Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 13. Темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының сызбалары

Читайте также:
  1. Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары.
  2. Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары.
  3. Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары
  4. Дәріс 1941-1956 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
  5. Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар.
  6. Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.

Құрылыс бұйымы – ғимарат құрылысына қажетті құрылымның элементі немесе бір бөлігі. Оны арнайы өндіріс орнында немесе құрылыс алаңында жасайды (колонна, ригель, ферма, аражабын плиталары, арматуралық қаңқа және т.б.).

Қандай материалдардан жасалғанына байланысты бұйымдар бетон немесе темірбетон, металл, ағаш және т.б. болады.

Құрылыс конструкциясы – ғимаратттың белгілі бір функционалдық қызмет атқаратын бөлігі (ғимарат қаңқасы, жабын, аражабын және т.б.).

Темірбетон конструкцияларында бетон мен болат бірге жұмыс істейді.

Бетон сығылу кезінде жақсы жұмыс істейді. Одан кез-келген пішіндегі отқа төзімді және т.б. жақсы қасиеттері бар бұйымдарды жасауға болады. Алайда, бетон созылуға нашар жұмыс істейді. Сондықтан созылу кезінде бетоны құрылымы бұзылмас үшін оның созылу аймағына болат өзектер – арматураларды орнатады. Бұл арматуралар созылу күштерін қабылдайды. Өз кезегінде бетон арматураны коррозиядан және температураның ауытқуларынан сақтайды.

Арматураның прокаттық профильдерден (швеллер, двутавр, рельс және т. б.) жасалатын иілмейтін және қимасы дөңгелек немесе периодты профильді болатын өзектерден жасалатын иілгіш түрлері болады.

Атқаратын қызметіне байланысты арматуралардың мынадай түрлері болады:

Жұмыс арматурасы – созылу күштерін қабылдайтын арматура (13.1 - сурет).

Үлестіргіш арматура жұмыс арматурасына көлденең салынады және жұмыс өзектерге күшті бірқалыпты үлестіру үшін, олардың бетондау кезінде орындарынан қозғалмауы үшін қызмет етеді.

Құрылыс бұйымдарының құжаттарының құрамына сипаттізім, құрастыру сызбасы, тетікбөлшектердің сызбалары, және қажет болған жағдайда техникалық шарттар кіреді.

Құрастыру сызбасына көріністер, тіліктер мен қималардан басқа арматуралау сұлбасы кіреді.

Көріністерде, пландарда және тіліктерде мыналар көрсетіледі:

– ғимараттың координациялық осьтері;

– ғимараттың көршілес және шеткі координациялық осьтерінің арасындағы қашықтықтар;

– құрылым элементтерінің координациялық осьтерге байланысы;

– осы құрылым үшін қажетті деңгейдің биіктік белгілері;

– бекіту бұйымдары;

– тесіктер, ойықтар;

– құрылымның темірбетон құрылымдары тірелетін немесе орнатылатын орындары.

Егер монолиттік темірбетон құрылымы арқалықтардың, плиталардың және т.б. бірнеше элементтерінен тұратын болса жеке арматуралау сұлбасын орындайды. Бұл элементтерге позициялық белгілер немесе маркілер береді.

Қарапайым тетікбөлшектердің сызбаларын орындамай-ақ, қажетті өлшемдері мен басқада ақпаратты сипаттізімде, ал олардың саны көм болған жағдайда тізімдемеде көрсетуге болады.

 

Негізгі әдебиеттер: 1 нег.[261-286]

Қосымша әдебиеттер: 4 қос.[317-318].

Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс арматурасы деген не?

2. Үлестіргіш арматура деген не?

3. Тұтасқұймалы құрылымдардың элементтері қалай белгіленеді?

4. Ұстындар (колонналар) план мен тілікте қалай кескінделеді?

5. Арматуралау сұлбасында не кескінделеді?

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1087 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Модуль №2 бойынша бақылау сұрақтары | Дәріс. Көріністер, тіліктер, қималар. | Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар. | Горизонталь изометриялық проекция. | Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер. | Дәріс 4. Тетікбөлшектердің эскиздері мен жұмыс сызбалары. Құрастыру сызбасы. | Сызықтық перспектива. | Дәріс. Ортогональ проекцияларда, аксонометрияда және перспективада көлеңкелер. | Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары. | Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары| Пісіру жіктерінің шартты белгілері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)