Читайте также: |
|
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ә.Бүркітбаев атындағы өндірістік инженерия институты
Сызба геометрия және инженерлік графика кафедрасы
У.Т.Қарымсақов, Д.Д.Абилдабекова, З.К.Оспанова
ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА 3
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
(5В042000 – «Сәулет» мамандығы үшін )
Алматы, 2012
ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: У.Т. Қарымсақов, Д.Д.Абилдабекова, З.К.Оспанова. Инженерлік графика 3. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (5B042000 – «Сәулет» мамандығы үшін ). – Алматы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012, 77 б.
Аңдатпа
«Сәулет» мамандығына арналған «Инженерлік графика 3» пәнінің оқу-әдістемелік кешені кредиттік жүйемен оқуға қатысты барлық қажетті мағлұматтардан тұрады. Оқу-әдістемелік кешеніне пәннің оқу бағдарламасы (SYLLABUS), глоссарий, дәрістердің қысқаша конспекті, оқу-әдістемелік материалдар және графикалық жұмыстар туралы мағлұматтар, студенттер өз білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар, емтихан сұрақтары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі, студенттердің оқуы жемісті болуына негізделген қысқаша ұсыныстар енгізілген. Сабақтар арнайы жабдықталған сызу залдары мен дәрісханаларда жүргізілуі тиіс. «Инженерлік графика 3» пәні сәулет мамандығында оқитын студенттерді дайындауға арналған жалпытехникалық пәндердің қатарына кіреді.
Қорытынды жол (9 кесте, 77 сурет)
Рецензент, т.ғ.к., доцент Құспеков Қ.Ә.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің 2006 жылғы 22 маусымдағы шешімімен бекітілген типтік оқу бағдарламасы бойынша басылуда
© Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың сызба геометрия және графика кафедрасының доценті, т.ғ.к., Қарымсақов У.Т., доцент, п.ғ.к., Абилдабекова Д.Д., оқытушы Оспанова З.К. құрастырған 5В042000-Сәулет мамандығына арналған «Инженерлік графика 3» пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне
ПІКІР
Оқу-әдістемелік кешен пәннің оқу бағдарламасына сәйкес және керек көлемде жасалған. Кешенде студенттердің міндеті, пәнді оқытудағы мақсаты, пәнді оқуға керек әдебиеттер, пәнімен қатар оқылатын іргелес пәндер жайлы мәліметтер келтірілген.
Кешен 5В042000 – «Сәулет» мамандығы студенттері үшін қажетті көлемде және оқу-әдістемелік кешендерге қойылған талаптарға сәйкес жасалған. Курс тақырыптары мен оқу сабағының әрбір түрінің көлемі, жеткілікті түрдегі дәрістер көлемі, міндетті графикалық жұмыстар, білімдерін өзіндік тексеруге арналған сұрақтар мен тесттер, емтихан сұрақтары және глоссарий, әдебиет тізімі берілген. Кешенде мамандықтың ерекшелігі ескеріліп, сызықтық перспективадны салу тәсілдеріне, ортогональ проекцияларда, аксонометрияда және перспективада көлеңкелерді салуға, сәулет-құрылыс сызбаларын стандарттардың талаптарына сай орындау мен безендіруге ерекше көңіл бөлінген.
Оқу-әдістемелік кешен жеткілікті деңгейде мамандыққа сәйкес білім алуға мүмкіндік береді деп ойлаймын, сондықтан осы ОӘК оқу барысында қолдануға әбден лайық деп, басылуға ұсыныс жасаймын.
«Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент | Құспеков Қ.Ә. | |
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1054 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Го книги от Kiseido | | | Инженерлік графика 3» пәнінің мақсаты мен міндеттері |