Читайте также:
|
|
Аксонометрия гректiң аксон (ось) және метрео (өлшеу) деген екi сөзiнен құрылады.
А ´ - А нүктесінің аксонометриялық проекциясы. А´1 – А нүктесінің екінші проекциясы.
Аксонометриялық бірліктің оның нақты ұзындығына қатынасы бұрмалану коэффициенті деп аталады: u=e´x/ex, v=e´y/ey, w=e´z/ez.
u=v=w – изометрия;
u=w – диметрия;
u≠v≠w – триметрия;
Тікбұрышты изометрия. Аксонометриялық осьтердің орналасуы 2.2-суретте көрсетілген. x, y, z осьтері бойынша бұрмалану коэффициенттері 0.82-ге тең.
Оңай болу үшін изометриялық проекцияны әдетте бұрмаланусыз орындайды, яғни бұрмалану коэффициентін 1-ге тең деп алады.
Бұйымның тікбұрышты изометриялық роекциясына мысал 2.3- суретте келтірілген..
Тікбұрышты диметрия. Аксонометриялық осьтердің орналасуы 2.4-суретте көрсетілген.
y осі бойынша бұрмалану коэффициенті 0.47-ге тең, ал x және z бойынша - 0.94-ке.
Диметриялық проекцияны x және z осьтері бойынша бұрмалаусыз, және y осі бойынша бұрмалау коэффициентін 0.5-ке тең қылып алады.
Бұйымның диметриялық проекциясына мысал 2.5-суретте келтірілген.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1080 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс. Көріністер, тіліктер, қималар. | | | Горизонталь изометриялық проекция. |