Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық салынатын табысты азайту

Читайте также:
  1. Бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс
  2. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  3. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  4. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  6. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:
1) салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;
коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады. Өтеусіз берілген өзге де мүліктің құны аталған мүлікті қабылдау-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құны мөлшерінде айқындалады;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;
2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 процентін;
3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:
оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстарды;
оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды қамтиды;
4) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарына өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын;
5) өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары бар, өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған сомасының 50 пайызы мөлшерінде, ғылым саласындағы уәкілетті органның осындай шығыстар (шығындар) сомасын растау туралы қорытындысы болған жағдайда, азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижесін енгізу туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталған көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда қорғау құжатын мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңінде қолданылады. Бұл ретте салық төлеушiнiң қорғау құжатын алуға жұмсалған шығыстары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстарды орындауға жұмсалған шығыстар деп танылмайды.
2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:
1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есебіне жатқызу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай сыйақыны;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;
3-1) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
3-2) агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;
6) заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
7) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға азайтуға құқығы бар.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 133-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 150 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Шегерімге жатпайтын шығындар | Бап. Тіркелген активтер | Бап. Құндық балансты айқындау | Бап. Тіркелген активтердің түсімі | Бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы | Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу | Бап. Келесі шығыстар шегерімі | Бап. Инвестициялық салық преференциялары | Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері | Бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету| Бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)