Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КУРС САЯСАТЫ 4 страница

Читайте также:
  1. Amp;ъ , Ж 1 страница
  2. Amp;ъ , Ж 2 страница
  3. Amp;ъ , Ж 3 страница
  4. Amp;ъ , Ж 4 страница
  5. Amp;ъ , Ж 5 страница
  6. B) созылмалыгастритте 1 страница
  7. B) созылмалыгастритте 2 страница

2. Отбасы баланы «Мен сияқты істе!» деген ұранмен тәрбиелейді, мектеп – дұрыс көзқарас пен мінез-құлықты қалыптастыруға тырысады, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары қарым-қатынастың орнын (дефицит) жабады, отбасы, мектеп толтыра алмаған кеңістікті әлеумет немесе көше толықтырады. - М.Е.Вайндорф-Сысоева, Л.П.Крившенко. Педагогика.-М: Юрайт. 2004.203 бетте

3. Отбасылық тәрбие дегеніміз – көзделген нәтижеге жету мақсатында отбасы мен оның мүшелерінің балаға ықпалы болып табылады. И.П.Подласый Педагогика. –М: Владос. 2000. -119 бетте. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б. 112 бетте.

4. Бала тәрбиесі – ата-ананың конституциялық міндеті. И.Ф.Харламов. Педагогика. –М:Гардарики, 1999. -447 бетте

5. Жанұя – тәрбие факторы, болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Педагогика.Абай ат.ҰПУ авторлар ұжымы. – А.168 бет.

Лекция 10. Тақырыбы: Ұжым және оның қалыптасуы.

Жоспары:

1. «Балалар ұжымы» түсінігі. Ұжым теориясының қалыптасуы

2. Ұжымның белгілері, қызметтері, түрлері

3. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен перспективалары.

4. Оқушылар ұжымын басқарудағы мұғалімнің кәсіби қасиеттері (профессиограммасы)

5. Сынып жетекшісінің қызметі, оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасауы.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Ұжым туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: Ұжым ұғымы, ұжым түрлері, белгілері, қызметтері, түрлері туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді ұжым туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика.–Алматы,2002.-384.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

«Балалар ұжымы» түсінігі. Ұжым теориясының қалыптасуы

Оқушылар ұжымы – қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастыруда, тәрбие беруде мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы ретінде шешуші рөл атқарады. Ол ең алдымен оқу іс-ірекеті болып табылады. Онда тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алады. Ұжым (латын сөзі «collectivus» - коллективус) - жинақтаушы, топ, бірлестік, деген сөзінен шыққан. Ұжымға педагогикалық ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі сипаттама беріледі, солардың бірінде: ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы; ұжым – жоғары деңгейде ұйымдасқан топ.

Демек, адамдардың бірігуі ортақ бір мақсатты көздегенде және бірлесіп іс-әрекет атқару нәтижесінде ғана жүзеге асады. Адам өмірінің көп бөлігін ұжымда өткізеді. Мысалы, балабақшада, мектепте, білім алуда, қызметте белгілі бір ұжымның мүшесі болып саналады және ортақ мақсат, ортақ бағытта жұмыс жасайды.

Ұжымның белгілері, қызметтері, түрлері

Ұжымның атқаратын қызметтері:

Балалар ұжымының бірінші қызметі - тәрбиелік: оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жүйесі бола отырып, өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені меңгеріп, өмірде қолданады. Балалар ұжымының екінші қызметі – ұйымдастырушылық: мұнда әр оқушы ұйымдастырушы, орындаушы, яғни өз іс-әрекетінің басшысы. Еңбек, ойын танымдық іс-әрекеттерде өзара қарым-қатынасы қалыптасып, машықтанады. Ұжымда өзара тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек беру, бір-біріне талап қою, өзара тату-тәтті, сыйластықта, достықта болу мүмкіндігі туады. Балалар ұжымының үшінші үшінші қызметі – ынталандырушылық: түрлі қарым-қатынас арқылы ұжым мүшелерінің құндылық бағдарының, өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл ұжымның материалдық, рухани байлығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады: мамандық бойынша (өндірістік, әскери, дәрігерлік, т.б.), көркемөнерпаздар, қоғамдық (партия, кәсіподақ, бірлестіктер, т.б.), ерікті ұжымдар (ғылыми, әскери-спорт қоғамдары, т.б.), мектеп (педагогикалық ұжым, жалпы ұжым, сынып, үйірме, т.б.), оқушылар ұжымдары (сынып, клубтар, секция, еңбек бірлестіктері, т.б.) болып бөлінеді.

Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен перспективалары

Оқушылар ұжымының дамуы мен қалыптасуы балалардың жас ерекшелігіне, мұғалімнің іс-әрекет деңгейіне де байланысты. А.С.Макаренко оқушылар ұжымының дамуын үш кезеңге бөлген. Ұжымды нығайту және қалыптастыру жолдары ретінде ұжымның даму кезеңдерінде даму перспективалары мен дәстүрлерін жатқызуға болады. Себебі: барлық ұжым мүшелерін біріккен мазмұнды іс-әрекетке тарту,оны жүзеге асыру белгілі бір нақты мәнді мақсат пен оны орындаудың қатаң жолдары, құралдары және педагогикалық басшылық қажет.

Оқушылар ұжымын басқарудағы мұғалімнің кәсіби қасиеттері (профессиограммасы)

Профессиограмма – мұғалім, тәрбиешінің идеалды үлгісі, моделі, эталоны. Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалым-психологтар, педагогтар пікірі бойынша педагог профессиограммасы мындай сапаларды қамтиды: қоғамдық-саяси; әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың жеке сапалары; психологиялық және педагогикалық дайындық; мамандық бойынша кәсіби дайындық; пән бойынша дайындық.

Сынып жетекшісінің қызметі, оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасауы.

Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен өзара қарым-қатынас жасаудың негізінде ұжым қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші тетік болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді.

 

3 БӨЛІМ. ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ

Лекция 11. Тақырыбы: Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде

Жоспары:

1. Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары.

2. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері

3. Оқытудың әдістері, классификациясы.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Дидактика туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: Дидактиканы ұғымы, дидактиканың атқаратын қызметтері, оқытудың әдістері туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді дидактика туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.
  Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.

Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары.

Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика» терминінің қолдануы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфганг Ретке (1571-1635) дидактиканы «оқыту өнері» мағынасында ашып, енгізсе, оның жан-жақты мағынасы чех педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) 1657 жылы Амстердамда шығарған «Ұлы дидактика» еңбегінде «бәрі, барлығына оқытудың әмбебеп өнері» мағынасында сипатталды. Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, И.Г.Пестолоцци, А.Дистверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Г.Кершенштейнер, В.Лай және т.б. зор үлес қосты. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл- ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді. Дидактиканың ұғымдары: дидактика, білім беру теориясы, білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактика оқыту процесінің барысын және нәтижеге бағытталған мақсат, міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады: теориялық және практикалық. Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен анық айқындалады. Біріншісі - оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі).

Оқытудың екінші қызме ті - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөніңде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын үшінші қызметі - дамыту қызметі атқарылады.

Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері

Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық процестің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.

Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жалпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың, тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-қайшылықтың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихшылық және диалектикалық таным ұстанымдары).

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған.

Оқытудың әдістері, классификациясы.

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:

1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;

2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру;

3. Мектептің орналасқан жерін ескеру.

4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы.

Лекция 12. Тақырыбы: Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

Жоспары:

1. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

2. Оқытудың формалары мен құралдары.

3. Сабақ – оқытудың негізгі формасы

4. Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар

5. Мұғалімнің сабаққа дайындығы мен қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Оқытудың заңдылықтары мен принциптері туралы түсіндіру.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Ақпараттық: Оқытудың заңдылықтары мен принциптері ұғымы, сабақ, түрдері туралы ақпарат беру.

2. Коммуникативтік: білімгерлерді сабақ туралы өз ойларын ұсына отырып түсіндіру немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарында дәлелдеуге үйрету.

3. Проблеманы шешу: қажетті жағдайларды жасау арқылы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға, жобалау қабілеттерін дамыту.

Негізгі әдебиеттер

Оқулықтың, оқу құралы, әдiстемелiк нұсқаулары, аты, авторы, басылымы және шыққан жылы
  Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005. -429 б.
  Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Алматы, 2002. -384 б.
  Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын,2004.-152 б.
  Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. -448 б.
  Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. – Алматы, 2000.
  Коджаспирова Г.М. Педагогика.–М.:Гардарики,2007.-528 б.
  Қосымша әдебиеттер:
  Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А, 2006.
  Сластенин В.А., Исаев И.Ф., т.б. Педагогика. Уч. пособие.- М., 2002.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы. 1990.
  Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. - Алматы: Рауан, 1995.
  Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. –Алматы, 1984.
  Құлшанова С. Мектеп педагогикасы. –Алматы, 2005.
  Сұлтанова Ғ. Педагогика. –Алматы, 2007.
  Бегалиев Т. Педагогика. -Тараз. 2001.

Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

Оқытудың заңдылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың және И.П.Подласыйдың ғылыми педагогикалық еңбектерінде кең көлемде баяндалған.

Оқытудың принциптері дидактиканың негізгі буыны. Себебі, оқыту процесінде кез келген мұғалім оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын өз қалауынша таңдамайды. Керісінше, ол оқытудың мақсат-міндеттеріне сай қалыптасқан белгілі талаптарға немесе ережелерге сүйеніп іске асырады. Солардың ішіндегі оқытудың көрнекілік, жүйелік, бірізділік, саналылық, белсенділік принциптерін Я.А.Коменский ұсынған. Ол «Ұлы дидактика» атты ғылыми еңбегінде дидактикалық принциптерінің жүйесін құра отыра, оқыту адам және табиғат дамуының жалпы заңдылықтарына сай құрылатынын тұжырымдайды.

Оқыту процесінде әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын мұғалімнің басшылығымен оқушыларға жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен олардың санасына берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті. Сондықтан әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты дидактикалық принциптерді білуі шарт. Олар оқытуды ұйымдастырғанда оның білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы міндетті.

Оқытудың формалары мен құралдары

Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу процесін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты. Педагогика тарихында педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.

Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен деректер, олар оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады. Оқыту құралдары дегеніміз – мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдық және идеалдық обьектілер.

Сабақ – оқытудың негізгі формасы

Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Я.А.Коменский сынып сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:

- оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау;

- оқушыларды сыныптарға бөлу;

- әр сыныпқа бір бөлме беру;

- күніне 4 сабақ өткізу;

- әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;

- қоңыраудың соғылуы;

- тәртіп;

- бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек;

- сабақты күзде бастау;

Сынып-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері.


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 1931 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Деканы М.П.Оспанбаева | Курсты сипаттау | КУРС САЯСАТЫ | КУРС САЯСАТЫ 1 страница | КУРС САЯСАТЫ 2 страница | Баланы жетектеу. | Гегель. | Акселерация. | Принцип. | Интеграция. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КУРС САЯСАТЫ 3 страница| КУРС САЯСАТЫ 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)