Читайте также:
|
|
1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жүк тасымалдауға шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.
Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.
2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналымның мөлшері көлік экспедициясы шартының шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Шот-фактурада:
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын қамтитын айналым көрсетіледі.
Көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақының экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшеріне қосылатын сомасы шот-фактурада бөлек жолмен жазып көрсетілуге тиіс.
3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда экспедитор шот-фактураны екі данада жазып бередi.
Шот-фактураның бірінші данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа беріледі.
Шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.
3-1. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедиторда тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарттың шеңберінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжаттың болуы міндетті.
Бұл ретте мұндай құжат экспедиторда осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде сақталады.
Құжатта мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің шот-фактурасының реттік нөмірі және жазып берiлген күні;
2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы;
4) егер тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;
5) тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны.
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны бөлек көрсетіледі.
4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 264-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Шот-фактура | | | Бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібi |