Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу

Читайте также:
  1. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  2. Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
  3. Бап. Бөлек есептеу әдiсi
  4. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  5. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi
  6. Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

 

1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар салықтық есепке алу саясатында көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына қолдану жолымен анықталады:

 

 

рет N топ N Тіркелген активтердің атауы Амортизацияның шекті нормасы (%)
       
  І Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар  
  ІІ Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық  
  ІІІ Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар 40
  ІV Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары  

 

2-1. Осы Кодекстің 117-бабының 10-тармағында көрсетілген топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгіленген амортизацияның шекті нормаларын қолдану жолымен айқындалады.
3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.
4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81-149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, осы Кодекстің 123-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:
тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 116-122-баптарында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе
преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 123-125-баптарында белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;
2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.
Ескерту. 120-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 439 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс | Бап. Жылдық жиынтық табысты түзету | Бап. Шегерімдер | Бап. Сыйақы бойынша шегерімдер | Бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер | Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру | Бап. Шегерімге жатпайтын шығындар | Бап. Тіркелген активтер | Бап. Құндық балансты айқындау | Бап. Тіркелген активтердің түсімі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы| Бап. Келесі шығыстар шегерімі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)