарарсыздандырылған мақта анжымен кептіреді. Тіс қуысы табанына және ашылған ұлпа мүйізшесіне құрамында глюкокортикоидтер мен антибиотиктер бар (оксизон, гиоксизон, оксикорт), қойыртпақты 1-2 күнге қояды. Екінші қабылдауда: Егер науқаста шағым болмаса, уақытша пломбаның сақталуы жақсы болса және клиникалық зерттеудің нәтижесі оң болған жағдайда емді жалғастырады. Тісті сілекейден оқшалайды,уақытша пломбаны алып тастап қуысты тітіркендіргіш әсері аз ерітінділермен өңдейді. Қойыртпақты кальцийқұрамдас қойыртпақпен аралық төсем астына 3 аптаға ешқандай тігінен түсетін қысымсыз қойып алмастырады. (табл. 5.1) (5.2сурет). Үшінші қабылдау: Аурудық ағымы жақсы болған жағдайда (науқастың шағымы болмаса және клиникалық көрінісі жақсы болғанда) уақытша пломбаны тұрақты пломбаға ауыстырады. Егер ауру сезімі басылмаса онда хирургиялық әдіспен емдеуге кеңес беріледі.  
5.2 сурет.Ұлпа қабынуын биологиялық әдіспен емдеу кезінде кальцийқұрамдас қойыртпақты қою. 1-уақытша пломба; 2-кальцийқұрамдас қойыртпақ; 3-ашылған ұлпа аймағы.
Ұлпаны тірідей жартылай алу -пульпотомия (түбір ұлпасының өміршеңдігін сақтап қалу)   Ұлпаның жедел ошақты қабынуы. Ұлпаның кездейсоқ ашылуы. Балаларда түбірі толық жетілмеген тістерде. Науқастардың жасы 45-50 жастан жоғары болғанда. Периодонтта клиникалық және рентгенологиялық өзгеріс болған кезде. Пародонттың орта және ауыр дәрежедегі қабынуы кезінде. Қабынуүрдісі 3 тәуліктен артық болса. Тісжегі қуысы түбір бетінде орналасқан жағдайда. Тіс ұлпасының электр қозғыштығы 40мкА төмен болғанда. Кері қайтымсыз ұлпа қабынулары (ұлпаның шіри, өсе қабынулары) Бір түбірлі тістер. Бірінші кезең: Жергілікті жансыздандыру жүргізіледі. Тісті сілекейден оқшаулау. Тісжегі қуысын егеп тазалайды. Жұмсарған және минералсызданған дентин толықтай алынады. Қалыптасқан тісжегі қуысын дәрілермен өңдейді. Екінші кезең: Тіс қуысының күмбезін таза зарарсызанған бормен сумен салқындата, минутына 6000–10 000 жылдамдықты қолдана отырып ашады. Тіс қуысын шар тәрізді бормен ашып болғаннан кейін күмбез жиектерін цилиндр пішінді бормен алып тастайды. Үшінші кезең: Сауыт ұлпасын (пульпотомия) өткір экскаваторды қолдана отырып түбір ұлпасынан ақырын кесе отырып алады. Түбір сағасында қалған ұлпаны «Gates-glidden» мен алады. Төртінші кезең: 5% аминокапрон қышқылы ерітіндісімен, гемостатикалық немес карпофермен гемостаз жүргізеді және күшті емес антисептиктер ерітінділерімен өңдейді және кептіреді. Бесінші кезең: Түбір ұлпасы ұшын одонтотроптық және қабынуға қарсы әсері бар ұлпаны биологиялық әдіспен емдеуге қолданылатын қойыртпақтармен жабады. Тісті уақытша пломбалық материалдармен пломбылайды. 3-4 аптадан кейін науқаста шағым болмаса одонтотроптық қойыртпақ үстіне аралық төсем қойылып, тісті тұрақты пломбамен пломбылайды. (5.3 сурет).    
5.3 сурет. Ұлпаны жартылай алу кезінде кальцийқұрамдас қойыртпақты қою; 1-уақытша пломба; 2-кальцийқұрамдас қойыртпақ; 3-ұлпа ұшы.
Ұлпаны тірідей толық алу әдісі (пульпэкто- мия)   Ұлпаның барлық қабыну түрлері. Тіс сауытының сынуымен сипатталатын жедел жарақат. Биологиялық және ұлпаны жартылай алу әдісі нәтижесіз долған жағдайда.   Бірінші кезең: Жергілікті жансыздандыру жүргізіледі. Тісті сілекейден коффердам көмегімен оқшаулау. Екінші кезең: Тісжегі қуысын егеп тазалайды. Барлық инфекцияланған дентинді толығымен алады. Тісжегі қуысын кіші және үлкен азу тістерде окклюзиялық бетінде, ал алдыңғы тістерде оральді бетінде тіс қуысы шекарасы проекциясына дейін кеңейтеді. Қуысқа медикаментозды өңдеу жүргізеді. Үшінші кезең: Тіс қуысын ашу зарарсызданған шар тәрізді бормен қуыс күмбезінің ең жұқа аймағында жүргізеді. Кіші көлемдегі фиссурлы борды трепанациялық тесікке енгізе отырып, тіс қуысы күмбезін фиссурлы борды айналдыра қозғалта отырып, толық алып тастайды. Бұл кезеңді қуыс табанын және қабырғаларын тесіп алмас үшін тұрақты бақылау арқылы жүргізу керек. Төртінші кезең: Көбіне сауыт ұлпасын алуды (пульпотомию) тіс қуысы ашылған кезде жүргізеді, бірақ тіс қуысында ұлпаның бір бөлігі қалып қойса, онда оны зарарсызданған шар тәрізді бормен алу керек. Бесінші кезең: Түбір ұшы сағаларын минутына 800– 900 айналым жылдамдықты қолдана отырып «Gates-glidden» кеңейтеді.Түбір өзегінде механикалық эндодонттық аспаппен жұмыс істеуге ыңғайлы болуы үшін сағаға конус тәрізді пішін береді. Алтыншы кезең: Түбір ұлпасын өзек диаметріне және ұзындығына сәйкес ұлпа суырғышпен толық алады. (пульпэктомию). Ұлпа суырғышты өзек сағасына енгізеді және еркін төмен қарай қарсылыс болғанға дейін жылжытады да 2-3 айналым бұрайды және өзектен шығарады.Ұлпаның шіри қабынуы кезінде ұлпа суырғышты қолданбайды. Диатермокоагуляция түбір өзегінде ұлпаның коагуляцияланып, қанауды тежейді және бір мезгілде периодонттың инфекциялануының алдын алады. Жетінші кезең: Түбір өзектерінің жұмысшы ұзындығын анықтау үшін арнайы сақиналы тоқтам белгісі бар ример және рашпилді және кестелік есебі бар эндодонттық сызғышты,электрометриялық апекслокаторды, рентгенологиялық әдісті қолданады. Арақашықтықты тіс төмпешігінен, кесу қырынан немесе сақталған тіс қабырғаларынан тістің антомиялық ұшына дейін өлшейді. Алынған мәліметтерді бірнеше әдістермен толықтырып тексеру керек. Сегізінші кезең: Түбір өзектерін аспатық өңдеуді эндодонттық аспатар көмегімен жүзеге асырады: («K-reamer»), («K-file») және Хедстрем («Hedstroem file») —апикальді-сауыттық, сауытты-апикальді классикалық эндодонттық техника бойынша үлкен екі топқа бөлінетін әдіспен жүргізеді. Мақсаты: Түбір өзектерін аспаптық өңдеу-алдыменен өзектегі микрофлораны жою үшін жақсы ирригациялық жағдай жасау, ұлпа ыдырандылары мен қалдықтарын алу, түбір өзегіндегі минералсызданған дентинді және дентин ұнтақтарын алу болып саналады. Түбір өзегін дәрілермен өңдеу немесе жууды антисептиктік ерітінділерді арнайы эндодонттық инені қолдана отырып жүргізеді. Тоғызыншы кезең. Өзекті кептіру. Өзекті кептіру кезінде көлемі және конустығы мәрелік эндодонттық аспаппен өңделген өзектің сипаттамасына сәйкес келетін қағаз штифтерді қолдану арқылы жүргізіледі. Егер өзекті сапалы кептіре алмаса немесе периодонттың қанауын тоқтата алмаса, онда өзекті пломбылауды кейінге қалдыру керек. Оныншы кезең: Түбір өзегін пломбылау. Өзектерді пломбылауда әртүрлі материалдарды және түбір өзегін толық толтыратын жүйені қолданылады. (5.1 және 5.2 кесте). Түбір өзегі сағасына шыныиономерлі цементтен аралық төсем қойылады. (5.4 сурет).    
5.4 сурет. Пломбыланған түбір өзегі: 1-тұрақты пломба; 2-шыныиономерлі цементтен аралық төсем; 3- пломбыланған түбір өзегі.
Ұлпаны өліеттендіріп толық алу әдісі   Ұлпаны тірідей толық алу әдісін жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда немесе жергілікті анестетиктерге аллергиясы болған кезде. Ұлпаның шіри және өсе қабынуы. Науқастың стоматологқа белгілеген уақытында екінші рет келе алмауы кезінде. Бірінші қабылдауда: Бірінші кезең. Жергілікті жансыздандыру(егер қарсы көрсеткіштері болмаса),анальгетиктерді,седативті препараттарды қабылдау. Тісті сілекейден коффердамды немесе зарарсыздандырылған мақта біліктерді қолдана отырып оқшаулау. Екініші кезең: Қуысты имек ұштықты қолдана отырып,өткір карбидті борлармен егеп тазалайды. Қуысты уақытша пломбаның механикалық жабысуы жақсы болуы үшін арнайы пішін бере егеп тазалайды. Егер уақытша пломбаның жабысуына тіс қабырғалары жеткілікті болмаса немесе пломбаның ағуы және жабысуы нашар болса тіс қабырғаларын арнайы шыныиономерлі цементпен қалыптастыру керек. Үшінші кезең: Тіс қуысын ашуды шар тәрізді бормен немесе экскаватордың көмегімен төмпешіктер проекциясына жақын аймағында жүргізеді. Диаметрі 0,5-1мм тесік қалыптастырады. Төртінші кезең: Өліеттендіруші қойыртпақты қою. Құрамында мышьяк немесе параформальдегид бар қойыртпақтар қолданылады. Мыщьяк қойыртпағын бір түбірлі тістерге 24 сағ, ал көптүбірлі тістерде – 48 сағаттқа қояды.(көптеген өлтірежансыздандырғыш қойыртпақтар құрамында аллергиялық реакция туындататын анестетиктер болуы мүмкін). Параформальдегидті қойыртпақтарды ұзақ мерзімге қолдануға болады. (қолдануы туралы кеңесті қарауц керек). Қойыртпақты диаметрі 1мм шар тәрізді жасап ашылған тіс қуысына қалампыр майы немесе эвгенолмен шыланған мақта анжымен, пульпирилмен қояды. Бесінші кезең: Уақытша пломбаны немесе тез қатаятын басқа уақытша материалды қысымсыз қояды да өлтірежансыздандырғыш қойыртпақ қызыл иекпен жанаспау үшін қуысты тығыз етіп саңлаусыз жабады. Екінші қабылдау: Алтыншы кезең: Көрсетілімі бойынша жаргілікті жансыздандыру, сілекейден оқшаулау, уақытша пломбаны алу, тіс қуысын ашу, және түбір өзегіне енуге қолайлы болу үшін қуысты қалыптастыру. Түбір өзегі сағасын «Gates-glidden» көмегімен кеңейту. Содан кейінгі кезеңдері жетінші кезеңнен бастап ұлпаны тірідей алу кезеңіне сәйкес келеді.  
Ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі   Ауыр соматикалық патология. Инфаркт, инсульт, ауыр операциялардан кейін. Көптүбірле тістерде. Өзектері өтпейтін тістерде. Бір түбірлі тістер. Бұл емдеу әдісі ескірген болып табылады және тәжірибеде қолдану қөрсетілімі шектелген, сондықтан емнен кейін көптеген асқынулур туындайды және замануи талаптарға сәйкес келмейді. Бірінші қабылдауда кезеңдері толықтай ұлпаны өлтіре жансыздандырып толық алу әдісіне сәйкес келеді. Екінші қабылдауда ыдыраған ұлпаны алғаннан кейін және медикаментозды өңдегеннен кейін түбір өзектеріне 40% формалин ерітіндісіне қаныққан резорциннді енгізеді де тісті 2-3 күнге уақытша пломбамен жауып жібереді. Үшінші қабылдауда өзектердің жартысын және түбір сағаларын цинктотықтырезорцин –формалинді қойыртпақпен пломбылайды. Содан кейін аралық төсем қойып, тісті тұрақты пломбылайды.
Аралас (комбиниро ванный) әдіс   Көптүбірле тістерде. Өзектері өтпейтін тістерде. Бір түбірлі тістер Тек биологиялық емдеу әдісінен басқа барлық емдеу әдістерінің комбинациялануы мүмкін. Көбіне ұлпаны тірідей және өлтірежансыздандырып толық алу әдісі мен өлтірежансыздандырып ұлпаны жартылай алу әдістерінің қосындысы.

 

 

5.1. кесте. Тіс ұлпасын жабуға арналған кальцийқұрамдас препараттар.

 

Препараттар Көрсетілімі Қолдану техникасы
Химиялық жолмен қатаятын кальцийқұрамдас препараттар
Кальцимол   Ұлпаны тікелей емес жабу Катализатор және негізгі қойыртпақтың бірдей көлемін қағаз үстінде 10 сек араластырады. Қатаю мерзімі -2 минут
Кальцикур   Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу 1мм қалыңдықтағы негізгі қойыртпақты қуыстың табанына қояды.  
Алкалайнер мини-тип   Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу Катализатор және негізгі қойыртпақтың бірдей көлемін қағаз үстінде 10 сек араластырады. Қатаю мерзімі -3 минут
Септокальцин Ультра   Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу Катализатор және негізгі қойыртпақтың бірдей көлемін қағаз үстінде 10-15 сек араластырады. Қатаю мерзімі -2 минут
Кальципульп Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу 1мм қалыңдықтағы негізгі қойыртпақты қуыстың табанына қояды
Лайф Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу   Катализатор және негізгі қойыртпақтың бірдей көлемін қағаз үстінде 10-15 сек араластырады. Қатаю мерзімі -2-3 минут
Дайкал   Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу Катализатор және негізгі қойыртпақтың бірдей көлемін қағаз үстінде 10-15 сек араластырады. Қатаю мерзімі -2,5-3,5 минут
Кальципульпин плюс   Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу Катализатор және негізгі қойыртпақтың бірдей көлемін қағаз үстінде 10-15 сек араластырады. Қатаю мерзімі -2-3 минут
Кальцевит аста Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу 1мм қалыңдықтағы негізгі қойыртпақты қуыстың табанына қояды
Кальцесепт Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу 1мм қалыңдықтағы негізгі қойыртпақты қуыстың табанына қояды
Кальцесил Ұлпаны тікелей және тікелей емес жабу Катализатор және негізгі қойыртпақтың бірдей көлемін қағаз үстінде 10-15 сек араластырады. Қатаю мерзімі -2-3 минут
Сәулемен қатаятын кальцийқұрамдас препараттар
Кальцимол L C Ұлпаны тікелей емес жабу 1 мм қалыңдықта қуыс табанына қойып 20 сек сәулемен қатайтады.
Септокал LC Ұлпаны тікелей емес жабу Қуыс табанына қойып, сәулемен қатайтады.
Ультра-бленд Ұлпаны тікелей емес жабу Қуыс табанына қойып, сәулемен қатайтады.
Lica   Ұлпаны тікелей емес жабу Тіс қуысына 2 мм қалыңдықта қойып, 30 секунд сәулемен қатайтады.

 

5.2.кесте. Түбір өзектерін медикаментозды өңдеуге және жууға арналған дәрілік препараттар.

 

Препараттар Әсер етуші заттар Әсер ету механизмі
Тұрақтандырылған 3% сутегінің асқын тотығы Бөлініп шыққан атомарлы оттегі өзектерді механикалық тазалайды және бактерицидті, қантоқтатушы әсер етеді Микробты тіндердің жарғақтарының тотығуы    
Хлорқұрамдас препараттар: –1–5% тұрақтандырылған гипохлорид натрия ерітіндісі, –0,2–1% судағы хлоргексидин ерітіндісі Белсенді хлор органикалық ұлпа қалдықтарын ерітеді және бактерицидті әсер етеді. Микробты тіндердің жарғақтарының тотығуы    
1% йодинолдың судағы ерітіндісі Антисептиктік қасиеті бар молекулярлы йод   Микробты тіндердің жарғақтарының тотығуы    

 

 

1 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

24 жастағы В есімді пациент клиникаға 36 тісінде өздігінен пайда болған, ұстама тәрізді, температуралық тітіркендіргіштерден күшейе түсетін, осы тісндк түнде ауыратын, ұзаққа созылған ауру сезімн айтып шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша тісінің ауырғанына 2 күн болған. Бұрын осы тісінде қуыс бар екенін байқаған.

Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Қуыс табанын сүңгілеп тексергенде бір нүктеде ауырады. Суық суға ұзаққа созылған ауру сезімі туындайды. Қағып тексергенде ауырмайды.

Диагноз қойыңыз. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз. Емдеу жоспарын құрыңыз.

2 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

37 жастағы К есімді пациент клиникаға үстіңгі сол жақ тістерінде самйына қарай тарала ауыратын, ұзаққа созылған күшті ауру сезімін айтып шағымданады. Ауру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден ұлғая түседі. Аурудың ұстамасы күніз және түнде бірдей болады.

Ауру тарихынан: бір апта бұрын 24 тісінде қатты ауру сезімі пайда болған. Дәрігер стоматологқа барып қаралмаған. Өздігінен анальгетиктер қабылдаған, бірақ дәрілер қысқа мерзімге ауру сезімін басқан. Уақыт өте келе аурудың ұстамасы жиілеп, көрші тістерге, самайға қарай тарала бастады.

Қарап тексергенде: 24 тістің артқы жанасу бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Қуысты сүңгілеп тексергенде табанының барлық аймағында ауру сезімі бар. Температуралық тітікендіргіштерге ұзаққа созылған ауру сезімі туындайды. Қағып тексергенде ауырады.

Диагноз қойыңыз және негіздеңіз. Эндодонттық емдеу кезеңін анықтаңыз. Емдеу кезеңінде қолданылатын симптоматикалық препараттарды атаңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ.

1. Ұлпаның шеттік белдеуі қандай жасушалардан құралған:

1) пульпоциттерден;

2) одонтобласттардан;

3) остеобласттардан;

4) фибробласттардан;

5) цементобласттардан.

2. Ұлпаның өміршеңдігін қандай жағдайларда толық сақтап қалуға болады:

1) ұлпаның жедел ошақты қабынуында;

2) ұлпаның жедел диффузды қабынуында;

3) периодонттың жедел қабынуында;

4) ұлпаның созылмалы шіри қабынуында;

5) ұлпаның созылмалы өсе қабынуында;

3. Ұлпа қабынуына диагноз қою үшін қандай қосымша тексеру әдістерін қолданады:

1) қанның клиникалық талдауы;

2) қанның серологиялық талдауы;

3) қан құрамындағы глюкозаны талдауы;

4) электроодонтодиагностика;

5) бактериоскопия.

4. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде ұлпаның электр қозғыштығы

(мкА):

1) 2–6;

2) 10–12;

3) 15–25;

4) 25–40;

5) 100 жоғары

5. Ұлпаның жедел қабынуы кезінде тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде ауру сезімі пайда болатын аймақ:

1) кіреуке –дентин байланысында;

2) тістің мойын бөлігінде;

3) ұлпаның бір өсіндісі проекциясында;

4) кіреукеде;

5) тісжегі қуысының табанында.

6. Тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін ауру сезімінің сақталуы тән:

1) дентин тісжегісі;

2) ұлпаның қызаруы;

3) ұлпаның жедел қабынуы;

4) периодонттың жедел қабынуы;

5) периодонттың созылмалы қабынуы.

7.Өздігінен пайда болған ұстама тәрізді ауру сезімі пайда болады:

1) кіреуке тісжегісінде;

2) дентин тісжегісінде;

3) ұлпаның қызаруы;

4) ұлпаның жедел қабынуы;

5) ұлпаның созылмалы қабынуы.

8. Ұлпаның іріңді қабынуында салыстырмалы диагностика жүргізеді:

1) дентин тісжегісімен;

2) ұлпаның жедел қабынуымен;

3) периодонттың созылмалы қабынуымен;

4) ұлпаның созылмалы шіри қабынуымен;

5) ұлпаның созылмалы өсе қабынуымен.

9. Ұлпаның созылмалы фиброзды қабыуында салыстырмалы диагностика жүргізеді:

1) дентин тісжегісімен;

2) ұлпаның өліеттенуімен;

3) кіреуке гипоплазиясымен;

4) периодонттың созылмалы қабынуымен;

5) радикулярлы кистамен.

10. Ұлпаны алуда ұлпаны тірідей толық алу әдісін жүргізу тәсілі:

1) жансыздандыру жүргізу арқылы;

2) жансыздандырмай;

3) мышьяк препараттарын қолданғаннан кейін

4) праформальдегид қойыртпағын қолданғаннан кейін;

5) антибиотиктерді қабылдағаннан кейін.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 309 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Нанотехнология негізіндегі композиттік материалдар. | Сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы | Сурет. Флюороз | Сурет. Жетілмеген дентиногенез | Сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы | Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы | Сурет. қышқылды некроз | ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҚТЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ | ТІСТІҢ ЖАНШЫЛУЫНЫҢ ЕМІ | ТІСТІҢ СЫНУЫН ЕМДЕУ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЛПАНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ| ПЕРИОДОНТ ҚАБЫНУЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)