Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі

Читайте также:
  1. Бап. Құн өсімінен түсетін табыс
  2. Бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс
  3. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  4. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  5. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  6. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  7. Бап. Қолдану тәртібі

 

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.
2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші салық есептілігін өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.
3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) өзі келу тәртібімен:
салық есептілігі үшін – қағаз жеткізгіште;
мониторинг бойынша есептілік үшін – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткізгіште;
3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы – ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:
мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
Осы тармақтың 3) тармақшасының ережелері қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
4. Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Салық есептілігінің электрондық форматының құрылымы, салық есептілігін электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілім және осы бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша мен (немесе) хабарлама бойынша қосымшаны қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен жағдайда, аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі салық кезеңіндегі кезекті салық есептілігіне теңестіріледі. Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.
Егер салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағын қолданған болса, онда осы Кодекстің 256-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптарды орындау мақсаттары үшін салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 270, 296, 364, 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.
Акциз бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес (темекі өнімдерін көтерме сатуды қоспағанда) салық органдарында тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілерге қолданылады.
8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.
Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 143 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жалпы ережелер | Бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу тәртібі | Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі | Бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы | Бап. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу ережесі | Бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар | Бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері | Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері| Бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)