|
Фтор жер бетіндегі барлық элементтердің 0,065% құрайды және биогеохимиялық циклдің негізгі компоненті болып саналады. Тістер тісжегісінің алдын –алу үшін қолданылатын препараттар таза химиялық препарат емес, ион түріндегі фтордық элементі қандай да бір катионмен байланысқан фторидтер болып келеді.
Организмге фторидтің түсу жолдары:
• ауыз суында: ыстық климатты аудандарда фторидтің судағы мөлшері — 0,8 мг/л, орташа климатты — 1 мг/л, суық климатты — 1,2 мг/л;
• тамақ өнімдерінде: теңіз балықтарында - фторидтермен бай (100 грам өнімде 100 мкг), минералды суларда (боржоми), грех жаңғағында, какао ұнтағында, бауырда, құс еттерінде, қой еттерінде, сояда, көк және қара шәйда;
• кейбір дәрілерді, пестицидтерде;
• ауада (фосфор қышқылын, суперфосфатты, алюминий, шыны,күкірт қышқылын, пластмасса өнімдерін және көмірсутектерін өндіруші өндірістік мекемелер бар аймақтарда).
Адам организмінде фтордың байланысы тіс және сүйектен құрылған минералдарға ұқсас келеді. Фтор айналмалы сұйықтықпен жанасатын тіндер аймағында (сілекей, қан) жиналады. Қан плазмасында және тіндерде шоғырланатын фторидтердің саны олардың организмге әртүрлі заттардан түсуіне тікелей байланысты. Тіс тіндерінде фторидтің шоғырлануы тіс сауытының қалыптасуы және тіс жарып шыққаннан кейінге алғашқы жылдары минералдану кезінде қарқынды жүреді. Бұл кезеңде фторидтің кіреукенің беткі қабатында көп болуымен, ал терең қабаттарында көлемі азайуымен сипатталса, кіреукенің органикалық матрицасында және дентинде фторид анықталмайды. Тістердің тістеу қыры мен шайнау төмпешіктерінде фторидтің концентрациясы тістің мойын бөлігіне қарағанда көп болып келеді. Тұрақты тістерге қарағанда сүт тістердің қатты тіндерінде фторидтің мөлшері аз болады. Жас ұлғаюына байланысты тұрақты тістерде фторидтің азаюы кіреукенің біртіндеп қажалуына тікелей байланысты.
Замануи концепция болжамы бойынша фторидтердің тісжегіге қарсы әсері олардың ауыз қуысы сұйықтығында фторид кальций негізінде шоғырлана жиналуымен түсіндіріледі. Сілекейден тұрақты түрде аз мөлшерде болса да тіс қойыртпақ құрамындағы сияқты фторид концентрациясының түсуі кіреукенің тісжегіге қарсы резисттентілігін ұстап тұрады. Кіреуке бетінде кальций фториді микрокристаллы пайда болғаннан кейін сілекей құрамындағы фосфат ионын өзіне тарта отырып беткі қабатта фторидгидроксилапатиттің түзілуін қалыптастырады. Бұл үрдіс кальций фторидінің еру жылдамдығын біршама тежейді.
рН тың азаюуы фторид кальцийдің және фтор ионының бөлінуінің тұрақсыздығына алып келеді. Қышқылдардың тіске әсер етуі кезінде фторид кальций кіреукенің минералсыдануын тежейді және фтор бөлгіш керемет агент ретінде әсер етеді. Кіреукенің кристаллдық торындағы фторидтер тісті тісжегдін қорғаушы фактор болып табылатыны зерттеу барысында дәлелденді.
Ауыз қуысында кіреуке мен ауыз сұйықтығының өзара әсерету шекарасындағы фторидтер тісжегіні тежеуге қатысады. Тістер кіреукесіне сырттан түсетін фторидтер әсері бұл әсер теуші фактордың пайда болуына тікелей тәуелді болып келеді. Егер фторидтің оптимальді дозасы тістер жарып шыққанға дейін түсетін болса,онда тістерде төмендегідей үрдіс жүреді:
• гидроксилапатит кристалдарының көлемі ұлғаяды;
• гидроксилапатитте гидроксильді топтары (OH–) фторапатит кристалдарының пайда болуымен сипатталатын фтор ионымен алмасады;
• кіреуке құрамындағы карбонаттардың саны азаяды;
• кіреукенің беріктілігі артады;
• кең және терең емес табиғи сызаттар қалыптасады.
Егер фторидтер тіс жарып шыққаннан кейін түсетін болса, онда кіреукенің ерігіштігі азаяды, тісжегімен алғашқы зақымдану ошағының қайта минералдануы жүреді. Фторидтердің тіс қағына әсер етуі, қалыпты микрофлораға ықпал етпей тек патогенді бактериялардың метаболизмінің бұзылуына тікелей әсер етеуі нәтижесінде оның тісжегі туындатушы әсері төмендейді.
Фтордың сілекей және қақтармен байланысуы тіс қағы матрицасын қалыптастырушы жасушасыртық полисахаридтердің пайда болуын және патогенді бактерия жасушасына глюкозаның тасымалдануын тежейді. Фторидтердің төменгі концентрациясы органикалық қышқылдар түзеуші ферменттердің белсенділік қабілетін төмендетеді.
Зерттеу нәтижесі бойынша күнделікті 0,05–0,07 мг/кг фторид препараттарын қабылдау керек. Тістер мен сүйек флюорозы дамуы болмауы үшін тәулігіне жалпы қабылдау дозасы 0,1мг/кг аспау керек.
АҚШ ұлттық ғылыми академиясының болжамы бойынша күніне 1,5-4мг фторидті қабылдау қауіпті емес деп санайды. Жоғары конуентрацияда фторид улы болып келеді. Фтор препараттарының артығының сорылуы кезінде көрінетін симптомдар көптеген: флюороз, асқазанның кілегей қабығының түсінің өзгеруі, бүйректің концентрациялық қабілетінің төмендеуі.
Фторидпен уланудың алғашқы симпомдары –лоқсу, құсу, ішінің ауруы. Егер 5мг/кг аз доза қабылданған болса, уға қарсы дәрі ретінде per os сүт ретінде кальцийді немесе әк суын қолданады. Егер доза бұл мөлшерден жоғары болса, онда науқасты арнайы ауруханаға жатқызу керек.
8.3.1. ФТОР ПРЕПАРАТТАРЫН ЭНДОГЕНДІ ҚОЛДАНУ
Эндогенді (жүйелі) алдын-алу әдісі – фторидтің организмге тамақ өнімдері арқылы немесе препарат ретінде қабылданған фторидтердің түсуімен қамтамасыз етіледі.
Эндогенді әдісті қолдану көрсетлімі:
• Тұрғында арасында тістер тісжегісімен аурудың жоғары көрсеткіші. ДДҰ ұсынған тісжегінің қарқындылық деңгейімен бағытталады. (ТПЖ сынаманың орташа көрсеткіші) 12 жастағы балалар арасында- жоғары немесе өте жоғары;
• ауыз суында фторидтің өте төмен болуы (белгілі климаттық белдеуде қалыпты жағдайдан төмен);
• фторид жүйесін егудің басқа жолдары болмаған жағдайда.
Тісжегінің алдын алу үшін бір мезгілде фторидті егудің екі эндогенді әдісін қолдануға болмайды. Соған қарамастан жүйелі және жергілікті фторидпен алдын-алу шараларын қосарлана жүргізуге болады. (мысалы, балалардың фторидтелген сүтті қабылдауы және құрамында фтор бар тіс қойыртпақтарымен тісін тазалау).
Тісжегінің алдын-алу мақсатында фторидтерді эндогенді тағайындау қауіпсіздік шараларын сақтауды және мұқият бағалауды талап етеді. Сондықтан жүйелі алдын алу шаралары тұрғындардың жеке бір топтарында немесе аймақ тұрғындары деңгейінде жүргізілдеді.
АЛДЫН –АЛУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАМАСЫ
Әдіс | Фторидтердің дозасы,концентрациясы | Тістер тісжегісінің қарқындылығының төмендеуі, % | Қолдану мерзімінің ұзақтығы |
Ауыз суын орталық жүйеде фторлау | 0,8–1,2 мг/л | 50–60 | Өмір бойы |
Мектептерде суды фторлау | 4–5 мг/л | Мектеп қабырғасында оқу мерзімінде | |
Сүт тағамдарын фторлау | 2,5 мг/л. күнделікті 200 мл (0,5 мг фторид) | 40–80 | 3 жастан 12 аралығында жылына 250 күннен кем емес |
Тұзды фторлау | 250 мг/кг. Жеке адамға дозасын анықтау қиын | 40–60 | Өмір бойы |
Фторид натрий таблеткасы | жасына қарай 0,25–1,0 мг фторидті күніне: 2–4 жас — 1/2 таблетка; 5–6 жас — 1 таблетка; 7–14 жас— 2 таблетка | 50–60 | 2 жастан 14 жасқа дейін жылына 250 күннен кем емес в течение не ме- нее 250 дней в году |
Жергілікті қолдануға арналған фторқұрамдас заттар:
Тіс қойыртпақтары, фторидқұрамдас лактар, фторқұрамдас ауыз қуысын шайуға арналған ерітінділер, фторидқұрамдас ерітінділер және гельдер және т.б.
Жергілікті фторидқұрамдас заттарды қолдану көрсеткіштері:
• белгілі климаттық белдеуде орналасқан аймақта ауыз суында фторидтің мөлшері төмен болған кезде балалар мен ересектер арасында тісжегінің алдын-алу мақсатында;
• тістер тісжегісінің ерте дамыған түрлерін емдеге;
• тістердің жоғары сезімталдығын төмендеру мақсатында;
• кейбір стоматологиялық процедурадан кейін кіреуке бетін қайта қалыптастыру мақсатында (тіс шөгінділерін алу кезінде).
Фторидқұрамдас заттарды қолданудың кері көрсеткіштері:
• ауыз суында фторидтің мөлшері көп болған жағдайда;
• пациенттердің тістердінде флюороздың болуы кезінде;
• фторидтерге аллергия болуы кезінде.
Жергілікті фторидпен алдын-алу әдісін үлкен топтарға және жеке тұлғаларға қолдануға болады. Тісжегіге қарсы әсері тістер бетінің тегіс болуы кезінде қолдану барысында ең жақсы нәтиже береді. Жергілікті фторидқұрамдас заттарды қолдану кезінде тістердің тісжегімен зақымдануы орташа 30–40% төмендейді.
АЛДЫН-АЛУ ЗАТТАРЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ СИПАТТАМАСЫ
Фторидқұрамдас препараттар | Қолдану тәсілі | Емдеу курсының ұзақтығы |
Фторидқұрамдас лактар – «Duraphat» — 5% NaF; – «Bifl uorid 12» — 6% NaF, 6% CaF; –«Fluor Protector — фторлы-силанды лак, фторидтің концентрациясы—0,1%; – «Фторлак» — 5% NaF; – «Белак F» | Арнайы аппликатормен алдын-ала тазартылған және кептірілген тістер бетіне жағады. Процедурадан кейін 2 сағат тамақ және сусындарды қабылдамау керек және 12-24 сағ қатты тағамдарды және тістерін тазалауға болмайды. | Балалардың сүт және тұрақты тістеріндеде тісжегінің алдын-алу мақсатында жылына 4 рет (жарты жылда 1 рет бір аптадан кейін 2 процедура). Кіреукенің тісжегіге беріктілігі төмен жағдайда жиі қолдануға болады. Жоғары сезімталдықты емдеу мақсатында -3 немесе одан да көп процедураны күн сайын немесе екі күнде бір рет жүргізуге болады. Ауыз қуысына мамандық гигиена жүргізгеннен кейін бір мезгілдік жабуға болады. |
Фторидқұрамдас гелдер – «Fluocal Gel» — 2,71% NaF; –«Paro Amin-Fluor Gelee» — 2,54% аминді фторид; – «Nupro AРF» — 1,23% NaF,фосфорлы қышқыл; –«Elmex» — NaF және аминді фторид | Арнайы стандартты каппада алдын-ала тазартылған және кептірілген тіс беттеріне 3-5 мин қояды. Процедурадан кейін 2 сағат тамақ және сусындарды қабылдамау керек және 12-24 сағ қатты тағамдарды және тістерін тазалауға болмайды. | Балалардың сүт және тұрақты тістеріндеде тісжегінің алдын-алу мақсатында жылына 1-2 рет. Кіреукенің ошақты минералсыздануы және жоғары сезімталдығын емдеу үшін және мамандық гигиена жүргізгеннен кейін бір мезгілдік жабуға болады. |
Ауыз қуысын шайқауға арналған фторид ерітінділері | 10мл ерітіндімен ауыз қуысын 1 минут шайқау. Процедураны тістерін тазалағаннан кейін жүргізеді. | Балаларда 6 жастан бастап тісжегінің алдын-алу мақсатында қолданылады. –0,05%ерітіндісін күнделікті; – 0,1%ерітіндісін —аптасына 1 рет; – 0,2% ерітіндісін — 2 аптада 1 рет. ex temрoro дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 10 күннен аспау керек. |
Жақпа қою үшін арналған фторид натрий ерітіндісі | Алдын-ала тазартылған және кептірілген тіс беттеріне 3-5 мин қояды. | Балаларда тісжегінің алдын-алу мақсатында қолданылады. 1% ерітіндісі— жылына 2 рет; 2% ерітінді — жылына 1 рет. Ошақты минералсыздану кезінде қайта минералдану терапиясын кешенді жүргізу (Қайта минералдаушы препараттарды қолдану бөлімін қара). ex temрoro дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 10 күннен аспау керек. |
Кіреукегерметизациялаушы ликвид (терең фторлау әдісі). Екі сұйықтықтан тұрады: –No1 препарат — құрамында мыс бар фторсиликатты кешендегі ерітінді; –No2 препарат — жоғары дисперсиялы гидроксид кальций | Алдын-ала тазартылған және кептірілген тіс беттеріне алдыменен 1 номерлі препаратты кояды, алсодан кейін 2 номерлі препараттпен өңдейді. Пациент процедурадан кейін ауыз қуысын шайып тастауға болады. | 1 процедурадан жылына 1–2 рет. Брекет жүйесі бар кезде тісжегінің алдын-алу мақсатында арақашықтығы 1-2 аптадан кейін екі қайтара жақпа жасау керек, содан кейін әр 4-6 айдан кейін процедураны қайталайды. Тістердің жоғары сезімталдығын емдеу үшін екі қайтара арақашықтығы 1-3 аптада процедураны жүргізу тиімді болады. |
Фторидқұрамдас тіс қойыртпақтары және ауыз қуысын шайуға арналған заттар. Белсенді компоненттер: – фторид натрий; –монофторфосфат натрий; – аминді фторидтер; – фторид алюминий | Тіс қойыртпағымен 3 минут тістерін тазалау. Тісін тазалағаннан кейін 10-15 мл ауыз қуысын шайғыш затпен 30 сек -1 мин шайқау | Балалар мен ересектердің тістер тісжегісінің алдын-алу мақсатында, кіреукенің бастапқы тісжегімен зақымдануы кезінде қолданылады. Күніне екі рет, күнделікті қолданады. Тіс қойыртпақтары 2-3 жастан бастап, ал ауыз қуысын шайғыш заттарды 6 жастан жоғары (гигиеналық заттар құрамында жасына сәйкес фторид концентрациясы бар) |
8.4.ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУШЫ ПРЕПАРАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Қайта минералдау үрдісі зақымданған кіреуке тығыздығын жартылай қалпына келтіру болып табылады. Қайта минералдау препараттарының құрамына кальций, фосфаттар, фторидтер кіреді. Бұл заьтар менжәне олардың қосындылары кіреукенің тісжегіге беріктілігін жоғарлату және тісжегімен зақымданудың алғашқы сатысын емдеу, сонымен қатар тістер баттерін қақтардан тазалағаннан кейін кіреуке беттерін қалпына келтіру мақсатында, тістерді ағартудан кейін қолданылады. Қайта минералдану терапиясын жүргізу алдында кіреуке беттерін тіс қақтарынан толықтай тазалау керек және сонымен қатар процедурадан кейін 2 сағат тамақ және сусындарды қабылдамау керек.
ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУШЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ҚОЛДАНУ ӘДІСІТЕРІ
Қайта минералдаушы препараттар | Қолдану тәсілі | Емдеу курсының ұзақтығы |
Глюконат кальций (10% ерітінді) | Зақымданған кіреуке ошағына жақпа ретінде 15 мин(5минуттан 3 рет). Электрофорездеу 3–5 мин,ерітіндіні анодтан жібереді | 10–15процедур күнделікті немесе екі күнде біір рет. Боровский–Леус әдісі бойынша қайта минералдау терапиясын жүргізу үшін 2% фторид натрий ерітіндісін глюконат кальций ерітіндісімен әсер еткеннен кейін 3 минут жақпа ретінде қоюға болады. |
Ремодент (ұнтақ жанукарлар сүйегінен және тістерінен жасалады). Құрамы: – кальций 4,35%; – фосфор 1,35%; – магний 0,15%; – калий 0,2%; – натрий 16%; – хлор 30%; – органикалық заттар 44%; – микроэлементтер 4% дейін | 3% ерітінді ex temporo жасалады: 1 ұнтақты 100мл қайнатылған суда ерітеді де 15 минут жақпа ретінде пайдаланылады. (5 минуттан 3рет кіреукенің зақымдалған ошағына) 10 мл ерітіндінімен ауыз қуысын 1 минут шаю. | Күнделікті немесе күн аралатып — 10–15 процедура.Тісжегімен зақымданудың алғашқы сатысында, флюороз және тістің қатты тіндерінің басқа зақымдануы кезінде қолданылады. 7 жастан бастап тісжегінің алдын-алу мақсатында күн аралатып ауыз қуысын шайқау— 10 процедура. Ерітіндіні сақтау мерзімі 14 күн. Әдістеменің авторы Г.И. Пахомов. |
Глицерофосфат кальций: –глицериндегі қойыртпақ; –электрофорез жүргізуге арналған 2,5% ерітінді | Зақымданған кіреуке аймағына қойыртпақты жағады. 20 мин электрофорез жүргізеді. Ерітіндіні анод арқылы жүбереді, ток күші 3-4 мкА. | 5–7 процедур. Тістердің жоғары сезімталдығын емдеу кезінде жақсы нәтиже береді. |
Нитрат кальций (10% ерітінді). Қышқыл фосфат аммонийдің 10% ерітіндісі. Екікомпонентті ерітінді ретінде немесе «Ремогель» препараты | Зақымданған кіреуке ошағына әр ертітіндімен 3 минуттан жақпа жасайды. «Ремогельді» қолдану кезінде кіреуке бетіне алғашында номер 1-ші ерітіндіні, алсодан кейін номер екінші ерітіндіні кезек-кезек алмастыра отырып әр ерітіндіні 1 минуттан жағады. | 5–7 процедур. Тістердің жоғары сезімталдығын емдеу кезінде жақсы нәтиже береді. Әдістеменің авторы Е. В. Боровский, Е. А. Волков |
Гидроксилапатит препараттары: – 5% суспензия; – 5% гель | Суспензияны 2-3 минут ауыз қуысын шаю үшін қолданады. Жақпа ретінде гельді 20 минутқа қояды. | Ауыз қуысын шайқау курсы— 2–3 апта. Жақпа ретінде қою курсы 10–15 процедур күнделікті немесе күн аралатып. |
«GC Tooth Mousse» құрамында «Recaldent», жүйесі бар аморфты фосфат кальций және фосфопептид казеині | Жақпа рертінде 5 минутқа қоюға болады. (8.6,сурет а). Препаратты кіреуке бетіне жағуға арнайы айналатын аппликатормен темесе тіс мәсуегімен болады. (8.6,сурет б). | Кіреукені қайта минералдау курсы-1 ай. Тістердің жоғары сезімталдығын емдеу кезінде жақсы нәтиже береді. Мамандық гигиена жүргізгеннен кейін және тісқақтарын алғаннан кейін бір мезгілдік жабуға болады. |
а б 8.6. Сурет Қайта минералдаушы препараттарды жағу тәсілдері: а — жақпа; б — жағу |
8.5. ТІСТЕРДІҢ ТАБИҒИ СЫЗАТТАРЫН ГЕРМЕТИЗАЦИЯЛАУ - БІТЕУ
Герметизация, немесе табиғи сызаттарды бітеу — балалардың тұрақты тістерінде біріншілік тісжегінің алдын-алу мақсатында жүргізілетін спецификалық әдіс.
Бітеу әдістері.
Кіреукенің жетілуі кезінде физикалық тосқауыл жасау арқылы кіреукенің ретенциялық аймақтарына ауыз қуысындағы микроорганизмдердің және олардың өмір сүруі кезінде өзінен бөлетін соңғы заттары – минералсыздануды туындататын органикалық қышқылдардың түсуінен немесе енуінен сақтау әдісі болып табылады.
Үлкен және кіші азу тістердің шайнау бетінің тісжегімен жиі зақымдану себептері:
• тістер жарып шыққаннан кейін 2 жыл аралығында табиғи сызаттардың нашар минералдануы;
• окклюзиялық беттердің архитектоникасының күрделілігі және тіс мәсуектерімен тазалау барысында толықтай жақсы тазаланбауы;
• тістің жарып шығу сатысында антагонист тістермен жанасудың болмауы нәтижесінде окклюзиялық беттердің тамақ шайнау үрдісі кезінде өзіндік табиғи тазаланудың болмауы.
Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін тіс жарып шыққаннан кейін бірден немесе бір жыл ішінде табиғи сызаттарды бітеуге кеңес беріледі.
ТАБИҒИ СЫЗАТТАРДЫ БІТЕУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1. Герметиктер (силанттар): химиялық жолмен қатаятын («Delton»), сәулемен қатаятын («Fissurit», «Helioseal», «Esteseal LC», «Baritone L3», «Tp 2206» ижәне т.б), соның ішінде құрамында фтор және кальций бар («Fluro-Shield», «Fissurit F», «Deguseal mineral», «Эстерфилл Ca/F»).
2. Тұтқырлығы төмен композиттік материалдар («Adaptik», «Prisma Fil», «Tetric Flow»).
3. Шыныиономерлі цементтер («Ketac Molar», «Fuji VII») —қатты тіндердің құрылымы аяқталмаған және сонымен қатар шайнау беттері толықтай жарып шықпаған тістерде, сілекейден оқшаулау мүмкіндігі болмаған жағдайда тістердің табиғи сызаттарын бітеуде таңдап алуға арналған материалдар.
4.Компомеры («Dyract Seal»).
Табиғи сызаттарды бітеу көрсетіліміпоказания:
• жасқа қарай:
– 6–7 жас — бірінші тұрақты үлкен азу тістер;
– 9–12 жас — кіші азу тістер;
–12–13 жас — екінші тұрақты үлкен азу тістер;
• шайнау беттерінің анатомиялық ерекшеліктері: табиғи сызаттар мен тұйық тесіктердің терең және айқын көріністі рельефтері;
• антагонист тістермен жанасудың болмауы;
• ауыз қуысы гигиенасының деңгейінің төмен болуы;
Дентин тісжегісінің болуы абсолютті кері көрсетілім болып табылады. Шартты кері көрсетілім:
• кіреуке тісжегісі (инвазиялық әдісті қолдануға болады);
• шайнау беттерінің толық жарып шықпауы;
• шайнау беттерінде айқын көріністі табиғи сызаттар мен тесіктердің болмауы;
• тіс жарып шыққаннан кейін бірнеше жылдар бойы зақымданбаған табиғи сызаттар.
БІТЕУГЕ ДАЯРЛАУ
• Тістердің шайнау беттерін механикалық ұштықтағы тіс мәсуегі және құрамында фторид жоқ тіс қойыртпағы көмегімен тазалау (фторидтер кіреуке өткізгіштігіне тосқауыл болады және герметиктердің ретенциясын нашарлатады).
• Сулы ауалы қысыммен тіс бетерінен қақ қалдықтарын алу.
• Тісті сілекейден мақта білік және сілекей сорғыш көмегімен оқшаулау.
• 30 сек тіс беттерін мұқият кептіру.
БІТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Егер табиғи сызаттары бүтін болса инвазиялық емес әдістемені қолдану арқылы төмендегідей кезеңмен жүргізеді:
• 35–37% ортофосфор қышқылымен 15-20сек тіс кіреукесін уландыру;
• ауалы-сулы қысыммен тіс беттерінен қышқылды жуа отырып толықтай алып тастау (жуу немесе алып тастау уақыты уландыру уақытына сәйкес);
• қайталап тісті сілекейден мақта білік және сілекей сорғыш көмегімен оқшаулау (уланған тіс бетіне сілекейдің түсуі кіреуке бетіндегі микросаңлауларды кірлеп, бітегіш материалдың жабысуын нашарлатады);
•уландырылған бетті ауа көмегімен кептіру. Тіс бетінің сапалы уландырылуының критерий: кіреуке күңгірттенген, бұлыңғыр, ақ-бор түстес; • бітегіш материалды табиғи сызаттар мен тесіктердің барлық бетіне жұқа қабатпен ауа көпіршіктерінің пайда болуыннан сақтана отырып жабады;
• герметикті қатайту - полимеризациялау;
• окклюзиялық жанасуды тексеру.
Инвазиялық әдісті тар, терең, пигменттелген табиғи сызаттарды және тісжегімен беткей зақымдану үрдісін бітеу мақсатында қолданады. Табиғи сызаттардың жағдайын толықтай анықтау үшін аспаптық әдісті қолданады. (мысалы, «Диагнодент»).
Инвазиялық әдіс кезінде қосымша кезең табиғи сызаттарды кеңейту кезеңін жүргізеді. Табиғи сызаттарды майда немесе орташа түйіршікті жіңішке алмазды бормен кіреуке деңгейінде кеңейту болып табылады. Классикалық егеп тазалау әдісінен айырмашылығы – тістің қатты тіндерін сақтап қала отырып тазалау болып келеді.
Бұл процедураны жүргізу үшін жалын немесе найза тәрізді борларды қолданған өте тиімді болады. Егер табиғи сызаттарды кеңейткеннен кейін минералсыздану ошағы анықталмайтын болса, онда бітеу әдісін жоғарыда аталған әдіс бойынша жүргізеді.
2 жылда бітегіш материалдардың қанағаттанарлық сақталуы 75–98% жағдайда анықталады. Кейбір жағдайларда ұзақ мерзімді 10 жыл көлемінде сақталуы 70%, ал 15 жыодан астам сақталуы 30% құрайды. (8.7сурет).
Сурет
36, 37 тістердің табиғи сызаттарының бітелуі.
Тістің табиғи сызаттарын бітеу өте жоғары нәтижелі болып келеді және 2 жыл ішінде шайнау бетіндегі тісжегі редукциясы 95–100% құрайды, ал 5 жылдық бақылауда орташа есеппен ол 78–79% құрады.
8.6. ТІСТЕРДІҢ ҚАТТЫ ТІНДЕРІНІҢ ТІСЖЕГІДЕН БАСҚА ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ.
8.6.1. ФЛЮОРОЗДЫҢ АЛДЫН-АЛУ
Эндемиялық ошақтағы флюороздың алдын-алу шаралары жеке тұлғалы және ұжымды болып екіге бөлінеді.
Ұжымды шаралар:
• құрамында фторид мөлшері көп су көздерін басқа концентрациясы аз су көздеріне алмастыру;
• ауыз суында фторды тазалауға арналған су тазалағыш станцияларды салу; Эндемиялық ошақта флюороздың жеке тұлғалы алдын-алу шараларын сәби жүниеге келгеннен бастап жүргізу керек.
• сәбиді ана сүтімен тамақтандыру;
• рациональді тамақтану. Құрамында фтор көп тамақтарды қабылдауды шектеу (теңіз балығы, жануарлар майы, шпинат және т.б.), су құбырындағы ауыз суды арнайы шыны ыдыстағы суменғ сүтпен, шырындармен алмастыру, тамақ құрамына С және Д дәруменімен бай тағамдарды,глюконат кальцийді қосу;
• құрамында кальций және фосфат бар тіс қойыртпақтарын қолдану;
• жазғы кезеңде эндемиялық ошақтан балаларды алып кету: баланың алғашқы 8-10 жыл өмір сүру кезеңінде жыл сайын 3-4 ай су көздерін алмастыру кіреукенің қалыпты жағдайда қалыптасуына және тістердің флюорозбен зақымдану үрдісін көп деңгейде төмендеуіне ықпал етеді.
8.6.2.ТІСТЕР ЖАРЫП ШЫҚҚАННАН КЕЙІН ТІСТІҢ ҚАТТЫ ТІНДЕРІН ЗАҚЫМДАЙТЫН ТІСЖЕГІДЕН БАСҚА АҚАУЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ
(СЫНА ТӘРІЗДІ АҚАУ, ТІСТЕР ЭРОЗИЯСЫ, ТАПОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЖАЛУ)
• Пациенттерді тісті дұрыс тазалау әдісіне үйрету;
• Қатты тіс мәсуектерін, тіс тазалайтын ұнтақтарды және құрамында жоғары абразивті қоспа бар тіс қойыртпақтарын қолданбау туралы кеңес беру;
• Кіреукенің қайта минералдануын қамтамасыз ететін тіс қойыртпақтарын қолдануды (кальций, фосфат, фторид).
• Қышқыл және ащщы тағамдарды қабылдауды шектеу немесе толығымен қабылдамауды; шырындарды арнайы түтікшелерді қолданып ішу туралы, әр тамақ қабылдаған сайын ауыз қуысын сумен жақсылап шаюды;
• Қайта минералдау терапиясын жүргізу (Қайта минералдаушы терапияны жүргізу кезінде қолданылатын препараттар мен әдістер бөлімін қара).
• Тістерге артық салмақ түсіруші факторларды жою(тіс жақ сүйек ауытқуларын ортодонтиялық емдеу,дер кезінде протездеу, ортопедиялық қондырғыларды дұрыс таңдау).
• Дер кезінде эндокринді ауруларды емдеу және алдын-алу: қалқанша бездердің, қалқанша без жанындағы бездердің гипофиздің өзгерулері мен аурулары.
• Қауіпті өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларды диспансерлік бақылауға алу (химиялық, кондитерлік және т.б.), мамандық әсер ететін жағымсыз факторлардың әсер етуін шектеу (арнайы респиратормен жұмыс істеу және т.б.).
• Организмді жалпышынықтыратын терапия: жылына 2 рет 1 айдан А, В, С, D дәрумендерін қабылдау.
Ескерту:
Тістердінде тісжегіден басқа зақымдану бар пациенттерге жұмсақ немесе өте жұмсақ тіс мәсуектерін қолдануға кеңес беріледі және құрамында жоғары абразивті қоспа бар тіс қойыртпақтарды қолдануға болмайтынын есекртеді.
8.6.3.ТІСТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҒЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ
Мамандарға арналған кеңес (дәрігер-стоматологтарға, стоматолог-гигиенисттерге):
• тіс тастарын алу және түбір беттерін тегістеу кезінде аспаптарды сауатты қолдану керек;
• тістерді мамандандырылған тазалау және ағартудан кейін қайта минералдаушы терапияны қолдану (Қайта минералдаушы терапияны жүргізу кезінде қолданылатын препараттар мен әдістер бөлімін қара);
• қызыл иек рецессиясының алдын-алу үшін жасанды сауыт жасау кезінде тістердің анатомиялық өлшемдерін бұзбау керек немесе жасанды сауытты кең етіп жасамау;
• пациенттерді тексеру кезінде пародонт ауруларының, сна тәрізді ақаулардың, эрозияның, тістердің патологиялық қажалуының алғашқы көріністеріне көңіл бөлу керек.
Пациенттерге арналған кеңес:
• тістерді тазалау ережесін сақтау (қызылиектен басталып шайнау бетіне қарай бағытталған немесе тістердің тістеу қырына қарай бағытталған қимыл жасау, тіс мәсуегін көлденең қимылдатуды доғару); тісін артық салмақ салмай берілген уақыт ішінде (3 мин) тазалау;
• тістерін тазалау кезінде өте көп емес тіс қойыртпағын қолдану;
• қатты талшықты тіс мәсуектерін қолданбау; тіс мәсуек қылшықтарының ұшы аздап иілген, қылшықтары жасанды талшықтан жасалуы керек;
• құрамында жоғары абразивті қоспа бар тіс қойыртпақтарды қолдануды шектеу (аптасына 1–2 рет),тіс ұнтақтарын қолданбау;
• қышқыл және қышқыл құрамдас сусындарды қабылдағаннан кейін бірден тістерін тазалау;
• тістердің жанасу беттерін тазалайтын флостарды және басқа заттарды қолдану ережесін сақтау; тіс тазалағыштарды қолдану кезінде қызыл иекті жарақаттап алмай тазалау;
Тістерінде жоғары сезімталдық бар пациенттерге ауыз қуысы гигиенасын күтуге арналған заттар:
• жұмсақ қылшықты немесе өте жұмсақ қылшықты тіс мәсуектері;
• жоғары сезімталдық бар тістерге арналған құрамында калий тұздары, стронций, синтетикалық майда дисперсті гидроксиапатит және фторид бар тіс қойыртпақтары мен ауыз қуысын шаятын заттар;
• тіс жіптері (қазіргі кезде сезімталдық бар тістерге арналған арнайы флосстар шығарылған, мысалы, «PresiDENT Sensitive», «Sensodyne Total Care»).
1 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Индустиялды дамыған қаладағы орта мектепте балалар арасында негізгі стоматологиялық аурулардың алдын –алу мақсатында тістердің табиғи сызаттарын химиялық жолмен қатаятын «Фиссурит» материалымен бітеу әдісі жүргізілек болды. Мектептегі стоматолог қабылдауына алдын-ала тексеру мақсатында Д есімді пациент шақырылды. Қарап тексергенде 37,47 тістері жарып шығу кезеңінде. 37, және 47 тістердің табиғи сызаттары терең, сау. Тұрақты азу тістердің барлық беттерінде көптеген тіс қақтары анықталды.
1. Пациенттің екінші тұрақты тістерінің табиғи сызаттарын бітеу көрсеткішін анықтаңыз.
2. Табиғи сызаттарды тісжегінің даму қауіпін туындататын факторды көрсетіңіз.
3. Табиғи сызаттарды бітеу әдісінің алдын-алу әсері механизмін атаңыз.
4. Сызаттарды бітудің кезеңдерін атаңыз.
5. Пациентке басқада алдын-алу шараларын жүргізуге мұқтаждығын атаңыз
2 КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
43 жастағы С есімді стоматолог қабылдауына үстіңгі жақ тістерінің қатты тіндерінде күлгенде көрінетін ақау бар екенін айып шағымданып келді.
Тістерін тазалағанда, қышқыл және тәтті тағам қабылдағанда мазалайтынын айтады. Жалпы пациенттің дансаулығы жақсы. Пациенттің айтуы бойынша тісін көлденең және тігінен қимыл жасай отырып қатты тіс мәсуегімен, шылым шегушілерге арналған тіс қойыртпағымен, кейде тіс ұнтағымен күніне 2 рет тазалайды. Шылым шегеді. Қарап тексергенде 23,24,25,26 тістердің мойын бөлігінде тістің қаттытіндерінің сына тәрізді ақауы анықталды. Сүңгілеп тексергенде және температуралық тітіркендіргіштерге ауру сезімі бар.
1. Осы клиникалық көрініске сәйкес келетін ауруды атаңыз.
2. Бұл патологияның стоматологиялық аурулардың қай тобына жататынын анықтаңыз.
3. Пациентте тістің қатты тіндерінің патологиясын туындатушы жергілікті атаңыз.
4. Тістерінде тістің тығыз қақтары пайда болуына бейім адамдарға жоғары абразивті тіс қойыртпақтарын қолдану кезеңдерін атап көрсетіңіз.
5. Тістің қатты тіндерінде жоғары сезімталдық бар пациенттерге жек тұлғалық гигиена заттарын таңдап алуға кеңес беріңіз.
ЖАУАП БЕРІҢІЗ.
1.
Тісжегінің дамуына жағдай туындататын тіс қағының рН деңгейі:
1) 3,5–4,0;
2) 5,5–5,7;
3) 6,5–7,0;
4) 7,0–7,5;
5) 9,5–10,0.
2.
Тісжегінің дамуында қандай микроорганизмдер негізгі роль атқарады:
1) стафилококк;
2) актиномицет;
3) стрептококк;
4) вирус;
5) вейлонелла.
3.
Кіреукенің минералсыздануы қай қабаттан басталады:
1) бетүсті қабаты;
2) беткі қабаты;
3) ортаңғы;
4) терең;
5) кіреукенің барлық қабатында бір мезгілде.
4.
Кіреукенің ошақты минералсыздану дәрежесін қалай анықтауға болады:
1) сүңгілеу арқылы;
2) кіреукені витальді бояу арқылы;
3) электроодонтодиагностика жүргізу арқылы;
4) рентгенологиялық тексеру арқылы;
5) Грин–Вермиллион сынамасын жүргізу арқылы.
5.
Тұрақты тістерде тісжегінің алдын алуда фторид натрий таблеткасын қай жастан бастап қолданған өте тиімді болады:
1) 2 жас;
2) 5 жас;
3) 6 жас;
4) 10 жас
5) 12 жас.
6.
Тістерді фтор лакпен жабу процедурасын жүргізу кезінде қандай манипуляцияны бірінші жүргізеді:
1) фторлак жағу;
2) тістерді кептіру;
3) сілекйден оқшаулау;
4) тістерді тіс қағынан тазалау;
5) кілегей қабықтан лактың артығын алу.
7.
Тісжегінің алдын алу мақсатында 0,2% фторид натрий ерітіндісімен шайқауды жүргізеді:
1) күнделікті;
2) аптасына 1 рет;
3) аптасына 2 рет;
4) жарты жылда 1 рет;
5) жылына 1 рет.
8.
Тісжегінің пайда болуына әсер ететін жергілікті фактор:
1) ауыз қуысының гигиенасының нашар болуы;
2) ауыз суында фторидтің мөлшерінің көп болуы;
3) жеңіл қорытылатын көмір суларын жиі қолдану;
4) ауыз суында фторидтің мөлшерінің аз болуы;
5) бойындағы соматикалық аурулар.
9.
Тісжегінің алдын алудағы фторидпен алдыналудың экзогенді әдісі болып табылады:
1) фторид ерітіндісімен шайқау;
2) ауыз суын фторлау,
3) сүтті фторлау;
4) тістерді фтор лакпен жабу;
5) фторид натрий таблеткасын қабылдау.
10.
Тісжегінің алдын алудағы фторидпен алдыналудың эндогенді әдісі болып табылады:
1) ауыз суын фторлау;
2) тістерді фтор лакпен жабу;;
3) фторидқұрамдас ерітінділермен шайқау;
4) фторидқұрамдас тіс қойыртпақтарын қолдану;
5) фторид натрий таблеткасын қабылдау.
11.
Тұрақты тістерде тісжегінің алдын алуда табиғи сызаттарды қай жастан бастап бітеу өте тиімді болады:
1) 6–7 жас;
2) 9–12 жас;
3) 12–14 жас;
4) 16–18 жас;
5) тіс жарып шыққыннан кейін барлық уақытта.
12.
1% және 2% фторид натрий ерітіндісін тісжегінің алдын алу мақсатында қандай түрде қолданады:
1) шайқау;
2) жақпа;
3) таблетка түрінде ішке per os;
4) электрофорез;
5) ауыз қуысын булау.
ДҰРЫС ЖАУАПТАР ЭТАЛОНЫ
1 — 2; 2 — 3; 3 — 1; 4 — 2; 5 — 1; 6 — 4; 7 — 3; 8 — 1, 3; 9 — 1, 4; 10 — 1, 5; 11 — 1; 12 — 2.
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ
ҮШ БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ
1 БӨЛІМ
ТІСТЕР АУРУЛАРЫ
Редактор: Абдикаримов Сериккали Жолдасбаевич
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1158 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тістерді бақылай отырып тазалау | | | Благодарности |