Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КУРС САЯСАТЫ 5 страница

Читайте также:
  1. Amp;ъ , Ж 1 страница
  2. Amp;ъ , Ж 2 страница
  3. Amp;ъ , Ж 3 страница
  4. Amp;ъ , Ж 4 страница
  5. Amp;ъ , Ж 5 страница
  6. B) созылмалыгастритте 1 страница
  7. B) созылмалыгастритте 2 страница

Сабақтың маңызы ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға бағытталған жұмысы нәтижесінде оқушының білім меңгеруі, оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе жинақталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шындалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту процесін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде үлкен рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды.

Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар

Дәстүрлі сабақтың түрлері:

ü Жаңа оқу материалын оқу сабағы.

ü Іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы.

ü Білім, білік, дағдыны бекіту сабағы.

ü Білім, білік, дағдыларды қолдану сабағы.

ü Қорытынды жинақтау сабағы.

ü Аралас сабақ.

ü Практикалық сабақ.

ü Білім, білік, дағдыны дамыту сабағы.

ü Білімді тексеру сабағы.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

ü Кіріспе сабағы.

ü Жаңа білімді хабарлау сабағы.

ü Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.

ü Жаттығу және тәжірибе сабақтары.

ü Зертханалық сабақ.

ü Қайталау-қорыту сабағы.

ü Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.

ü Аралас сабақ.

ü Өздігінен білім алу сабағы.

Дәстүрлі емес сабақтың түрлері:

Мұғалімнің сабаққа дайындығы мен қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқуға тиімді жағдай туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны психологиялық тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде тузетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу. Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады; жеке және жекелендіру.

Лекция 13. Тақырыбы: Оқытудың педагогикалық технологиялары.

Жоспары:

1. Заманауи педагогикалық технологиялар

2. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу

3. Білім берудегі инновациялар.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Педагогикалық технологиялар туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: Оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы, педагогикалық технологиялар түрдері туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді педагогикалық технологиялар туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика.–Алматы,2002.-384.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.

Заманауи педагогикалық технологиялар

Педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы.

«Технология» сөзі грек тілінен енген және 2 сөз тіркесінен құралған: «techne» – өнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе; «logos» – ғылым, ілім дегенді білдіреді және «өнер туралы ілім» немесе «шеберлік туралы ілім». Ал осы технология ұғымына оның қолдану саласын қоссақ, онда нақты технологияны қарастыруға болады. Мысалы, «педагогикалық технология» педагогикалық өнер жайлы ілім немесе педагогикалық шеберлік туралы ілім дегенді білдіреді. В.П.Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырады. Ғалым педагогикалық технологияның төмендегідей сапаларын атап көрсетеді:

Педагогикалық технологияларды топтап бөлу

Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері өз технологиясын, В.В.Фирсовтың түпкі нәтижеге негізделген деңгейлік саралау технологиясын, Унт Инге, В.Д.Шадриковтардың жекешелеп оқыту технологияларын, Н.П.Гузиктің оқытудың кіріктірілген жүйесін пайдаланып келеді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, республикамыздың көптеген мұғалімдері (45-48%) өз іс-тәжірибелерінде ізгілікті педагогиканы басшылыққа алып, дамыта оқыту технологияларын пайдаланады.

Білім берудегі инновациялар

Инновацияның өмірге келуінің объективті-субъективті себептері бар. Қоғамдық қатынастардың, қоғамның өзінің жедел дамуы адамзат сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары өзгерістерге ұшырайды. Инновацияның өмірге келуінің объективті сипаттамасы қоғам мен білім беру саласының даму қарқындарының бір-біріне сәйкес келмеуі болып табылады. Дамитын қоғамға әрқашан жаңаша ойлайтын «жаңа адамдар» қажет. Ал білім беру саласы қоғамның дамуына ілесе алмаса, онда білім беру саласында консерватизм орын алып деградация жүреді, өмірден артта қалушылық белең алады.

Шетелдік ғалымдар «инновация» терминін әртүрлі мағынада түсіндіреді. Мәселен, шетелдік ғалым Э. Роджерс «инновация – дегеніміз жаңашылдық, жаңа идея, жаңалық» деп түсіндіреді. Ал В.П. Кваша «инновация – бұл жаңашылдық, қандай да бір жүйенің сапалы өзгерісі» деп, инновациялық динамиканың екі бағытын ерекше атап өтеді: педагогикалық инновация және педагогикалық шығармашылық.

Лекция 14. Тақырыбы: Оқыту үрдісінің сапасын педагогикалық бақылау

Жоспары:

1. Оқыту үрдісінің тұтас жүйесіндегі бақылау.

2. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі мен түрлері

3. Оқушылардың оқуын мотивациялау: оқу мотивтері, оларды топтау және танымдық қызығушылық.

4. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан мектепті басқару: ұстанымдары, заңдылықтары, әдістері.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Оқыту үрдісі туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: Оқытудың мотивациясы ұғымы, педагогикалық менеджмент туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді оқыту үрдісінің сапасын педагогикалық бақылау туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.
  Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Оқыту үрдісінің тұтас жүйесіндегі бақылау

Мектепті бақылау мен басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар. Оларда мектепті басқарудың (Ю.А.Конаржевский, П.В.Худоминский, Т.И.Шамова, Н.Д.Хмель, Н.Н.Тригубова, Қ.Ж.Қарақұлов және т.б.) мәні ашылды. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П.Раченко, Г.Т.Хайруллин және т.б.) мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименттік қызмет әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (Ю.К.Бабанский, Б.И.Загвязинский, В.В.Краевский, кәсіби жетілдіру бойынша (Я.С.Бенцион, Г.И.Горская, Б.А.Әлмұхамбетов және т.б. жұмыстар жүргізіледі.

Бақылау– мекеме жұмысының соңғы нәтижесіне сандық әрі сапалық баға беру. Бақылау – кең көлемде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілеттінің дамуына ықпал етеді.

Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі мен түрлері

Білім сапасын бағдарлаудың 2 тәсілі бар: білім сапасын бағалау тәсілдері оқыған материалды, заңдылықтарды қолдануды бақылауға негізделген, яғни бақылау – бағалау құралдарын білімді репродуктивті түрде меңгеруді, тек фактологиялық және алгоритмдік білім мен біліктілікті тексеруге бағдарлау; білім беру үдерісін тиімді құзыреттілікті қалыптастыруға бағдарлау.

Жалпы бақылау – екі жақты процесс. Бақылау білім берушіге оның жұмысының қаншалықты өнімді, нәтижелі болғандығын және білім беру мақсатында педагогикалық процестің мүмкінділігін қаншалықты пайдалана алатындығын көрсетеді.

Оқушылардың оқуын мотивациялау: оқу мотивтері, оларды топтау және танымдық қызығушылық.

Мотив (латын тілінде moveo – қозғаушы, итермелеуші) – адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді.

Қызығушылық - бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне,көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.

Педагогикалық менеджмент тұрғысынан мектепті басқару: ұстанымдары, заңдылықтары, әдістері.

«Менеджмент» ұғымының пайда болуы ХІХ ғасырдан бастау алады, бірақ оның әдіснамалық негіздемесі тек ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды. Классикалық менеджменттің іргетасын Ф.Тейлор, Г.Черч, А.Файол, Г.Эмерсон, Г.Форд және т.б. ғалымдардың еңбектері құрайды. ХХ ғасырда мекемені, ұжымды басқарудың тиімді әдістері іздестіріле бастады. 1991 жылы ғалымдар К.П. Вазина, Ю.Н. Петрова, В.Д. Белиловскийдің еңбектерінде «педагогикалық менеджмент» термині пайдаланып, ғылымға енгізілді.

Лекция 15. Тақырыбы: Мектептің әдістемелік жұмыстар жүйесі

Жоспары:

1. Педагогикалық кеңес - мектепті басқарудың жоғарғы органы ретінде.

2. Мектептің әдістемелік қызметі, түрлері.

3. Мұғалімдерді аттестаттау.

4. Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа бағыттары

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Педагогикалық кеңес туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық Мектептің әдістемелік қызметі ұғымы, педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді мектептің әдістемелік жұмыстар жүйесі туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.
  Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

 

Педагогикалық кеңес - мектепті басқарудың жоғарғы органы ретінде. Педагогикалық кеңес педагогикалық ұсыныстарды, идеяларды, инновацияны ұйымдастырады, мектепішілік біліктілікті арттыру, мұғалімдердің шеберлігін насихаттауда биік міндет атқарады. Педагогикалық кеңес – мектеп басқарудағы ұжымдық орган. Педагогикалық кеңес барлық білім беру саласындағы мекемелердің бәрінде өтеді. Ол оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастару мен жүргізу әдістерін талқыға салады. Оның арқарушы міндеті, жалпы білім беретін мектептердің педгогикалық кеңесі нұсқауына сай жүргізеді. Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаттарының бірі – барлық ұжым бірлігін оқу-тәрбие жұмысында педагогика ғылымдарының жетістігін, озат тәжірибелерді пайдалана отырып, жоғары сапалы көрсеткіштерге жету.

Мектептің әдістемелік қызметі, түрлері

Мектептегі әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұдайы да, жүйелі түрде зерттеп отыруды, мағлұматтарды сын көзімен талдап отыруды, соның негізінде мектеп әкімшілігінің көмегін және ықпал жасауын қажет етеді. Әдістемелік жұмыстың нәтижелерін талдауға кірісерде оның негізгі мақсаты – мұғалімнің жалпы педагогикалық және әдістемелік шеберлігін арттыруда түпкі нәтижеден бөлмей, оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруда қарастыру керек. Осыған қол жеткізу мақсатында адамдарға күнделікті нақты және білікті жетекшілік қажет.

Әр мұғалімнің кәсіби тәжірибесі, интуициясы, практикалық педагогикалық ойлауы, шығармашылығы маңызды қозғаушы күш. Бұнда жаңалықты ойлап шығару, құрастыру, тапқырлық көмектеседі. Бірақ, бұл міндетті түрде, ғылыми кеңес, әдебиеттерді зерттеу, ойша эксперимент жүргізу, ойлау, ұйымдастыру іс-әрекеті, рефлексті-рөлдік және т.б. инновациялық ойындар арқылы жаңа идеялар, құрылымдар, алгоритмдер, дамыту бағдарламалары арқылы туады.

Мұғалімдерді аттестаттау

Мектеп қызметкерлерін аттестациялау Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 7-тарау 51-бабына сәйкес жүргізіледі. ҚР «Білім туралы» Заңының 7-тарауы «Педагог қызметкерлердің мәртебесі» деп аталады. 51-бап «Педагог қызметкерлердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершігі» деп аталады. Аттестациялаудың кадрлық қамтамасыз етуі: білім беру ұйымдарын аттестациялау комиссиясы, аудандық/қалалық білім беру бөлімдері, облыстық Білім беру Басқармасы, Ұлттық тестілеудің орталығы филиалдарының өкілдері.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа бағыттары

Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі қарастырылады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы педагогикалық мәдениетті қамтиды.

Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетілгенде ғана оның кәсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке қызығушылығы ескерілуі тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.

 

Лекцияның иллюстративті және таратылым материалдары

№1 лекция. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде

           
   
 
     
 

 

 


І. Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Қазақстандық педагогиканың даму кезеңдері.

2. Шетелдік педагогиканың даму кезеңдері.

3. Кеңес кезеңіндегі педагогиканың дамуы.

4. Тәуелсіз жылдардағы педагогиканың дамуы.

5. Қазақстандағы білім беру жүйесі.

ІІ. «Кім жылдам, кім зерек?» ойыны (блиц-тур сұрақтары)

1.«Педагогика» грек сөзінен аударғанда... болып табылады


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 886 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Деканы М.П.Оспанбаева | Курсты сипаттау | КУРС САЯСАТЫ | КУРС САЯСАТЫ 1 страница | КУРС САЯСАТЫ 2 страница | КУРС САЯСАТЫ 3 страница | Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КУРС САЯСАТЫ 4 страница| Баланы жетектеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)