Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий

Читайте также:
  1. IX. ГЛОССАРИЙ
  2. ГЛАВА 4. ГЛОССАРИЙ
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий

Абстракциялау – заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылау.

Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, биология, тарих және т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

Акселерация – жасөспірімдердің дене дамуының күрт жылдамдауы.

Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.

Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылыс суретін талдамалы түрде қарастыруға әкелетін әдіс.

Арнайы бақылау – бұл зерттелетін құбылысты таңдап қарастыру әдісі.

Арнайы педагогика – көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың саласы.

Аттестация – білім беру қызметкерлерінің кәсіби мамандығының өсуін, еңбегінің нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын саталауды бағалаудың тиімді жүйесі.

Аттестациялау – білім беру мекемелері қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерін жалпы бағалау.

Ашық бақылау – зерттеушіге оны қызықтыратын барлық құбылыстар тараптарын қамтуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен бірге зерттеуші қатысуының теріс әрекеттеріне көп ұшырайды.

Ашық сауал –жауаптар сипаты мен саны, олардың түрлері мен формалары алдын ала қарастырылмаған сауал.

Әдептілік –көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданылатын тәсілдері.

Әдістеме – дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы–ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды.Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.

Әңгімелесу әдісі –педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады.

Баға қою – оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін берілетін бағалау.

Баға – экономикада материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы.

Бағдарламалық оқыту – жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі.

Бағдарламалық оқыту – тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) оқушының өз бетімен меңгеруі.

Басқару принциптері – білім беру ісінің қызметкерлері өз жұмысында қолдануда тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.

Баяндама – нақты мәселе бойынша жиналыста жасалатын хабарлама.

Бихевиоризм – жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайтын философиялық бағыт.

Білік -адамның белгілі бір құбылыс, күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті.

Біліктілік (квалификация) – адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті.

Білім – бұл мұғалім мен оқушының мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық процесі.

Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.

Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.

Білім беру ақпараты –қандай да бір қызметті біліктілікпен атқара алуы үшін оқушыға беруге қажетті білім.

Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.

Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп,саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.

Дағды – іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді.

Даму – жеке тұлға дамуының сандық және сапалық өзгерістерінің желісі мен нәтижесі.

Дарындылық – адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі.

Дәстүр – ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.

Демонстрация – әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетуі.

Дене тәрбиесі – тән саулығы мен салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.

Диагностика –оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі.

Дидактика –бұл ежелгі грек сөзі, яғни «didasko» –оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика– білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті.

Дистанциялық оқыту (қашықтан білім беру) – электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.

Дөңгелек үстелдер – белігіленген мәселе бойынша пікір алмасуды қарастыратын педагогикалық тәжірибені зерттеу түрі.

Жабық бақылау –жасырын немесе бақылаудың жасырын процесі.

Жеке әдістемелік бақылау – ғылыми қабылдау нысаны ретінде белгіленген пән бойынша нақты оқу процесін бақылау.

Жеке диагностикалық қызмет – бұл оқушының білімдарлығына, тәрбиелілігіне және дамуына психологиялық зерттеу жасау, сонымен қатар мұғалімнің кәсіби хабардарлығының деңгейін анықтау.

Жеке ерекшелік – адамның қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады.

Жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Зейін – адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы.

Иллюстрация – әдіс, оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.

Инновациялық іс-әрекет –қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет.

Интеграция –әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыру.

Интеграциялау принципі – жалпы білім мазмұның анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруды ескеретін маңызды принцип.

Комбинаторлық инновация – белгілі бір әдістердің элементтерін бір-біріне қосу.

Конференция – тәжірибені зерттеу және жинақтау түрі. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетті оқиды және аз тәжірибе мәнін, сонымен бірге әріптестер тәжірибесін ұсынады.

Креативтілік (creatio латын тілінен тікелей аудармасы– «жасап шығару»;«жасырын күш»;«жасап шығаруға қабілеттілік».) – өнімді әрекет етуге дайын болу, жаңалық ашуға дайындығын көрсететін индивидтің тұлғалық сапасы. Индивидтің жоғары нәтижелерге жетуге деген тұрақты мотивтерінің болуы.

Конференция (conferentіa, лат. confero – жинаймын) – мемлекеттер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, әлдебір ұйымдар мүшелерінің, ғалымдардың жиналысы, мәжілісі.

Конформизм –тұлғаның ұжымға бағынуы.

Көрме – белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету.

Күнтізбе (ағылш. calendar) – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.

Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі, бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады.

Қабылдау – сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.

Қабілеттілік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.

Қалыптасу – ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық факторлардың ықпалымен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде дамып жетілуі.

Қарама-қайшылық – дамудың қозғаушы күші, зерттеу нысанындағы қарама-қарсы тараптардың қатысы.

Қарама-қайшылық - қарама-қарсылықтардың бірлігі.

Қашықтықтан оқыту – бұл оқытушылар мен оқушылардың бір-бірімен және оқу құралдарымен синхронды және асинхронды түрде интерактивті өзара іс-қимыл жасасуы, олардың кеңістікте инвариантты түрде орналасуы мен уақытпен келісіліп мақсатты түрде ұйымдастырылған процесінің ақпараттық және педагогикалық технологияларының жиынтығы.

Қызығушылық (латынша interest – мәні бар, маңызды) – дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әртүрлі болады.

Лидерлік –тұлғаның ұжымды өзіне бағындыруы.

Логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейтін педагогиканың арнайы саласы.

Менеджмент –бизнесте жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат-мұратын қою, атқарылатын істің уақытын, орындаушысы, жұмыс барысының қалай өтетінін, барлық деңгейдегі басқару мен ұйымдастыруды бақылау. Жұмысты бағдарлау, мақсатқа жетудің тиімділігі.

Модуль –мұғалім жасайтын оқушының іс-әрекетінің жоспары.

Мониторинг (лат. monitoring - ескертуші, бақылаушы):

1. Қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі. Бұл орайда, іріктеменің бір ғана ұстанымның қолданылуы және мәлімет жинау үшін бір ғана амал-құралдардың пайдаланылуы шарт;

2. Күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру процесінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу, адамның шаруашылық қарекетіне байланысты қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау, бағамдау және болжамдау;

3. Адамдардың мінез-құлқын бақылау үшін немесе когнитивтік не эмоциялық тұрғыдағы өзінің ішкі процестерін бағамдау үшін адамның өзіне қатысты бақылаулар.

Мотив – әрекеттің себебін, оның неге жасау керектігін анықтаушы. Адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.

Мотивациялау – адамда белгілі бір мотивтер туғызып олар адамға белгілі бір іс-әрекет жасататын процесс.

Мультимедиа (латын сөзінен алынған multum ағылш. multimedia – көп және media, medium – жабдық) – қолданушыға бірыңғай ақпараттық орта түріндегі әртүрлі деректермен (графика, мәтін, дыбыс, бейне) дилогтік режимде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық жабдықтар кешені.

Мінез-құлық мәдениеті – бұл айналасындағылармен қарым-қатынасын жасағанда өз шамасын білу және әдептілік сақтау.

Мінез-құлық – адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет. Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік беталысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді.

Ойлау – адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарының өздеріне тиісті қарым-қатынастарын жалпылап санасында бейнелеу.

Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет.

Оқу бағдарламасы –оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.

Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.

Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактикалық талаптарға сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп, баяндайтын оқу кітабы.

Оқу – танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі; оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытатын әдіс.

Оқытуды бақылау – мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі; нәтижелерін басқару; шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету.

Оқыту – мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.

Орта – адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар.

Өзара оқыту (жұптық оқыту) – оқушылар тұрақты жұпта немесе құрамы өзгеретін жұпта жұмыс істеп, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалауы.

Өзіндік жұмыс – оқушылардың білім, іскерліктерін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы көмегінсіз өткізілетін іс-әрекеті.

Өзін-өзі бағалау әдісі – жеке тұлғаның өзі-өзі баға беруі; жеке тұлғаның өз мүмкіндіктері, қасиеттерін және басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.

Панорамалық сабақ –озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке таратуы.

Педагогикалық бақылау – бұл педагогикалық процесті тану әдісі, ол ұзақ мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.

Педагогикалық заңдылық – педагогикалық құбылыстардың дамуына, жағдай туғызатын олардың объективті негізгі, маңызды тұрақты байланыстары.

Педагогикалық процестің аксиологиялық қызметі – тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, қоршаған ортаға, заттар мен құбылыстарға қатынастарын түсіндіру.

Педагогикалық процестің ақпараттық қызметі – тəрбиеленушіні сауаттандыру.

Педагогикалық процестің дамытушылық қызметі – тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі.

Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы – танымдық процестер, оқуға қызығушылық, т.б. қалыптастыру.

Педагогикалық процестің тəрбиелік қызметі –тəрбиеленушінің рухани дүниесін байыту, оның тұлғалық өзгеріске келуі.

Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.

Перспектива (болашақ) – педагогикада ынталандыру әдісі ретінде оқушылардың қалауын арттыратын, ұмтылысын, қызықты мақсат көздеу, қоғамға пайдалы әрекеттерді қамтамасыз етуі.

Преформизм – адамның ұрығында-ақ болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар деп санаған философиялық бағыт.

Принцип – белгілі бір әрекет барысында басшылық етудің бастапқы, негізгі идеясы.

Принцип – адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын шарты, негізгі ережесі.

Процесс (лат. рroccessus- ілгерілеу) –бір нәрсенің дамуы қалпындағы құбылыстардың кезегімен алмасуы, қандай да бір нәтижеге жету үшін әрекеттердің бірізді жиынтығы.

Рейтинг – білікті адамдар көмегі арқылы жеке тұлғаның қасиеттерін бағалайтын сызба. Белгіленген сызба бойынша кез келген құбылысты субъективті бағалауға болады.

Сабақ – мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.

Саналылық және белсенділік принципі – өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді, ал белсенділік оқу материалын терең және берік түсінуге ықпал жасайды.

Сауалнама – сауал арқылы көпшілік материал жинастыру әдісі.

Семинар – оқыған лекция тақырыбына байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.

Стереотип –сараптау жүйелерінде пәндік саладағы абстракцияланған, жалпыланған объект түсінігі.

Сұхбат – ауызша сұрау арқылы ақпарат алу тәсілі.

Сұхбаттасу – әңгіменің бір түрі, зерттеуші белгілі тәртіппен берілетін, алдын -ала дайындалған сұрақтармен сұхбат жүргізуі.

Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог.

Талап – оқу-тәрбие процесінің қозғаушы күші.

Таным – нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену процесі.

Тәрбие принциптері – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда мұғалімдердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығы.

Тезистеу –кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.

Темперамент – адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі.

Тест – жеке тұлғаның салыстырмалы көрсеткіште психологиялық қасиеттерін, сонымен бірге білімін, дағды іскерлігін өлшеуге арналған стандартты тапсырмалар жиынтығы.

Технология – өнім алу үшін оған керекті материалды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.

Технология – өнім алу үшін керекті материалдарды өңдеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.

Тұқым қуалаушылық –организмдердің өз белгілері мен қасиеттерінің ұрпағында қайталанып көрініс табуы.

Тұлға дамуы –жеке тұлғаның дене, психикалық, рухани-әлеуметтік қасиеттерінің дараланып күрделенуі.

Тұлға – адамның әлеуметтік-психологиялық қырын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі, қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.

Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау.

Түсініктілік принципі – бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білім, іскерлік, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай қабылдауы.

Тікелей бақылау – зерттеушінің бақылау барысында тікелей көрген деректерді тіркеуі.

Ұжым – ортақ мақсат пен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі. Бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсат, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен біріккен адамдар тобы. Ұжым әрекетте ортақ мақсат көздейтін адамдар тобы.

Ұжымның негізгі белгілері – қоғамдық маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.

Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білуі.

Факультатив – міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқыту.

Формальдық – логикалық модель-мәтіннің сызбасы.

Форум – қашықтықтан оқыту жүйесіне қатысушылардың барлығы немесе бір бөлігі үшін ашық қашықтықтан оқыту жүйесіне ұсынылған тақырыптарды талқылау жүргізуде қолданылатын құрал.

Цитаталау –мәтінді сөзбе-сөз көшіру.

Шығармашылық – пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау.

Іскерлік –іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.

Эвристикалық әдіс – оқушыға мәселені өз бетімен шешуді үйрету үшін қолданылатын әдіс.

Экономикалық тәрбие – балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезім, дағды, іскерлік, талаптары мен мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.

Экономикалық тәрбиенін мақсаты – тиімді экономикалық іс-әрекетке байланысты экономикалық ұғым мен сана-сезімді қалыптастыру.

Экспрессивтік әдістер –оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытуы.

Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық сезім мен талғамға тәрбиелеу. Өнер мен өмірдегі сұлулықты түсінуге, қадірлеуге үйрету.

10. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикаларды өту туралы әдістемелік нұсқаулар, есеп құжаттарының формалары

1 курс білімгерлеріне арналған үздіксіз педагогикалық практика тапсырмалары

(әдістемелік нұсқауларымен бірге)

Түсіндірме хат

Мұғалімнің психологиялық - педагогикалық құзыреттілігі тек қана оның педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындығы негізінде құрылуы мүмкін. Педагогикалық практика жағдайында қалыптасқан құзыреттіліктер инвариантты аздаған маңызды құзыреттіліктерге жатады, өйткені олар жоғары мектеп бітірушісіне еңбек нарығында әр уақытта қажетті екендігін түсінуге көмектеседі. Осы орайда жинақылық, жаңашылдық, креативтік, бәсекелестік бастапқы рөл атқарады. Құзыреттілік әрқашан іс-әрекетте байқалады, сондықтан педагогикалық практика оптималді кәсіби орта және де іс-әрекет болып саналады, онда кәсіби құзыреттіліктер көп тұрғыдан көрінеді. Педагогикалық практикада ұйымдастырылатын зерттеу іс-әрекеті өз іс-әрекетінен, бақылаудан тәжірибе алуға ықпалын тигізеді, өмірлік маңызы бар объектілерді ашуға, өз іс-әрекетінің үдерістерін түсінуге, қажетті әлеуетті орта қалыптастыруда тұлғаның өзін-өзі дамытуға және іс-әрекетті жүзеге асыруда негізгі рөл атқарады. Мұның барлығы 2011-2020 жж. арналған білімді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасының мақсаты болып есептелінеді.

1 курс студенттерінің практикасы «Мектеп күні» принципімен 2 апта бойынша жүргізіледі.

Әдістемелік нұсқаулары бар кітапшада әр аптаға үздіксіз педагогикалық практика бойынша барлық мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған тапсырмалар, сондай-ақ кітапшада тапсырмаларды орындау жолдары мен мерзімі көрсетілген.

Практика барысында студенттер атқаратын тапсырмалар


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 5507 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Баланы жетектеу. | Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. | М. Чошанов. | Аттестациялау. 1 страница | Аттестациялау. 2 страница | Аттестациялау. 3 страница | Аттестациялау. 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аттестациялау. 5 страница| Жадынама

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.03 сек.)