Читайте также:
|
|
Үзақ уақыт боиы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру жөніндегі мәселе өз шешімін таппай, ашық күііінде қалып келген болатын.
1997 жылғы 13 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-ралы" Заңымен Қазақ КСР-інің Кылмыстык кодексіне жеке жүйе ретйде қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру нормалары енгізілді. Бұл нормалар кейіннен ҚК-те орын алды. ҚК-тің 33-бабының бірітиі бөлігінесәйкес кылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адаэдды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайтындығы көрсетілген.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру мәселесінің шешімі табылуының қьшмыстьілықпен күресудегі, қылмыстық-қүқықтық заңнаманы күшейтудегі немесе азаімат-тардың конституциялық қүкықтарын қорғаудағы маңызы зор.
Бұл біріншіден, қылмыстық-қүқықтықинститут ретінде қыл-мыс жасаған адамды қылмыстық іс жүргізу талаптары бойын-ша уақтылы үстауға, сот әділдігін жүргізуге, бүдан кеиін де басқа да адамдардын қылмыс жасауын тыюға, қылмыстардың алдын алуға әсерін тигізеді.
Екіншіден, бұл адамның мүддесі мен конституциялық құқықтарын қорғауда маңызды орын алады. Қылмыстық қүқық бойынша қылмыскерді ұстау шараларын қолдану бәрінен бұрын заңға бағынатын азаматтардың өмірін, денсаулығын, және мүліктік мүдделерін қол сүғушылықтан қорғауды, сонымен қатар қоғаэддық қатынастың бұзылмауын қамтамасыз етеді. Мұндай қорғаудың маңызы мынадан көрінеді: қылмыскерді ұстау арқылы оның жаңа қылмыс жа-сауытыйылады, басқа түлғаның зияншегуі есебінен объектінің қорғанысы қамтамасыз етіледі. Қылмыскерді ұстаудың негізі оның біткен немесе аяқталмаған қылмысты істеуі немесе қыл-мыс істегеннен кейін одан жасырыну, құтылғысы келу әрекеттерін жасауы болып табылады. Кез келген азаматтар сияқты қол сұғушылық жасаған адам да өзінің кінәлілігіне кара-мастан, конституциялық құқықтарға, мүдделерге ие болады
Тек қана оның қоғамға қауіпті әрекеттері үшін ғана тұлғаға белгілі бір зиян келтірілуі мүмкін (камау, соғу, байлау; денеге зиян келтіру, мүлкіне зиян келтіру, кей жағдайларда өмірінен айыру т.б.) ҚК-тің 33-бабына сәйкес зиян келтірудің мақсаты қылмыскерді мемлекет органдарына тапсыру, оның басқа да жаңа қыліцыстар жасауын тыю болып табылады.
Қылмыскердің бостандығын шектеудің занды белгілеріне мыналар жатады:
Адамның қылмыс жасауы және қылығы үшін мемлекет
органдары алдындағы жауаптылығы. Кылмыскерді үстауға
оның жасаған әрекеті негіз болып табылады.
Қылмыс субъектісіне тән барлық белгілерге ие болғаны-
на қарамастан, қоғамға қауіпті қол сүғушылық жасаған кез-
келген адам қылмысы үшін мемлекет органдары арқылы үста-
луға жатады. Егер де үсталуға жататын адам, қылмыс
субъектісінің белгілеріне ие болмағандығы туралы алдын-ала
білген болса, онда оған тигізілген зардап кажетті деп саналады.
3 Қол сүғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттілігі бар адамдармен қатар жәбірленушілер мен басқа азаматтардың да қүқығы бар.
4, Қол сүғушылық жасаған адам қылмыс жасаған уақытты
үстінде немесе қылмыс жасағаннан кейін де, я болмаса қътл-
мыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін болған жағдаиларға
дейін де үсталуға жатады.
Арнайы зерттеулерге қарағанда қылмыскерлердің 12%-і қылмыс жасағаннан кейін арада біраз уақыт өтіп барып қана қолға түсетін көрінеді.
5. Кылмыскерді үстау, егер ол қысқа уақыт аралығында
жүргізілсе заңды болып табылады. Қылмыскерді жәбірленуші,
куәғер немесе басқа да адамдар тез арада үстап, тапсырулары
қажет. Алайда, қылмыскерді үзақ уақыт бойы жеткілікті
негіздерсіз ұстау ҚК-тің 126 немесе 308-баптарына сәикес жау-
яптылыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қылмыс істеген адаэдды ұстаған кезде зиян үшінші жаққа емес, тек қылмыскердің өзінеғана келтірілуге тиіс. Қандай да болмасьш жағдайларға байланысты қылмыскердің өміріне, ден-саулығына, мүлкіне зиян келтірілгенде белгілі бір шарттардың болуы қажет.
Олар мыналар:
зардап тигізудің қажетті болуы;
арнайы мақсаттың болуы;
әрекеттің нақты жағдайларға сай болуы.
Бұл шарттар заңды түрде қол сұғушыға зиян келтірудің дұрыстығын керсетеді.
Қол сұғушылық жасаған адамды үстау кезінде зиян келтірудің қажетті болып табылуы мына жағдайларда:
1) қылмыскердің әрекеті үшінші тұлғаға (басқа адамға) оның
өміріне, денсаулығына қауіп тендіруі жағдайында болып, қыл-
мыскерге белгілі бір зиян келтірмей үстау мүмкіндігі болмаса;
2) қылмыскердің қашуға әрекеттенуі немесе қарсылық
көрсетуі себепті оған белгілі бір зиян келтірмей үстау мүмкін
болмаса орын алады.
Қажеттціік мына үш факторға:
қылмыскерге және үстау кезіндегі оның әрекетіне;
қылмыскерді үстайтын адамға;
үстау кезіндегі жағдайға байланысты сршатталады.
Қылмыс жасаған адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне
зиян келтіру — тек қана оны ұстау, бас бостандығын шектеу мақсатымен ғана жүзеге асырылады. Үстау мақсатымен қажетті түрде келтірілген зиян тиісті мән-жайға байланысты болуы керек.
К^ылмыстық кодекстің 33-бабының екінші ба7/г/яг9<?қажетсіз зиян келтіру жайында баяндалған: "Қол сүғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай мәжбүр етпейтін аныкшектен тыс зиянқажетсіз келтірілген кезде, олардың үста-латын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу дептанылады. Бүлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыс-тық жауаптылыққа әкеп соғады".
Заңда көрсетілгендей асыра сілтеуді былайша түсінуге бо-лады:
а) қылмыс істеген адамды ұстағанда істелген қылмыстың қаупінің сипаты мен дәрежесіне сай емес жағдайда зиян келтіру;
ә) ұстау жағдайына мүлде сәйкес келмейтіндей, оған бай-ланыссыз салдар болса да шамадантыс артық (қажетсіз) зиян келтіру. Мысалы, болмашы зиян келтіріп ұстауға болатын болса да, шамадан тыс ауыр, қажетсіз залал келтіру, жарақат салу, ату, мүгедек ету т.б. әрекеттер.
Заңда қолданылатын, "ұстау кезіндегі жағдайдың" мәнісі ретінде кең ауқыэдды, әр түрлі объективті шарттарға байланыс-ты қылмыскерді үстау кезінде пайда болатын мән-жайларды айтуға болады. Мысалы, аса қауіпті қылмыскерді үстау кезінде оған келгірілетін зиян мөлшері алғаш рет қылмыс жасаған адамға келтірілген зиянға қарағанда едәуір көп болатыны, түсінікті. Зиян мөлшері үста латын қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің тиісті бабына сәйкес түтқын орнынан қашқан әйел-дерге, жасөспірімдерге қару қолдануға болмайды. Осыған бай-ланыты жасөспірімдерді, әйелдерді, егде жастағы адамдарды, мүгедектерді қылмыс істеген кезде немесе одан кейін үстаған-да оған қолданылатын күштеу шараларын шектеу қажет.
Зиян келтіру кейбір жағдайларда үсталатын қылмыскердің қарулануына, қылмыс істеу уақытына, орнына, жағдайына да байланысты. Қылмыскерді үстау барысында оның өмірінеқауіп келтіру қажетті қорғану шегінде ғана жүзеге асырылады.
Қылмыскерді үстаудағы шектен шығушылық қоғамға қауіпті болып табылады және бұған кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Алайда, қоғамға қауіптіліктің бүл түрінің басқа қасақана қылмыс жасаудан қауіптілігі едәуір төмен. Соңдыьсган, шектен Іпығушылық үшін қылмыстық жауап-тылық тек қылмыскердің өлімі кезінде (ҚК-тің 99-бабы) не-месе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтірген кезде (ҚК-Іің 110-бабы) тағайындалады. Мүндай жағдайдағы жасалған қылмыстар үшін жаза, әрине, қасақана кісі өлтіру мен ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстарға тағайын-далатын жазадан едәуір мөлшерде жеңіл болады.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 368 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Оғамдық жұмыстарға тарту. | | | Ылмыс жасауға оқталу және оның түрлері. |