Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру

Читайте также:
  1. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  2. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  3. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  4. Бап. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  5. Бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi

 

1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа екі және одан да көп қатысушыларды көздейтін уағдаластық (бұдан әрі – бірлескен қызмет туралы шарт) болған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы бойынша тиісінше ескеріледі және оларға салықтар салынады.
2. Бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, өзінің қатысу үлесіне қатысты салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды есепке алуды дербес жүргізеді.
3. Бірлескен қызмет туралы шартта салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі болмаған жағдайда, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар алғашқы салық есептілігін табыс еткенге дейін осындай тәртіп және бірлескен қызмет нәтижесінде туындайтын салық міндеттемесі көрсетілетін, бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатын әзірлеп, бекітеді.
4. Бірлескен қызмет туралы шартта бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осындай қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі анықталуы мүмкін.
5. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды салық мақсатына орай осы уәкілетті өкілдің өзге қызметі бойынша активтерден, міндеттемелерден, табыстар мен шығыстардан бөлек есепке алады.
6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет туралы шартта көзделген тәртіппен әрбір салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады.
Егер бірлескен қызмет туралы шарт талаптарында және (немесе) бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) мұндай қатысушылардың уәкілетті өкілі көрсетілген бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қатысу үлестеріне барабар жүзеге асырады.
Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу нәтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оларға бірлескен қызмет туралы шартқа барлық қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі болған кезде ол қол қоюға, сондай-ақ мөрлермен бекітілуге (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда олар болған кезде) тиіс. Активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу нәтижелері туралы құжатты бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы құжаттық салықтық тексеру жүргізу кезінде салық қызметі органдарына табыс етеді.
Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілінде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олардың негізінде активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды бөлу жүзеге асырылған барлық құжаттардың көшірмелері болуға тиіс.
Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 132 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері | Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері | Бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері | Бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі | Бап. Салық есептілігін кері қайтарып алу тәртібі | Бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі | Бап. Салық тіркелімдері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қаржы лизингі| Бап. Жылдық жиынтық табыс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)