Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

Читайте также:
  1. Бап. Базалық салық ставкаларын түзету
  2. Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету
  3. Бап. Жылдық жиынтық табыс
  4. Бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар
  5. Бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
  6. Бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

 

1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
1) егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдiк инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiндердi қоспағанда, дивидендтер;
1-1) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе;
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;
2) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақылық төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;
6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;
8) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
9) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
10) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;
12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;
13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар;
РҚАО-ның ескертпесі!
14-1) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2014.01.01 дейін қолданыста болады ҚР 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңымен.
14-1) банкті қайта құрылымдаудың сот бекіткен жоспарында қамтылған, қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелер тізбесіне енгізілген банктің міндеттемелерін кредитордың есептен шығаруынан түсетін табыстар алып тасталуға жатады.
Осы тармақшаның ережелері дауыс беретін акцияларының 80 пайыздан астамын банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке қолданылады;
РҚАО-ның ескертпесі!
14-2) тармақша 2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2014.01.01 дейін қолданыста болады ҚР 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңымен.
14-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алған, талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістер.
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
14-3) тармақша 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 дейін қолданыста болады (ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңының 2-б. қараңыз).
14-3) Қазақстан Республикасының Үкімет айқындаған заңды тұлғаның акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістері алып тасталуға жатады.
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
15) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады (ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
15) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс;
16) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін инвестициялаудан алынған және оны ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстары алып тасталуға жатады.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы екінші бөлік 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2018.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңымен.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.
Осы үшінші бөлік 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2018.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңымен.
Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Осы төртінші бөлік 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2018.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңымен.
Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.
2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.
Салық төлеушi тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.
Ескерту. 99-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады), 2012.01.09 N 535-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі | Бап. Салық тіркелімдері | Бап. Қаржы лизингі | Бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру | Бап. Жылдық жиынтық табыс | Бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар | Бап. Құн өсімінен түсетін табыс | Бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары | Бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс| Бап. Шегерімдер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)