Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістер тісжегісініҢ алдын-алуҒа жӘне ауыз Қуысы гигиенасына арналҒан заттар

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  2. Бап. Иесiз заттар
  3. БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  4. БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  5. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  6. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША V КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
  7. Сурет. Сына тәрізді ақау және тістердің жоғары қажалуы

 

Заттар Сипаттама Қолдануы  
Тіс мәсуегі –зубная щетка   Балаларға арналған тіс мәсуегінің жұмысшы бөлігінің ұзындығы 18–25 мм, ересектерге арналған тіс мәсуегінің ұзындығы— 30 мм, қылшықтары жасанды талшықтан жасалған, әртүрлі қаттылық дәрежедегі тіс мәсуектері (қте жұмсақ, жұмсақ,орташа, қатты). Әр пациентке керекті қаттылығы бар тіс мәсуектері таңдалады. (ары қарай қара); тіс мәсуектерін қолдану мерзімі 2-3 ай Бір жастан асқан балаларда және ересек балаларда тіс бетіндегі тіс қақтарын механикалық алуға және тазалауға арналған
Электрлі тіс мәсуегі   Жұмысшы бөлігі екі типті қимыл жасайды: солқылдата (минутына 20 000–40 000) және қайтымды –айналмалы (минутына 7500 және одан да көп). Осындай моделдердің көбінде 2 минутқа есептелген рнайы таймер орналастырылған және басым датчиктері бар. (мәсуекті тіске тақай қатты басқан кезде автоматты түрде солқылдатушы қимыл өшіріледі). Осының бәрі тістің қатты тіндері мен қызылиектің зақымдану мүмкіндігін азайтады. Балаларға арнап арнайы электр мәсуектері шығарылған. Жұмысшы бөлігі ауыстырылады.   5-6 жастағы балаларда және ересек балаларда тіс бетіндегі тіс қақтарын механикалық алуға және тазалауға арналған. Тістерді тазалау кезінде электрлі мәсуектің жұмысшы бөлігін тазалаушы қимыл жасамай тіс қатарына көлденең орналастырады. Тістерінде жоғары сезімталдық және тістің қатты тіндерінің қажалуы, пародонт тіндерінің қабынуы мен брекет жүйесі бар пациенттерге бұл тіс мәсуегін қолдануға болмайды.
Ультрдыбысты тіс мәсуегі   Жұмысшы бөлігі екі жиілікте жұмыс істейді: ультрадыбысты(минутына 1,6 МГц — 192 млн) және дыбысты (150 Гц). Ультрадыбысты толқындартіс қақтарындағы бактериялардың байламдарын және бактериялардың тіс бетіне жабысуын бұзады. Дыбысты толқындар көпірік туындата отырып, қызылиек үсті және астындағы нашар байланған қақтардың жұмсақ алынуын қамтамасыз етеді. Ауыстырмалы 6-7 ай қолдануға болатын жұмысшы бөлігі бар.   9-10 жастағы балаларда және ересек балаларда тіс бетіндегі тіс қақтарын механикалық алуға және тазалауға арналған. Ульртадыбысты мәсуекпен тазалау кезінде белсенді тазалағыш қимылдар жасаудың керегі жоқ. (максимальді амплиту- да — 2–3 мм). Ульртадыбысты тіс мәсуектерін қолданылуы: -мануальді дағдыларды орындау қиындаған кезде —(БОП,инсульттан кейін және т.б.); -тістің қатты тіндерінің тісжегіден басқа зақымдануы кезінде (эрозия, патологиялық қажалу); -пародонт аурулары кезінде; -тістерде жоғары сезмталдық кезінде; -тіс протездері, брекет жүйесі, стоматологиялық импланттар қойылған кезде. Кері көрсеткіші: Кардиостимулятор болса, бойынан өткерген миокард инфаркты (6 ай аралығында), онкологиялық аурулар, ауыз қуысында обыр алды аурулардың клиникалық көрінісі болса, қан құрушы жүйе аурулары, психикалық аурулар (эпилепсия және т.б.)  
Тіс қойыртпақтары  
Фторидқұрамдас   Белсенді компоненті: фторид натрий, монофтор- фосфат натрий, фторид алюминий, аминофторид. Фторидтер кіреукенің қышқылдыцрға беріктілігін арттырады, қайта минералдану үрдісін жақсартады, тіс қақтарындағы тісжегі туындатушы бактерияның метаболизмін төмендетеді. ДДҰ ұсынысы бойынша (1984), ересектерге арналған тіс қойыртпағы құрамында фторидтің тиімді концентрациясы 0,1% (1000–1500 ppm), ал балаларға арналған тіс қойыртпағында — 0,023% (500 ppm) дейін болады.   Фторидтің судағы мөлшері төмен аймақтарда тұратын 2–3 жас аралығындағы балалар мен ересектердің тістерін тазалауға арналған. Тістер тісжегісінің алдын-алуға арналған бірден бір зат болып есептеледі.  
Құрамында басқа минералды компоненттер бар Белсенді компоненттер: фосфат калий, натрий, кальций глицерофосфаты және натрий, глюконат кальций, мырыш тотығы. Кіреукенің қайта минералдануын жақсартады және оның тісжегіге беріктігін арттырады. 2-3 жастағы балаларда және ересек балаларда тіс бетіндегі тіс қақтарын механикалық алуға және тазалауға арналған.Ауыз суындағы фторидтің мөлшері көп аймақтарда тұратын тұрғындарға тісжегінің алдын-алуға арналған тіс қойыртпағы.  
Тіс шөгінділерінің пайда болуына кедергі жасайтын Белсенді компоненттер: антисептиктер (триклозан, хлоргексидин), натрий пирофосфаты немесе калий, цитрат цинк. Тіс қақтарының пайда болуын, минералдануын азайтады. Қабынуға қарсы және тісжегіге қарсы әсері бар тіс қойыртпағымен үйлесімді   12 жастан жоғары және ересектерде тістерін тазалауға арналған тіс қойыртпағы. Құрамында антисептик бар тіс қойыртпақтарын ұзақ уақыт қолдануға болмайды.  
Тіс жіптері   Балауызбен өңделмеген- жіңішке,тығыз орналасқан тістерде тіс араларына оңай енеді. Балауызбен өңделген- тістердің өте тығыз орналасуы және көптеген тіс тастары немесе пломбаның салбыраған жиегі бар кезде қолданылады. Хош иістендірілген (ментол сіңірілген) — ауыз қуысын иіссіздендіру үшін. 9-10 жастағы және ересектерге тіс мәсуегімен алуға қиын тістердің жанасу бетіндегі тіс қақтары мен тамақ қалдықтарын алуға арналған Фторид ерітіндісі сіңірілген- тістің жанасу бетінде тісжегінің алдын-алуға ынталандырады. Хлоргексидин ерітіндісі сіңірілген – тістің жанасу беттерінде тіс қағының пайда болуын төмендетеді. Тіс таспалары-дазық, кең талшықты. Суперфлосстар – кең нейлонды талшықтардан тұратын және балауызбен өңделмеген ұшы қатты жіп   9-10 жастағы және ересектерге тіс мәсуегімен алуға қиын тістердің жанасу бетіндегі тіс қақтары мен тамақ қалдықтарын алуға арналған  
Ауыз қуысын шайқауға арналған   Белсенді компоненттер: тісжегіге қарсы (фторидтер); тіс шөгінділерінің пайда болуын тежеуші (триклозан, хлоргексидин, цетилпиридин хлорид). Қазіргі кезде балаларға арналған ауыз қуысын шайуға арналған арнайы шайқауыштар шығарылды. 6жас және ересектерге ауыз қуысын шайқауға және иіссіздендіруге арналған заттар. Құрамында антисептик бар тіс қойыртпақтарын ұзақ уақыт қолдануға болмайды.  
Тісаралық қылшықтар- (межзубные ершики)   Жұмысшы бөлігі цилиндр немесе сопақша келген әртүрлі диаметрде жасалған Тістер арасы кең болған жағдайда, пациенттерде ортодонтиялық және ортопедиялық қондырғылар, стоматологиялық импланттар, тістердің ауытқи орналасу, пародонт ауруы бар кезде тіс қақтарын алуға арналған қосалқы заттар.  
Моно- және аз шоғырлы тіс мәсуектері Жұмысшы бөлігі конус тәрізді кесілген немесе бір қатарға бірнеше шоғыр орналасқан бір талшықты шоғырдан тұрады. тіс мәсуегімен алуға қиын тістер қатарындағы дистальді бетіндегі тіс қақтары мен тамақ қалдықтарын алуға арналған. Пациенттерде брекет жүйесі болған кезде ауыз қуысының гигиенасын сақтауға арналған қосымша гигиеналық заттар.  
Ауыз қуысын жууға арналған Сұйықтыққа арналған резервуар (су немесе арнайы сұйықтық) және екі ержимде жұмыс істейтін-турбоағымды және моноағымды су немесе сұйықтық шашқыш ұштық Тіс қақтары мен тамақ қалдықтарын алуға және тістерді тазалағаннан кейін қызылиекке массаж жасауға арналған
Сағыз   Ауыз қуысы гигиенасын жақсартады және тістер тісжегісінің алдын-алуда: — сілекейдің бөліну жылдамдығын жақсартады; —буферлік сыйымдылығы көрсеткіші жоғары сілекейдің бөлінуін; — тіс қақтарының қышқылын бейтараптандауы; — сілекейден сахарозаның бөлінуін қалыптастыру; — ас қалдықтарын алу Құрамындағы қант қанталмастырушымен ауыстырылған сағызды 5-6 жастағы және ересектер тамақ қабылдағаннан кейін 10-15 минут аралығында қолдану керек.

 

ЖАСЫНА ҚАРАЙ АУЫЗ ҚУЫСЫ ГИГИЕНАСЫН КҮТУ КЕҢЕСІ

 

Жасы Қолдануға болатын гигиеналық заттар Ауыз қуысы гигиенасын сақтау әдістері
6 ай – 1 жас   Өте жұмсақ саусаққа киілетін резеңке мәсуек (8.1сурет)   8.1.Сурет Саусаққа киілетін тіс мәсуегі -1 жасқа дейінгі сәбилердің сүт тістерін тазалауға арналған   Ата –аналары кешке жатар алдында сәбидің тісін күніне бір мезгіл тіс қойыртпағын қолданбай тазалайды. Тістің әр бетінен қызылиектен тістеу қырына қарай жылжи отырып тіс қақтарын алып тазалайды.  
1–2 жас   Жұмысшы бөлігі қысқы және сабы ұзын, қылшықтары өте жұмсақ «ата аналарға арналған» тіс мәсуегі Ата-анасы күніне екі рет тіс қойыртпағын қолданбай, қызылиектен тістердің кесу қырына немесе тістердің шайнау бетіне қарай бағытталған қимылмен баланың тісін тазалайды (8.2сурет)   8.2. Сурет Тіс қойыртпағынсыз «ата-аналарға арналған мәсуекпен» тістерді тазалау  
2–5 жас   Қылшықтары өте жұмсақ балалар тіс мәсуегі; тісжегіге қарсы компоненттері бар балаларға арналған тіс қойыртпағы: кальций және фтор Ата –анасының бақылауымен бала күніне екі рет тісін тазалау керек. (таңертең және кешке).Бір мезгіл тазалау үшін тіс қойыртпағының аз көлемін қолданады.(көлемі бұршақтай). Мектеп жасына дейінгі балаларға тістерін айналдыра тазалау әдісін қолдану өте тиімді. (Fones). Тістердің түйіскен вестибулярлы беттерін қызылиек жиегі бөлігіне жанаспай айналмалы қимылмен тазалайды. Содан кейін ауызын ашып оральді және окклюзиялық беттерін көлденең немесе айналмалы қимылмен тазалайды. Тістерін тазалап болғаннан кейін ауыз қуысын сумен шаюға кеңес береді.
6–12 жас   Балаларға арналған жұмсақ қылшықты тіс мәсуегі (баланың жасына сәйкес). тісжегіге қарсы компоненттері бар балаларға арналған тіс қойыртпағы: кальций және фтор. Тіс жіптері. Балаларға арналған ауыз қуысын шаюға арналған заттар.   Ата –анасының бақылауымен бала күніне екі рет тісін тазалау керек. (таңертең және кешке). Көбіне тістерін тазалауға стандартты әдіс қолданылады. (одан әрі қара). Жаңадан шығып келе жатқан тістерді тазалау үшін (кіші және үлкен азу тістер) келесі әдісті қолданады: Ұртты солқолының сұқ саусағымен кері қарай тартады, ал тіс мәсуегінің жұмысшы бөлігін тістің шайнау бетіне тіс жарып шығу кезеңінде тіс қатарына перпендикулярлы орналастырады. Тіс қақтарын ілгері-кейін қимылымен алып тазалайды.(8.3сурет). Тіс жіптерін өздігінен қолдануға 9-10 жастан кейін рұқсат етіледі.   8.3.Сурет Жарып шығып келе жатқан бірінші тұрақты үлкен азу тісті тазалау
12 жастан жоғары   Орта қаттылықтағы тіс мәсуегі. Тісжегіге қарсы емдік- профилактикалық тіс қойыртпақтары (кальций- және фторқұрамдас) немесе қабынуға қарсы(дәрілік шөптердің экстракттары мен антисептиктер) компоненттері бар тіс қойыртпақтары. Тіс жіптері. Ауыз қуысын шаюға арналған заттар.   Тістерін күніне екі рет (таңертең және кешке) мәсуекпен және қойыртпақпен тазалау, ауыз қуысын арнайы элексирлермен шаю, тістердің жанасу беттерін тіс флоссаларымен тазалау. Ресей денсаулық, әлеуметтік даму министрінің А.И. Евдокимов атындағы МММСУ стоматологиялық аурулардың алдын-алу кафедрасы ұсынған тістерді тазалау әдісі. Тіс мәсуегін астыңғы жақ тістерде қызылиек сызығына бұрыштата орналастырады. (8.4,сурет а). Тістердің вестибулярлы және оральді беттерін қызылиектен тістеу қырына бағытталған тігінен қимылдау бойынша немесе шайнау бетін тазалайды. (8.4,сурет б). Тістердің шайнау беттерін көлденең ілгері –кейін қайтымды қимылмен тазалайды (8.4,сурет в). Алдыңғы тістердің ішкі беттерін (таңдай және тілдік) үстіңгі жақта жоғарыдан төмен қарай, ал астыңғы жақта астынан үстіне қарай тазалайды. (8.4, сурет г, д). Қызылиекті қамти отырып массаж жасай отырып, мәсуекті айналдыра қимылдатып тісті тазалауды аяқтайды. (8.4,сурет е). а б в г д е 8.4. Сурет Ресей денсаулық, әлеуметтік даму министрінің А.И. Евдокимов атындағы МММСУ стоматологиялық аурулардың алдын-алу кафедрасы ұсынған тістерді тазалау әдісі: а — бүйдің оральді беттерін тазалау; б — вестибулярлы беттерін тазалау; в — шайнау беттерін тазалау; г, д — алдыңғы тістердің оральді беттерін тазалау; е — тіс мәсуегімен айналдыра қимылмен тісті тазалауды аяқтау.
    Нить длиной 35–40 см ұзындықтағы жіпті екі қолдың ортаңғы 1 саусақтарына орайды және содан кейін тартылған жіпті абайлап сұқ саусақтың көмегімен астыңғы жақта және басбармақ көмегімен үстіңгі жақта тістердің жанасу беттеріне қызылиек бүртікшесін жарақаттап алмай енгізеді. (8.5,сурет а). Бірнеше қимылмен тік бағытта барлық жұмсақ шөгінділерді алады. (8.5,сурет б). Содан кейін барлық тістердің жанасу беттерін толықтай тазалайды. а б 8.5.Сурет Тіс жіптерін қолдану тәсілдері: а — жіпті тісаралық кеңістікке енгізі; б — қызылиектен басталған қимылмен тістің жанасу беттерінен қақтарды алу. Тістерін тазалап болғаннан кейін ауызын шаю керек, ал содан кейін 10-15 мл арнайы шайғыш заттарды қолданып 30 сек ауыз қуысын шаю қажет. Нәтиженің жақсы болуы үшін 30 мин ас қабылдамау керек. Әртүрлі биологиялық белсенді компоненттер бар тіс қойыртпақтары мен ашйғыш заттарды алмастырып тұру қажет.    

 

АУЫЗ ҚУЫСЫ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ГИГИЕНАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ ТАҢДАП АЛУ КЕҢЕСІ


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 303 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТІСТІҢ ЖАНШЫЛУЫНЫҢ ЕМІ | ТІСТІҢ СЫНУЫН ЕМДЕУ | ЛПАНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ | Лпа қабынуын емдеу әдістері | ПЕРИОДОНТ ҚАБЫНУЫ | ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚАБЫНУЫНЫҢ ЕМІ. | ЭНДОДОНТТЫҚ АСПАПТАР | ТҮБІР ӨЗЕКТЕРІН МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ ӘДІСТЕРІ | ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР | ЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПЕРИОДОНТҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН АСҚЫНУЛАР| Тістерді бақылай отырып тазалау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)