Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Құндық балансты айқындау

Читайте также:
  1. Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау
  2. Бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
  3. Бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі
  4. Бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау
  5. Бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері
  6. Бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі

 

1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

 

 

рет N топ N Тіркелген активтердің атауы
     
1. І Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар
2. ІІ Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық
3. ІІІ Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар
4. ІV Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық

 

І топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.
2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстің 122-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.
3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер:
1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.
5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 118-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.
6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 119-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.
7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы
алу
алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,
алу
осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.
Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:
кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы
қосу
салық кезеңінде түскен тіркелген активтер
алу
салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер
қосу
осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.
9. Сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 58-бабының 5-тармағы негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға міндетті.
Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Құн өсімінен түсетін табыс | Бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары | Бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс | Бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс | Бап. Жылдық жиынтық табысты түзету | Бап. Шегерімдер | Бап. Сыйақы бойынша шегерімдер | Бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер | Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру | Бап. Шегерімге жатпайтын шығындар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Тіркелген активтер| Бап. Тіркелген активтердің түсімі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)