Читайте также: |
|
1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
3. Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерiмге жатады.
4. Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген нормалар шегiнде шегерiмге жатады.
5. Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезiнде бiр-ақ рет шегерiледi.
6. Егер осы Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, танылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады.
7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.
8. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу осындай өкіл табыс еткен мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.
9. Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар осы Кодекстің 116-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.
10. Осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар шегерімге жатқызылуға жатады.
11. Егер мәміле талаптарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделсе, онда салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөнінде жүргізген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.
12. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияның деректері бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнында ескеріледі.
Қосылған құн салығын төлеуші:
1) осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсін қолданған кезде есепке жатқызылуға тиісті емес;
2) табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған тіркелген активтер, тауар-материалдық қорлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиіс;
3) амортизацияға жатпайтын активтердің жарғылық капиталға берілуін қоспағанда, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті қосылған құн салығын шегерімге жатқызуға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шегерім осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсін қолданған кезде есепке жатқызылуға тиісті емес қосылған құн салығы туындайтын салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерімдер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті салық кезеңінде жүргізіледі.
Амортизацияға жатпайтын активтер бойынша осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті қосылған құн салығы осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес есепке алынады.
Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы корпоративтік табыс салығын төлеуші болып табылған жағдайда және қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 271-1-бабы 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген болса, онда осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, оператордың қосылған құн салығы жөніндегі декларациясының деректері бойынша аталған жер қойнауын пайдаланушының үлесіне келетін мөлшердегі қосылған құн салығы шегерiмге жатқызылады.
13. Осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылмаған, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған 2009 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі шегерімге жатқызылуға тиіс.
14. Салық төлеушi мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне қызметкерлердiң жыл iшiндегi орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, бiр қызметкерге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасына Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мiндеттi мүшелiк жарналардың шектi мөлшерiнен аспайтын мөлшерде төлеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүшелiк жарналары шегерiмге жатады.
14-1. Салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебіне жазған әлеуметтік аударымдары бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде шегерімге жатады.
15. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің өзгеруіне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайды.
16. Туынды қаржы құралдары жөніндегі шығыстар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес ескеріледі.
16-1. Жарнамалау мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, мұндай тауарды беру жүзеге асырылған салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылуға жатады.
17. Егер сенімгерлікпен басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығыстары, осы бөлімнің мақсатында осы сенімгерлікпен басқарушының шығыстарына қосылады.
18. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар. Бұл ретте шегерімдердің сомасы осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.
Ескерту. 100-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV(2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 185 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Жылдық жиынтық табысты түзету | | | Бап. Сыйақы бойынша шегерімдер |