Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы

Читайте также:
  1. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  2. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  7. Бап. Қосылған құн салығын қайтару

 

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы, егер:
1) осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi.
Қосылған құн салығы, егер ол салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшiн пайдалануға арналған (пайдаланылған), оның болуына байланысты салық төлеушi осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған (қолданатын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жатқызылады;
2) негізгі құралдар ретінде ескерілген (ескерілетін) жеңіл автомобильдерді;
3) шот-фактуралары осы Кодексте белгіленген талаптар сақталмай жазып берілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
4) төлемнің кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол есеп айырысу төлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып берген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.
1-1. Тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша қосылған құн салығы:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алғанға дейін есепке жатқызылуға тиіс емес.
Тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша қосылған құн салығын осы Кодекстің 256-бабының 3-3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін тұрғын үй ғимаратын салуды жеке жүзеге асыратын қосымша құн салығын төлеуші:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
мұндай тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алғанға дейін ескереді.
2. Мүлікті (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өтеусіз негізде алған кезде, осындай мүлікті алған тұлға осындай мүлікті өтеусіз берген тұлғаның төлеуіне жататын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.
3. Қосылған құн салығының сомасы мынадай жағдайларда:
1) сот жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) сот жеке кәсiпкерлiк субъектiсi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасаған деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша;
3) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша есепке жатқызылмайды.
Ескерту. 257-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 155 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық салынатын айналым мөлшерi | Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету | Бап. Тауарлар экспортын растау | Бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу | Бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу | Бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу | Тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы| Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)