Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібi

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  7. Бап. Қосылған құн салығын қайтару

 

1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізуге құқылы.
2. Осы баптың мақсаты үшін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:
ет және ет өнімін өндіруді;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
ұн-жарма өнеркәсібі өнімін өндіруді;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
нан өндіруді;
балалар тағамын және емдәмдік тағам өнімін өндіруді;
крахмал-cірне өнеркәсібі өнімін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;
Осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
3) акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асырмайтын заңды тұлғалар жатады.
3. Бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бап қолданылған кезде:
1) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі – қосылған құн салығы сомасының асып кетуі) болмаған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
2) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі болған жағдайда – бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 66-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының сомасынан асып кетуі 70 пайызға азайтылуға жатады.
3-1. Осы бапты қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың ережелерін күнтізбелік жылға кіретін барлық салық кезеңіне қолдануға міндетті.
4. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіретін заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, қосылған құн салығын есептейді.
5. Осы баптың мақсаттары үшін қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеуші:
1) осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, осы Кодекстің 266-бабында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, қосылған құн салығы осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептеуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
Ескерту. 267-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу | Тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар | Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету | Бап. Бөлек есептеу әдiсi | Бап. Шот-фактура |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері| Бап. Салық декларациясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)