Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жадынама

Практикант міндеттері

1. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне, мектеп әкімшілігі мен практика жетекшісінің пікіріне бағыну.

2. Педагогикалық практика бағдарламасында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін өз уақытында орындау.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік білімін көтерумен айналысу, педагогикалық шеберлік біліктерін жетілдіру, қарым-қатынас пен сөйлеу мәдениетін дамыту, мұғалімнің сыртқы бейнесіне қойылған талаптарды сақтау.

4. Педагогикалық күнделікті өз уақытында және жүйелі жүргізу, талап етілген практика туралы есептер мен құжаттарды топ жетекшісіне өткізу.

Білім беру мекемесімен танысу бағдарламасы

1. Білім беру мекемесінің типі: Жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей.

2. Материалдық базасы:

а) ғимарат: типтік, жеке жоба, ыңғайластырылған мекеме;

ә) мектеп жанындағы участок: балалар алаңы, географиялық алаң, спорттық-дене шынықтыру блогы, бақша, тәжірибе участогы, жалпы көгалдандыру;

б) мектеп кабинеттері;

в) жатын орын, демалыс орындары, ойын бөлмелері;

г) ОТҚ, лингофон, мультимедиялық кабинеттер,

д) спорт комплексі: зал, спорттық құрал-жабдықтар, тренажерлар, бассейн, душ, шешінетін орын;

е) кино және акт залы, ырғақ пен хореография залы;

ж) библиотека және оқу залы;

з) шығармашылық жұмыстар мен еңбекті оқыту шеберханалары;

и) дәрігерлік кабинеттер;

к) асхана;

л) мектеп пен сыныптарды безендіру және көгалдандыру.

3. Педагогикалық ұжым: кадрлардың сандық және жасерекшелік құрамы.

4. Оқу жоспары және оқу бағдарламалары.

5. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары.

6. Мектептің ұстанатын салт-дәстүрі және оны бағалауы.

7. Ұжым іс-әрекетіндегі инновация, жаңашылдық.

8. Жаңашыл мұғалімдердің сабақтарына қатынасу.

9. Нәтижені талдау және қорытынды жасау.

 

Диагностикалық карта

Сынып _____ мектеп _______________ 201__ оқу жылы

Құрастырушы ________________________________________________

 

                                       
Аты-жөні Туған жылы, йы,күні Ата-анасының қызметі Отбасылық тәрбие типі Денсаулығы Үлгерімі Жетістігі Кемшілігі Қызығушылығы Қабілеті Оқуға қатысы Мәдениеті, эрудициясы Ұжымдағы орны Қоғамдық ұйымдарға қатысы жауапкершілігі Еңбек белсенділігі Кәсіпке бейімділігі Мектптен тыс сабақтарға қатысы Жеке тәрбиелік міндеттер
1.                                        
2.                                        

Картаны толтыру мен қолдануға арналған нұсқау

N   Хабар мазмұны Қабылдау тәсілі Жазба формасы Сынып жетекшісі мен тәрбиеші жұмысындағы қолдану мақсаты және тәсілдері
  Аты-жөні Жазбаша жауап алу Алфавит бойынша ұлдар /қыздар/ бөлек Әртүрлі жынысты мектеп оқушылары көрсеткіштерін салыстыру үшін тәрбие жұмысын жеке ұйымдастыру
  Туған жылы, айы, күні Жазбаша жауап алу цифрмен Жасерекшелікке байланысты дамудағы ауытқушылықпен жұмыс: құқықтық жауапкершілік, паспорт алу
  Ата-анасының қызметі Жазбаша жауап алу -шешесі/әкесі/ Балаларды жұмысқа тарту үшін олардың ата-аналарымен жұмыс
  Отбасылық тәрбие типі Ата-анамен пікірлесу, үйіне бару, бақылау А-авторитарлық Д-демократиялық, Н- немкетті Ата-анаға кеңес, олармен жұмыс  
  Денсаулықжағдайы Медкартамен танысу, ата-анамен, дәрігермен әңгімелесу ШИФР: К - көру, ЖҮР -жүрек, А - ауытқусыз Режим, жүктемені реттеу үшін денсаулықты сақтау, емделуді ұйымдастыру  
  Үлгерімі Оқушының білімі мен журналдағы мәліметтерді талдау Оқушының бағасын жазу   Жеке жұмысты ұйымдастыру, оқуға көмек көрсету  
  Негізгі қасиеті Өзін-өзі бағалау, мұғалімдермен пікірлесу Сөздік Өзін-өзі бағалауды көтеруді, балалардың өзін-өзі тәрбиелеуін, тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін
  Негізгі кемшіліктер   Ерікті шифр  
  Қызығушылығы Ата-аналар, мұғалімдер пікірі, әңгімелесу, бақылау Шифр – жағымсыз қызығушылықтары Қызығушылығын дамыту үшін жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру  
  Басым қабілеттері Олимпиадаға қатысуын талдау, бақылау Қабілет бағыттарын жазу   Дарынды балалардың қабілеттерін одан әрі дамыту, кәсіби бағдар беру үшін  
  Оқуға түрткі, оқуға қатынас Ата-аналар, мұғалімдер пікірі, әңгімелесу, бақылау Сөздік: қызығушылық, белсенді, міндет сезімі, оқуға құлқы жоқ Оқуға белсендендіру, қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру үшін  
  Жалпы мәдениеті, эрудициясы Бақылау, мұғалімдер пікірі Деңгейі: жоғары, жеткілікті, орта, төмен Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті, танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру үшін
  Ұжымдағы жағдайы, жолдастарымен қатынасы Бақылау, мұғалімдер пікірі, социометрия   Еркін: лидер, белсенді, артықшылығы, кертартпалығы Оқушылардың қатынасы, дамудың жеке проблемаларын шешу, топ ішіндегі қатынасты, оқушылардың жағымды сапаларын дамыту үшін
  Формальды емес бірлестіктерге, қоғамдық ұйымдарға тартылу Жазбаша жауап алу, пікірлесу, бақылау Ерікті жазу Оқушылардың жеке дамуына көмек көрсету, әлуметтік белсенділігін арттыру, тәрбие жұмысындағы міндеттерді анықтау үшін
  Орындалған тапсырмалар Жазбаша жауап алу Сөздік Әрекеттегі тәрбиені, тәжірибені дамыту, жүктемені бөлу үшін
  Еңбек белсенділігі Бақылау, мұғалімдер пікірі Б – белсенді, БА – белсенділігі аз, БЕ – белсенді емес Жүктемені бөлу, сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік тәжірибені дамыту үшін  
  Кәсіби мүдде Ата-аналар, оқушылардан Сөздік Кәсіби бағдар беру жұмысы үшін, кәсіби өзін-өзі анықтауына көмек көрсету үшін
  Мектептен тыс сабақтар Оқушылардан, ата-аналардан жауап алу Сөздік Жеке режимді реттеу, есепке алу, тәрбие жұмысында қолдану, балалардың қызығушылығын дамыту үшін
  Жекелеген оқушылармен жұмыстағы басым тәрбиелік міндеттер берілген диагностикалық картада қатар/көлденең/ бойынша нәтижесі болып табылады және ерікті түрде тұжырымдалады.

Үйірме жұмыстарын талдау схемасы

1. Сабақтың тақырыбы және оның үйірме жұмысының жалпы жоспарындағы орны.

2. Тәрбиелілік - білім берушілік міндеттер, ғылымилық, оқу материалымен байланысы.

3. Сабаққа дайындық.

а) Сабақ өз уақытында басталды ма?

ә) Жұмысқа кімдер қатысты және тапсырмалар қалай бөлініп берілді?

б) Үйірмеге қатысушылардың белсенділігі мен өз бетінше орындаушылығы немен көрінді? Олар үйірме жұмысын өткізетін орынды қалай безендірді?

в) Мұғалім мен ата-аналар қандай көмек көрсетті?

4. Сабақты өткізудің формасы мен әдістері(оқушы немесе мұғалімнің хабарламасы, конференция, саяхат, кеш, диспут, пікірлесу және т.б.)

5. Жұмыс барысы:

а) Сабақтың басталуы дұрыс ұйымдастырылды ма? Үйірме мүшелері түгел қатысты ма?

ә) Сабақты кім ашты және жүргізді?

б) Жұмыс бағдарламасы талқыланды ма, оған өзгерістер енгізілді ме?

в) Үйірме мүшелері белсенділік танытты ма (неше адам қатысты, олар қандай сұрақтар қойды, қосымша сұрақтар қойылды ма, ескертулер жасалынды ма)?

г) Сабақ қорытындысы қандай формада шығарылды?

6. Қорыту.

а) Жұмыс мақсатына жетті ме?

ә) Оқушылар бұл сабақтан қандай білім, білік, дағды меңгерді?

б) Үйірме жетекшісінің рөлі қандай болды? Ол жұмысты бағыттай алды ма, белсенділік таныта алды ма?

в) Сабақ оқушыларға ұнады ма? Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

г) Қандай қателіктер жіберілді және оны келешекте болдырмау жолдары.

Сабақтың басталуын бақылау

1. Сабақ неден басталды? Студент-практикант ұйымдастыру кезеңін, сыныптағы тәртіпті қалай ұйымдастырды, оқушылардың назарын белсенді түрде сабаққа аудара алды?

2. Мұғалім сабақ мақсатын қалай қойды? Оқушыларды қанағаттандыра алды ма? Мұғалімнің алдына қойған мақсаты әрбір оқушының әрекетімен сәйкес келу үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданды?

3. Сыныпта басынан сабаққа дұрыс қатыспаған оқушылар болды ма? Практикант-мұғалім оларға қандай шара қолданды?

4. Сіз бұл сабақты қалай бастаған болар едіңіз? Ұсынылған нұсқаға негіздеме жасаңыз.

Оқушылардың сабақтағы білімін тексеруді бақылау

1. Білімді тексерудің сабақтағы орны қаншалықты? Оған мұғалім қанша уақыт бөледі? Қанша оқушыдан сабақ сұралды, қандай бағалар қойылды?

2. Мұғалім білімді тексерудің қандай формаларын (фронтальды, жеке сұрау, өзіндік жұмыс, жаппай оқушылармен жаттығу жүргізу т.с.с.) қолданды?

3. Мұғалімнің қойған сұрақтарында танымдық қызығушылықтың қандай түрлері қолданылды? Қандай сұрақтар нақты жауапсыз қалды?

4. Сабақта білімді өзара тексерудің қандай түрлері қолданылды? Олардың тиімділігі мен мақсаттылығы қаншалықты болды?

5. Практикант бағалауда қандай пайымдауды (жағымды, нейтралды, негативті) жиі қолданды? Олар оқушылардан жауап алуда қаншалықты белсенді болды?

6. Мектептегі оқу процесіне қойылатын талаптарға сұрақ қою мен басқа да тәсілдерді жетілдіру бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?

Сабақта қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдауды талдау

1. Практикант сабақта қандай мақсат қойды?

2. Қандай әдіс-тәсілдер қолданылды?

3. Қолданылғын оқыту әдістері оқушылардың ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, мазмұнымен қаншалықты сәйкес келді?

4. Таңдалынған әдістер қалай қолданылды?

5. Практикант қандай құралдарды қолданды?

6. Қолданылған әдістің нәтижелілігі туралы қорытынды жасау.

Сабақтағы оқу процесінің негізгі звеносын бақылау

1. Оқу материалын оқушылардың қабылдауын ұйымдастыру:

а) оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға, оқытудың жағымды мотивтеріне, белсенді оқу жұмысына дайындығы қалай жүзеге асты?

ә) практикант оқу жұмысының қандай әдістерін қолданды:

- Оқып жатқан пәнді бақылау қалай ұйымдастырылды;

- қандай фактілер қолданылды, оларды түсіндірудегі ғылымилық пен қол жетімділік, шамаға лайықтылық қаншалықты дәрежеде болды;

- фактілерді бақылау мен қабылдаудағы оқушылардың іс-әрекеті қалай жүзеге асты;

б) сабақта оқу материалының иллюстрация, демонстрацияның қандай тәсілдерін (бейнелеу, символдық, көрнекілік, кітаптан оқу, түсіндіру, практикалық пікірлесу т.с.с.) қолданылды?

2. Оқу материалын оқушылардың ұғыну жолдары:

а) Оқу материалын қабылдаудан оны ұғынуға көшу қалай жүзеге асты;

ә) сабақта қандай проблемалық жағдаяттар болды, олар қалай шешілді;

б) жаңа түсініктерді қалыптастыру мен фактілерді жалпылау қалай жүзеге асты;

в) тақырыптың дүниетанымдық идеясы қалай анықталды, оны оқушылардың меңгеруі үшін қандай әдістер қолданылды;

г) берілген тақырып бойынша оқу материалының логикасы мен себепті-зерттеушілік арасындағы байланыс қалай анықталды;

д) жаңа оқу материалын ұғыну барысында оқушылар өзіндік ақыл-ой әрекетін қандай әдістермен меңгерді?

3. Оқу материалын қолдану және бекіту:

а) сабақты бекітудегі сұрақтар қандай болды және қалай қойылды, қойылған сұрақтардың саны, мақсаттылығы;

ә) жаңа материал бойынша өзіндік жұмыстың қандай әдістері (көлемі, оқу тапсырмасының сипаттамасы, қиындық деңгейі, өткен материалмен байланысы) қолданылды.

4. Үйге берілетін тапсырма:

а) Үйге берілетін тапсырма көлемін мұғалім қалай негіздеді;

ә) мұғалім оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы өзіндік дайындығын қалай қарастырды;

в) мұғалім сабақта үйге берілген тапсырманы түсіндіруде қандай әдісті қолданды;

г) үй тапсырмасы өз уақытында берілді ме?

Cтуденттің мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны және технологиясы

Тәрбие жұмысының жалпы сипаттамасы және оның формалары мен қолдану әдістері

 

Тәрбие жұмысы – бұл тәрбиелік мақсатта мұғаліммен (сынып жетекшісімен) ұйымдастырылған оқушы мен мұғалімнің мақсатқа бағытталған бірлескен жұмысы

 

 


Студент-практикант тәрбие жұмысын сынып жетекшісінің жоспары және оның тікелей басшылығымен жүзеге асырады.

 


Студент-практиканттың өткізген тәрбиелік іс-шаралары оқушыларда үлкен қызығушылық туғызады, себебі ол:

- Потенциалдық мүмкіндіктерін, қабілеттерін, бейімделушіліктерін, қызығушылықтарын дамытады;

- нақты аймақ бойынша балалардың қызығушылықтары мен не нәрсеге бейімделушіліктерін тереңдетеді;

- мінез-құлықтың моделін береді;

- қызығушылықтарын қанағаттандырады;

балалар мен ұжым арасындағы байланысты қанағаттандырады.

 

Студенттің практика туралы қысқаша есебі мен оны жақсарту жөніндегі ұсыныстары

 

Бұл тарауда келесі сұрақтар анықталуы тиіс:

 

1.Сіздің жұмысыңыздың нәтижесі және оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтар.

2. Жалпы сынып жұмысын бақылау, оның ішінде оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруды бақылаудағы ерекшеліктер.

3. Жеке оқушыға психологиялық мінездеме құруды үйренудегі ерекшеліктер.

4. Жалпы сыныпқа психологиялық мінездеме құруды үйренудегі ерекшеліктер.

5. Мектеп мұғалімдерінің және сынып жетекшісінің практикантқа көрсеткен әдістемелік көмегі, олардың тәжірибесінің студенттердің кәсіптік-педагогикалық даярлығына ықпалы.

6. Мектептегі педагогикалық практиканы жақсартуға сіздің ұсыныстарыңыз.

2 курс білімгерлерінің үздіксіз педагогикалық практика тапсырмалары

(әдістемелік нұсқауларымен бірге)

Түсіндірме хат

Мұғалімнің психологиялық - педагогикалық құзыреттілігі тек қана оның педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындығы негізінде құрылуы мүмкін. Педагогикалық практика жағдайында қалыптасқан құзыреттіліктер инвариантты аздаған маңызды құзыреттіліктерге жатады, өйткені олар жоғары мектеп бітірушісіне еңбек нарығында әр уақытта қажетті екендігін түсінуге көмектеседі. Осы орайда жинақылық, жаңашылдық, креативтік, бәсекелестік бастапқы рөл атқарады. Құзыреттілік әрқашан іс-әрекетте байқалады, сондықтан педагогикалық практика оптималді кәсіби орта және де іс-әрекет болып саналады, онда кәсіби құзыреттіліктер көп тұрғыдан көрінеді. Педагогикалық практикада ұйымдастырылатын зерттеу іс-әрекеті өз іс-әрекетінен, бақылаудан тәжірибе алуға ықпалын тигізеді, өмірлік маңызы бар объектілерді ашуға, өз іс-әрекетінің үдерістерін түсінуге, қажетті әлеуетті орта қалыптастыруда тұлғаның өзін-өзі дамытуға және жүзеге асыруда негізгі рөл атқарады. Мұның барлығы 2011-2020 ж.ж.арналған білім берудің Мемлекеттік Бағдарламасының мақсаты болып есептелінеді.

2 курс студенттерінің практикасы 2апта ішінде жүргізіледі.

Әдістемелік нұсқаулары бар кітапшада әр аптаға үздіксіз педагогикалық практика бойынша барлық мамандықтардың 2 курс студенттеріне арналады. Әдістемелік нұсқауда тапсырмалар, тапсырмаларды орындау жолдары мен уақыттары көрсетілген.


Практика барысында студенттер атқаратын тапсырмалалар


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 965 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. | М. Чошанов. | Аттестациялау. 1 страница | Аттестациялау. 2 страница | Аттестациялау. 3 страница | Аттестациялау. 4 страница | Аттестациялау. 5 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛОССАРИЙ| Отбасын зерттеу схемасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)