Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 4. Тетікбөлшектердің эскиздері мен жұмыс сызбалары. Құрастыру сызбасы.

Читайте также:
  1. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  2. Бұрғылaп-aттыру жұмыстaрын мaркшейдерлік іспен қaмтaмaсыз ету
  3. Бұрғылап - аттыру жұмыстарын тіркеу
  4. Бұрғылап-аттыру жұмыстарын маркшейдерлік іспен қамтамасыз ету
  5. Бұрғылап-аттыру жұмыстарының ұйымы
  6. Геодезиялық жұмыстар
  7. Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары.

Машина жасаудағы сызба жұмыстарын екі түрге бөлуге болады:

1. Дайын заттартың сызбаларын орындау (заттың нақты өзіне қарап салынатын жекелеген тетіктердің сызбалары мен құрастыру сызбалары);

2. Құрастыру сызбасы бойынша бұйымның құрама бөліктерінің сызбаларын орындау.

Әдетте, оқытуды жекелеген тетіктердің сызбаларын заттың өзіне қарап орындаудан бастайды.

Нобай (эскиз) депөндірісте уақытша бір жолы ғана пйадалануға арналған, сызба аспаптарын пайаланбай қолдан, көз мөлшерімен кескінделген, затты (тетікті) жасау мен бақылап тексеру үшін барлық қажетті мәліметтер болатын сызбаны айтады. Нобайлар жұмыс сызбаларын жасауға және жекелеген тетіктерді жасап шығаруға арналады. Құрылымдаушылар (конструкторлар) жоба (проект) жасағанда, мысалы, жаңа машиналарды жобалау кезінде, нобайды пайдаланады. Нобайлар, сондай-ақ, жабдықтарды жөндегенде, яғни істен шыққан тетіктердің орнына жаңа тетңктер жасау қажет болғанда, қолданылады. Осындай нобайларды тетіктін нақты өзіне қарап жасайды. Нобай да сызбада қолданылып жүрген КҚБЖ стандарттарына сәйкес орындалуға тиіс.

Нобайларды орындау кезінде мыналарға көңіл аудару қажет:

- аса қарапайым тетіктерден күрделілеріне көшу;

- көріністерді мүмкіндігінше, олардың арасындағы проекциялық байланысты және тетіктің жекелеген элементтерінің арасындағы пропорционалдығын сақтай отырып, үлкейтіп орындау;

- торкөзді қағазды ұтымды пайдалану, яғни барлық сызықтарды – осьтік, контурлық өлшемдік және басқаларын мүмкіндігінше қағаздағы тор сызықтар бойынша жүргізу керек.

- ҚҚБЖ стандарттарында баяндалған машина жасау сызуының ерекшелігін басшылыққа алу қажет.

Жалпы көрініс сызбасы мен техникалық жобаның басқа құжаттарындағы мәліметтер жұмыстық құжаттарды жасаудың негізін құрайды. Жалпы көрініс сызбалары бойынша тетіктердің жұмыс сызбаларын, бұйымдардың (олардың құрамдас бөліктерінің) құрастыру сызбаларын және бұйымды жасау процесін қамтамасыз ететін басқа да құжаттарды жасайды.

Құрылымы аса күрделі емес бұйымдар үшін тек жұмыс құжаттамасын орындайды, яғни құрастыру сызбаларын жасайды. Бұл жағдайда тетіктердің жұмыс сызбаларын да құрастыру сызбасы бойынша жасайды. Оқу практикасында жалпы көрініс сызбаларымен емес, құрастыру сызбаларымен пайдаланады. Құрастыру сызбаларына, сол сияқты, гидро-, пневно-, және электрожинақтау сызбалары да жатады. Бұйымдарды жөндеу үшін қолданылатын құрастыру сызбаларын жөндеу құрастыру сызбалары деп атайды. Бұл сызбаларда жөнеуге жататын орындарды бөліп, көрсетеді. Құрастыру сызбаларының тобы бір сызба бойынша бірнеше, негізінде өлшемдерімен ерекшеленетін, құрастыру бірліктерін (бұйымдарды) жасауға мүмкіндік береді (МЕСТ 2.113-75.топтық құрылымдық құжаттарға сәйкес).

Құрастыру сызбасының мазмұны МЕСТ 2.109-75-те анықталған.

Құрастыру сызбасына мыналар кіреді (245-сурет):

- осы сызба бойынша қосылатын құрамдас бөліктерінің орналасуы мен өзара байланысы түсінік беретін құрастыру бірлігінің кескіні; пайдалану, габариттік, орнату және жалғанымдық өлшемдер, сонымен бірге осы сызба бойынша орындалуға немесе бақылау жүргізілуге тиісті анықтамалық және басқа өлшемдер, параметрлер мен талаптар;

- тетіктер қосылысының, сонымен қатар ажыратылмайтын (пісіру, дәнекерлеу, тойтару және т.б.) қосылыстардың сипаты мен тәсілі туралы нұсқаулар;

- құрастыру бірлігінің құрамына кіретін құрамдық бөліктердің, шығару сызықтары сөрелеріне орналасқан, тұрақтық нөмірлері;

- бұйымның негізгі сипаттары (қажет болғанда).

Құрастыру сызбасын жасау барысында мәтіндік құжатты – сипаттізімді орындайды (МСТ 2.108-68).

Сипаттізім құрастыру бірлігінің құрамын анықтайды. Ол құрастыру сызбасын оқуды оңайлатады, осы бұйымға арналған құрылмалық құжаттарды жинақтау үшін қажет.

Бөлшектеу – бұл бұйым құрамына кіретін тетікбөлшектердің жұмыс сызбаларын бұйым құрастыру сызбасы бойынша орындау процесі. Бұл тетікбөлшек кескіндерін құрастыру сызбасынан тек қарапайым көшірмелеу емес, керісінше, шығармашылық жұмыс болып табылады. Бұйымның құрастыру сызбасы бойынша тетікбөлшектің жұмыс сызбасын орындау жолы, тетікбөлшек жұмыс сызбасын оның өзіне қарап орындау жолы тәріздес. Мұнда тетікбөлшектің пішіні мен өлшемдері құрастыру сызбасын оқу барысында анықталады;

- бұйымның сыртқы және ішкі пішінін тұтастай ойша көз алдына келтіру және тетіктің аты және оның белгілеуі құрастыру сызбасының сипаттізімі бойынша, ал материал таңбасы, үйрену құрастыру сызбасы қосымшаларындағы баяндаулар бойынша анықталады.

-

Негізгі әдебиет: 1 осн.[301-321], 2 осн. [152-175]

Қосымша әдебиет: 1 доп.[319-324].

Бақылау сұрақтары:

1. Нобай дегеніміз не?

2. Тетіктерді өлшеу үшін қандай өлшеу құралдары қолданылады?

3. Құрастыру сызбасы деген не?

4. Сипатізім деген не?

5. Бөлшектеу деген не?


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1721 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА 3 | Инженерлік графика 3» пәнінің мақсаты мен міндеттері | Модуль №2 бойынша бақылау сұрақтары | Дәріс. Көріністер, тіліктер, қималар. | Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар. | Горизонталь изометриялық проекция. | Дәріс. Ортогональ проекцияларда, аксонометрияда және перспективада көлеңкелер. | Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары. | Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары. | Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.| Сызықтық перспектива.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)