Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А) Моси тайпасы құрған мемлекет
  3. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  6. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда

Қоғамды демократияландырудың маңызды құрамдас бөлігі

демократиялық саяси жүйені қалыптастыру, биліктің нағыз

демократиялық институттарын құру, құқықтық мемлекет орнату болып табылады. Құқықтық мемлекет дегеніміз тоталитаризм

мен авторитаризмның демократиялық баламасы.

Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық катынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық коғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қоскандар: Т. Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж.Руссо, Т. Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтық қоғам түғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы — Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардық мақсаты коғамның өміршендігін және азаматтық құкықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Ол мемлекеттіліктің тиісінше идеялары мен элементтерінің негізінде біртіндеп қалыптасты, олардың кейбіреулері, жоғарыда айқандай, ертеде-ақ пайда болды. Өзінің ақырғы түрінде, фундаменталды белгілерімен құқықтық мемлекет концепциялары 17-18 ғғ. Локктың, Монтескьенің, Канттың және либерализмның басқа да теоретиктерінің шығармаларынан орын алды, ал «құқықтық мемлекет» терминінің өзін неміс заңгерлері — Вилькердің, Мольдің және басқаларының еңбектерінде бекітілді. Құқықтық мемлекет теориясы азаматтық қоғам концепциясына негізделгендіктен, осы ұғымды бірінші қарастырайық.

Азаматтық қоғам ерікті және теңқұқықты индивидтердің нарық пен демократиялық құқықтық Құқықтық мемлекеттің пайда болуы азаматтық қоғамның қалыптасуының, дұрысын айтқанда, оның даму мен кемелденудің белгілі деңгейіне жетуі арқасында мүмкін болады.

Азаматтық қоғам өзінің кең мағынасында қоғамның мемлекет және оның институттарын қамти алмайтын бөліктерін қамтиды, яғни мемлекеттің қолы жетпеген нәрсенің бәріне жетеді. Ол автономды, мемлекеттен тәуслсіз сфера ретінде табиғи-тарихи дамудың барысында пайда болады және өзгереді. Азаматтық қоғам кең мағынада тек демократиямен ғана емес, авторитаризммен де сыйыса алады, тек тоталитаризм ғана оны толықтай жоғалтып жібереді.

Азаматтық қоғам өзінің тар, төл мағынасында құқықтық мемлекетпен тығыз байланысты, олар бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды және қоғамдық өмірдің екі жағын бейнелейді.

мемлекеттілік жағдайындағы мемлекеттің қатысынсыз қарым-қатынастардың көптүрлілігін білдіреді. Бұл жеке мүдделер мен индивидуализмның ерікті ойынының сферасы. Ол буржуазиялық қоғамның жемісі болғандықтан көбінесе төменнен, күтпеген түрде қалыптасады.

Азаматтық қоғам деп мешекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдык ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінін, түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы кұқықтары сақталады, бұзылмайды.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі — әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз калауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық кұқықтары жүзеге асырылады:

-ұүлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстык белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыкка жол берілмейді;

— жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;

— адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;

— азаматтық кұкықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.

Казақстанда азаматтық коғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезенде қоғам әмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге "жоғарыдағы" мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халыктың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай денгейге көтеріле койған жок. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге кол жеткізгенше бүл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазакстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты калыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарынын кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандыкты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген казакстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады. Азаматтық қоғам материалдық мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократшлық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа зандар мен ережелік актілерге таралады. Зандар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау камтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және коғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең еріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі

биік дамиды.

Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.

Азаматтық қоғамның құрылымы өте күрделі, шаруашылық, экономикалық, отбасылық-туыстық, этникалық, діни және құқықтық қатынастарды, моральды, сондай-ақ мемлекеттен бөлек индивидтердің, партиялардың, мүдделер тобының және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды. Қазіргі жағдайларда азаматтық коғам мен құқықтық мемлекетті межелеп айыру өте қиын, бірақ этатистік және тоталитарлық тенденцияларды тоқтату үшін қажетті.

Азаматтық қоғам — тарихи процестің субъектісі мен басты әрекет етушісі қажеттіліктері мен мүдделерінің барлық жүйесімен және оған тиісінше құндылықтар жүйесімен бірге адам болып табылатын қоғам. Азаматтық қоғамның бұл түсінігі — өзін-өзі бағалау идеясының негізінде бірлссіп омір сүрудің өрксниетті формалары қалыптаса бастаған буржуазиялық қоғамның жемісі. Нақты-тарихи тұрғыда «азаматтық қоғам» ұғымы сословиелерлі жойып, тұлғалардың теңқұқықтығын жариялаған XVIII ғ. Ұлы француз революциясынан кейін қалыптасты. Азамат бағыныштыдан ерекшелігі қоғамның теңқұқықты мүшесі болып саналады. Азаматтық қоғамда адамға өзінің экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани болмысының формасын тандау құқығы беріледі. Онда кез-келген қоғамдық өмірдің қандай да бір формасының монополиясы жоқ.

Азаматық қоғамның экономикалық негізі меншік пен нарықтық қатынастармен шаруашылық жүргізудің әртүрлі теңқұкықты формаларымен аралас, көпсалалы экономика болып табылады. Сонымен бірге, адамның меншікке деген құқығы мен осы негіздегі әлеуметтік әділеттілік пен адамның әлеуметтік қорғалуы жүзеге асады.

Саяси салада азаматтық қоғам барлық азаматтардың мемлекет және қоғам істеріне қатысуға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, егер азаматтық қоғам — демократиялық түрде үйымдасқан қауымдастық формасы болса, онда демократиялық қоғам атрибутының екінші жағы құқықтық мемлекет болып табылады.

Құқықтық мемлекеттің мәндік сипаттамасы адамға бағдар болып табылады: адам мемлекет үшін өмір сүрмейді, керісінше, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты — заңның негізі мен шеңберінде азаматтардың ерікті өз еркін білдірудің көрінісі ретінде тұлғаның құқығы мен бостандығына кепілдік беру. Қүқықтық мемлекетте билік пен азаматтар өзара жауапкершілікпен байланысқан, биліктің мүмкіндіктері, адамдардың міндеттілік құқығы айқын анықталған.

Бір сөзбен айтқанда, құқықтық мемлекеттің атрибуты заңның үстемдігі мен барлығының заң алдындағы теңдігі болып табылады. Ұлы неміс философы И.Кант жазғандай: «Адамдар емес, заңдар басқаруы керек».

Азаматтық қоғам мсн құқықтық мемлекеттің орнауы — барысында өзара әрекет ететін біруақытты процесс. Бұл өзара әрекеттің сипатын түсіну үшін, мемлекет пен коғам бірлікте бола отырып қарама-қарсы тараптар екендігін және олардың арасында бірде ашық, бірде құпия қақтығыстар болып тұратындығын ескеру қажет. Азаматтық қоғам мемлекет пен оның құрылымдарының шеңберінен тыс мемлекеттің шынайы негізін құрайтын қоғамдық қатынастардың (экономикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, отбасылық және т.б.) бар жиынтығын қамтиды. Азаматтық қоғам институттарына отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу, кәсіпттік және басқа да бірлестіктер, ассоциациялар, ұйымдар және т.б. жатады. Гегелъ бойынша, азаматтық қоғам қазіргі дүниенің тарихи пайда болған және әлеуметтік жікгелу мен институализацияның дамыған формасына қол жеткізген феномені.

Құқықтық мемлекеттің орталық принципі заң үсгемдігі мен барлы-ғының оның алдында тең болатын екі принцип мазмұнды түрде болатын биліктің бөліну принципі болып табылады. Биліктің бөліну принципінің мәні мынада, мемлекеттік билікті функциялары бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп бөлу мен осы «бөлінгін» билікті тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құру жолымен оның тармақтарының келісімді қызмет етуін қамтамасыз ететіндей ұйымдастыруда.

Құқықтық мемлекеттің идеал екендігі анық, оған өту қазіргі әлемдегі саяси процестердің объективті тенденциясы болуда. Дамыған демократиялы елдер бүл идеалға аз-маз болса да жақындады, біз осы реттегі жолдың басында түрмыз. Құқықтық мемлекет посткеңестік кеңістікте өзінің бастапқы сатысы — қалыптасу сатысында тұрған азаматтық қоғам дамуының жемісі.

Іс жүзіндсгі терең теңсіздіктер (мұны классикалық либерализм өкілдерінің өздері де мойындады: адамның азамат ретіндегі тенқұқықтылығы олардың азаматтық қоғам мүшелері ретіндегі құқықтарының теңсіздіктерін жоққа шығармайды) адамдардың теңқұқықтығын бағасын төмендетті, конституциялық нормаларды бай таптың үстемдіктеріне пайдалануға айналдырып жіберді.

Бұған қоса, посттоталитарлық дамудың салыстырмалы азғантай тәжірибесін қоса алғандағы барлық тарихи тәжірибе құрамдас бөлігі құқықтық мемлекет болатын өкілдік демократияның адамның күнделікті өмірінің әр түрлі сфераларында авторитарлық тенденциялардың өсуінің кепілі бола алмайтындығын көрсетті.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 811 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттердегі қазіргі сайлау жүйесі| Леуметтік мемлекет құқықтық мемлекеттің этапы ретінде.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)