Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары.

Читайте также:
  1. Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары.
  2. Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары
  3. Дәріс 13. Темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының сызбалары
  4. Дәріс 1941-1956 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
  5. Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар.
  6. Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.

Баспалдақтар көпқабаттық ғимараттың жауапты бөлігі болып табылады, себебі олар тек қабатаралық байланыс үшін емес, өрт немесе басқа апатты жағдайда эвакуация үшін де қажетті.

Баспалдақтар орналасқан бөлмелерді баспалдақ бөлмесі деп атайды. Баспалдақтың негізгі элементтері болып көлбеулі марш пен горизонталь алаңдары табылады.

11.1 - суретте сандар арқылы баспалдақ бөлмесінің негізгі элементтері көрсетілген.

1 – цокольдік марш, 2 – қабаттың 1 маршы (аралық марш), 3 – қабаттың 2 маршы (қабат маршы), 4 – қабат алаңы, 5 – қабат алаңы, 6 – қоршау (перила), 7 – тамбур, 8 – қалқан, 9 – кіреберіс алаңы.

Қызметіне сәйкес баспалдақтар негізгі немесе бас және қызметтік немесе қосалқылық деп бөлінеді. Қызметтік баспалдақтар жерастымен, шатырастымен байланысу және өртжағдайында елжұртты аластату үшін қосымша ретінде пайдаланады. Өрт сатылары қабаттарға, шатырға және шатырастына сырттай жету үшін қажетті.

Материалына сәйкес баспалдақтар темірбетонды, ағаш және металл болып келеді. Жасалуына сәйкес темірбетонды баспалдақтар құрама және тұтасқұйылымды болып келеді. Бүгінгі кезде құрамды баспалдақтар қолданылады.

11.2 - суретте нұсқаумен көрсетілген сатымен көтерілу бағыты, қозғалу басы шеңбермен, ал марштар саны баспалдақтың планындағы нұсқалар санына тең.

Бір баспалдақ маршында 16-дан аспайтын және 3-тен кем болматын баспалдақтар болуы мүмкін. Жоғарғы және төменгі баспалдақтарды фриздік дейді, себебі олар баспалдақ алаңдары деңгеймен орнатылады және олардың ендері негізгі баспалдақтардың ендерінен кем болады.

Баспалдақ марштың басқыштар саны, фриздік басқыштарды есептемегенде, басыларасты санынан бір данаға кем (фриздік баспалдақты есепке алғанда – бір данаға артық).

Баспалдақ бөлмесінің есебі және геометриялық бөліктеуі.

Баспалдақ бөлмесінің есебінің негізі ретінде қабаттың биіктігі қабылданады, яғни бір қабаттың еденінен келесі қабаттың еденіне дейінгі арақашықтығы. Ғимараттарда көбіне еңістігі 1: 2 екі марштық баспалдақтар қолданылады, сондықтан аралық алаңды қабат биіктігінің жартысына тең биіктікте орнатады. Басыларасты биіктігі мен басылар енін берейік, шарты: b+h = 450мм. Адам баласының орташа адымы қабылдансын: горизонталь бет бойынша – 600 мм тең, ал сатымен – 450мм. Берілген баспалдақтың еңістігіне байланысты басылар енін 300 мм = в және басыларасты биіктігін h = 150мм тең қабылдансын, бұл азаматтық ғимараттарды жобалау қалыптарына сәйкес келеді.

Төменде екімарштық сатыны бөліктеу мысалы қарастырылған, ол үшін алдынала есеп, соңынан графикалық тұрғызулар жасалған. Сонымен, қабат биіктігі Н = 3000мм, марш ені l = 1050 мм, баспалдақ өлшемі 150х300мм.

Баспалдақ бөлмесінің ені В екі марштың ендері және олардың өзаралық қашықтығы қосындысына тең. өрт шлангісінің өтуіне мүмкін болатын аралық 100 мм-ден кем болмау тиіс. Аралық 100 мм-ден алынды.

В = 21 + 100= 2 х 1050 + 100 = 2200 мм

 

 

Бір марштың биіктігі тең Н/2 = 3000: 2 = 1500 мм

Бір марштағы басыларасты саны n = 1500: 150 = 10

Бір марштағы басылар саны m басыларасты санынан бір данаға кем болады, себебі жоғарғы басылар алаң деңгейімен бірігеді (фризовылық басылар) - m = 10 – 1 = 9

Марштың горизонталь проекциясы d (оның салымы жатысы)

d = b х m = 300 (10 – 1) = 300 х 9 = 2700 мм

Қабат алаңы енін С = 1600 мм, аралық алаң енін С = 1300 мм деп қабылдап, баспалдақ бөлмесінің толық ұзындығын анықтайды.

L = d + C + C = 2700 + 1600 + 1300 = 5600 мм

Баспалдақтың графикалық бөліктеуін мына реттпен орындайды:

- арақашықтығы L (масштабпен) тең екі вертикаль жіңішке сызықтар жүргізіледі, сатылық клеткіні ұзындығы шығарылады. Баспалдақ бөлмесі ішінде жіңішке сызықтармен қабаттық және аралық алаңдарының орындарын көрсетеді, ал жіңішке вертикаль сызықтармен солардың ендерін шектейді.

Горизонталь проекциясын d (марш жатысы) баспалдақтар санына «m» бөледі және сол нүктелер арқылы вертикаль сызықтар жүргізеді. Баспалдақбөлмесінің қабырғаларын кескіндеген болады.

- қабат биіктігі бір марштың басыларастылары санының екі еселенген мәніне тең санға бөлінеді және сол нүктелер арқылы горизонталь түзулер жүргізіледі.

- пайда болған тор бойынша баспалдақтың профилін орындайды (сызады) (11.3, а - сурет).

11.3, б - суретте көмекші торды алудың екінші тәсілі көрсетілген.

Баспалдақ бөлмесінің қабырғалар нұсқаларын және алаңдары нұсқаларын негізгі тұтас жуан сызықтармен бастырады. Тілік құрамына түскен марштарында негізгі тұтас жуан сызығын бастырады. Тілік құрамына түспеген марштарды тұтас жіңішке сызықтармен бастырады.

 

Негізгі әдебиеттер: 5 нег.[243-247]

Қосымша әдебиеттер: 6 қос.[20-29].

Бақылау сұрақтары:

1. Баспалдақ маршының элементтерін атаңыз.

2. Баспалдақтың қандай басқыштары фриздік деп аталады?


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 2499 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА 3 | Инженерлік графика 3» пәнінің мақсаты мен міндеттері | Модуль №2 бойынша бақылау сұрақтары | Дәріс. Көріністер, тіліктер, қималар. | Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар. | Горизонталь изометриялық проекция. | Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер. | Дәріс 4. Тетікбөлшектердің эскиздері мен жұмыс сызбалары. Құрастыру сызбасы. | Сызықтық перспектива. | Дәріс. Ортогональ проекцияларда, аксонометрияда және перспективада көлеңкелер. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары.| Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)