Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету

Читайте также:
  1. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  2. Бап. Базалық салық ставкаларын түзету
  3. Бап. Басқа табыстар
  4. Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету
  5. Бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі
  6. Бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар
  7. Бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

 

РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа енгізілген өзгеріс 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
1. Егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:
1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;
2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;
3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;
4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;
5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;
6) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда;
7) осы Кодекстің 130-2-бабында көзделген, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттарында ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде айқындалған, осындай келісімшарт бойынша табыстардан асып түскен жағдайда түзетуге жатады. Бұл ретте түзету табысты осындай асып түсу мөлшерінде азайту арқылы жүргізіледі.
2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:
заңды тұлғадан:
дара кәсіпкерден;
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.
Осы тармақта көзделген табысты түзету:
1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:
1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;
2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді.
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде жүргізіледі.
Ескерту. 132-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру | Бап. Шегерімге жатпайтын шығындар | Бап. Тіркелген активтер | Бап. Құндық балансты айқындау | Бап. Тіркелген активтердің түсімі | Бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы | Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу | Бап. Келесі шығыстар шегерімі | Бап. Инвестициялық салық преференциялары | Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі| Бап. Салық салынатын табысты азайту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)