Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аттестациялау. 3 страница

Читайте также:
  1. Amp;ъ , Ж 1 страница
  2. Amp;ъ , Ж 2 страница
  3. Amp;ъ , Ж 3 страница
  4. Amp;ъ , Ж 4 страница
  5. Amp;ъ , Ж 5 страница
  6. B) созылмалыгастритте 1 страница
  7. B) созылмалыгастритте 2 страница

Талдау жоспары бірнеше бөліктерден тұрады:

1. Қарым-қатынасқа қатынасушы екі жақ қарым-қатынастың қандай типі мен оның түрін ұсынып отыр?

2. Қарым-қатынастың пәні не?

3. Қарым-қатынаста дау- жанжалдың пайда болуына не себеп болды?

4. Осы нақты жағдаятқа сәйкес дау-жанжалға қатысушы жақтардың әрекетіне жанжалды сылып алып шешу үшін қосымша қандай өзгерістер енгізуге болады?

5. Қарым-қатынастағы дау-жанжалды шешу үшін жағдаятқа қатысушы жақтарының өзгеріс енгізілгеннен кейінгі әрекеттері қандай болады?

6. Қарым-қатынастағы дау- жанжалдық жағдаятты шешу неге әкелетіндігін алдын ала айтып беріңіз?

Дау-жанжал жағдаятын талдаудың жоспарын талқылағаннан кейін студенттерге дау-жанжалды баяндап беру талап етіледі (бірақ жағдаяттың толық дамуы берілмейді), олар жағдаятта өзін байқап көреді. Бұл сияқты бейнелеулер мен көріністер көптеген оқу құралдарында бар. Оларды алдын-ала студенттердің күшімен дайындауға болады, олар оны үйде дайындап әкеле алады; бір парақ қағаздың бірінші бетіне жағдаяттағы дау-жанжал баяндалады, ал келесі бетінде оның шешімі беріледі. Талдау барысында бірінші беттегі баяндалған дау-жанжалдық жағдаят мазмұны, ал тексергенде келесі бет, яғни оның шешімі қарастырылады.

Сабақ беретін ұстазға қарым-қатынастағы дау-жанжалдық жағдаяттарды талдау үшін шешімі дұрыс, дау-жанжалды оңтайлы шешуге әкелетін жағдаяттарды таңдап алған тиімді болады.

Қарым-қатынас жағдаяттарын талдауды қарама-қайшылықтарды шешу нәтижесінде алынған жақсы тәрбиелік әсерді қорытындылаумен аяқтаған жөн.

Содан кейін барып шешімі дұрыс емес жағдаятты талдауға көшкен жөн (неге олай екенін дәлелдеу керек). Бұндай жағдайда шешімі дұрыс емес қарым-қатынастағы дау-жанжал жағдаятын талдау жоспарына (жоғарыда келтірілген жоспарға) бірнеше бөліктермен толықтырылып, ол төмендегідей түрге бөлінеді:

1) баяндалған жағдаяттың қандай белгілері сіздің ойыңызша қарым- қатынастағы дау- жанжалдың шешілмегенін көрсетеді?

2) бұл жағдайда қарым-қатынасқа қатынасушы жақтардың қандай ойлары, сезімдері мен реніштері болатындығын болжауға болады?

3) жағдаятқа қатысушы жақтардың әрекеттерін өзгертуге мүмкіншілік беретін, сөйтіп ондағы дау-жанжалды шешу үшін осы нақтылы жағдаятқа қосымша қандай өзгерістер енгізу керектігін байқадыңыз?

4) қарым-қатынастағы дау-жанжалды шешу үшін жағдаятты өзгерткеннен кейін, қарым-қатынасқа қатысушы жақтардың қандай әрекеттерін байқадыңыз?

5) дау-жанжалды шешу қарым-қатынасқа қатысушыларды неге әкелетіндігін алдын-ала көрсетіңіз?

6) қарым-қатынастағы дау-жанжал жағдаятының дұрыс шешілгенін оның қандай белгілерінен анықтауға болады?

Жоғарыдағы жағдаяттар топтары сияқты теріс нәтижелі жағдаятты талдауды оны қорытындылаумен аяқтаған жөн, бұны мүмкіндігінше студенттер жасауы керек. Оларға мынадай сұрақтар қоюға болады:

- Қарым-қатынастағы дау- жанжалды шешу неге әкеледі?

- Тәрбиеші мен ұстаз өздерінің қате әрекеттрімен оны шиеленістіре түсті ме?

- Бұл педагогикалық процестің тәрбиелік тетіктері әрекетінің нәтижелігіне қалай әсер етеді?

Студенттермен жұмыс істеуді дұрыс емес ұсынылған екінші топтағы жағдаяттарды талдаудан бастаған жөн. Бұл оларды бірте-бірте дау- жанжалды алдын-ала нәтижелі шешуді модельдеудің керектігі туралы ойға жеткізеді. Нақтылы жағдайда жағдаят біздің еркімізден тыс пайда болады, бірақта дау- жанжалды алдын-ала өз әрекетінің нәтижесін біле отырып, шешу керек.

Қарым-қатынастағы дау-жанжалды теріс белгілі бір шешімі бар жағдаяттар өтпелі болады. Студенттерді бұндай жағдаяттарды талдауға үйретуден алдын-ала жоспарланған нәтижелерімен қарым-қатынас жағдаяттарын модельдеуге шағын топтарда дайындау басталады.

Осылайша ұстаздың басшылығымен тапсырманы орындауға барлық студенттердің ұжымдық негізде қатысуымен, кіші топтардағы ұсақ, шағын қарым-қатынастық жағдаятты модельдеу жүргізіледі. Үлгіні модельдеуде жұмыс нәтижесінде жоспар жасалынады, сол бойынша студенттер үйге берілген тапсырманы орындайды:

1. Жасалған жағдаяттың педагогикалық әсері кімге бағытталған?

2. Қандай қарым-қатынастағы қайшылықтарды шешу көзделінген?

3.Мұғалім алдын-ала жасалынған көрсеткіштері бар қарым-қатынастық жағдаятты жоспарлап, модельдеу арқылы қандай мақсатты көздейді?

4. Қандай міндеттерді шешу көзделіп отыр?

5. Қандай мазмұнда қарым-қатынас жағдаяты жасалынады?

6. Беріліп отырған жағдаяттағы қарым-қатынастың негізгі пәні не?

7. Жасалған шағын топтардағы қалаулы қарым-қатынастың формасы қандай?

8. Қандай әдістер мен тәсілдерді қолдану керек?

9.Жағдаятқа қатысушылардың қарым-қатынасын модельдеу үшін оларға кімдердің аттарынан (мұғалімнің, топ басшысының, ұжымның) алдын-ала қандай нақтылы тапсырма берген жөн?

10. Жоспарланған қарым-қатынас жағдаяты өткеннен кейін жоспарлау барысында алған жетістіктерді қалай бағалауға болады?

Жоғарыда көрсетілген студенттердің жоспар бойынша дайындалған сабақтары, содан соң арнаулы сабақты талдау пәніне айналады. Жағдаяттың авторы оны топ мүшелеріне баяндап береді, содан соң талдау басталады. Жұмысты ұйымдастырып жүргізу үшін студенттер 4-5 адамнан шағын топтарға олардың әрбіреуі сол шағын топтың ішінде алдын-ала анықталған қарым-қатынас пәнімен (ойын, еңбек, өнер және т.б.) қарым-қатынас жағдаятының моделін дайындау үшін бөлінеді. Шағын топтағы қарым-қатынасқа қатысушылардың құрамын былайша бөлуге болады: «мұғалім-оқушы», «мұғалім-оқушылар», «оқушы-оқушы-оқушы» және т.б.

Дерек көздерінде көрсетілген педагогикалық процесс туралы материалдарды оқып меңгеру, мұғалімге дара құбылыстарды бағалау үшін жалпы педагогикалық процесс туралы, оның компоненттерінің өзара байланыстылығы, мұғалімдердің, оқушылардың, сынып жетекшілердің орны мен рөлі туралы жүйелі түсінігі болуының нәтижесінде көруге мүмкіндігі болады. Мұғалімнің оқушылар мен мұғалім арасындағы іс-әрекеттермен алмасуының рөлін түсіну, оған оқушыларды әртүрлі іс-әрекеттер тәсілдерін (танымдық, еңбек, қоғамдық, ойын т.с.с.) ғылыми негіздеп оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға іс-әрекеттер тәсілдерін меңгеруге көмектесе отырып мұғалім сонымен бірге саналы және басты бағытта іс-әрекет жасай алатын қабілетті, белсенді субьектіні қалыптастырады.

Педагогикалық процесте ұстаз бен балалардың, оқушылардың өз арасында пайда болатын қатынастардың тәрбиелік рөлін ұғыну, мұғалімді оқушылардың сабақ барысында және одан да тыс жерлерде өзара әрекеттерін саналы түрде реттеп, тәрбие тетіктерінің әсерін күшейту мақсатында және кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейінің нәтижесінде болады.

Кәсіби іс-әрекет пен іс-әрекеттің обьектісі арасында белгілі бір байланыс бар, ал ол маманның іс-әрекет обьектісіне сай қасиеттерді меңгергенде ғана анықталады. Мұғалім үшін ондай қасиеттер: педагогикалық процесті жүйелі түрде көру, педагогикалық құбылыстарды ұғынуға дайындық, ұжымды ұйымдастыруға қабілеттілік, оқушылармен шығармашылық қарым-қатынас үшін жағдай жасау. Мұғалімдер ұжымын зерттеудің нәтижесінің көрсетуінше, мұғалімге тән қажетті кәсіби қасиеттер тек қана мұғалімдердің (4% артық емес) аз бөлігінде стихиялы түрде қалыптасады. Бағытты тәрбие мен ғаламтор материалдарын қолданумен өзін-өзі тәрбиелеуде студенттік жылдардың өзінде де оң нәтижелер береді. Практиканың мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың мүмкіндігі одан да мол.

Педагогикалық процесс дегеніміз оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. Жағдаятты бала жасайды, бірақ оны тәрбиеші іс-әрекет түрінің ерекшелігін ескере отырып шешеді.

Мектеп жағдайындағы педагогикалық процесте оқу еңбегі жетекші болады, сондықтан оқушылармен қарым-қатынас жасау оқушыларға тиімді жұмыс істеуге қажетті іс-әрекеттер тәсілдерін беру үшін маңызды болады. Бұны мұғалімдер көбінесе түсіне бермейді, осыдан барып қарым-қатынаста келіспеушіліктер болады. Дегенмен де бұндай жағдаяттар, яғни қарым-қатынастың негізінде оқу барысындағы сәтсіздіктердің болуы, бұл егер мұғалім оқушыны оқи білуге үйрете білген жағдайда жалпы шешілетін құбылыс.

Бұндай әдеттегі жағдайға орыс тілі мұғалімінің айтқан тарихы да жатады:

«Жылдың басында мен 6-ы сыныпты қабылдадым. Оқушылардың ішінде екі жыл орнында қалған Берік деген оқушы бар еді. Ол орыс тілінен үлгермейтін. Маған ол аянышты көрінді. Түсінігі бар жасөспірім грамматиканы меңгере алмайтындығына, сауатты жаза алмауына сену қиын. Мен Берікпен қосымша сабақ жүргізе бастадым. Бірде, ашылған бір сәтте ол маған былай деді:

- Апай, босқа еңбегіңізді шығындамаңыз. Уақытыңызды жоғалтпаңыз. Маған ештеңе де көмектеспейді. Орыс тілінен мен бірінші сыныптан бастап жаман оқимын. Болашақта да үлгермеймін. Маған бұл баяғыдан белгілі.

- Қайдан белгілі?

- Барлығы да солай дейді. Мен қабілетсізбін...

- Сен осыған сенесің бе?

- Сенемін...

- Оған керісіншені саған дәлелдеу керек болып тұр. Сен мынадай асыл сөзді естідің бе: кім шын ықыласпен бірдеңені қаласа – ол оған қол жеткізеді. Сен де жетістікке жетесің. Кел жұмыс істейік.

Берікпен жұмыс істеу үшін әдістемемді мен де өзгерттім...

Содан кейін бала жақсы жұмыс істей бастады. Әрине, сәтсіз кезеңдер де болды. Бірақ, орыс тілінен ол енді үлгеретін болды».

Жоғарыда көрсетілген үзіндіде, біздің байқауымызша, мұғалім тек оқушының оқудағы кемшіліктерін нақтылы ескере отырып,сабақты жүргізіп, күнделікті сабақтарда оқушының өз күшіне сенуі үшін оның табысқа жетуін қамтамасыз етіп қана жетістікке қол жеткізді. Егер қарым-қатынас адамның жасампаз іс-әрекетіне әсер етіп, іскерлік ынтымақтастығын қамтамасыз етсе, онда онымен көптеген адамдар шын көңілімен қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Бұл қандай да болмасын іс-әрекеттің түрлеріне, соның ішінде дене еңбегіне тән. Ерікті қарым-қатынас, ойын, ақыл және дене еңбектерінің өзіндік ерекшеліктері бар, бұларды мұғалім оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруда естен шығармауы керек. Тіршілік ортасы ретіндегі табиғатпен қарым-қатынаста біздің қоғамымызда қабылданған барлық тірі жан иесіне деген қамқорлық білінеді. Сондықтан, қарым-қатынастың заттық негізі табиғат болатын нақтылы жағдаяттардағы қарым-қатынастағы кикілжің табиғатты қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған индивидтердің жүріс-тұрысын ұжымның түзетулері арқылы шешіледі. Дегенмен, әрине, алғашқы құнттап- мәпелеу қатынас сабақтарын үлкен адамдар, ата-аналар және мұғалімдер берулері керек.

«Педагогика» пәнінің «Тәрбие теориясы» бөлімі бойынша

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТАР

Жағдаят-1. Бірнәрсеге ашулы 7 жасар ұлыңыз мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз!» деп күйіп-піседі. Сіздің іс-әрекетіңіз?

Жауап: Баламен жақсылап сөйлесу керек. Оған мұғалімдердің әділетсіз болмайтындығын түсіндіру қажет. Оған мұғалімнің қандай іс-әрекеттері ұнамайтындығын анықтап алып, мектептегі мұғаліммен, психологтармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы күйзелістен шығаруға ықпал ету керек.

Жағдаят-2. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда ғана ұялы телефон жоқ. Үйде балаңыз ұялы телефон алып бер деп мазаңызды алады. Сабаққа барғысы келмейді. Алып беруге жағдайыңыз көтермейді. Сіз не істейсіз?

Жауап: Балама өмірдегі ең басты нәрсе ұялы телефон емес екенін түсіндіремін. Мүмкіндік болған жағдайда шетінен азын-аулақ ақша жинап әперуге уәде беремін. Өзім де сөзімде тұрып,неғұрлым тезірек әперетін едім.

Жағдаят-3. Кез-келген отбасында айтылуы мүмкін немесе айтылып жүрген сөздерді баланың жанына тимейтіндей қылып қалай алмастыруға болады?

3.1Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің!

«Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты оқу екпіндісі боласың»-деп, үміт артуы керек.

3.2 Неге сен басқа балалардай емессің?

«Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді»-деп, сенім арту керек.

3.3 Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр»- деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

3.4 Тағы да осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

«Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екінші рет жаман қылық жасама».

3.5Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

«Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» деп алмастыруға болады.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөз де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

Жағдаят-4. Сіз асханада балаларды тамақтандырып болып, сапқа тұрғызып бола бергеніңіз сол еді бір оқушыңыз Айжанға «сен күнде тегін тамақ ішесің, жағдайын жоқ бейшарасын! Ал,мамам маған күнде тамақ іш деп 200 теңге, папам - 200теңге береді» - деп мақтанып тұр. Ал, Айжан болса мұңайып қалды. Сіздің әрекетіңіз?

А) Ол оқушыға отбасында оның жалғыз бала екенін, ал Айжанның отбасында 5 бала екенін түсіндіремін..

В) Үнсіз қаламын.

С) Ата-анасымен сөйлесемін.

D) Айжаннан кешірім сұратамын.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жағдаят-5. Екінші тоқсанның басында мұғалім оқушылардың орнын ауыстырып отырғызуда. Сол кезде бүкіл сыныптың көзінше Айдар Жайнаның қасында отырғысы келмейтіндігін айтты. Мұғалім осы жағдайдан қалай шығу керек?

Жауабы: Оқушымен сабақтан кейін сөйлесу керек: Айдар, сен бұл жолы дұрыс жасамадың. Сен Жайнаны сыныптың алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырдың. Одан да кіммен отырғың келгенін маған жай ғана айтуың керек еді....

Жағдаят-6. Сыныпқа жаңадан оқушы қыз келді. Бірақ оның білім деңгейі төмен болатын. Мұғалім онымен сабақтан кейін де, сабақ үстінде де жұмыс жасайды, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Мұғалімнің шыдамы таусылып оған ұрсады, ұрады. Сынып көзінше «Сен топассың, салақсың» деген сөздер айтады. Сынып оқушылары да оны менсінбейді, сөйлеспейді. Оқушы енді сабаққа келуді де доғарды. Осы жағдайда мұғалімнің іс-әрекеті дұрыс па?

Жауабы: Мұғалім бүкіл сыныптың алдында оқушыны ондай сөздер айтып балағаттамауы керек еді. Ол оның сынып алдындағы беделін түсіреді, әрі сабаққа деген ынтасын төмендетеді. Оқушының өмірге деген көзқарасын бұзады.

Жағдаят-7. Оқушылар асханаға тамақтануға келді. Барлығының алдында тамақтары, шайлары түгел. Тамақтанып болған соң, қолдарындағы беторамалдарымен қолдарын сүртіп жатты. Тек Омардың беторамалы болмады.Сондықтан да ол қолын қасында отырған Айгүлдің үстіне сүрте салды. Бұған ыза болған Айгүл сол жерде жылап жіберді. Мұндай кездегі мұғалімнің іс-әрекеті қандай балмақ?

Жауабы: Омарға бұл жасаған қылығы оған жараспайтындығын, ол әдепсіздікке жататындығын айтып түсіндіру керек. Және де екінші рет беторамалын тастамай өзімен алып жүруін айтып, Айгүлден тез арада кешірім сұрату қажет.

Жағдаят-8. Сыныпқа жаңадан практикант қыз келді. Мұғалім практикант кызға үйретудің орнына, тек жұмсайтын болды. Сабақ уақтысында гүлдеріне су құйғызады, шаң сүрткізеді, өзінің жеке жұмыстарына жұмсайды. Бостан-босқа сынып оқушыларының көзінше ұрсып, болашақ мұғалімді ұялтады. Соның салдарынан сынып практикант қызды сыйламайтын да, тыңдамайтын да болды. Сендердің ойларыңша, мұғалімнің бұл әрекеті дұрыс па?

Жауабы: Менің ойымша, мұғалімнің бұл іс-әрекеті дұрыс емес. Практиканттар мектепке не үшін барады? Әрине үйрену үшін. Сондықтан да мұғалім жұмсай бермей, үйретуі қажет. Ал бос уақытысында мұғалімге көмектесуіне болады. Ал сыныптың көзінше ұрысуына, қателігі болса бетіне баса беруге де болмайды. Өйткені, сыныптың алдында абыройы қалмайды.

Жағдаят-9. Бір күні сыныптың оқушылары сізге досыңыздың сізді сыртыңыздан жамандағанын айтып келеді. Сіздің әрекетініз? Сол досыңыздың өзін жамандайсыз ба, жоқ әлде досыңызбен сөйлесесіз бе? Әлде түк болмағандай жүре бересіз бе?

Жауабы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жағдаят-10. Бір партада бір қыз бен ер бала отырады. Олар үнемі ұрысып бір-бірін ұрып отырады қанша ұрыссаң да екеуі де ұрысқандарын қоймайды. Қалай ойлайсыз бұларға не істеуге болады, неліктен екеуі ұрса береді? Сіздің әрекетіңіз?

Жауабы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Педагогика» пәнінің «Дидактика» бөлімі бойынша

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТАР

Жағдаят-1. 1-сынып оқушыларына дене шынықтыру сабағы басталғалы жатыр, мұғалім оқушыларын тездетіп киіндіріп, сыныптан шығарып, есікті құлыптап,спорт залға алып кетеді (Жанар іште қалып қояды). Кенет, сабақ бітерде Жанардың анасы долданып, амандық-саулық сұраспастан мұғалімге тап беріп айқайлап, аузына келгенін айтады. Сіз осы мұғалімнің орнында болсаңыз не істер едіңіз?

Жауабы: Алдымен сабырға шақырып, спорт залдан шығарып, мән-жайды сұраймын. Айжанның сыныпта қалғанын естігеннен кейін өтініп, кешірім сұрағанымды айтамын. Енді мұндай жағдайдың қайталанбасына уәде беремін.

Жағдаят-2. Сіз сабақ беріп отырсыз. Мектеп директоры сыныпқа кіріп, оқушылардың көзінше сізге сынып журналынан жіберген қателіктеріңізді айтып, қатты сөйледі. Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?

Жауабы:« Өтінемін! Сізді 1 минутқа болады ма?» - деп, сыныптан шығарамын. Содан соң, «Сіздің айтқаныңыз дұрыс-ақ, бірақ ендігәрі мені оқушылардың көзінше балағаттағаныңызды доғарыңыз» - деп, этикадан аспай, байыппен түсіндіремін. Директордан мұғалім беделін сақтау үшін сыныпқа қайта кіріп, өзі жіберген қателікті түзеуін сұранамын.

Жағдаят-3. Белгісіз себеппен сабаққа күнделікті сабақ жоспарынсыз келдіңіз. Тура сол кезде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары кіріп келіп, сабақ жоспарыңызды сұрады. Осы кезде сіз не айтар едіңіз?

Жауабы: «Мен сабаққа дайындалып келдім. Сабақ жоспарын да жазғанмын. Үйден асығыс шығамын деп, ұмытып кетіппін. Бұдан былай мұқият боламын! Сабағыма бастан-аяқ қатыссаңыз болады» -деп, байыппен түсіндіретін едім.

Жағдаят-4. Биыл мектебіңіздің бастауыш сыныбы «пәндік жүйеге» көшті. Сіз бүкіл 4-сыныпқа математика пәнінен беретін болдыңыз. Бір күні басқа сыныптың ата-анасы келіп, баласының осы уақытқа дейін «4» пен «5»-ке оқып жүргенін айтып, ал сіз бергелі математикадан «3»-ке түсіп кеткенінің себебін сұрады. Сіз қалай жауап берер едіңіз?

Жауабы: «Мен балаңыздың білімін барынша объективті бағалаймын! Бұрын «4» пен «5»-ке оқығанына таңқалып тұрмын! Жүріңіз! Мен сізге балаңыздың жазған бақылау жұмысын, дәптерлерін көрсетейін. Сонымен қатар, бүгінгі математика сабағында арнайы қонақ болуға шақырамын. Сабақтан соң міндетті түрде сөйлесетін боламыз» - деп,сабырға шақыратын едім.

Жағдаят-5. «Бір ата-ана сабақ үстінде баса-көктеп кіріп, бір оқушыға өзінің қызын мазақтағаны үшін айғайлап, қолын ала жүгірді. Бұл жағдайда сіз не қылар едіңіз?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жағдаят-6. Майра апай пәндік жүйеге көшкелі «Қазақ тілі» сабағынан береді. Қанат сынақхаттан «2» деген баға алды. Осыған ашуланған апай Қанатты сүйрелеп, зәресін қашырып, өзінен 1 сынып төмен оқитын оқушылардың сыныбына кіргізіп: «Масқара! Сынақхаттан «2» алды, енді сендердің сыныптарында оқитын болады!»- деп дауыс көтеріп келемеждеді. Мұны естіген балалар мазақ қылып қарқылдап күлді. Ал, Қанат болса ентігін баса алмай жылап, сыныптан қашып шығып кетті. Сіз осы мұғалімнің орнында болсаңыз қайтер едіңіз?


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 1132 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КУРС САЯСАТЫ 3 страница | КУРС САЯСАТЫ 4 страница | КУРС САЯСАТЫ 5 страница | Баланы жетектеу. | Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. | М. Чошанов. | Аттестациялау. 1 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аттестациялау. 2 страница| Аттестациялау. 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)