Читайте также: |
|
Қылмыстйқ Кодекстің 24-бабының ушінші болігінде 'Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты бмес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып таныладъГ — деп көрсетілген.
Ал осы баптың тпөртіиші бөлігінде "Қылмъістық жауапты-лық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жа-сауға оқталғаны үшін ғана басталады" — делінген.
Сот тәжірибесінде қылмыс жасауға оқталудың әр-турлі жағдайларын кездестіруге болады. Мысалы, қылмыскердің үрлық жасау мақсатымен үй иелері жоқ екен деп ойлап, пәтер-ге енген кезінде үйде жүрген үй иелеріне үсталып қалуы; әйел зорлау барысында жәбірленушінің тарапынан қатты қарсы-лыққа тап болу салдарынан жыныстыққатынас жасай алмауы. Кылмыскердің кісі өлтіру мақсатымен жәбірленушіні атуы, бірақ жәбірленуші өлмей жеңіл дене жарақатын алуы т.б. Аталған жағдайлардың барлығы қылмыс жасауға оқталуды білдіреді.
Қылмыс істеуге дайындалу сияқты қылмыс жасауға оқталу да өзінің аяқталмаған қылмыс сатылары қүрамының жиынты-гын қүрайтын объективтік және субъективтік белгілерімен сипатталады. Бүл белгілер қылмыс жасауға оқталуды бір жа-гынанқылмыс істеуге дайындалудан, екінші жағынан аяқтал-ган қылмыстан ажыратуға мүмкіндік береді.
Егер де қылмыс істеуге дайындалу ойлаған қылмысты жасау үшін ғана жағдай жасаса, ал қылмыс жасауга оқталу қиянат жасалынатын объектіге зиян келтірудің ңақты қауіптілігін туғызады. Осыған байланысты қылмыс жасауға оқталудың объективтік жағы мынадай кезеңдермен сипатталады:
Кылмыскер қылмыс жасауға оқталу кезінде жаеалынған
қылмыс объектісінетікелей ықгтал етеді. Мысалы, қылмыскердің
кісіні өлтіремін деп оған қарай мылтық атуы, бірак атылған
оқтың жәбірленушіге тимей кетуі;
Қылмыс жасауға оқталудың қылмыс жасауға дайында-
лудан айырмашылығы сол, қылмыскер қылмысты жасауға
тікелей бағытталған әрекеттер жасайды.
Қылмыс жасауға оқталудың аяқталған қылімыстык іс-әре-кеттерден айырмашылығы — қылмыс жасауға оқталуды құраи-тын әрекеттердің (әрекетсіздіктің) адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеуінде Оқталу кезінде әрекеттің аяқталмауы оны аяқталғанқьілмыстан ажы-ратуда негізгі белгі болып табылады.
Объективтік жағына байланысты материалдық қүрамы бар қылмыс жасауға оқталуда, қылмыстық заңның диспозициясын-да көрсетілген қылмыстық нәтаже болмайды. Алаңда, материал-дътқ құрамы бар қылмыс жасауға оқталу кез-келген қылмыс-тық зардаптың болмауы міндетті деп көрсетпейді. Зардаптың болуы мүмкін, бірақ ол қылмыскердің көздеген зардабы бол-мауы мүмкін. Мысалы, кінәлі адамның кісіні өлтіру мақсаты-мен пъйлақты жәбірленушінің кеуде тұсына сұғып алуы сал-дарынан оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келуі. Мұндай жағдайда қылмыскер жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы келтірілген зиян үшін емес, кісіні өлтіруге оқталғандығы үшін жауаптылыққа тартылады.
Формальды құрамы бар қылмыс жасауға оқталу қылмыс-тық заңда қарастырылған әрекеттерді толық орындамағанды-ғымен сипатталады.
Кылмыс жасауға оқталу кезіндегі әрекет адамға баиланыс-ты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеиді. Бұл кінәлінің еркіне байланыссыз қылмыстың ақырына дейін жеткізілмегендігін көрсетеді. Жеке тұлға қылмысты ақырына деріін жеткізу үшін бәрін істесе де, бірақ қылмыс аяқталмаи қалады. Мысалы, ұрықоймаға кіру үшін оның есігінің құлпын ашуға әрекеттенді, бірақ ол кілтті дұрыс таба алмағандықтан есікті аша алмайды немесе осы қоймаға қойылған дабылдың жұмыс істеуі бойыншакелгенполицияқызметкерлерінің қолы-на түседі, не болмаса оған осы қоймада жұмыс істеитін жұмыс-шылардың күтпеген жерден келіп қалуы кедергі болады.
Көрсетілген объективтік белгілер қылмыс жасауға оқталу-ды қүрайтын әрекеттер жасауды ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Оқталу кез-келген материалдық қүрамы бар кылмыста әрекет жасау, сондай-ақ әрекетсіздікке жол беру аркылы да болуы мүмкін. Бұған көптеген қылмыстық құқық оқулықта-рында кездесетін анасының баласын өлтіру мақсатымен бала-сын ашықтыруы (емізбей қоюы) сияқты белгілі мысалды келтіруге болады.
Оқталу сондай-ақ формальды құрамы бар қылмыстарда да кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда қылмыстың объективтік жағын құрайтын белгілер толық орындалмайды.
Қылмыс жасауға оқталудың субъективтік жағы тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Бүл туралы кыл-мыстық заңның өзінде, — тікелей қылмыс жасауға тура бағыт-талған ниетпен жасалған іс-әрекет, егер бүл мән-жайлар бой-ынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу бо-лып табылады, — делінген. Демек, қылмыс жасауға оқталу жа-нама қасақаналықпен жүзеге асырылмайды.
Жеке тұлға қылмыс жасауға оқталу кезінде өзінің қылмьтс жасауға тікелей бағытталған іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті-лігін сезінеді, зиянды зардаптардың болуы мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығын алдын-ала біледі және олардың бо-луынтілейді. (матеррталдыққылмысқұрамыбойьшша). Ал фор-мальды құрамы бар қылмыс жасауға оқталу кезінде жеке түлға жасалған әрекетінің қоғамдық қауіптілігін сезінеді және ол ар-дың жасалуын тілейді.
Қылмыстық қүқық теориясы мен сот тәжірибесінде қътл-мысқа оқталу аяқталган және аяқталмаган болып екіге бөлінеді.
Егер кінәлі адам өзінің ойлаған қылмыстық іс-әрекетін іске асыру үшін қажетті шараларын түгел істегенімен, бірақ оньщ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша әрекеттің ақырына дейін жетпей қалуын немесе қылмыстың зардабы бол-май қалуын аяқталған оқталу деп атаимыз. Мысалы, А дегеи азамат Б деген азсіматты өлтіру мақсатында оган қар-сы оқ атқанымен Б-ныц дер кезінде бурылып қалгандыгы пәтижесінен оган оқтың тимей кетуі, не болмаса оқ тиіп, алгаи жарақагпыш дер кезінде дәрігерлік комек корсету нәтижесінде Б-ныц өлмей қалуы.
Егер кінәлі адам қылмысты аяғына дейін жеткізу үш ін өзінің оилаған қылмыстық іс-әрекетін ақырына дейін жеткізу шара-ларынтолықістепбітірмесе,ондаол аяқталмаған оқталу болып табылады. Мысалы, кісіні өлтірмекші болып мылтыкты кезенген кезде бегде бір адамдардың кедергі жасауының сал-дарынан мылтықты ата алмауы.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс жасауга оқталу жарамсыз оқталу болып та бөлінеді және оның екі түрі қарас-тырылады:
жарамсыз объектіге оқталу;
жарамсыз құралмен оқталу.
Жарамсыз оқталудьщ жарамсыз объектіге окталу түрі де жеке тұлға өзінің әрекеттерін белгілі бір объектіге бағыттаға-нымен, оның әрекеттері жіберілген қателіктердің арқасында таңдаған объектісіне ешқандай зиян келтірмейтіндігімен си-патталады. Мысалы, өліп жатқан адамды, ол өліп жатса да, елтіремін деп оқ ату.
Жарамсыз қуралдармен (щталу деп кінәлінің қылмысты аяғына дейін жеткізуге жарамайтын жарамсыз құралдарды пай-далануын айтамыз (оқталмаған мылтықты, не болмаса жарам-сыз мылтықты пайдалану, адам өлтіру үшін қателесіп у екен^ деп оның орнына сода ұнтағын беру).
Қылмыстық заң бойынша жарамсыз құралдармен жарам-сыз объектіге оқталу, оқталудың басқа түрлері сияқты қыл-мыстық жауаптылыққа тартылуға жатады, яғни ҚК-тің 24-ба-бының ушінші бөлігіне сілтеме жасала отырып істелінген іс-әре-кет Ерекше белімнің тиісті баптары бойынша сараланады. Кылмыс жасауға оқталғаны үшін жаза тағайындалады және аяқталмаған қылмыс үшінжаза тағайындаудың қылмыстық заң талаптарына байланысты ерекшеліктері ескеріледі (52, 56-бап-тар).
Қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері Кылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін кезделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек. Сондай-ақ қылмыс жасауға оқталғандық үшін өлім жа-засы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағай-ындалмайды (ҚК-тің 56-бабының ушінші, төртілші боліктврі).
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 602 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа зиян келтіру. | | | Ылмыс құрамының түрлері. |