Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар

Читайте также:
  1. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  2. Бап. Қолдану шарттары
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

 

Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару шартына немесе сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуы сенімгерлікпен басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.
Ескерту. 234-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар

 

1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген адам жүзеге асыратын жағдайларда:
1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген адамның атынан жазылады;
2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.
3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген адам осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді сатып алған жағдайларда, берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:
1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген адамның деректемелері;
2) сатып алу сомалары, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомалары бөлініп көрсетілуге тиіс.
4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынатын бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін осындай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.
5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі (сатып алуы) кезінде қолданылмайды.
Ескерту. 235-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.12.26 N 61-V (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі | Бап. Резидент еместің табыстарынан табыс салығын бюджетке немесе шартты банк салымына аудару тәртібі | Бап. Бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару тәртiбi | Бап. Табыс салығын шартты банк салымынан бюджетке аудару тәртібі | Тарау. РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | Бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу | Бап. Жеңiлдiктi салық салынатын мемлекетте алынған табыс | Бап. Резиденттің халықаралық шартты шет мемлекетте қолдану тәртібі | Бап. Өзара келісу рәсімі | Бап. Салық жинаудағы көмек |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым| Бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулерді өткiзу орны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)