Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КУРС САЯСАТЫ 3 страница

Читайте также:
  1. Amp;ъ , Ж 1 страница
  2. Amp;ъ , Ж 2 страница
  3. Amp;ъ , Ж 3 страница
  4. Amp;ъ , Ж 4 страница
  5. Amp;ъ , Ж 5 страница
  6. B) созылмалыгастритте 1 страница
  7. B) созылмалыгастритте 2 страница

Е.В. Бондаревская тұлғаға бағытталған тәрбиелеу парадигмасына төмендегілерді ұсынады:

· білім беруде адамның ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара ерекшеліктерін есепке алу;

· балаға ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас: баланы қолдау, оны дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі түзету, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі тәрбиелеу,баланың өзінің жеке тұлғасының қалыптасуына, оның адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен қарым-қатынас жасауына қолайлы жағдайлар туғызу;

· адамды қалыптастыратын функцияларын анықтау (ізгіліктік, мәдениеттілік, әлеуметтік);

· адамның өмірге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру (аксиологиялық, когнитивтік, шығармашылық, іс-әрекеттілік, тұлғалық компоненттер);

· түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға бағытталған педагогикалық технологиялар.

· оқушының өз бетінше ізденісін, шығармашылығын қалыптастыратын оқыту әдіс-тәсілдерін, құралдарын, оқыту технологиясын дұрыс таңдау, оны жүзеге асыру.

Тәрбие беру стильдері

Тәрбие жүйесі өзара байланыстылық, иерархиялық, құрылымдылық, көпдеңгейлілік, компоненттілік, шарттылық сияқты белгілерімен ерекшелінеді. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынас стильдері: авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін, прагматикалық, аксиологиялық, ұжымшылдық, жекелік. 25-суретте тәрбие жүйесінің даму кезеңдері ашылды.

Тәрбие әдістері, классификациясы

Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан-салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан - жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.

Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников және т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды.

Дүниеге көзқарас, маңызы, қызметтері, түрлері, ішкі құрылымы

Дүниеге көзқарас - қоғамдық сана мен тұлға санасының ең жоғарғы деңгейі. Дүниеге көзқарас ұғымы біртұтас дүниені жалпылама ұғынумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен бірге осы біртұтас дүниемен қарым-қатынас жасаудың жалпы өлшемдерін, басқаша айтқанда, дүниеге белгілі бір қарым-қатынас өлшемдерін белгілеп, міндеттейді.

Дүниеге қарым-қатынас дегеніміздің өзі адамның дүниеге тұрмыстық, практикалық-қызметтік қарым-қатынасы. Дүниеге көзқарас осы қарым-қатынастан туындайды. Ол — нақтылы процестің жемісі. Осы тұрғыдан келгенде дүниеге көзқарас дүниеге қарым-қатынаспен салыстырғанда кейін пайда болған. Алайда пайда болып, қалыптасып алған соң ол дүниеге қарым-қатынасты бағыттаушы ықпалға ие болады, осылайша олартарихтың өн бойында өзара бірін-бірі түзете отырып, қоғамдық-адами өмірдің біртұтас процесінде бірін-бірі толықтыратын, біріне-бірі көшетін процесс болып табылады.

Лекция 7. Тақырыбы: Тәрбиенің мәні мен мазмұны

Жоспары:

1. Тәрбиенің заңдылықтары.

2. Тәрбиенің принциптері.

3. Тәрбие процесін ұйымдастыру формалары

4. Тәрбие құралдары.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тәрбиенің заңдылықтары туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: тәрбие заңдылықтары ұғымы, тәрбие жүйесін дамыту бағыттары туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді тәрбие заңдылықтары туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.
  Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

 

Тәрбиенің заңдылықтары

Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс тәрбие заңдылығы деп аталады. Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында, жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес іс, түрлі жағдайларды айтуға болады.

Тәрбиенің принциптері

Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы. Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді.

Тәрбие процесін ұйымдастыру формалары

Форма – бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. «Форма» терминінің мәні: тәрбие процесінің сырттай көрінісі; тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; тәрбиеленушілердің ұжымдық және жеке, дара іс-әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі.

Тәрбие құралдары

Тəрбие құралдары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі.

Тәрбие құралдары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тәрбиелік ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал –жабдығы болып есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көріністері және т.б. тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құралдары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді, сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.

Лекция 8. Тақырыбы: Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру

Жоспары:

1. Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттері

2. Еңбек және дене тәрбиесінің мәні

3. Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің мазмұны

4. Экономикалық және құқықтық тәрбие ерекшеліктері.

5. Азаматтық және саяси тәрбиенің мазмұны

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тәрбиенің түрлері туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: тәрбие түрлері ұғымы, тәрбие түрлері дамыту бағыттары туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді тәрбие түрлері туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.
  Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

 

Адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеттері

Адамгершілік тәрбиесінің негізі – адамдарды жалпыадамзаттық мораль рухында тәрбиелеу. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қатынасын айқындайтын мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдің принциптері адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Ақыл-ой тәрбиесі әр қашанда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми- педагогикалық анықтамалары мен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп – шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана сезімін, оқу мен еңбек процесінде дамытуды айтады.

Еңбек және дене тәрбиесінің мәні

Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. «Адамды адам еткен, еңбек» демекші, «еңбек процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға сүйенсек, еңбек әрекетінің нәтижесінде адамның дене және интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады.

Еңбек – адамның заттық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруда, дене және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасампаздық және интеллектуалдық әрекеті. Адамның еңбегінің арқасында бүтіндей заттық және рухани игіліктер жасалынады, еңбек процесінде адам баласы өзі жетіледі.

Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Дене тәрбиесі күн ырғағын, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.

Дене тәрбиесі – тұлғаны жан -жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды және жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Эстетикалық және экологиялық тәрбиенің мазмұны

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерін болжайды. Экологиялық тәрбие алдымен қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

Экономикалық және құқықтық тәрбие ерекшеліктері.

Экономикалық тәрбие мен білім беру – шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті шарты. Экономика – белгілі бір қоғамның экономикалық құрылысын және оның базисін сипаттайтын қоғамдық өндірістік қатынастар жиынтығы. Жас мемлекетіміздегі маңызды қатынастарды реттей отыра қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жағдай туғыза отырып қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал - құқықтық сауаттылық. Құқықтық сананың негізгі элементтері: өнегелі, адамгершілік және саяси сезімдер.

Азаматтық және саяси тәрбиенің мазмұны

Азаматтық тәрбие мемлекеттік саясаттан басталады. Елдің азаматы болу үшін сол елдің саясатын санаға ендіру керек. Азаматтық тәрбие жүйесі:

- оқушылардың санасын қалыптастыратын жалпы азаматтық, адам баласына тән саяси идеялар.

- мектептегі, мектептен тыс оқу орындарында, қоғамдық еңбек орындарында ақпарат құралдары арқылы жүргізілетін азаматтық тәрбиенің мазмұны мен түрлері жатады.

Саяси тәрбие - адамның саяси санасы мен мінез-құлқына жүйелі және бағытталған ықпал ету процесі. Саяси тәрбие мақсаты, мазмұны мен оны ұйымдастыру қоғамдық саяси жүйесінің сипатымен анықталады және оны сақтау мен дамыту мүдделеріне қызмет жасайды.

Жеке тұлғалық деңгейде саяси тәрбие қоғам мүшелеріне саяси жүйемен арнайы бөлінген адамдардың (насихатшылар, саяси қызметкерлер, тәрбиешілер) жеке ықпалы маңызды рөл атқарады. Саяси тәрбие құралдары: митингілер мен шерулер.

Лекция 9. Тақырыбы: Отбасы-тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесінде

 

Жоспары:

1. Отбасы - әлеуметтік институт.

2. Отбасы түрлері.

3. Отбасының қызметтері.

4. Отбасы, мектеп және әлеуметтің өзара әрекеті

 

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Отбасы тәрбиесінің тұтас педагогикалық процесс ретінде мәнін ашу және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеттеріне талдау жасау.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

- Отбасы тәрбиесін ұйымдастырудың теориялық негізін ашу;

- Оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының рөлі;

- Мектеп пен отбасында оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру, отбасында ата-ананың беделінің бала тәрбиесіндегі орнына талдау жасау.

1. Ақпараттық: отбасы ұғымы, отбасының тәрбие жүйесі туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді отбасы туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

1. Отбасы-әлеуметтік институт

Бақытты балалық шақ пен алаңсыз қарттық, әрбір шаңырақтың шаттығы – «Қазақстан 2050» стратегиясының ең басты мақсаттарының бірі. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі.

Президент Н.Назарбаев жарлығыммен 2014 жылы әр жылдың қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі болып белгіленді.

Тәуелсіздік кезеңінде елімізде 6 миллионнан астам сәби дүниеге келді. Соңғы жылдары халық саны 14,8 миллионнан 17 миллионға артты. Тек өткен 1 жылдың өзінде 254 мың адамға көбейді. Статистика бойынша елімізде әрбір 90 секунд сайын дүние есігін жаңадан ашқан сәбидің іңгәлағаны естіледі.

Соңғы 20 жылда елімізде 1000 білім ордасы мен 800 денсаулық сақтау нысаны салынды. Бұрын-соңды Қазақстанда ешқашан жасалмаған күрделі операциялар қолға алынды.

Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей халқымыз әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ – ең мерейлі ұрпақ.

Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Отбасының қос шынары Алатаудай Әке, мейірімді ана. Әке – береке, өнеге, даналықтың қайнар көзі, қасиетті ісімен сыйластық, құрмет басы. Ана - біздің қамқорымыз, көл-көсір астық тұтқасы. Ананы сыйлау-елді сыйлау, өмірді құрметтеу.

Отбасында жаңа өмір өсіп-өнеді, дамиды, баланың жеке басы қалыптасады, оның мәдени, адамгершілік-рухани, азаматтық қалыптасуы жетіледі, жынысына байланысты әлеуметтік рөлді меңгереді.

Баланың әйелдік және ер азаматтық рөлді меңгеруі көбінесе отбасының әдет-ғұрпы, ата-аналардың тәжірибесі, отбасылық қарым-қатынастар, ата-аналардың, туысқандардың, достардың басымдылығының құндылығымен және мәдениеттілік әлеуетімен анықталады.

Басшысы әрдайым ақылын басшылыққа алса, ой таразысына салып шешім қабылдап, бақытты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушы – сабырды серік етіп, арын – бәрінен де қымбат санаса және ең бастысы өмірін ардақтап, оны сыйластықтың бал шырынымен сусындатса – міне бұл отбасы бақытының кілті болар еді. Ал бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғаларды дүниеге әкелуге қабілетті болмақ.

Сонымен, отбасы:

- Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі.

- Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі.

- Отбасы - бірлескен, туыстық қатынастағы адамдар тобы.

- Отбасы - қоғамның әлеуметтік институты

- Отбасы - тіршілік қоршауы

- Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесік, тәрбиелік орта.

Педагогикалық әдебиеттердегі отбасы анықтамалары:

1. Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М. Қоянбаев. Педагогика. –А: 2004. 370 бетте.


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 763 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Деканы М.П.Оспанбаева | Курсты сипаттау | КУРС САЯСАТЫ | КУРС САЯСАТЫ 1 страница | КУРС САЯСАТЫ 5 страница | Баланы жетектеу. | Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КУРС САЯСАТЫ 2 страница| КУРС САЯСАТЫ 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)