Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

Читайте также:
  1. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  2. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  3. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  4. Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
  5. Бап. Басқа табыстар
  6. Бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі
  7. Бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар

 

1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, резидент еместердің осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай резидент еместердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;
2-1) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, резидент еместің филиалына, өкілдігіне немесе тұрақты мекемесіне төленетін табыстар;
3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін сыйақы жатады.
2. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;
3) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
4) лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
5) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
6) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына секьюритилендіру мәмілелері үшін төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
7) резидент банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
8) резидент лизинг берушіге төленетін қаржы лизингі бойынша сыйақы;
9) репо операциялары бойынша сыйақы;
10) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;
11) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
12) мыналарға:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) – 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2018.01.01 дейін қолданыста болады.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізілді және 2018.01.01 дейін қолданыста болады.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.
Ескерту. 143-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (03.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 275 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Инвестициялық салық преференциялары | Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері | Бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі | Бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету | Бап. Салық салынатын табысты азайту | Бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу | Бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу | Бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу | Тарау. ЗАЛАЛДАР | Бап. Залалдарды ауыстыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу| Бап. Салық ставкалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)