Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық салынатын табысты анықтау

Читайте также:
  1. CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау.
  2. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  6. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 200-бабында өзгеше белгіленбесе, резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің осы бабының және 83-149-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
1-1. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығын анықтаған кезде, егер осындай резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай:
1) осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден;
2) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған табыстар құраса, осы Кодекстiң 139 және 199-баптарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлері:
1) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;
2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;
3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;
4) резидент емес заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.
3. Резидент емес кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі.
Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.
4. Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі.
Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.
5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстарды алумен тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.
6. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;
2) резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;
3) осы резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;
4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
5) құжатпен расталмаған шығыстар;
6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.
Ескерту. 198-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 365 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық салуға жатпайтын табыстар | Бап. Салық шегерiмдерi | Бап. Зейнетақы төлемдері | Бап. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу | Бап. Салық төлеу мерзімдері | Бап. Басқа табыстар | Бап. Резиденттер | Бап. Резидент еместің тұрақты мекемесі | Бап. Резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары | Бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық есептілігін табыс ету| Бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)