Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Деканы М.П.Оспанбаева

ПЕДАГОГИКА

пәнінің оқу әдістемелік кешені

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ПЕДАГОГИКА

пәнінің оқу әдістемелік кешені

(күндізгі)

Кредит саны: 3

 

Пән форматы: 5В010300-Педагогика және психология

Оқытушылар: К.Ж.Бұзаубақова, З.Қ.Қашқынбаева

Кафедра: Жалпы педагогика және психология

Мекен-жайы: Тараз қ

 

Байланыс тел: 87055614751

zagira_k@mail.ru

klara63@mail.ru

 

Тараз 2014

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

«Бекітемін»

Педагогика факультетінің

деканы М.П.Оспанбаева

______________

«___»____2014 ж.

“ПЕДАГОГИКА”

ПӘНІНЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Кафедра: Жалпы педагогика және психология
Мамандық: Барлық мамандықтар үшін
Оқу жылы 2014-2015
Кредит саны:  
Оқу формасы: күндізгі
Курс:  
Семестр:  
Барлық сағат саны:  
Лекция: 15 сағат
Семинар:  
БӨЖ 45 сағат
ОБӨЖ 45 сағат
Емтихан 3 семестр

Тараз

Оқу жұмыс бағдарламасын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған типтік оқу бағдарламасы негізінде «Педагогика» пәні бойынша п.ғ.д., профессор К.Ж.Бұзаубақова, п.ғк., доцент м.а. З.Қ.Қашқынбаева құрастырды.

ҚР БҒМ 11.05.05ж. №289 бұйрығына сәйкес жасалынған

 

Оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы отырысында “28” 08. 2014 ж. бекітілді.

Хаттама №1

 

Кафедра меңгерушісі: ______________К.Ж.Бұзаубақова

/п.ғ.д.., профессор/

 

Оқу жұмыс бағдарламасы бойынша

комитет төрайымы _________ М.С.Елубаева

 

1. Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі

Курсты оқытудың өзектілігі. Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр. Әлемдік бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлау үрдісі Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Сондықтан болашақ педагогтар оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгерген, ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасқан креативті маман болуы тиіс. Бүгінгі күнде болашақ педагогтарға педагогика ғылымының қыр-сырын терең меңгерту көкейкесті мәселе болып табылады. Педагогика курсы - педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне тәрбие мен оқыту жайында терең білім беретін пән.

Курсты оқытудың қажеттілігі. Үшінші мыңжылдықта қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың, соның ішінде Болон процесінің қарқынды дамуы дәлел.

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты: біртұтас педагогикалық үрдісті тұлғаның өзін-өзі дамыта алатындай ұйымдастыруда педагогикалық білім мен біліктер жүйесімен қаруландыру.

Пәннің міндеттері:

- болашақ мамандарды педагогиканың әдіснамалық негіздерімен таныстыру;

- студенттерде тұтас педагогикалық үрдіс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру;

- білім беру жүйесінің дамуын, тәрбие мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздеу;

- педагогикалық шығармашылық, креативті ойлауды қалыптастыру.

3. Білімгер міндетті

Білімгер таныс болуы тиіс:

педагогика ғылымының құрылымы, зерттеу обьектісі, атқаратын қызметтері мен оқыту-тәрбиелеу әдістемесі, мектепті басқару жүйесімен.

Білімгер білуі тиіс:

- педагогиканың жалпы негіздерін;

- тәрбие теориясы мен әдістемесін; - оқыту теориясы мен әдістемесін;

- педагогикалық басқару жүйесін.

Білімгер меңгеруі тиіс:

- педагогиканың теориялық-әдіснамалық негізін;

- тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру жолдарын;

- оқыту процесін жүзеге асыру жолдарын;

- оқыту процесін басқару, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасын жасау туралы білімді меңгерулері тиіс.

4. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттер: Білімгерлер «Педагогика» курсын өтпес бұрын адамзат қоғамындағы тәрбие, әдеп, орта, кәсіп, мамандық, мінез-құлық, жас ерекшелік туралы ұғым қалыптастыратын «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», т.б. пәндер оқытылады.

Постреквизиттер: «Педагогика» курсынана соң, келесі пәндер оқытылады: «Педагогтік шеберлік», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Этнопедагогика», «Педагогикалық менеджмент», т.б.

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 386 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КУРС САЯСАТЫ | КУРС САЯСАТЫ 1 страница | КУРС САЯСАТЫ 2 страница | КУРС САЯСАТЫ 3 страница | КУРС САЯСАТЫ 4 страница | КУРС САЯСАТЫ 5 страница | Баланы жетектеу. | Гегель. | Акселерация. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
VII. Отчетность| Курсты сипаттау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)