Читайте также:
|
|
Техникалық сызу сызбаларында кең тараған және құрылыс, өнеркәсіптің барлық салаларында қолданылатын, өзара перпендикуляр жазықтықтарға проекциялау ережелері МЕСТ 2.305-68 –мен анықталады.
Проекциялау әдісінің ең негізігсі болып, бірінші бұрыш әдісі (Е әдісі) табылады. Мұнда зат өзара перпендикуляр проекциялар жазықтығынына тік бұрышпен проекцияланады, бұл кезде бейнеленетін зат бақылаушы мен сәйкес проециялар жазықтығының арасында орналасады.
Келесідей көрінстердің түрлері анықталған:
1 – алдынан қарағандағы көрініс (негізгі көрініс немесе фасад), бейне фронталь проекциялар жазықтығында;
2 – жоғарыдан қарағандағы көрініс (план);
3 – сол жақ көрініс, бүйір фасад;
4 – оң жақ көрініс;
5 – астыңғы көрініс;
6 – артқы көрініс (артқы фасад).
Проекцияның фронталь жазықтығындағы бейнелер сызбада басты ретінде алынған. Бұйым фронталь проекция жазықтығына қатысты бейне бұйымның пішіні және өлшемдері жөнінен мүмкіндігінше толық ақпарат бере алатындай орналастырылады. Кескіндер саны минималды, бірақ сызбаны оқу үшін жеткілікті болуы керек. Сызбада – көріністердің шартты аттары жазылмайды, егер бұл көріністер проекциялық байланыста болса, яғни келесідей тәртіпте: жоғарыдан көрініс – басты көріністің астында; сол жақ көрініс – басты көріністің оң жағында; оң жақ көрініс – басты көріністің сол жағында; астыңғы көрініс – басты көріністің үстіңгі жағында; артқы көрініс – сол жақ көріністің оң жағында.
Басты көрініске қатысты жеке кескіндер (көріністер) суретте көрсетілгендей проекциялар жазықтығын бір ғана жазықтыққа жаяды. Көрініс – бақылаушыға бұйым бетінің көрінетін бөлігі қаратылған бейне.
Кескіндердің санын азайту мақсатында, көріністерде бұйым бетінің көрінбейтін бөліктерін үзік сызықтармен көрсетуге рұқсат етілген (1.3- сурет).
Тілік — бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған нәрсенің кескіні. Тілікті орындаған кезде, қиюшы жазықтықтың өзінде не жатқанын және оның ар жағында не жатқаны кескінделеді (1.4-сурет). Қиюшы жазықтықтың арғы жағындағының барлығын салмауға рұқсат бар, егер ол бұйымның конструкциясын түсіну үшін қажет болмаса (1.5-сурет).
Қима — нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигура кескіні (1.6-сурет). Қимада тек қиюшы жазықтықта не пайда болады, тек сол ғана көрсетіледі.
Негізгі әдебиет: 4 нег.[40-46 ], 5 нег. [69-101 ]
Қосымша әдебиет: 2 қос.[148-186].
Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі көріністерді атаңыз.
2. Тілік дегеніміз не? Тіліктің негізгі түрлерін атаңыз.
3. Қандай бейнелер үшін жартылай көрініс, жартылай тілік біріктіріледі?
4. Қима дегеніміз не? Тілік пен қиманың айырмашылығы қандай?
5. Жергілікті тілік дегеніміз не?
6. Тіліктерді қалай белгілейміз?
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1926 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Модуль №2 бойынша бақылау сұрақтары | | | Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар. |