|
Стоматологиялық емнің нәтижелілігі жүргізілген емдеу шаралары кезінде ауру сезімнің болмауына тікелей байланысты. Стоматологиялық науқастарды емдеу сапасын замануи бағалау критериясы жансызандыруды қолдану болып саналады.
Жансыздандыру тістің қатты тіндерін толықтай егеп тазалауды, инфекцияланған дентинді алып тастауды, пломбалық материалдың қуыста жақсы тұруын, ретракциялық жіптерді ангізуде ауырмауды қамтамасыз ету керек.
Бүгінгі таңда астыңғы жақтың бірінші үлкен азу тісін емдеуде 100% жансыздандыруды 0амтамасыз ететін жансызданыдру әдісі мен заттар жоқ.
Стоматологтар тістерде тісжегіні емдеу кезінде қолданады:
• аппликациялық (беткейлік) жансыздандыру, аэрозоль,гель, қойыртпақ, қабықтүрінде;
• инфильтрациялық әдіс, анестетикті әртүрлі аймақатға егеді:
–кілегей қабық астына;
–сүйекүстіқабыршағы астына;
–интрасептальді;
–интралигаментарлы (байламішілік);
–ұлпаішілік;–өзекішілік.
Клиникалық тәжірибеде инфильтрациялық анестезияда жансыздандырғыш ерітіндіні көбіне ауыздың кіре берісінде кілегей қабықасты бар өтпелі қатпарға, ал үстіңгі жақта тістердің түбір ұшы проекциясынан аздап жоғары, астыңғы жақта тістердің түбір ұшы проекциясынан аздап төмендеу жасайды.
Инені альвеолярлы өсіндісіне 45 градуста кілегей қабықтың өтпелі қатпар астына, иненің қиығын сүйекке қарата отырып енгізеді. Анестетикті аз мөлшерде ақырын қарпуланың жартысын егеді.
Интрасептальді жансыздандыру кезінде жергілікті жансыздандырғыш ерітіндіні көрші тістердің альвеола аралық қалқан сүйегіне егеді.
Интралигаментарлы жансыздандыру тістің мойын бөлігіндегі байлам сақталған жағдайда жасалады. Жансыздану 1 минуттан кейін басталып, 20 минутқа дейін созылады. Интралигаментарлы жансыздандыру пациентке өте қолайлы және әдісті жүргізу кезінде ешқандай ауру сезімі болмайды.
Бұдан басқа осы жансыздандыруды жүргізу кезінде жұмсақ тіндердің жансыздануы болмайды және сөйлеу қызметі мен басқа қызметтері бұзылмайды. Қолданатын препараттың өте аз мөлшері егілу барысы анестетиктің ұлы әсер етуін тұғызбайды.Интралигаментарлы жансыздандыру қауіпсіз және мамандар оны оңай жасай алады. Терапиялық лар кезінде нәтижелілігі 89% құрайды.
Интралигаментарлы жансыздандыруды жүргізудің кері көрсеткіштері:
– пародонтальдық қалтаның болуы, егер тіс жұлынатын болса;
– пародонт тінінде жедел қабыну үрдісі болса;
– периодонттың жедел және созылмалы қабынуының өршуі кезінде тістерді емдеу немесе жұлу кезінде;
– анамнезінде эндокардит болса.
Интралигаментарлы жансыздандыру негізгі жансыздандыру немесе қосалқы жансыздандыру әдісі ретінде болуы мүмкін. Ұлпаішілік жансыздандырудан кейін дәрігерлер көбіне өздері ойлаған нәтижеге қол жеткізе алмайды. Себебі, тіс қуысын ашу кезінде тіс қуысы күмбезі өте кең етіп ашылады, сондықтан ашылған қанайтын, сүңгілегенде ауыратын ұлпа анық көрінеді.Осы жағдайда оған егілген анестетик ешқандай нәтиже бермейді.Ұлпаішілік жансыздандырудан тиімді нәтиже алу үшін тіс қуысын ашу кезеңінде оның диаметрін ине диаметріне сай етіп ашу керек. Ине ашылған тіс қуысына тығыз сыналай ену керек. Міне осы кезде анестетик қуысқы жоғары қысыммен еніп жақсы нәтиже береді.
Үстіңгі жақтың кіші азу тістерінде, сүйір тістерде жансызданудың нәтижелігін жоғарлату үшін анестетикті көзасты тесігіне егіп, үстіңгі алдыңғы және ортаңғы көзасты нервінің тармақтарын жансыздандырады.
Алдыңғы және ортаңғы көзасты нервтерінің тармақтарының нәтижелі жансыздануы үшін анестетикті егіп болғаннан кейін 2 мин инъекция жасалған орынды саусақпен басып тұру қажет.
Бұл манипуляцияны астыңғы жақтың кіші азу тістерін, сүйір және күрек тістерін иннервациялайтын иекасты нервті жансыздандыру кезінде де жасайды. Анестетикті еккеннен кейін иекасты тесігінің тұсын 2 мин саусақпен қысым түсіре басып тұру қажет. Балаларда астыңғы жаққа жансыздандыру жасау нәтижесі ересектерге қарағанда жақсы нәтиже береді.
Өткізгіштік жансыздандыру әдісі. Тістердің тісжегісін емдеу кезіндеинфильтрациялық жансыздандырумен қатар өткізгіштік жансыздандыруды қолданады.Үстіңгі жақта туберальді, таңдацлық, күректік және көзасты жансыздандыру әдістерін жасайды.
Замануи жансыздандырғыш (ультракаин, септанест, убистезин) қатарындағы анестетиктермен бірге 1:200 000 қатынасындағы эпинефринді күнделікті стоматологиялық тәжірибеде қолдану анестетиктің жоғары дәрежеде сіңуін қамтамасыз етеді.
Астыңғы жақта классикалық әдіспен қатар мандибулярлы жансыздандыру әдісінің жаңартылған, толықтырылған әдісін қолданады. Жансыздандыру кезінде қандайда бір топ тістерінде өзекті мәселелер тұындауы болуыын естен шығармау керек. Көп жағдайда (47%) астыңғы жақтың бірінші азу тістерінде, әсіресе алдыңғы түбірлерінде жансызданбаудың болмау мәселелері туындайды.Жансызданудың нәтижелігін жоғарлату үшін екінші азу тістің түбір ұшы проекциясы аймағында оральді бетіне қосымша жансыздандыру жасайды. Кейде қосымша бірінші азу тістің алдыңғы түбіріне интралигаментарлы жансыздандыру жүргізеді.
Үстіңгі жақтың ортаңғы күрек тісіне жансыздандыру жүргізу кезінде 33% жағдайда мәселелер туындайды. Себебі, олар қарама-қарсы жақтың нерв талшықтарымен анастомоз жасайтынын ұмытпау керек. 18% жағдайда үстіңгі жақтың бірінші азу тісіне жансыздандыру жүргізу қиындығы туындайды. Себебі, бет сүйегі жансыздандыру жүргізуге кедергі жасайды.
Жансыздандырудың болмауы себептері:
•тістердің анатомиялық құрылым ерекшеліктері;
•орындау техникасы кезінде жіберілген қателіктер;
•инфекцияның және қабынудың болуы;
•анестетикті дұрыс таңдап алмау;
•қолданылатын анестетикті дұрыс сақтамау немесе қолдану мерзімінің өтіп кетуі;
•пациенттің үрейленуі;
•психосоматикалық статустың бұзылуы;
•ішімдік қабылдауы.
Сауатты орындалған жансыздандыру әдісі және дұрыс таңдап алынған құрамынад вазоконстрикторлар бар анестетиктер жансыздандырудың ұзақтығын 40 тан 60 мин созылуын және жақсы әсер етуін толық қастамасыз етеді. Вазоконстрикторларсыз анестетиктердің 3% концентрациялы анестетиктерін қолдану барысы ғана жансызданудың 30 мин дейін созылуына әсер етеді. Осымен бірге пациенттерде егілеген препаратқа жеке өзгеріс жауаптары болуы мүмкін. Жансызданудың ұзақтығы егілген анестетик әдістеріне де байланысты болады.Анатомиялық ерекшеліктерде жансызданудың ұзақтығына және тереңдей енуіне әсер етеді.
Осындай ерекшеліктерге бетсүйегінің доғасы және альвеоларлы өсіндісінің қалыңдығы жатады. Үстіңгі жақ бірінші үлкен азу тіске жансыздандыру жасау кезінде бетжақальвеолярлы айдаршық негізінде орналасқан, әсіресе айдаршықтың төмен орналасуында келесі ерекшеліктерді білу керек:
Үстіңгі жақтың бірінші азу тісіне жансыздандыру жасауда инемен екі егу жасау керек. Бірінші егуді және анестетикті жіберуді екінші кіші азу тістің түбір ұшына жасау бірінші азу тістің медиальді ұрт жақ түбірінде жансызданудың болуын қамтамасыз етеді. Екінші егуді бетжақальвеолярлы айдаршығына тікелей жасау ұрт жақ дистальді түбірінде жансызданудың болуына әсер етеді. Егер үстіңгі жақтың бірінші азу тісінің таңдай түбірі қатты таңдайдың ортасына қарай көптеп ауытқыса дұрыс жасалған жансыздандыру мен сүйектің қалыпты қалыңдығы кезінде толық жансыздану болмайды. Бұл жағдайда таңдай түбірі проекциясына аз мөлшерде жансыдандырғыш анестетикті егу керек. Замануи улы әсері аз препататтар мен жаңа технологиялардың қолдануына қарамай кейбір жағдайларда адекватты жансызданудың болуына қол жеткізе алмайды. Қандайда бір стоматологиялық шаралар пациенттің жеке тұлғалық ерекшеліктерінің дәрежесінің айқындылығына қарай психикалық тепе-теңдігінің бұзылуына әсер етеді. Пациенттің психоэмоциональды өзгерістері стоматологиялық көмек көрсетуде кезекте отырған кезден бастап қорқыныш, үрей сияқты депресивті жағдайдың пайда болуымен сипатталады. Осының әсерінен пациентте гомеостаз бұзылады да жансыздануға кедергі жасайды.
Стоматологиялық науқастың психоэмоциональды ерекшеліктерін әртүрлі экспресс сауалнамаларды, психологиялық тестерді (тест Corah N.), сауалнамаларды қолдану арқылы анықтауға болады. Тістері емдеу кезіндегі ауру сезімі және соның нәтижесінде науқаста пайда болған қорқыныш пен үрей келесі емдеу кезіне теріс із қалдырады.Науқастарда пайда болған үрей гармональді орталықты өзгертеді: адреналин, норадреналин, глюкокортикостероидтар жоғарлайды, газалмасу мен қанайналымының өзгеруі емдеу шараларын жүргізуге қиындық туғызады.
Сондықтан стоматологиялық емдеу шараларын жүргізу кезінде болатын жалпы соматикалық асқынулардың алдын алу үшін және жансыздандыруды жеңілдету мақсатында қосарланған анестетиктерді қолдану керек.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 621 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУДІ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АСПАПТАР,ҚОСЫМША ҚОНДЫРҒЫЛАР, АКСЕССУАРЛАР. | | | ТІСТЕРДЕГІ БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ. КІРЕУКЕНІ ҚАЙТА МИНЕРАЛДАУ ТЕРАПИЯСЫ. |