Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  6. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:
1) сауда операциялары қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
2) бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің орналасқан жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап ететін;
3) техникалық ақауларына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
4) бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен шығарған;
5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.
2. Компьютерлік жүйелерді қоспағанда, салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде:
1) салық органы орнатқан пломбасы бар бақылау-касса машинасын;
2) бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың паспортын;
3) нөмірленген, тігілген, салық органы басшысының қолымен және мөрімен расталған қолма-қол ақша есебiнiң кiтабын және тауар чектерiнiң кiтабын;
4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын табыс етеді.
3. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машиналарын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті, бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасын табыс етеді және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
4. Салық органының лауазымды адамы бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті салық органында тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есептен шығарады, ол үшін:
1) фискалдық есепті алады;
2) камералдық бақылау жасайды және қолма-қол ақша есебi кiтабының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен және тауар чектерi кiтабының деректерімен салыстырып тексеру жүргізеді;
3) қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының жабылғаны туралы жазба жүргізеді;
3-1) бақылау-касса машинасының корпусынан салық органының пломбасын алып тастауды жүргізеді;
4) салық төлеушіге:
бақылау-касса машинасын;
қолма-қол ақша есебiнің кiтабы мен тауар чектерi кiтабын;
бақылау-касса машинасының есептен шығарылғаны туралы белгі қоя отырып, тіркеу карточкасын қайтарады.
5. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есептен шығарған кезде салық органының лауазымды адамы фискалдық есепті алады және салық төлеушіге бақылау-касса машинасын есептен шығарғаны туралы белгі қоя отырып тіркеу карточкасын қайтарады.
Ескерту. 648-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықтық тексерулер жүргiзудiң мерзiмi | Бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз | Бап. Салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы | Бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері | Бап. Салықтық тексерудi аяқтау | Бап. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша шешiм | Бап. Ақпарат көздері | Бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі | Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Жалпы ережелер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою| Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)