Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Курс саясаты

Читайте также:
  1. Бағалау саясаты
  2. Курс саясаты
  3. КУРС САЯСАТЫ 1 страница
  4. КУРС САЯСАТЫ 2 страница
  5. КУРС САЯСАТЫ 3 страница
  6. КУРС САЯСАТЫ 4 страница

1. Білімгердің сабаққа саналылықпен, шын ниетімен қатысуы.

2. Білімгер оқу үрдісінде белсенділік танытулары, «субъект-субъект» қатынасын ұстауы қажет.

3. Үй тапсырмасын өз уақытында сапалы орындау.

4. Тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды бағасы төмендетіледі.

5. Сабақтан себепсіз қалмау, қалған жағдайда себебін анықтайтын анықтама қағазын көрсету. Жіберілген сабақтарды оқытушымен келісілген уақытта өту.

6. Сабақ уақытында бос әңгімемен айналыспау, газет оқымау, телефонды сөндіру, сағыз шайнамау. Сабаққа кешікпеу.

7. Білімгерлердің институттың ішкі тәртіп ережесін сақтауы қажет.

8. Институт қабырғасында болашақ мұғалімге жат барлық жаман әдеттерден аулақ болу.

9. Толеранттық және «полимәдениеттілік» тәрбиені ұстау, коммуникативті болу.

10. Оқытушылар мен курстастарына қатысты педагогтік әдеп пен этиканы ұстану.

11. Пунктуальды және міндетті бола білу.

12. Сабаққа күнделікті қатысу.

13. Барлық сабақтарда кері байланысты қолдау.

14. Сабақтан себепсіз қалудан қашу.

15. Алкоголдік ішімдіктер қолданбау.

10.1. Академиялық мінез-құлық пен этика саясаты

ЖОО-ның ішкі тәртіп негізінде, білімгердің этикалық кодексі негізінде төмендегіше анықталады:

1. Оқытушы, жолдастары мен қызметтестермен сыйластықта болуы керек.

2. Институт, факультеттің барлық тәрбиелік іс-шараларына ат салысу.

3. Институттағы мінез-құлық мәдениетін қолдау.

4. Оқу корпусында тазалық сақтау

10.2. Сабақтарға қатысу саясаты

1. Сабақтан қалмау.

2. Әр сабаққа дайындалу.

3. Белсенді түрде сабақта өзін-өзі көрсету.

4. Сабақтан қалғаны үшін келесі айып түрлері салынады:

- себепсіз сабақта болмағаны үшін 50 балл алынады;

- семинар сабағында болмағаны үшін 50 баллдан алынады;

- курс компоненттері міндетті және оқытушы белгіленген уақытта өткізіледі;

- кешіккендерден тапсырмалар қабылданбайды.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу жұмыс бағдарламасы

бойынша комитет төрайымы

М.С.Елубаева

_____________

«___»____2014 ж.

«ПЕДАГОГИКА»

ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Кафедра: Жалпы педагогика және психология
Мамандық: Барлық мамандықтар үшін
Оқу жылы 2014-2015
Кредит саны:  
Оқу формасы: күндізгі
Курс:  
Семестр:  
Барлық сағат саны:  
Лекция: 15 сағат
Семинар:  
БӨЖ 45 сағат
ОБӨЖ 45 сағат
Емтихан 3 семестр

Тараз

 

Оқу жұмыс бағдарламасын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған типтік оқу бағдарламасы негізінде «Педагогика» пәні бойынша п.ғ.д., профессор К.Ж.Бұзаубақова, п.ғк., доцент м.а. З.Қ.Қашқынбаева құрастырды.

ҚР БҒМ 11.05.05ж. №289 бұйрығына сәйкес жасалынған

 

Оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы отырысында “28” 08. 2014 ж. бекітілді. Хаттама №-1

 

Кафедра меңгерушісі: ________________К.Ж.Бұзаубақова

/п.ғ.д.., профессор/

 

Педагогика факультеті әдістемелік

бюросының төрайымы ____________ Л.Бекембетова

      1. Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі

Курсты оқытудың өзектілігі. Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр. Әлемдік бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлау үрдісі Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Сондықтан болашақ педагогтар оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгерген, ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасқан креативті маман болуы тиіс. Бүгінгі күнде болашақ педагогтарға педагогика ғылымының қыр-сырын терең меңгерту көкейкесті мәселе болып табылады. Педагогика курсы - педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне тәрбие мен оқыту жайында терең білім беретін пән. Пәннің құрылымы, мазмұны адамзат қоғамының үнемі жаңарып, өзгеруіне байланысты тәрбие мен оқытудың мақсаты ұдайы өзгеріске ұшырайды.

Курсты оқытудың қажеттілігі. Үшінші мыңжылдықта қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың, соның ішінде Болон процесінің қарқынды дамуы дәлел.

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Пәннің мақсаты: біртұтас педагогикалық үрдісті тұлғаның өзін-өзі дамыта алатындай ұйымдастыруда педагогикалық білім мен біліктер жүйесімен қаруландыру.

Пәннің міндеттері:

- болашақ мамандарды педагогиканың әдіснамалық негіздерімен таныстыру;

- студенттерде тұтас педагогикалық үрдіс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру;

- білім беру жүйесінің дамуын, тәрбие мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздеу;

- педагогикалық шығармашылық, креативті ойлауды қалыптастыру.

3. Білімгер міндетті

Білімгер таныс болуы тиіс:

педагогика ғылымының құрылымы, зерттеу обьектісі, атқаратын қызметтері мен оқыту-тәрбиелеу әдістемесі, мектепті басқару жүйесімен.

Білімгер білуі тиіс:

- педагогиканың жалпы негіздерін;

- тәрбие теориясы мен әдістемесін; - оқыту теориясы мен әдістемесін;

- педагогикалық басқару жүйесін.

Білімгер меңгеруі тиіс:

- педагогиканың теориялық-әдіснамалық негізін;

- тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру жолдарын;

- оқыту процесін жүзеге асыру жолдарын;

- оқыту процесін басқару, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасын жасау туралы білімді меңгерулері тиіс.

4. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттер: Білімгерлер «Педагогика» курсын өтпес бұрын адамзат қоғамындағы тәрбие, әдеп, орта, кәсіп, мамандық, мінез-құлық, жас ерекшелік туралы ұғым қалыптастыратын «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», т.б. пәндер оқытылады.

Постреквизиттер: «Педагогика» курсынана соң, келесі пәндер оқытылады: «Педагогтік шеберлік», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Этнопедагогика», «Педагогикалық менеджмент», т.б.


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 325 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Деканы М.П.Оспанбаева | КУРС САЯСАТЫ 2 страница | КУРС САЯСАТЫ 3 страница | КУРС САЯСАТЫ 4 страница | КУРС САЯСАТЫ 5 страница | Баланы жетектеу. | Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Курсты сипаттау| КУРС САЯСАТЫ 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)