Читайте также:
|
|
Бұл процедураны әртүрлі жастағы пациенттерге ауыз қуысы гигиенасы күтімін үйрету және меңгерген дағдыларын бақылау мақсатында жүргізеді. Бұл пациенттердің мамандықтың бақылауымен өздігінен тісін тазалау болып саналады (дәрігер-стоматолог, гигиенист).
Процедураны стоматологиялық бөлмеде немесе ауыз қуысы гигиенасы бөлмесінде жүргізеді. Процедураны жүргізуге керекті заттар: Тіс мәсуегі мен қойыртпақ, тіс қақтарын анықтауға арналған бояғыш заттар, тістер қатарының моделі, айна, құм сағат және қол жуғыш орын.
Тістерді бақылай отырып тазалау әдісі:
• пациенттің тістерін қіс қақтарын анықтайтын затпен өңдеу, гигиеналық сынамасын анықтау;
• пациентке тіс қақтары көп жиналатын аймақтарды айна көмегімен көрсету; • пациенттің күнделіктегідей тісн тазалауы;
• қайталап гигиена сынамасын анықтау, тістердің тазалану нәтижесін бағалау;
• айна көмегімен тазалау барысында алынбай қалған тіс қақтары бар, боялған аймақтарды көрсету;
• тіс моделінде тісті дұрыс тазалау техникасын көрсету;
• ауыз қуысы гигиенасын күтуде жіберілген кемшіліктерді айтып оны түзеу жолдарын көрсету, тіс жіптерімен жұмыс істеуді және қосымша ауыз қуысы гигиена заттарын қолдануды үйрету (арнайы тіс мәсуектері, тіаралық қылшықтар, ауыз қуысын шайғыш сұйықтықтар — көрсетілімі бойынша).
8.2.ТІСТІР ТІСЖЕГІСІНІҢ АЛДЫН-АЛУДАҒЫ ТАМАҚТЫҢ РОЛІ
Тістің қатты тіндерінің қалыптасуы және жарып шығуына тамақтану тікелей әсер етеді. Тісжегінің алдын-алу үшін келесі кеңестерді орындау керек: Тамақтану құрамынан жеңіл ферменттелетін көмірсуларын, қантты қабылдауды азайту қажет. Бұл қоректік заттар тістірде тіс шөгінділерінің пайда болуын жылдамдатады және ыдырау нәтижесінде пайда болған заттарды бактериялар тіс қағының матрицасын құру үшін қоректік зат ретінде қолданса, ал жиі қолдану ауыз сұйықтығының рН қышқылдық жаққа қарай жылжытады.
Тамақ құрамында көмірсуларының жоғары болуы тістерде тісжегінің пайда болу мүмкіндігін жоғарлатады. Ауыз қуысында қантты қолданғаннан кейін жоғары концентрациясының сақталуы 20-40 минут, және осы кезде тіс қағындағы микрофлора тісжегіні туындатушы әсері бар көмірсулы тамақ қалдықтарын жояды. Көмірсулы жеңіл ферменттелетін тамақты қолдану жиілілігі жоғарлаған сайын минералсыздану және қайта минералдану арасындағы тепе-теңдік бұзылады және тісжегінің пайда болу үрдісі басым болады. Егер қантты қолдану басқа тамақтармен бір мезгілде жүретін болса, онда оның тісжегі туындатушы әсері төмендейді және олар тістің қатты тіндеріне өте аз тісжегі туындатушы әсер етеді.
Осыған байланысты көптеген авторлар тісжегінің алдын-алу үшін қантқұрамдас тамақтарды қабылдағаннан кейін сілекейдің құрамын және қасиетін және тіс қағының рН тұрақтандыру мақсатында құрамында кальций және фторқұрамдас заттарды қолдануды ұсынады: жаңғақ, бұршақ,жұмыртқа, ірімшік,көкөніс, сусындар (сүт, шәй. Тамақтың тісжегі туындатушы потенциалын төмендету үшін келесі ережелерді сақтау керек:
• қантты жалпы қолдануды азайту;
• қантты қолдану жиілілігін азайту;
• ауыз қуысында қанттың сақталу мерзімін қысқарту.
Балалардың тәтті тағамдарды қабылдауын мұқият бақылап отыру қажет. ДДҰ кеңесі бойынша мектеп жасына дейінге балалар тәулігіне 20г көп емес қант құрамдас тамақ қолдануы қажет. Сонымен қатар қатты тағамдар қабылдауы тиіс. (көкөністер, қатты жеміс-жидектер). Қатты тағамдар қабылдау кезінде сілекей тогының жоғарлауы туындайды, ауыз қуысының табиғи тазалануы жақсарады. Негізінен қатты жеміс жидектерді тәтті, жұмсақ, жабысқақ тағамды қабылдағаннан кейін қолданған жөн.
Бетжақ сүйек жүйесінің жақсы шыңдалуы қатты құрғақ тамақты қабылдау кезінде жүреді. Бұл кеңесті балалар арасында дұрыс тамақ шайнауды қалыптастыру мақсатында және минералды элементтер мен дәрумендердің алиментарлық жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында ұсынуға болады.
Замануи жағдайда қала тұрғындарының тамақ рационындағы құрамындағы минералды заттар мен дәрумендердің өзгеруін туындататын арнайы өңдеуден өткен және қантталған қорек болып келеді. Қалыпты жағдайда тамақ рационында сүтті тағамдарды қолдану кезінде алиментарлы кальций тапшылығы орташа 500мг құрайды. Кальций организмде көптеген физиологиялық үрдістердің реттелуіне қатысады. Кальций тістердің қатты тіндерінің қалыптасу үрдісі кезінде толыққанды минералдануына және тістер жарып шыққаннан кейін кіреукенің қайта минералдану үрдісіне қажет. Тамақ рационына дәрумендерді қосу микроэлементтердің алмасу жылдамдығын ынталандырады және тотығу-тотықсыздану үрдісі қарқынын арттырады. Осының барлығы организмнің жалпы функциональді мүмкіндігіне қолайлы болып келеді.
Тістердің қалыптасуы кезінде және жарып шыққаннан кейінгі кезеңде дәруменді-минералды кешенді қолдану сілекейде кальций концентрациясын жоғарлатады және кіреукеде қайта минералдану үрдісін жылдамдатады.
КЕЙБІР КАЛЬЦИЙ ҚҰРАМДАС ДӘРУМЕНДІ –МИНЕРАЛДЫ КЕШЕННІҢ СИПАТТАМАСЫ
Препараттаң белсенді компоненттері | Қолдану мерзімі | Қолдану көрсеткіштері |
Кальцинова 1 шайнау таблеткасы құрамында болады: кальций — 100 мг; фосфор — 77 мг; А дәрумені — 1000 МЕ; Д дәрумені–100 МЕ; В6 дәрумені–0,4 мг; Аскорбин қышқылы — 15 мг | 1 таблеткадан күніне 3 рет: Таңертең және кешке тісін тазалап болғаннан кейін,30 минут бұрын тамақ ішер алдында Көктем күз айларында үзбей 2 ай ішеді де бір ай үзіліс жасайды. | Сәбидің белсенді дамуы және өсуі кезінде тістің қатты тіндерінің және сүйек қаңқасының минералдану үрдісін жылдамдату үшін.Сүт және сүт тағамдарын жеткіліксіз қолдану кезінде. Балаларда тісжегінің ерте дамуы кезінде. |
Кальцевита 1 «көпіршікті» таблетка құрамында: кальций — 250 мг; С дәрумені — 1000 мг; Д дәрумені — 300 МЕ; В6 дәрумені–15 мг; натрий — 170 мг; көмірсулар— 881 мг | Стакандағы суда еріте отырып 0,5–1 таблеткадан күніне бір мезгіл, 20 күн қабылдау керек. Емдеу крсы арасындағы үзіліс 3 ай. | Дәрумендер мен минералды тұздарға жоғары мұқтаждық кезеңінде: – балалардың белсенді өсу кезінде тістің қатты тіндерін және сүйек тіндерін минералдандыру мақсатында; –жүктілік және ана сүтімен тамақтандыру кезінде; –көктем мерзімі, физикалық күш түсуі кезінде |
Берокка Ca+Mg 1 таблетка құрамында: – кальций — 100 мг; – магний — 100 мг; – В1 дәрумені–15 мг; – В2дәрумені–15 мг; – В6 дәрумені–10 мг; – В12 дәрумені–10 мг; – С дәрумені — 500 мг; – биотин — 15 мг; – никотинамид — 50 мг; – пантотен қышқылы — 23 мг | Сәбидің белсенді дамуы және өсуі кезінде тістің қатты тіндерінің және сүйек қаңқасының минералдану үрдісін жылдамдату үшін.в –жүктілік және ана сүтімен тамақтандыру кезінде; В және С тобындағы дәрумендер жетіспеушілігі кезінде; Кальций және магниә жетіспеушілігі кезінде; | |
Кальций-Д3 Никомед 1 шайнау таблеткасы құрамында: – карбонат кальций — 1250 мг (эк- вивалентті 500 мг кальций); – Д дәрімені - 200 МЕ | Жүкті әйелдерге (2 таблеткадан күніне): II триместр — 1 ай бойы; III триместр — 2 ай бойы. көктем –күз айлары кезінде жеткіншектер мен ересектерге күніне 2 таблеткадан 25-30 күн арасында | Организмде кальций жетіспеушілігін толықтыру мақсатында және тісжегінің ерте дамуын алдын-алу үшін. |
8.3. ТІСЖЕГІНІҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ФТОРҚҰРАМДАС ПРЕПАРАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 218 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ АЛДЫН-АЛУҒА ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫНА АРНАЛҒАН ЗАТТАР | | | Кіреукенің тісжегіге беріктілігін жоғарлатудағы фторидтің орны |