Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Келесі шығыстар шегерімі

Читайте также:
  1. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  2. Бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі

 

1. Келесі шығыстар деп осы баптың 2-тармағында көрсетілген активтерді пайдалану, жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары осы Кодекстің 107-бабына сәйкес шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі.
2. Осы баптың 3 және 6-тармақтарында көрсетілгенде
рін сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес ұлғайтатын келесі шығыстарды қоспағанда, келесі шығыстар олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
Мынадай активтерге:
1) тіркелген активтерге және (немесе)
2) мыналарда:
осы тармақтың 1) тармақшасында;
коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейінгі кезеңде - осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;
осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 6), 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілетін және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негізгі құралдарға, жылжымайтын мүлікке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге;
3) осы Кодекстің 111-1-бабында көрсетілген активтерге қатысты осы тармақтың ережелері қолданылады.
3. Осы бапта өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік есепте осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ осы Кодекстің 125-бабының 5-тармағында көрсетілген келесі шығыстардың сомасы:
1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады;
2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады.
Осы Кодекстің 118-бабының 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.
4. Жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған келесі шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 3-тармағына немесе осы Кодекстің 123-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.
6. Осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден бастап шеккен келесі шығыстардың бухгалтерлік есепте мұндай активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңінің соңында, оның ішінде мұндай сома салық кезеңінің соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердің тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.
Осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.
Ескерту. 122-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 152 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жылдық жиынтық табысты түзету | Бап. Шегерімдер | Бап. Сыйақы бойынша шегерімдер | Бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер | Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру | Бап. Шегерімге жатпайтын шығындар | Бап. Тіркелген активтер | Бап. Құндық балансты айқындау | Бап. Тіркелген активтердің түсімі | Бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу| Бап. Инвестициялық салық преференциялары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)