Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Ортогональ проекцияларда, аксонометрияда және перспективада көлеңкелер.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. XIV-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
  3. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  4. Абынудың жасушалық және гуморалдық медиаторларының пайда болу және әсер ету жолдары
  5. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  6. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  7. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары

Сәулетші мен суретші сәулет ғимараттарын немесе кеңістіктегі кез келген затты қарағанда, оның пішімін анықтауда жарық пен көлеңкенің қандай маңызы бар екенін жақсы түсінеді. Сондықтан, жазық сызбада кескінделген кеңістік образы оның табиғи шын кескініне мейлінше ұқсас болу үшін сәулетші проекциялық сызбада көлеңкелерді салу әдістерін жетік білу керек.

Сәулеттік сызбаларда композицияның кеңістік шешімін толық білдіру үшін беттің рельефтігін, бөлшектің(тетіктің) масштабтығын білдіру үшін көлеңкелер салынады. Көлеңкелер адамның көру қабілеті физиологиясын ескере отырып, геометриялық және физикалық заңдылықтарының негізніде салынады.

Сәулеттік сызбалардағы көлеңкелері салынған нысанның кескіні оның шын бейнесін елестетуге едәуір көмектеседі. Керек десеңіз, көлеңкелермен толықтырылған бір ғана кескіні (проекциясы), екінші проекциясы болмаса да, оның кеңістік шешімін түсінуге, сызбаны «оқуға» мүмкіндік береді.

Көлеңкелердің шекарасын салу – сызба геометрияның екі есебін шешу болып табылады.

Бірінші – берілген зат (бет) пен оны жанамалап өтетін сәуле беттерінің (жазықтықтардың) жанама сызығын анықтау, бұл өзіндік көлеңкенің шекарасын анықтаудың негізі болып табылады.

Екінші – екі беттің қиылысу сызығын анықтау, оның бірі – берілген бет, екіншісі – сәулелік бет. Қиылысу сызығы құлама көлеңкенің шекарасы болады. Сондықтан, көлеңкелерді салуды жетік меңгеру үшін сызба геометрияның осы екі есебін шешуді жақсы білу керек.

Сәулеттік сызбаларда көлеңкелер көбіне фасад (қасбет) кескіндерінде салынады, алайда кейде көлеңкелер басқа да кескіндерде де салынады, мысалы, қабаттардың пландарында, бас пландарда, тіліктерде, аксонометрияда және перспективада.

Жарық сәулелерінің бағытын жақтары p1, p2, p3 проекция жазықтықтарына параллель кубтың диагоналіне параллель болатындай қабылдайды. Бұл жағдайда сәулелердің проекциялары проекция осьтеріне 45° бұрышпен көлбеу орналасады (7.1-сурет).

Сәулелердің бағытын осылай қабылдау көлеңкелерді салуды едәуір жеңілдетеді және ғимарат элементтерінің орналасуын анықтауға мүмкіндік береді, өйткені, көлеңкенің ені элементтің тереңдігіне (ғимарат бетінен шығу өлшеміне) тең болады. Сәуленің куб жақтарымен бұрышының жуық шамасы 35° болады.

Монж эпюрінде нүктенің көлеңкесін салу (7.2-сурет). Берілген нүкте арқылы өтетін сәуленің проекция жазықтықтарындағы ізі осы нүктенің көлеңкесі болады. Нүктенің көлеңкесі сәулеге бірінші кездескен проекция жазықтығына түседі. 7.2-суретте сәуле p1 жазықтығымен А¢ нүктесінде бірінші қиылысады. А¢ нүктесі – А нүктесінің нақты көлеңкесі, А¢¢ - жорамал көлеңкесі болады.

Түзу кесіндісінің көлеңкесін салу (7.3-сурет). Түзудің көлеңкесін салу үшін оның кез-келген екі нүктесінің көлеңкесін салып, оларды түзумен қосу керек.

Түзу кесіндісінің көлеңкесін салу төмендегідей ретпен орындалады:

1. Алдымен кесіндінің көлеңкесін бір ғана проекция жазықтығында анықтайды (екінші проекция жазықтығын ескермей).

2. Егер салынған көлеңке Ох осін қиып өтетін болса, онда көлеңке осы қиылысу нүктесінде сынып, екінші проекция жазықтығына өтеді.

Дербес жағдайда орналасқан кесінділердің көлеңкесін салу (7.4, 7.5-суреттер). Проекция жазықтығына перпедикуляр кесіндінің көлеңкесі жарық сәулесі проекциясымен беттеседі, ал жазықтыққа параллель кесіндінің көлеңкесі кесінді проекциясының өзіне параллель болады.

Жазық фигураның көлеңкесін салу (7.6-сурет). Егер жазық фигура жазықтыққа параллель болса, онда фигураның осы жазықтықтағы көлеңкесі фигураның өзіне тең болады.

 
 

Перспективада көрнекілікті арттыру мақсатында жарық сәулелері өзара параллель болғандағы көлеңкелер салынады. Жарық сәулелерінің бағыты нысанның композициясын мейлінше жақсы анықтайтындай етіп таңдалады. Сәуленің екінші проекциясы сурет табанына параллель болады (7.8-сурет).

Жарық көзі ретінде күнді алуға болады. Ол көру нүктесінің алдында (7.9,а - сурет) немесе артында (7.9, б - сурет) болуы мүмкін.

7.10 – суретте призма бетінің үстіңгі жағы зат жазықтығына параллель, сондықтан ондағы АВ тік түзуінің көлеңкесі зат жазықтығындағы көлеңкесіне параллель болады.

7.11 – суретте АВ тік түзуінің көпжаққа түскен көлеңкесін табу үшін сәулелік қималар тәсілін қолданылған, өйткені көпжақтың үстіңгі жағы зат жазықтығына параллель емес.

7.12 – суретте жарық сәулелері сурет жазықтығына параллель болып берілген.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[233-237],

Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[112-123], 5 қос.[151-161], 9 қос.[322-327]

Бақылау сұрақтары:

1. Ортогональ проекцияларда жарық сәулелерінің бағыты қалай қабылданады?

2. Проекция жазықтықтарына перпендикуляр және параллель түзулердің көлеңкелері қалай түседі?

3. Проекция жазықтықтарына параллель және перпендикуляр шеңберлердің көлеңкелерін салыңыз?

Перспективада айналу беттерінің көлеңкесін салу ретін айтыңыз?

2. Нүктелі (күн) жарық көзінің екінші проекциясы қай жерде орналасады?

3. Перспективада көлеңкелерді салу үшін жарық сәулелерінің бағытын қалай анықтайды?

Дәріс. Құрылыс сызбалары туралы жалпы мәліметтер. Ғимараттардың түрлері және жобалау сатылары. Жұмыс сызбаларының негізгі жинақтарының маркалары

 

Тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық, өндірістік мақсаттарға арналған бөлмелерден тұратын жер үсті құрылыс нысандары ғимараттар деп аталады.

Адамдарға арналған бөлмелері жоқ, болғанда да негізгі қызметіне арналмаған бөлмелері бар, жер үсті құрылыс нысандары инженерлік имараттар деп аталады. Оларға көпірлер, плотиналар, шлюздер, маяктар және т.б. жатады.

Ғимараттар қызметіне қарай үш топқа бөлінеді:

- азаматтық;

- өндірістік;

- ауыл шаруашылық ғимараттары.

Азаматтық ғимараттар адамның тұрмыстық және қоғамдық қажеттілігін өтеуге арналады. Олар тұрғын (үйлер, жатақханалар және т.б.) болады.

Өндірістік ғимараттар өндіріс жабдықтарын орналастыруға және еңбек үрдісін орындауға арналады (фабрикалар, зауыттар, электр станциялары, депо, гараждар және т.б.).

Ауыл шаруашылық ғимараттары ауыл шаруашылық қажеттіліктерін өтеуге арналады (қоралар, қоймалар).

Ғимараттар биік (тоғыз қабаттан көп), көп қабатты (үш қабаттан көп), аз қабатты (үш қабатты және одан аз) болып бөлінеді.

Ғимараттың қабат санына барлық жер қабаттары, оның ішінде техникалық, мансардтық қабаттар, сонымен қатар, цокольдік қабат кіреді, егер жабынның үсті жердің жобалық белгісінен 2 м-ден кем емес биіктікте орналасса.

Қабат деп ғимараттың бір деңгейінде орналасқан бөлмелерді атайды. Қабаттардың түрлері:

Жер беті қабаттары – бөлме еденінің биіктігі жер беті жобалық биіктік белгісінен жоғары болғанда;

Цокольдік – бөлме еденінің биіктік белгісі жер беті жобалық биіктік белгісінен бөлме биіктігінің жартысынан кем биіктікке төмен болса;

Жертөле (подвал) – бөлме еденінің биіктік белгісі жер беті жобалық биіктігінен бөлме биіктігінің жартысынан артық биіктікке төмен болса;

Мансардтық - шатыр астындағы кеңістікте орналасқан қабат;

Техникалық – инженерлік жабдықтарды орналастыруға, коммуникацияларды жүргізуге арналған қабаттар, олар ғимараттың төменгі, жоғарғы немесе орта бөлігінде орналасуы мүмкін.

Масштабтар. Құрылыс сызбалары МСТ 2.302-68 және МСТ 21.501 – 93 стандарттары бойынша орындалады.

МСТ 21.101-97 стандарты бойынша құрылыс сызбаларында масштаб қойылмайды. Бірақ, қажет болған жағдайда негізгі жазуда 1:10, 1: 100, т.с.с. түрінде, ал кескіннің жоғарғы жағында , түрінде көрсетіледі.

Сызба сызықтары. Құрылыс сызбаларында сызықтардың МСТ 2.303-68* стандартында берілген түрлері пайдаланылады. Бір масштабта орындалған кескіндердің сызық жуандықтары бірыңғай болуы тиіс. Алайда, құрылыс сызбаларында жеке бір сызық түрлерін қолдануда өз ерекшеліктері бар. Мысалы, ғимарат планында және тілігінде көрінетін қырлар сызықтары әртүрлі жуандықпен салынады. Қабырғаның қиюшы жазықтыққа тиісті болатын орындары жуандау сызықпен жүргізіледі. Қиюшы жазықтыққа тиісті болмайтын орындары жіңішке сызықпен жүргізіледі. Құрылыс сызбаларында қолданылатын сызықтардың жуандығы 8.1-кестеде көрсетілген.

8.1-кесте

Аталуы Масштабтар
1:400 1:200 1:100 1:50
  Пландар мен тіліктер
Жер сызығы 0,4 0,5-0,6 0,7-0,8 0,8
Қимаға түсетін тас элементтер 0,4 0,4-0,5 0,6-0,7 0,8
Қимаға түсетін ағаш элементтер 0,4 0,4-0,5 0,6-0,7 0,6-0,7
Басқа элементтердің нұсқалары 0,3 0,3 0,3-0,4 0,3-0,4
Жабдықтар 0,3 0,2 0,2-0,3 0,2-0,3
  Фасадтар (Қасбеттер)
Жер сызығы 0,6 0,6 0,8 0,8
Ғимарат нұсқалары 0,3-0,4 0,3-0,4 0,4-0,5 0,5-0,6
Қақпа, есік, терезе орындары 0,3 0,3 0,4 0,4
Қақпа, есік пен терезелердің қораптарының, жақтауларының суреттері 0,2 0,2 0,2 0,2-0,3

 

Көріністер. Құрылыс сызбаларында олар МСТ 2.305-68 сәйкес орналастырылады. Атаулары стандартта бекітілгеннен басқаша болуы мүмкін. Мысалы, «алдыңғы көрініс» орнына «қасбет» деп аталады, т.с.с. Сондай-ақ, құрылыс сызбаларында көрініс атауы, әдетте, мына түрде «1-3 қасбет», кескіннің жоғарғы жағына жазады. Көріністің әріптік, сандық немесе басқаша атауы болуы мүмкін.

Тіліктер. Құрылыс сызбаларында тілікті атауына әріптер, сандарды және басқа да белгілерді қолдануға болады. Кескіннің атауында «Тілік» деп жазылуы мүмкін, мысалы, «1-1 тілік».

Қималар. Құрылыс сызбаларында қиюшы жазықтықтың бағытын беретін нұсқаманың болуы немесе болмауы мүмкін. Қиманы әріптермен немесе сандармен белгілейді. Қиманың атауында қиюшы жазықтыққа сәйкес белгіні жазады.

Өлшемдер. Құрылыс сызбаларында өлшемдер МСТ 21.501 – 93 құрылыс үшін жобалық құжаттама жүйесі талаптарын ескерілумен МСТ 2.307-68 стандартына сәйкес қойылады.

Құрылыс сызбаларында өлшемдер миллиметрмен, әдетте, өлшем бірлігісіз тұтас тізбек түрінде қойылады. Егер өлшемдер басқа бірліктерден қойылса, онда ол жөнінде сызбаның техникалық шарттарында айтылады. Өлшем сызықтары 45º бұрышпен жүргізілетін ұзындығы 2–4 мм қысқа кесінділермен шектейді. Кесіндінің сызу жуандығы негізгі тұтас жуан сызықтың жуандығына тең болуы тиіс. Өлшем сызықтары шеткі шығару сызығының сыртына 2–3 мм шығып тұруы керек. Өлшем саны өлшем сызықтың жоғарғы жағына 0,8–1,0 мм қашықтықта орналасуы тиіс. Шығару сызығы өлшем сызықтың сыртына 1–5 мм шығып тұруы керек. Өлшем сызығын нұсқамалармен тек диаметрді, радиусты немесе бұрышты көрсеткен кезде шектейді.

Центрлік сызықтар шеңбер не доғалар сыртына 1–5 мм шығуы тиіс, қолайлысы – 2-3мм (8.1- сурет).

8.1 – сурет

8.2 – сурет

 

Өлшем сызық үстінде орын болмаса өлшем санын сызық жалғасы үстіне немесе сөре-сызық үстіне қоюға болады.

Кескінде, өзара тең қашықтықта орналасқан бірқатар бірыңғай элементтер болса, аралық өлшемін бас жағы мен соңғы жағында қояды және қайталанған өлшемдердің қосындысын қояды. Сызбаның нұсқа сызығымен бірінші өлшем сызығы аралығын кемінде 10мм етіп қою керек, бірақ-та іс жүзінде ол 14-21мм болғаны дұрыс. Өзара параллель өлшем сызықтар аралығы кемінде 7мм болуы тиіс, ал өлшем сызығы мен координаттық шеңберге дейін – 4мм.

Деңгейліктер. Пландар, тіліктер мен қасбеттерде шартты деңгейліктер нольдік деңгейден алатын арақашықтықтарды көрсетеді (биіктігі, тереңдігі). Нольдік деңгей ретінде ғимараттың немесе басқа нысанның жердің жоспарланған бетіне жақын құрылымының беті алынады. Тұрғын ғимараттарында әдетте бірінші қабат еденінің деңгейі алынады. Құрылыс сызбаларында деңгей белгілері метрмен және үтірден кейін үш ондық таңбасымен беріледі. Нольдік деңгей (0,000) таңбасымен беріледі. Нольден жоғары белгі плюс таңбасымен (+1,200), нольден төмен белгі минус таңбасымен (- 1,700) беріледі. Деңгейлік белгісінің таңбасы сөре-нұсқама болып келеді. Нұсқаманы негізгі сызықпен ұзындығы 2-4мм шығару немесе нұсқа сызығына 45° бұрышпен жүргізіледі. Шығару сызықтарды тұтас жіңішке сызықпен бастырады.

Егер бір кескінге тиісті бірнеше деңгейлік белгілер қойылатын болса, онда олардың вертикал сызықтарын бір вертикал бойына түсірген жөн болады, ал горизонталь сөрелерінің ұзындықтарының тең болғаны дұрыс болады. Деңгей белгісі анықтау жазулармен біргеболуы мүмкін. Мысалы, «т.е.д.» - таза еден деңгейі, «ж.д.» - жер деңгейі.

Қасбеттер мен тіліктерде деңгейлік белгілерді шығару сызықтарға немесе нұсқа сызықтарға орналастырады. Пландарда белгілерді (өлшем сандарды) жіңішке салынған тіктөртбұрыш ішіне немесе шығарым-сызық сөресінің үстіне түсіреді (8.6 - сурет).

Еңістіктер. Құрылыс сызбаларында еңістікті жәй бөлшек түрінде көрсетеді. Қажет болса, еңістікті үшінші таңбаға дейінгі дәлдікпен ондық бөлшекпен қоюға болады. Еңістік мәнін анықтайтын өлшем саны алдына сүйір бұрышпен қиылысатын екі сызықтан белгі қойылады. Еңістік белгісі нұсқа сызығы үстіне қойылады немесе шығарым-сызық сөресіне қойылады. Еңістік белгісінің төменгі сызығы нұсқа сызығына немесе шығару сызығына параллель болуы тиіс, ал сүйір бұрышы еңістік жаққа бағытталуы қажет. Пландарда еңістік бағытын нұсқамамен береді. Қажет жағдайда нұсқама үстіне еістік мәні қойылады (8.6 - сурет).

Негізгі жазулар. Негізгі жазулар МСТ 21.101- 97 (ҚЖҚЖ) – студенттің курстық жұмыстар, курстық және дипломдық жобалар құрамындағы сызбалар мен мәтіндік құжаттарда негізгі жазуларды толтыру үшін бірыңғай пішінді, өлшемдерді және толтыру ретін бекіткен.

Ғимараттардың сызбаларында негізгі жазу 8.7 - суретте көрсетілгендей болу керек. Құрылыс бұйымдарының сызыбаларының бірінші бетінде 8.8 - суретте көрсетілгендей болу керек.

Негізгі жазуды графикалық немесе мәтіндік құжаттың төменгі оң жақ бұрышына орналастырады. Негізгі жазу мен жиектерді МСТ 2.303-68 бойынша тұтас жіңішке және тұтас жуан негізгі сызықтармен орындайды.

 

8.4 -сурет

8.6 - сурет

 

Негізгі жазудың ішіндегі бағандарда берілетіндер:

1 – құжаттың белгісі (бас әріптер, биіктігі 5мм);

2 – жобаның, жұмыстың немесе бұйымның аты (бас әріптер, биіктігі 5мм);

3 – тапсырманың аты (бас әріптер, биіктігі 5мм);

4 – осы парақта орналасқан кескіндер атауы (бас әріптер, биіктігі 5мм);

5 - тетікбөлшек материалының белгісі (бұл орынды тек тетікбөлшек сызбасында толтырады; кіші әріптер, биіктігі 5мм);

6 – литера «О» (оқу сызбалары);

7 – парақтың реттік саны (мәтіндік құжатты парақтың екі жағына толтырған жағдайда беттің реттік саны). Бір ғана парақтан тұратын құжаттарда бұл орынды толтырмайды;

8 – Құжат (сызба жинағының, түсіндірмелік жазбаның және т.б.) парақтарының жалпы саны. Екі жақты толтырылған мәтіндік құжаттардың беттерінің жалпы саны;

9 – Кафедраның толық немесе қысқартылған атауы (кіші әріпте, биіктігі 5мм);

10 – төменнен жоғары қарай – «Студент», «Кеңесші», «Жетекші», «Норм.бақылау», «Кафедра меңг.» (кіші әріптер, биіктігі 3,5мм).

ҚҚБЖ және ҚЖҚЖ талаптарына курстық және дипломдық жобалардың графикалық бөлімінің сәйкестігін бақылаушы оқытушы «Норм.бақылау» орнына қол қояды;

11,12,13 – аты-жөні, қолы, күні;

14 – сызбада кескінделген бұйымның массасы (кг), өлшем бірлігі көрсетілимейді;

15 – кескін масштабы МСТ 2.302 – 68 стандарты бойынша.

 

Жазулар. Құрылыс сызбаларында жазулар үшін қаріптерді МСТ 2.304 – 81 стандарты бойынша алады.

Негізгі әдебиеттер: 5 нег.[180-193 ],

Қосымша әдебиеттер: 6 қос. [31-34 ].

Бақылау сұрақтары:

1. Ғимарат планында өлшемдер қалай қойылады?

2. Пландарда биіктік белгілері қалай қойылады?

3. Қасбеттер мен тіліктерде биіктік белгілері қалай қойылады?

Дәріс 9. Азаматтық және өнеркәсіп ғимараттарының пландары.

План – ғимараттың белгіленген деңгейде жорамал горизонталь жазықтықпен қиылған тілігінің кескіні (9.1 - сурет).

МСТ 21.501-93 бойынша қиюшы жазықтықты кескінделетін қабаттың биіктігінің 1/3-де, не болмаса, өнеркәсіптік ғимараттар үшін кескінделетін деңгейден 1м биіктікте орналастырады. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда жорамал жазықтықты есіктер мен терезелер орындарын қиятындай етіп орналастырады.

Ғимараттың планы оның конфигурациясы мен өлшемдері жөнінде мағлұмат береді, жеке бөлмелерінің орналасуы, есік пен терезелер орындары, басты қабырғалардың, арақабырғалардың, ұстындардың, баспалдақтардың орналасуын анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

Санитарлық-техникалық жабдықтарды ғимарат планының масштабында орындайды. 9.3 – суретте кеңінен қолданылатын санитарлық-техникалық жабдықтар көрсетілген.

Негізгі әдебиеттер: 1 осн.[210-230 ], 2 осн. [111-146 ]

Қосымша әдебиеттер: 1 доп.[37-57].

Бақылау сұрақтары:

1. Өнеркәсіптік ғимараттың планы қалай алынады?

2. Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттың планы қалай алынады?

3. Планды орындау ретін айтыа беріңіз.

.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1254 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА 3 | Инженерлік графика 3» пәнінің мақсаты мен міндеттері | Модуль №2 бойынша бақылау сұрақтары | Дәріс. Көріністер, тіліктер, қималар. | Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар. | Горизонталь изометриялық проекция. | Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер. | Дәріс 4. Тетікбөлшектердің эскиздері мен жұмыс сызбалары. Құрастыру сызбасы. | Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары. | Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сызықтық перспектива.| Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.038 сек.)