Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану

Читайте также:
  1. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
  2. Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
  3. Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою
  4. Бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі
  5. Бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу
  6. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері

 

1. Салық төлеушiнiң жауапты тұлғасы бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде:
1) бақылау-касса машинасын пайдалану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес тауар, жұмыстар, қызметтер көрсету құнын енгiзу операциясын жүзеге асырады;
2) электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулар болған жағдайда тауарлық чек толтырады және береді;
3) қолма-қол ақша есебiнің кiтабын толтырады;
4) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті алу (Z-есеп) жолымен "ауысым соңы" рәсiмiн орындайды.
Ауысымдық есептер, қолма-қол ақша есебі және тауарлық чектер кiтаптары, сондай-ақ олар бойынша жою және қайтару операциялары жүргізілген жою, қайтару чектері мен бақылау чектерін салық төлеуші оларға мөр қойылған немесе толық толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.
Сауда автоматтарында пайдаланылатындарды қоспағанда, бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
Сауда автоматтарымен жарақтандырылған бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңін салық төлеуші айқындайды, бұл ретте ол күнтізбелік бір айдан аспауға тиіс.
2. Қате енгізілген соманы жою немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаларды қайтару операциялары бақылау чегінің түпнұсқасы және қолма-қол ақша есебі кiтабында жүргізілген жазба болған кезде бақылау-касса машинасының моделін жасаушының техникалық талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Қолма-қол ақша есебi кітабының деректері тиісті күнге ауысым есептерінің көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс.
4. Кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомасы ескеріле отырып, фискалдық есепті алған сәтте кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келуге тиіс.
Осы Кодекстің 649-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кассаның ағымдағы жай-күйі туралы фискалдық есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаны есептеуді салық төлеуші (оның лауазымды адамы) салық қызметі органының тексеруші адамының қатысуымен жүргізеді.
5. Салық органының пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеушi ақау пайда болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-кассалық машина есепке қойылған салық органына:
1) бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, салықтық өтінішті;
2) жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін негіздеп көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.
Салық органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын салық органының пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы оны беру туралы шешім қабылдаған күні уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
Салық органы осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мәліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайларда пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын беруден бас тартады.
Техникалық ақау жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-кассалық машинаны салық органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсаты берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
6. Бақылау-касса машинасы мына жағдайларда, егер:
1) басып шығармаса, анық баспаса немесе осы Кодекстің 649-бабында айқындалған бақылау чегiндегі деректемелер толық басылмаса;
2) фискальдық жадының деректерiн алуға мүмкiндiк болмаса;
3) салық органының пломбасы болмаса немесе бүлiнсе;
4) дайындаушы зауыттың таңбасы жоқ болса техникалық ақаулы деп есептеледі.
7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.
8. Салық төлеушi қолма-қол ақша есебiнің кiтабы және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабы толық толтырылған жағдайда, не олар жоғалған (бүлінген) жағдайда оларды ауыстыру (қалпына келтіру) үшін бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қойған жері бойынша салық органына:
1) салықтық өтінішті;
2) нөмiрленген, тiгілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрiмен расталған жаңа қолма-қол ақша есебiнің кiтабын және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабын;
3) осы Кодекстің 648-бабының 2-тармағында айқындалған құжаттарды табыс етеді.
Қолма-қол ақша есебiнің кiтабы толық толтырылған немесе жоғалған (бүлінген) жағдайда фискалдық есепті шығару үшін қосымша бақылау-касса машинасы беріледі.
9. Салық органдары қолма-қол ақша есебiнің кiтабын және (немесе) тауар чектерiнiң кiтабын ауыстыруды салықтық өтінішті салық органында тіркеген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Ескерту. 650-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 180 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықтық тексеру жүргiзуге негiз | Бап. Салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы | Бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері | Бап. Салықтық тексерудi аяқтау | Бап. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша шешiм | Бап. Ақпарат көздері | Бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі | Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару| Бап. Мемлекеттік тізілім

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)