Читайте также: |
|
ҚК-тщ 42-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жүмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдықпайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жүмыстар республиканың бүрынғы қылмыстық заңында бұрын белгісіз болған жазаның Қазақстан Республи-касы Қылмыстық Кодексі тағайындаған жаңа түрі болып табылады. Қоғамдық жүмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімі бапта-рының 64 санкциясьшда аталған; бүл — санкциялардың жалпы санының 10, 14-%-ынқүрайды.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шілдегі "Қазақ-стан Республикасы Қылмыстық Кодексінің күшіне енуі тура-лы" Заңының 4-бабына сәйкес, жазаның аталған түріне катыс-ты бүйрықтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқа-ру кодексі күшіне енгеннен кейін жазаның бүл түрін орындау үшін қажетті жағдайлардың орнығуына қарай, бірақ 2003 жыл-дан кешіктірілмей күшіне енеді.
Бұған дейін айтылғанындай, қоғамдық жүмыстардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқарушы органдар белгілейді; олар жазаны атқарушы орган — қьілмыстық-атқарушы инспекцияларға мүндаи жүмыс-тар бойынша қажеттіліктер туралы хабарлап отырады.
Сотталған адамды жұмысқа осьт инспекция жіберетін болады. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның тұратын жерінде өтеледі.
Қоғамдық жұмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің кінәлі тұлға сотталған бабының санкциясында қарастырылған жағдайда, жазаның тек негізгі түрі ретінде ғана қолданыла алады.
Қоғамдық жұмыстар, сонымен катар белгілі бір қылмыс ушін көзделген жазадан гәрі неғұрлым жеңіл жаза қолдана-тын немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыратын жағдайда да қолданылуы мүмкін. (ҚК-тің 55, 71-баптары).
Зерттеліп отырған шара шұғыл Іпаралардың катарына жа-тады. Ол сағатпен елшеніп, сотталған адам қоғамдық жұмыс-тарды сол сағаттар аралығында өтейді. Заң бұл жазаны алпыс сағаттан — екі жүз қырық сағатқа дейінгі уақытқа тағайындауға рүқсат етеді. Жаза бөлініп өтеледі, алайда, демалыс күндері мен сотталған адам негізгі жұмысы мен оқуынан бос күндері — 4 сағаттан, жұмыс күндері — жұмьіс не оқу аяқталғаннан соң 2 сағаттан, ал сотталған адамның келісуімен — 4 сағаттан ас-пауы керек (ҚАК-нің 32-бабының, 2-тармағы).
Сотталған адам қоғамдық жүмыстарды өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, аталған жазаны басқа, неғүрлым қатал жаза түрімен ауыстыру мүмкіндігі тағайындалған.
ҚАК-нің 34-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстардан қаса-қана жалтару деп мына жағдайлар танылады: сотталған адам-І гың қоғамдық жүмыстардан жалтару мақсатымен жасырынып қалуы; бір ай аралығында кемінде екі рет еңбек тәртібін бұзу; бір ай аралығында қоғамдық жұмыстарға дәлелді себептерсіз кемінде екі рет шыкдау.
Мұндай жағдайда қоғамдық жүмыстар ҚК-тің 45 және 46, 48-баптарында қарастырылған мезгіл шегінде қамауға алу-мен немесе бостандықты шектеумен алмастырылуы мүмкін. Бүл орайда, сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақыты — қамауға алу немесе бостандықты шектеу мерзімін пнықтау кезінде ескеріледі. Ал уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық жүмыстардың төрт сағатына есептеледі.
ҚК-тің 42-бабының ушінші бөлігіиде қоғамдық жүмыстар.Ірқылы жаза қолданылмайтын түлғалардың қатары айқын (>олгіленген. Қоғамдық жүмыстарға тарту әскери қызметшілерге, спу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркек-герге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге тағай-ындалмайды.
Жазаның аталған шарасына сотталған әйелдің жукті болу-ына байланысты ҚК-тің 72-бабына сәйкес оған жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылуы мумкін.
Сотталған адам жазаны өтеу барысында бірінші не екінші топ мүгедегі деп танылған жағдайда, егер де жазаның аталған түрін сотталған адамның одан әрі өтеуіне оның денсаулығы кедергі жасаса, ҚК-тің 73-бабына сәйкес бұл тұлға жазаны өтеуден босатылуы немесе бұл жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Қызметте үнемі болатындықтан, қоғамдық жұмысқа тарту әскери қызметшілердің барлық санаттарына бірдей тағайын-дала бермейді. Бүл — дәлелді қоғамдық жүмыстарға тарту шақырумен келіп әскери қызмет өтеп жүрген әскери қызметшілерге ғана тағайындалмайтын Ресей Федерациясыньщ Қылмыстық Кодексінен айырмашылығы бар жағдай.
Қылмыс жасаушы кәмелетке толмаған тұлғаға тағайында-латын қоғамдық жүмысқа тарту, оның оқуынан немесе негізгі жүмысцнан бос уақытты кәмелетке толмаған түлғаның әлі келетін қоғамдық пайдалы жұмыстарды тегін орындауынан тұрады.
Кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық жүмысқа тартылу-дың мерзімін есептеудің біраз өзгешелігі бар. ҚК-тің 79-бабы-ның төртінші бөлігіне сәйкес оларды қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан — жүз алпыс сағат аралығында тағайын-далады.
Жазаны өтеу сотталушының жасына қарай анықталады: он алты жасқа дейінгілерге — күніне екі сағаттан, он алтыдан — он сегізге дейінгі тұлғаларға — үш сағаттан аспауы тиіс.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Оғамға қауіпті зардаптың түсінігі. | | | Ол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа зиян келтіру. |